Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин у.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
495.1 Кб
Скачать

2. Бағалау міндеттемелері : компанияның бұрынғы оқиғалар нәтижесіндегі ағымдағы міндеттемелері (заңды немесе тәжірибеден туындайтын) бар болғанда;

Танылған бағалау міндеттемесінің сомасы есепті күні болған міндеттемелерді орындау үшін қажетті шығыстардың ең жақсы бағасын білдіруге тиіс, басқаша айтсақ, есептік күніне міндеттемелерді өтеу үшін немесе осы күні үшінші тарапқа осы міндеттемелерді беру үшін дұрыс пікірді негізге ала отырып, компания төлейтін сома.

Шартты міндеттемелер бұрынғы оқиғалардан туындайтын және компанияның бақылауында толық болмайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал міндеттеме; экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару қажет болатындығына сенімнің жоқтығынан; міндеттеме сомасы жеткілікті сенімділікпен бағалана алмайтындықтан, танылмайтын ағымдағы міндеттеме сияқты шартты міндеттемені айқындайды

Шартты актив - бұрынғы оқиғалардан туындайтын және болуы компания толық бақыламайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал актив ретінде айқындайды.

  1. Жал – бұл мүлік жалдауы, контракт, келісім, шарт бойынша жалға беруші (актив, мүлік иесі) басқа тарапқа (жалға алушыға) тұрақты сыйақыға (жалақысы) уақытша пайдалануға құқығын береді. Жалға беруші – бұл уақытша (белгілі бір мерзім) және шарттар келісілген көлемде жалға берушінің меншігін пайдалану құқығы бар түлға, сол үшін жал ақысын төлейді. Жалға беруші болып заңды тұлға мен азамматтар, бірлескен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар, сонымен бірге шет мемлекеттер, шетел азамматтар мен заңды тұлғалар болып табылады. Жалға алушы жал берушіден келісім бойынша жалға алынған мүлікті сатып алуына болады. Жалға беруші - өзінің мүлігін жалға беруші мүлік иесі яғни шетелдік азамматтар мен заңды тұлғалар, сонымен қатар мүлікті жалға беру өкілеттігі бар органдар мен ұйымдар. Жал ақысы (төлем) өзіне жалға алынған мүлік реновациясына (толық қалпына келтіру) түсетін тозу аударымын қосады. Оның көлемі жалға берілген объектіні қалпына келтіруге жалға берушінің қатысу үлесіне сәйкес келеді. Салық жал ақысына кірмейді. Жал ақысына жал пайыз кіреді.

19 ЕМТИХАН БИЛЕТІ/ ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ

1.

«Жалгерліктің есебі» сұрағына жауап беріңіз

Жалгерліктің есебі (ҚЕХС (IFRS)17)

Қандайда болмасын заттарды - еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады.

Жалпы беруші - жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруге меншік иесі өкілеттік бергсн органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алады.Жалгер - бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатып заңды немесе жеке тұлға. Жал (аренда) - бұл жалға берушінің активті келісілген уақытқа белгілі бір мерзімге жал төлемі үшін жалға алушыға беруі туралы мәміле.

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартында №17 «Жалдау» атгы есепте жалға алушы мен жалға беруші арасында қалыптасқан міндеттер бойышна талаптар көрсетіледі.Жалдаудың 2 түрі бар: қаржылындырылған және операциялык жал.

ҒҮ = РУ(\ + г)\

Мұндағы, ҒУ — п жылдарынан кейін ақша ағынының болашақтағы құны; РУ — есептеу кезінде салынған сомасы; г — пайыздық мөлшерлемесі; п — есептеу кезеңіне алынған жылдар саны.

Қаржылық жал – активті иелік етумен байланысты барлық тәуекелдіктер және пайдалардың елеулі аударылуы болатын жал түрі.

Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны, жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі, жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері, жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және тағы басқалары қарастырылады.

Жалға алынған негізгі кұралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді, сондыктан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады. Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.

Жалға жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді.

Мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз жалдау - бұл жалдау шарты бойынша тек мынадай жағдайларда ғана:

- кандай да бір ықтималдығы шамалы оқиғаның басталуы жағдайында;

- жалга берушініи рүксатымен;

- жалдауды кабылдаған күні жалгердің төлеген қосымша сомасы оның бұдан әрі жалғасуына кепіл болған жағдайда, тоқтатылуы мүмкін.

Жалдау мерзімі - жалгер шартқа сәйкес активті жалдауға алған, қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау мерзімінің басында жалгердің осы кұқығын іске асыруға негізді сенімі болса, жалгердің қосымша мынадай ақы төлеумен немесе онсыз активті одан әрі жалдауға құқығы бар кез - келген өзге де кезеңдер.

Жал мерзімінің сонында жалданған активті меншіктену құқы жалгерге берілетін немесе берілмейтін болса, жал қаржылық болып табылды. Жалгердің бухгалтерлік есебінде жалданған мүлік актив ретінде, ал төленуге тиісті жалдау ақысы міндеттеме ретінде ескеріледі. Жал мерзімінің басында жалдау ақысы жөніндегі міндеттемелер өткізу бойынша немесе, егер ол өткізу құнынан төмен болса, жалдау ақысының дисконтталган құнымен жазылады.

Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты жөне қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және т.б. қарастырылады.

2.

Ақшаның ағымдағы құны – Ақшаның уақытша құны ұзақ мерзімді вексельдерді бағалау кезінде, ұзақ мерзімді қаржыны, сондай-ақ жалға алынған активтерді бағалау кезінде, ұзақ мерзімді облигациялар бойынша сыйақы мен жеңілдіктерді анықтау кезінде, инвестициялық шешімдерді бағалау кезінде қолданылады. Ақшаныдисконттаудыңерекшеліктерітөмендегідей:

  1. Бүгін алынатын белгілі бір ақша сомасы, әдетте осы ақшаны болашақта алудан қымбат.

  2. Ақша сомасын алу мерзімі ұзартылған сайын, одан түсетін табыстың тартымдылығы төмендей береді.

  3. Ақша сомасының ағымдағы құны мен болашақтағы құнының арасындағы айырма пайыздық сома болып табылады, тәуекелділік жоғары болған сайын пайыздық мөлшерлеме де жоғары болады. Ақшаның болашақ құны деген не?

Болашақта алынатын ақшаны пайыздық мөлшерлеме арқылы көрсету процесі дисконттау деп аталады. Ал оның нәтижесінде алынатын шама ағымдағы құн (дисконтталған немесе келтірілген құн) деп аталады. Ағымдағы ақша бірлігін болашақтағы құны арқылы пайыздық мөлшермен көрсету процесі болашақ құн (компаундерленген) деп аталады. Ақшаның уақытша құны ұзақ мерзімді вексельдерді бағалау кезінде, ұзақ мерзімді қаржыны, сондай-ақ жалға алынған активтерді бағалау кезінде, ұзақ мерзімді облигациялар бойынша сыйақы мен жеңілдіктерді анықтау кезінде, инвестициялық шешімдерді бағалау кезінде қолданылады.

3.