Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин у.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
495.1 Кб
Скачать

Жалга берушінің қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс:

-қаржыландырылатын жалгерлікке жалпы капитал салымы (ақша қаражатын жұмсау);

-жалға берілген мүліктен түскен пайдаланбаған табыс;

-активтердің құны,

-жинақталып қалған амортизациялық аударымдар.

Жалгерлік мерзімінің барысында келісім-шартқа сәйкес жалға берушіге минималды жал ақысын төлейді.

Минималды жал ақысы — бұл төлем түрі, оны жалгерлік мерзімінің барысында, жалға алушы жүзеге асырады (көрсетілген қызмет кұны мең салық сомасы шегеріледі, негізінде олар жалға берушіге өтелуі керек).

Қаржылық лизинг — бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға алу, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:

  1. лизинг беруші (жалға беруші);

  2. лизинг алушылар (жалға алушылар) болып табылады.

Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, күрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер төлімі т.б. мүліктер жатады.

Лизинг түрлері:

-қайтарылатын лизинг — лизингтің бір түрі, онда сатушы осы бұйымды (нәрсені) кері кайтарып ала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;

  1. банкі лизингі — лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады;

  2. толық лизинг — лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына (нәрсесіне) техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады;

таза лизинг — лизингтің бір түрі,онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына (нәрсесіне) техникалық қызмет көрсету жүмысын атқарады.

Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісім-шартымен, сатып алу-сату келісім-шартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді.

Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісті пайдаланады: не өсіп (артып) отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын-ала қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін.

  1. Қехс мақсаты үшін пайдаға салынатын салыққа салық салынатын пайдаға негізделетін барлық ұлттық және шетелдік салықтар кіреді.

Салық салынатын пайда (салық салу кезінде есептелетін залал) – салық органдары белгілеген ережелерге сәйкес анықталатын кезең ішіндегі пайда (залал), осыған байланысты пайдаға салынатын салық төленеді (өтеледі).

Салық төлеуге кететін шығыстар (салық өтемінен түскен кіріс) - ағымдағы салыққа немесе кейінге қалдырылған салыққа қатысты кезең ішіндегі таза пайданы немесе залалды есептеуге қосылатын жиынтық көлем.

Ағымдағы салық – салық салынатын пайдаға (салық салу кезінде есептелетін залалға) қатысты кезең ішінде төленуге (өтелуге) тиісті пайдаға салынатын салық сомасы.

Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері – салық салынатын уақытша айырмашылықтарға байланысты алдағы кезеңдерде төленуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы.

Кейінге қалдырылған салық активтері - алдағы кезеңдерде өтелуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы. Ол мыналарға байланысты:

есептелген уақытша айырмашылықтарға;

пайдаланылмаған салық залалдарын алдағы кезеңге көшіруге; және

пайдаланылмаған салық кредиттерін алдағы кезеңге көшіруге.

Активтің немесе міндеттеменің салық базасы - салық салу мақсатында активке немесе міндеттемеге берілетін көлем.

Активтің салық базасы – компания активтің баланстық құнын өтегеннен кейін алатын кез келген салық салынатын экономикалық пайдадан салық салу мақсатында есептелетін сома. Егер де осы экономикалық пайдаға салық салынбайтын болса, активтің салық базасы оның баланстық құнына тең болады.

Салық залалы өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін пайдаланылатын болса, компания салық залалы пайда болған кезеңде пайданы актив ретінде мойындайды, өйткені пайда компанияға түсуі және осы пайдалар дұрыс бағалануы тиіс.

Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері барлық салық салудағы уақытша айырмашылықты мойындаулары тиіс, егер тек ол мыналардан пайда болмаса:

а) іскерлік беделді алғашқы танумен; немесе

б) активті немесе міндеттемені мынадай операцияда:

1) кәсіпорындарды біріктіру болып табылмайтын; және

2) оны жасаған кезде не бухгалтерлік, не салық салынатын пайдаға (салық залалына) әсер етпейтін операцияда бастапқы мойындау.

Активтерді мойындауда компания алдағы кезеңде алатын экономикалық пайда ретінде оның баланстық құнын болашақта өтеу жатыр. Активтің баланстық құны оның салық базасынан асатын болса, салық салынатын экономикалық пайда сомасы салық салу мақсатында шегеруге рұқсат етілетін көлемнен асып түсетін болады. Бұл айырмашылық салық салынатын уақытша айырмашылық болып саналады, ал алдағы кезеңдерде туындайтын пайдаға салынатын салықты төлеу міндеттемесі кейінге қалдырылған салық міндеттемесі болып табылады.

Компанияда шегерілетін уақытша айырмашылық қолданылуы мүмкін салық салынатын пайда ықтималдығы белгілі бір салық органына және де белгілі бір салық салынатын заңды тұлғаға жататын жеткілікті салық салынатын уақытша айырмашылықтар бар болған кезде орын алады. Оларды мынадай жағдайларда қайтару көзделген:

а) шегерілген уақытша айырмашылықты қалпына келтіру болжамдалған кезеңде; не

б) кейінге қалдырылған салық активтерінен пайда болған салық залалы өткен немесе алдағы уақытқа аударылуы мүмкін кезеңдерде.

Салықты жоспарлау мүмкіндіктері – тиісті кезеңде салық залалын немесе салық кредитін мұның алдындағы кезеңнен көшіру мерзімі біткенге дейін салық салынатын пайда жасау немесе көбейту үшін компания жасайтын әрекеттер. Мысалы, кейбір заңдылықтарда салық салынатын пайда мыналардың көмегімен жасалуы немесе көбейтілуі мүмкін:

а) пайыздық табысқа салық салудың екі нұсқасының бірін таңдау: алынған сома бойынша немесе алынатын сома бойынша;

б) салық салынатын пайдадан белгілі бір шегерім жасауға талап мерзімін ұзарту;

в) қымбаттаған, бірақ салық базасы құнның бұлайша артуын көрсету үшін түзетілмеген активтерді, сатулар, қайта жалға беру мүмкіндігі; және

с) салық салынатын пайда түсіретін басқа инвестицияны сатып алу үшін салық салынбайтын пайда әкелетін активті сату (кейбір заңдылықтарда - мемлекеттік құнды қағаздар).

2 ЕМТИХАН БИЛЕТІ/ ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ № 2

1. Ассоцияланған компанияларға инвестициялар (ҚЕХС (IFRS)

2. Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер

(ҚЕХС (IFRS) 37)

3. Инвестициялық меншікті есептеудің балама әдістері.

  1. Қауымдасқан ұйым - инвестордың елеулі ықпалы бар және ол не еншілес кәсіпорын, не инвестордың бірлескен қызметтегі азшылық үлесі болып табылмайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым.

Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі - соған сәйкес инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша ескеріледі де, ал содан соң инвестициялар объектісінің таза активтеріндегі инвестор үлесі алынғаннан кейін болған өзгерісіне түзетілетін бухгалтерлік есепке алу әдісі. Инвестордың пайдасына немесе залалына оның инвестициялар объектісінің пайдалары мен залалдарындағы үлесі кіреді.

Жеке қаржы есептілігі шоғырландырылған қаржы есептілігіне инвестицияларды есепке алу үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана жүзеге асырылатын қаржы есептілігіне, бірлескен қызметтегі кәсіпкерлердің үлестері теңбе-тең негізде шоғырландырылатын қаржы есептілігіне толықтыру ретінде ұсынылатын қаржы есептілігі. Жеке қаржы есептілігі осындай қаржы есептілігіне ілесе жүруі мүмккін немесе ілеспеуі де мүмкін.

Егер инвестор инвестициялар объектісінің дауыс беру құқығы бар акцияларының кемінде 20%-ына тікелей немесе жанама иелік етсе (мысалы, еншілес кәсіпорындар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы бар екенін білдіреді. Және керісінше, егер инвестор инвестициялар объектісінің дауыс беру құқығы бар акцияларының 20%-ынан азына тікелей немесе жанама иелік етсе (мысалы, еншілес кәсіпорындар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы жоқ екенін білдіреді. Басқа инвестордың акциялардың ірі немесе бақылау пакетіне ие болуы инвестордың елеулі ықпалы бар екенін жоққа шығаруы міндетті емес.