- •Келісімшартта мынадай сұрақтар қамтылуы тиіс:
- •Бизнесті біріктіру қаржылық есепте көрсетілгенде мына деректер ашылуы керек:
- •Жалгер - бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатып заңды немесе жеке тұлға.
- •Мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз жалдау - бұл жалдау шарты бойынша тек мынадай жағдайларда ғана:
- •Жалга берушінің қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс:
- •Лизинг түрлері:
- •Қехс мақсаты үшін пайдаға салынатын салыққа салық салынатын пайдаға негізделетін барлық ұлттық және шетелдік салықтар кіреді.
- •Инвестордың елеулі ықпалының болуы, әдетте, төменде келтірілген тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен расталады:
- •Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолдану:
- •2. Бағалау міндеттемелері :
- •3. Жалгерліктің есебі
- •2.Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі
- •1.Есептік кезеңде кез келген заңды тұлғаның қызмет нәтижесін ашу керек, өйткені қаржылық есеп беруде келтірілген сандар (цифрлар) болған оқиғаның себебін толық аша бермейді.
- •3. Шоғырландырылған қаржы есептілігі – топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындаған болып ұсынылатын қаржы есептілігі.
- •Перейти в конец истории
- •1. Инвестициялық меншікті есептеудің балама әдістері
- •№ 9 Емтихан билеті/ экзаменационный билет № 9
- •1.Кәсіпорындарды біріктіру құны.
- •2.Сатып алынған ұйымдардың активтері, міндеттемелері
- •3.Сатуға арналған айналымнан тыс активтер (қехс (ifrs) 5)
- •2.Шетелдік қызметтер мен шетелдік компаниялардың консалидацияланған есебі
- •3.Оң және теріс курстық айырмашылықтар.
- •1. Сатуға арналған айналымнан тыс активтер танылуы және жіктеу
- •2. Инвестициялық меншікті есептеудің балама әдістері.
- •2. Бағалау міндеттемелері : компанияның бұрынғы оқиғалар нәтижесіндегі ағымдағы міндеттемелері (заңды немесе тәжірибеден туындайтын) бар болғанда;
- •Пайда мен залал туралы жиынтық есептілік
- •«Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» сұрағына жауап беріңіз
- •1: Есеп саясатындағы өзгерістер.
- •3: Ассоцияланған компанияларға инвестициялар
- •Қаржылық инвестициялардың есебі "Қаржылық инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған "Акциялар", "Облигациялар" және "Басқа қаржылық инвестициялар" шоттары кіреді.
- •3. Жеке табыс салығы бойынша қаражаттардың түсімі мемлекеттік бюджеттің барлық кірістерінің 6,6%-на жуығын алады.
- •2.«Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» сұрағына жауап беріңіз
- •3.1.Пайда мен залал туралы жиынтық есептілік
Инвестордың елеулі ықпалының болуы, әдетте, төменде келтірілген тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен расталады:
(а) инвестициялар объектісінің директорлар кеңесіндегі немесе сондай басқару органындағы өкілдігі;
(b) дивидендтерге немесе басқа бөлістерге қатысты шешімдерді қабылдауға қатысуды қосқанда, саясатты әзірлеу барысына қатысуы;
(с) инвестор мен инвестициялар объектісі арасындағы ірі операциялар;
(d) басқару қызметкерлерімен алмасуы;
(е) маңызды техникалық ақпарат беруі.
Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісіне сәйкес, инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша танылады және олардың баланстық құны инвестордың алынған күннен кейінгі инвестициялар объектісінің пайдасы мен залалындағы танылған үлесіне ұлғайтылады немесе азайтылады.
Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолдану:
(і) басқа ұйымның толық немесе ішінара меншігіндегі еншілес ұйым және оның басқа иеленушілері, оның ішінде басқа жағдайларда дауыс құқығы болмайтын, инвестордың үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолданбайтыны жөнінде хабардар етілген және қарсы болмайтындары да инвестор болып табылған;
(іі) инвестордың борыштық немесе үлестік құралдары ашық нарықта айналыста болмаған (ішкі немесе шетелдік қор биржасында немесе жергілікті және аймақтық нарықтарды қоса алғанда, биржадан тыс нарықта);
(ііі) ашық нарықта кейіннен қандай да бір құралдар класын айналысқа шығару мақсатында инвестор өзінің қаржы есептілігін бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға немесе басқа реттеуші органға ұсынбаған немесе ұсыну барысында болмаған;
(іv) инвестордың соңғы және кез келген аралық бас ұйымы ашық қол жету үшін Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сәйкес келетін шоғырландырылған қаржы есептілігін шығарған жағдайлардың бәрі қолданылатын жағдайларды қоспағанда, үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі пайдаланыла отырып есепке алынуға тиіс.
Түсімдер негізінде табысты тану инвестордың қауымдасқан компаниянға салған инвестициясы бойынша алған табысының мөлшерлеріне сәйкес келмеуі мүмкін, себебі алынған табыстың қауымдасқан компания қызметінің нәтижелерімен байланысы шамалы болуы мүмкін. Инвестор қауымдасқан компанияға айтарлықтай ықпал ететіндіктен, ол оның қызметінің нәтижесіне, яғни, инвестицияның рентабельділігіне де мүдделі. Инвестор бұл мүдделілікті есепте өзі ұсынатын қаржы есептілігіне осы қауымдасқан ұйымның пайдалары мен залалдарындағы өз үлесін кіргізу арқылы көрсетеді.
2. Бағалау міндеттемелері :
(а) компанияның бұрынғы оқиғалар нәтижесіндегі ағымдағы міндеттемелері (заңды немесе тәжірибеден туындайтын) бар болғанда;
(b) міндеттемелерді өтеу үшін мүмкін болып табылатын экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару қажеттілігі туындағанда (яғни мүмкін емес болғаннан, мүмкін болуы ықтимал);
(с) міндеттеме сомасы шынайы бағалануы тиіс. Сенімді бағалау тек сирек жағдайда ғана мүмкін емес.
Танылған бағалау міндеттемесінің сомасы есепті күні болған міндеттемелерді орындау үшін қажетті шығыстардың ең жақсы бағасын білдіруге тиіс, басқаша айтсақ, есептік күніне міндеттемелерді өтеу үшін немесе осы күні үшінші тарапқа осы міндеттемелерді беру үшін дұрыс пікірді негізге ала отырып, компания төлейтін сома.
Бағалау міндеттемелерінің сомасын анықтау кезінде компания:
(а) тәуекелдер мен белгісіздікті есепке алуы қажет. Бірақ белгісіздік шамадан тыс бағалау міндеттемелерін жасауды немесе міндеттемелерді әдейі көтеруді ақтап ала алмайды;
(b) ақшаның және шығындарды есептік бағалауда көрінбейтін міндеттемелер үшін ерекше тәуекелдердің уақытша құнын ағымдағы нарықтық бағалау көрінетін салыққа дейін дисконтталған ставканы (ставкаларды) қолдану арқылы бағалау міндеттемелерін ақшаның уақытша құны елеулі түрде дисконттайды. Дисконттау қолданылғанда уақыттың ағынымен бағалау міндеттемелерінің өсуі пайыз төлемдеріне шығыстар ретінде танылады;
(с) заңнамаға өзгеріс және технологиялық өзгерістер сияқты олардың болуына жеткілікті түрде объективті негіздемесі бар болашақ оқиғаларды есепке алады; және
(d) күтілген шығару бағалау міндеттемелерінің пайда болуына себеп болатын оқиғалармен тығыз байланысты болса да активтердің күтіліп отырған шығуынан түскен пайда есепке алынбайды;
Бағалау міндеттемелері бастапқыда танылған шығындар бойынша ғана пайдалануы тиіс. Бағалау міндеттемелері мойындау және өлшеу бойынша жалпы талаптар сияқты үш ерекше жағдайда қолданылатынын түсіндіреді: болашақ операциялық залалдар; міндет жүктелген шарттар; және қайта құрылымдау.
Шартты міндеттемелер бұрынғы оқиғалардан туындайтын және компанияның бақылауында толық болмайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал міндеттеме.
Заңды міндеттеме - бұл:
(а) шарттан (нақты немесе болжанған жағдайлар негізінде);
(b) заңнама; немесе
(с) заңның басқа да іс-әрекеттерінен туындайтын міндеттеме.
Енгізілген міндеттеме - компанияның іс-әрекеттерінен пайда болатын міндеттемелер, мұнда:
(а) саясатпен немесе жеткілікті түрде нақты ағымдағы мәлімдемемен жарияланған, бұрынғы қызмет тәжірибесімен қалыптасқан компания өзіне жекелеген міндеттерді қабылдайтынын басқа тараптарға көрсетті; және
(b) нәтижесінде компания өзіне қабылдаған міндеттерді орындайтынын негізделген күтулермен тараптарға сендірді.
Шартты міндеттеме - бұл:
(а) бұрынғы оқиғалардан туындайтын және компанияның бақылауында толық болмайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал міндеттеме; немесе
(b) бұрынғы оқиғалардан туындайтындықтан, бірақ:
(і) экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару міндеттемелерді реттеу үшін қажет болатындығына сенімнің жоқтығынан; немесе
(іі) міндеттеменің көлемі жеткілікті сенімділікпен өлшенбейтіндіктен, танылмайтын ағымдағы міндеттеме сияқты шартты міндеттемені айқындайды.
Бағалау міндеттемелері ретінде компанияның болашақ іс-әрекеттеріне (яғни, өз ісін болашақта жүргізуге) тәуелсіз бұрынғы оқиғалардан пайда болған міндеттемелер ғана танылады. Осындай міндеттемелердің мысалы ретінде айыппұл немесе компанияның болашақ іс-әрекеттеріне тәуелсіз міндеттемелерді реттеу кезінде экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығаруға әкеп соғатын қоршаған ортаның заңға қарсы ластануы нәтижесінде ауаны тазалауға кеткен шығындарды айтуға болады.
Міндеттеменің тез туындауына әкелмейтін оқиғаның басталуы міндеттеменің кейін, мысалы, заңнамаға өзгерістер немесе компанияның іс-әрекеті (мысалы, нақты ашық мәлімдеме жасау) практикадан туындайтын міндеттемелерге әкелуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Мысалы, қоршаған ортаға зиян келтірілген кезде зардаптарды жою жөніндегі міндеттеме болмауы мүмкін. Алайда, жаңа заң бар зиянды жоюды талап еткен немесе компания өзіне ашық түрде практикадан туындайтын міндеттеме жасайтын зиянды жоюға жауапкершілік қабылдаған жағдайларда зиян келтіру міндет жүктелген оқиға болады.
3. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар жалгерлік төлем немесе капитал құнының өсуінен кірістер, не соны да, басқасын да алуға арналған. Сондықтан жылжымайтын мүлікке инвестициялар түсетін ақшалай тасқындар, әдетте, кәсіпорынның қалған активтерімен байланысты болмайды. Бұл жылжымайтын мүлікке инвестицияларды иеленуші орналасқан жылжымайтын мүліктен өзгешелендіреді. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру немесе жеткізу (немесе мүлікті әкімшілік мақсаттарда пайдалану) мүлікке ғана емес, өндіру немесе жеткізу процесінде пайдаланылатын басқа активтерге де жатпайтын ақшалай қаражаттарды туғызады. 16-“Негізгі құралдар” IAS иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті көрсету үшін қолданылады.Жылжымайтын мүлікке инвестициялар мысалдары төменде келтірілген:
-әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сату үшін емес, ұзақ мерзімді болашақта капитал құнының өсуінен пайда алуға арналған жер;
-қазір әрі қарай арналу мақсаты әзірше анықталмаған жер. (Егер кәсіпорын жерді иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдаланатыны немесе әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сататыны туралы шешім қабылдамаған ретте, жер капитал құнының өсімін алуға арналған деп есептеледі);
-кәсіпорынның меншігіндегі (немесе қаржылық жалдау шарты бойынша есеп беретін кәсіпорынның қарауындағы) және операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға берілген ғимарат; және
-қазір бос тұрған, бірақ операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға беруге арналған ғимарат.
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып табылмайтын, осы баптардың мысалдары келтірілген:
-әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында сатуға арналған немесе құрылысы салынып жатқан немесе сату мақсатымен қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік; мысалы, таяу болашақта сатуға немесе қайта құрып, қайта сатуға ғана арналған жылжымайтын мүлік;
- үшінші тұлғалардың тапсыруы бойынша салынып жатқан немесе қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік;
-иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік, оның ішінде (басқаларымен қоса) иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде одан әрі пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік; қайта құрып, кейіннен иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік; кәсіпорынның қызметкерлері тұратын жылжымайтын мүлік (қызметкерлер рыноктық ставка бойынша жалгерлік ақы төлейтін-төлемейтініне қарамастан), сондай-ақ иеленуші орналасқан және істен шығаруға арналған жылжымайтын мүлік; және болашақта жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде пайдалану болжанып отырған салынып жатқан және қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік объектісі. Болашақта жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде одан әрі пайдалану үшін қайта құрылатын қазір бар жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектілеріне қолданылады
Қаржылық жалдау шарты бойынша басқа кәсіпорынға жалға берілген жылжымайтын мүлік.Жекелеген реттерде жылжымайтын мүлік объектісінің бір бөлігі - жалгерлік ақы алу немесе капитал құнының өсімін алу үшін, ал екінші бөлігі тауарлар өндіру немесе жеткізу, қызметтер көрсету үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Егер объектінің аталған бөліктерін бір-біріне тәуелсіз сату мүмкін болса (немесе бір-біріне тәуелсіз қаржылық жалгерлікке беру), кәсіпорын объектінің көрсетілген бөліктерін жеке-жеке ескереді. Ал егер объектінің бөліктерін жеке-жеке сатуға болмаса, осы объектінің аз ғана бөлігі тауар өндіруге немесе жеткізуге, қызмет көрсетуге немесе әкімшілік мақсаттарға арналған болса ғана, объект жылжымайтын мүлікке инвестициялар деп есептеледі.
Жылжымайтын мүлікке инвестицияларды мынадай кезде ғана активтердің құрамында тану керек:
(а) жылжымайтын мүлікке инвестициялармен байланысты болашақ экономикалық пайдалардың кәсіпорынға келіп түсу мүмкіндігі бар; және
(b) жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнын сенімді түрде өлшеуге болады.
№ 3 ЕМТИХАН БИЛЕТІ/ ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ
1. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну.Пайда мен залал туралы жиынтық есептілік
2. Бірлескен кәсіпорындарды бірегейлендіру.
3. Қаржылық жал. Бастапқы тану
1.Пайда мен залал туралы жиынтық есептілік
1.Пайда мен залал туралы есеп беру кәсіпорынның іс-әрекеттерінің қаржылық нәтижелері, шығындары мен таабыстары туралы ақпараттан тұрады. Әр елде ол әртүрлі аттарға ие. Мысалы: пайда мен залал туралы есеп беру; пайда тур есеп беру; операциялар туралы есеп беру. Бірақ атына қарамай ол пвйдаланушыларына, салымшылары мен кредиторларына кәсіпорынның бұрынғы іс-әрекетін және күтілетін нәтижелерді орындалуға тәуекелділігін бағалау үшін қолданылатын керекті қаржылық ақпараттан тұрады. Пайда мен залал туралы есеп беру негізгі элементтері табыс және шығын, пайда мен залал. Бірлескен кәсіпорын -жұмысына шет елдердің фирмалары немесе мемлекет ішіндегі басқа өндіріс орындары мен фирмалар қатысатын, ұйымдық жағынан біртұтас, ортақ мүдделі мекеме ретінде рәсімделген кәсіпорын. Ол бірлесіп өнім өндіру, өнімді сату, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, құрылыс салу, техникалық қызмет көрсету, көліктік, қаржылық, сақтандыру, т.б. қызмет түрлерін жүзеге асыру мақсатында құрылады. Қазақстанда 1989 жылдан бастап АҚШ, Италия, Түркия, Қытай, Швейцария, Югославия, т.б. елдердің фирмаларымен Бірлескен кәсіпорындар құрылып, жұмыс жүргізуде. Қаржылық жалгерлік-Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты. «Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік» сұрағына жауап беріңіз Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жүмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және ннвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқада ережелерді сақтау болып табылады.
Қаржылық есеп берудің қағидалары төмендегілер:
Есептеу. Үздіксіздік. Түсініктілік. Мағыналылық. Мәнділік Нақтылық. Байыптылық. Салыстырмалылық. Тұтастылық. Бірізділік. Уақыттылық. Бейтараптылық. Сақтық.
Пайда мен залал туралы жиынтық есептілік – Пайда мен залал туралы есеп беру кәсіпорынның іс-әрекеттерінің қаржылық нәтижелері, шығындары мен таабыстары туралы ақпараттан тұрады. Әр елде ол әртүрлі аттарға ие. Мысалы: пайда мен залал туралы есеп беру; пайда тур есеп беру; операциялар туралы есеп беру. Бірақ атына қарамай ол пвйдаланушыларына, салымшылары мен кредиторларына кәсіпорынның бұрынғы іс-әрекетін және күтілетін нәтижелерді орындалуға тәуекелділігін бағалау үшін қолданылатын керекті қаржылық ақпараттан тұрады. Пайда мен залал туралы есеп беру негізгі элементтері табыс және шығын, пайда мен залал.
2. Біріккен кәсіпорынның әр түрлі формалары мен құрылымдары бар. Біріккен қызметке қатысу туралы 3 негізгі түрі бар:
Бірге бақыланатын операциялар бірге бақыланатын активтер мен бірге бақыланатын субьектілер
Келісімшарттың болуы біріккен бақылаудың инвесторларының елеулі ықпал етуінің қауымдасқан кәсіпорынға салынған инвестициядағы қатысу үлесі;
Келісімшарттың куәсі болып біріккен қызметтің қатысушылар арасындағы біріккендер немесе немесе хаттама;
Келісімшартта мынадай сұрақтар қамтылуы тиіс:
1 Біріккен кәсіпорын есептілігі бойынша міндеттемелері, қызметі және ұзақтылығы
2 Біріккен кәсіпорындағы директорлар кеңесінің немесе басқа да балама басқа орындарды тағайындау
3Біріккен қатысушылардың капиталға салған үлестірін анықтау
4 Біріккен қызметке қатысушыларының арасында өндіріс көлемі,табыс пен шығыстарының, нәтижелерін бөлісу
Келісімшарт біріккен қызметтің бір мүшесінің басшы ретінде немесе біріккен кәсіпорын жетекшісі етіп тағайындайды.
Кейбір біріккен кәсіпорын қызметі корпорация, серіктестік, кәсіпорын емес біріккен қызметке қатысу активтерін және ресурстарын пайдалануды білдіреді. Біріккен қатысушы өзінің қорларынан және негізгі құралдарды пайдаланады. Ол сонымен қатар міндеттемелер мен шығындарды өзі көтереді, қаржыландыруды өзі алады. Біріге бақылатын қызметке мысал ретінде екі немесе одан да көп қатысушылар өз ресурстарын қызметтерін біріктіріп біріге отырып бөлісуі.
Әрбір қатысушы өндіріс процесінің өзіне тиесілі бөлігін жүзеге асырады.Әрбір шығысын өзі көтеріп, өнім өткізуден түскен табысты өзінің үлесіне алады және бұл үлес келісімшарттың негізінде болады.
Біріге бақылатын активтер:
Кейбір біріккен кәсіпорындар біріккен кәсіпорын мүддесін сатып алады немесе салынған бір немесе бірнеше активтерін біріккен қызметке қатысушылар біріге бақылау мен біріге иемденуін талап етеді. Біріккен қызметтің әрбір қатысушысы болашақтағы экономикалық табысындағы өз үлесін біріге бақыланатын активтер үлесі арқылы бақылайды.Біріге бақыланатын активтер үлесіне сәйкес біріге бақыланатын қызметке қатысушы өзінің жеке қаржы есептілігінде және шоғырланған қаржылық есептілігінде мыналарды жеке көрсетеді:
Активтердің сипатына сәйкес жіктелген біріге бақыланатын активтеріндегі өз үлесін;
Керек міндеттемелерін;
Басқа қатысушылармен қатар біріккен кәсіпорын міндеттемелеріндегі өз үлесін;
Біріккен кәсіпорында өндіретін өнімдегі сатудағы өз үлесін;
Зияндағы өз үлесін;
Шығындардағы өз үлесін;
Біріге бақыланатын субьектілер- корпорация серіктестік немесе басқа да кәсіпорын ретінде құрылған және біріккен қызметте әрбір қатысушысы қатысушы үлесіне ие біріккен кәсіпорын.
Субьект- жоғарыда көрсетілгендей басқа да кәсіпорындарда жұмыс істейді тек бір айырмашылығы қатысушы арасындағы келісімшарт негізінде субьект экономикалық қызмет біріккен бақылау орнатады.
Біріге бақыланатын субьект- біріккен кәсіпорын активтерінде бақылап, міндеттемелер қабылдап, табыстары мен шығыстарын көреді жеке қаржыландыруды да ала алады. Әрбір қатысушының біріге бақыланатын субьект қызметінің нәтижелеріне, үлесіне сәйкес иемденуге құқығы бар,алайда, олардың кейбіреулері біріккен кәсіпорын болып өндіруден өнімді ұсынады.
