Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин у.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
495.1 Кб
Скачать

1: Есеп саясатындағы өзгерістер.

Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және практика.

Есептік бағалаудағы өзгеріс – бұл активтің немесе міндеттемелердің баланстық құнын немесе активті кезең-кезеңмен тұтынудың активтердің және міндеттемелердің ағымдағы жай-күйін бағалау салдарынан болатын, сондай-ақ оларға байланысты күтілетін болашақ пайдалар мен міндеттерге байланысты өлшемін түзету. Есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер жаңа ақпарат алу немесе жаңа міндеттемелердің басталу нәтижесі болып табылады және тиісінше қателерді түзету болып табылмайды.

Ретроспективалық қолдану – бұл жаңа есеп саясатын операцияларға, басқа оқиғаларға және жағдайларға осы саясаттың үнемі қолданылатындай түрде қолдану. Ретроспективалық есеп айырысу – бұл егер өткен кезеңнің қателері ешқашан болмаса қаржы есептілігінің элементтеріндегі сомаларды тануды түзету, бағалау және ашып көрсету.

Мүлдем мүмкін болмау – ұйым осы үшін барлық тиімді күшті қолдана отырып, қандай да болмасын талапты қолдану мүлдем мүмкін болып табылмайды, бірақ осы талапты қолдана алмайды. Өткен жеке кезеңге қатысты есеп саясатындағы өзгерісті ретроспективалық қолдануға немесе

қателерді түзету үшін ретроспективалық қайта санауды орындауға мүлдем болмайды, егер:

  1. осындай ретроспективалық қолданудың немесе рестроспективалық қайта санаудың нәтижесін белгілеуге болмаса;

  2. тиісті ретроспективалық қолданудың немесе ретроспективалық қайта санау ұйым басшылығының қарастырылып отырған кезеңдегі ниеті қандай болғаны туралы жорамал жасауды талап етеді;

  3. тиісті ретроспективалық қолдану немесе ретроспективалық қайта санау сомалары бойынша маңызды бағалау есептерін жүргізуді талап етеді және бұл ретте осындай есептер туралы осындай ақпаратты объективтік түрде атап көрсету мүмкін емес, ол:

  4.  қарастырылып отырған сомалар танылуы, бағалануы немесе ашып көрсету тиіс болған күні (күндері) болған осындай жағдайлар туралы растайды;  осы кезеңдегі есептілігін шығару үшін бекітілген кезде қол жеткен болуы тиіс.

Есеп саясатындағы өзгерістерді перспективалық қолдану және өзгерістің қандай да болмасын есептік бағалауға әсер етуін тану – бұл, тиісінше:

  1. жаңа есеп саясатын операцияларға, басқа оқиғаларға және саясат өзгерген күннен кейін орын алған басқа оқиғаларға және жағдайларға қолдану;

  2. осы өзгерітің ағымдағы және болашақ кезеңдердегі есептік бағалауға осы өзгеріспен болған әсер етуін тану.

2: Бірлескен кәсіпорындарды бірегейлендіру

Бірлескен немесе бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар бұл – бірлескен қатысушылар мен бақыланатын кәсіпорындар немесе жобалар. Кәсіпорындардың мұндай категориясына мазмұны бойынша бірлескен қызмет нәтижесінде пайда болған экономикалық бірліктің мүлкі. Негізінен бірлескен кәсіпорындар кем дегенде екі қатысушымен бақыланады. Оның бірі бас немесе аналық ұйымға жатқызылады, ал екіншісі жатпайды. Көп жағдайда қатысушылар және олардың үлестері тең келеді.

Бизнесті біріктіру құрылым бойынша заңдық, салықтық және басқа себептермен барынша түрліше тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл — кәсіпорынның, бірлесіп коммерциялық қызметтің бір немесе бірнеше түрлерін құрайтын басқа кәсіпорынның меншікті капиталын сатып алуы, басқа кәсіпорынның барлық таза активтерін сатып алуы, басқа кәсіпорынның міндеттемелерін өзіне қабылдауы немесе басқа кәсіпорынның таза активтерінің бір бөлігін сатып алуы болуы мүмкін. Бизнесті біріктіру үлестік құралдарды шығару, ақша қаражатын, ақша қаражаты баламасын аудару немесе басқа активтерді немесе олардың құрамдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Операция бірлесетін кәсіпорындардың акционерлері арасында немесе бір кәсіпорын және басқа кәсіпорынның акционерлері арасында жүзеге асырылуы мүмкін.

Бірлескен кәсіпорын - екі немесе одан да көп тараптар экономикалық қызметті, оған бірігіп бақылау жүргізу шартымен жүзеге асыру бойынша келісімшарттық келісім.

Бірлескен бақылау — келісімшарттық келісіммен экономи-калық қызметке бақылауды бөліп жүргізу.

Бірлескен қызметтің қатысушысы - кәсіпорынға бірігіп бақылау жүргізуді жүзеге асыратын бірлескен кэсіпорындағы тарап.

Бірлескен кәсіпорындагы инвестор- кәсіпорынға бірлесіп бақылау жүргізуге қатыспайтын бірлескен кэсіпорындағы тарап.