Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин у.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
495.1 Кб
Скачать

2. Инвестициялық меншікті есептеудің балама әдістері.

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестициялар нақты және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және тб жұмсалады. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар акцияларды сатып алуға бағытталған.

Инвестициялық меншік- Жылжымайтын мүлікке инвестициялар - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен, бірақ:

1. тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе

2. әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.

Объект жылжымайтын мүлікке инвестициялар анықтамасына сәйкес келетінін анықтау үшін, кәсіптік пікірге сүйену қажет. Кейде кәсіпорын өзінің бас кәсіпорны немесе сол топтағы басқа да еншілес кәсіпорны жалға алған және орналасқан жылжымайтын мүлікке ие болады. Мұндай жылжымайтын мүлік шоғырландырылған қаржы есептілігінде жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде көрсетілмейді, өйткені барлық топтың көзқарасы бойынша, осы объект иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік болып табылады. Алайда, жеке алынған меншіктенуші-кәсіпорынның көзқарасы бойынша, объект, егер ол анықтаманы қанағаттандыратын болса, жылжымайтын мүлікке инвестиция болып табылады. Сондықтан жалға беруші өзінің жеке қаржы есептілігінде аталған жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде көрсетеді.

Жылжымайтын мүлікке инвестицияларды мынадай кезде ғана активтердің құрамында тану керек:

(а) жылжымайтын мүлікке инвестициялармен байланысты болашақ экономикалық пайдалардың кәсіпорынға келіп түсу мүмкіндігі бар; және

(b) жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнын сенімді түрде өлшеуге болады.

Танудың осы принципіне сәйкес кәсіпорын жылжымайтын мүлікке инвестицияларға жұмсалған шығындарды олар туындаған кезде бағалайды. Мұндай шығындар жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісін сатып алған кезде бастапқыда жұмсалған шығындарды және кейіннен объектіні қосымша жабдықтауға, бөлшегін ауыстыруға немесе жылжымайтын мүлік объектісіне қызмет көрсетуге арналған шығындарды қамтиды.

3. Ақшаның уақытша құны

Ақшаның уақытша құны- ұзақ мерзімді вексельдерді бағалау кезінде, ұзақ мерзімді қаржыны, сондай-ақ жалға алынған активтерді бағалау кезінде, ұзақ мерзімді облигациялар бойынша сыйақы мен жеңілдіктерді анықтау кезінде, инвестициялық шешімдерді бағалау кезінде қолданылады.

Құн теориясында ең маңызды мәселе – оны анықтаудың әдісі болып табылады. Анықтаудың бірнеше әдісі бар:

1. Таза келтірілген құн.

2. Өзін-өзі ақтау

3. Активтердің баланстық құнына есептелген орташа пайда

4. Табыстылықтың ішкі нормасы

5. Пайдалылық коэффициенті

Ақша қаражаты ағымы дисконтталуының негізгі екі себебі бар: біріншіден, бүгінгі теңге ертеңгі күнге қарағанда қымбаттырақ, ал екіншіден, сенімді теңгеге қарағанда тәуекелдік теңгенің құны аздау. Ағымдық құн инфляцияға байланысты емес, себебі инфляция көрсеткіші 0-ге тең болған жағдайдың өзінде, ақшаның уақыт шеңберінде құны болады. Келтірілген құнның және таза келтірілген құнның формулалары бұл идеяны сандық тілде бейнелейді.

Келтірілген құнды табу қиын емес. Табыстылықтың шекті нормасы немесе балама шығындар деп аталатын мөлшерлеме бойынша ақша қаражатының болашақ ағымын дисконттау ғана қажет.

Дисконт мөлшерлемесі капитал нарығындағы басым табыстылық нормалармен анықталады. Егерде ақша қаражатының болашақ ағымы сенімді болған жағдайда, дисконт мөлшерлемесі Үкіметтің борыштық міндеттемелері секілді бағалы қағаздар мөлшерлемесіне тең болады. Ақша қаражатының болашақ ағымының көлемі белгісіз болған жағдайда, күтілетін ақша қаражатының ағымын сәйкес тәуекелділігі бар бағалы қағаздардың табыстылығының нормасы бойынша дисконттау қажет.

Ағымдық және болашақ құнды есептеуде күрделі пайыз қағидаты қолданылады.

Жай пайыздар – алғашқы ақша сомасына қолданылатын пайыздар.

Күрделі пайыздар – қайта қаржыландырылатын пайызға алынатын пайыз, яғни несие немесе қаржы салымы бойынша төленетін пайыз, негізгі сомаға қосылады және нәтижесінде пайыз негізгі сомамен қатар алынған пайызға да төленеді.

Болашақ құн – қазіргі таңда инвестицияланған ақша қаражатының болашақтағы құны, яғни күрделі пайыз рәсімін пайдалану нәтижесінде бірнеше жылдан кейінгі инвестицияның құны.

Болашақ құнды есептеуде келесі формула қолданылады, мұндағы,

FV – инвестицияның болашақ құны;

PV – ағымдағы құн;

r - ағымдағы пайыздық мөлшерлеме;

n – пайыздарды есептеу жиілігі.

Ағымдағы құн – болашақ ақша ағымының дисконтталған құны. Дисконттау әдісін қолдана отырып, біз болашақ ақша ағымының ағымдағы құнын біле аламыз, яғни болашақта белгілі бір мөлшерлеме бойынша белгілі бір соманы алу үшін қазір қанша қаражат салу керектігін біле аламыз.

Ағымдағы келтірілген құнды есептеу үшін келесі формула қолданылады:мұндағы,

FV – инвестицияның болашақ құны;

PV – ағымдағы құн;

r - ағымдағы пайыздық мөлшерлеме;

n – пайыздарды есептеу жиілігі.

13 ЕМТИХАН БИЛЕТІ/ ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ

1. Жалдың жіктелуі. Қаржылық жал. Бастапқы тану

2. Ассоцияланған компанияларға инвестициялар (ҚЕХС (IFRS)

3. Есеп саясатындағы өзгерістер.

1-сұрақ

Жал – бұл мүлік жалдауы, контракт, келісім, шарт бойынша жалға беруші (актив, мүлік иесі) басқа тарапқа (жалға алушыға) тұрақты сыйақыға (жалақысы) уақытша пайдалануға құқығын береді.

Жалға беруші – бұл уақытша (белгілі бір мерзім) және шарттар келісілген көлемде жалға берушінің меншігін пайдалану құқығы бар түлға, сол үшін жал ақысын төлейді.

Жалға беруші болып заңды тұлға мен азамматтар, бірлескен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар, сонымен бірге шет мемлекеттер, шетел азамматтар мен заңды тұлғалар болып табылады.

Жалға алушы жал берушіден келісім бойынша жалға алынған мүлікті сатып алуына болады.

Жалға беруші – өзінің мүлігін жалға беруші мүлік иесі яғни шетелдік азамматтар мен заңды тұлғалар, сонымен қатар мүлікті жалға беру өкілеттігі бар органдар мен ұйымдар.

Жалақысы (төлем) өзіне жалға алынған мүлік реновациясына (толық қалпына келтіру) түсетін тозу аударымын қосады. Оның көлемі жалға берілген объектіні қалпына келтіруге жалға берушінің қатысу үлесіне сәйкес келеді. Салық жал ақысына кірмейді. Жал ақысына жал пайыз кіреді.

Жал мерзімі – белгілі бір мерзімге мүлікті жалдау үшін жалға берушінің жасалатын шарты, сонымен бірге жал мерзімінің басында келісілгендей жалға алушының таңдау құқығы бар.

Жал мерзімінің бастауы келісімге қойылған күн болады.

• Жалдың негізгі түрлері.

• ҚР жалдық қатынастар Азаматтық Кодексімен реттеледі.(Ерекше бөлім. 29-т)

• Жалға жер, ғимарат, құрылыс, машина мен жабдық, көлік құралдары мен басқа объектілер берілуі мүмкін.

• Жалдық қатынастар пайда болатын түрлі көптеген түрлі әрекеттер пайда болады.

Анағұрлым жиі кездесетін екі түрі: ағымдағы (операциялық) жал; қаржыланатын жал;

• Ағымдағы (операциялық) жал мынадай шарттарға сәйкес:

• Жалға алушы ешқандай тәуекелге бармайды, бірақ актив иемденуге байланысты ешбір артықшылығы болмайды;

• ағымдағы жал шарты бойынша жалға алынатын активтер жалға берушінің бухгалтерлік балансына кіреді.

Қаржыланатын жал – бұл активті меншіктену құқығымен байланысты бар тәуекелмен сыйақы жалға алушыға берілетін жал түрі. Ол активтерді жұмысқа жарамды түрінде ұстап тұрады.

Мына шарттардың кез келгеніне сәйкес келсе жал қаржыланатын болады.

• Жал мерзімі біткеннен кейін жал арқылы активті меншіктену құқығы жал алушыға беріледі;

• Жал активті нарық құнынан төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді;

• Жал мерзімі активтің пайдалы жұмыс мерзімінің көбірек бөлігін құрайды (мысалы 75% немесе көбірек);

• Жалдың басындағы минималдық жал төлемдері жал басталған күнгі жалға алынған мүліктің нарықтық құнына тең не артық;

• Дисконтталған (ағымдағы) жал төлемінің құны жалға алынған мүліктің ағымдағы құнының 90% асады.

Қаржылық жалгерлік-Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Қаржылық жал – активті иелік етумен байланысты барлық тәуекелдіктер және пайдалардың елеулі аударылуы болатын жал түрі.

Ұйым үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.

2-сұрақ

Қауымдасқан ұйым - инвестордың елеулі ықпалы бар және ол не еншілес кәсіпорын, не инвестордың бірлескен қызметтегі азшылық үлесі болып табылмайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым.

Шоғырландырылған қаржы есептілігі – топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындағандай болып ұсынылатын қаржы есептілігі.

Бақылау – ұйымның қаржылық және операциялық саясатын оның қызметінен пайда алатындай етіп басқару мүмкіндігі.

Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі - соған сәйкес инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша ескеріледі де, ал содан соң инвестициялар объектісінің таза активтеріндегі инвестор үлесі алынғаннан кейін болған өзгерісіне түзетілетін бухгалтерлік есепке алу әдісі. Инвестордың пайдасына немесе залалына оның инвестициялар объектісінің пайдалары мен залалдарындағы үлесі кіреді. Бірлескен бақылау шарт бойынша экономикалық қызметке бақылауды бөлуді білдіреді және мұндай қызметпен байланысты стратегиялық қаржылық және операциялық шешімдер олардың арасында бақылау бөлінген тараптардың (кәсіпкерлердің) ортақ келісімін талап ететін жағдайларда ғана орын алады. Жеке қаржы есептілігі – бас ұйым, қауымдасқан ұйымның инвесторы немесе бірлесіп бақыланатын ұйымның кәсіпкері ұсынатын есептілік, мұнда инвестицияларды есепке алу есептілікте ұсынылатын нәтижелердің және инвестициялар объектілерінің таза активтерінің негізінде емес, тікелей қатысу үлесі негізінде жүргізіледі.

Елеулі ықпал - инвестициялар объектісінің қаржылық және операциялық қызметі бойынша шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі, бірақ осындай саясатты жеке өзі немесе бірлесіп бақылау емес .

Еншілес ұйым – басқа ұйым (бас ұйым деп аталатын) бақылайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым.

Жеке қаржы есептілігі үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі қолданылатын қаржы есептілігі де, не еншілес ұйымы, не қауымдасқан ұйымы, не бірлескен қызметке қатысу үлесі жоқ ұйымның қаржы есептілігі де болып табылмайды.

Жеке қаржы есептілігі шоғырландырылған қаржы есептілігіне инвестицияларды есепке алу үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана жүзеге асырылатын қаржы есептілігіне, бірлескен қызметтегі кәсіпкерлердің үлестері теңбе-тең негізде шоғырландырылатын қаржы есептілігіне толықтыру ретінде ұсынылатын қаржы есептілігі. Жеке қаржы есептілігі осындай қаржы есептілігіне ілесе жүруі мүмккін немесе ілеспеуі де мүмкін.

Егер инвестор инвестициялар объектісінің дауыс беру құқығы бар акцияларының кемінде 20%-ына тікелей немесе жанама иелік етсе (мысалы, еншілес кәсіпорындар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы бар екенін білдіреді. Және керісінше, егер инвестор инвестициялар объектісінің дауыс беру құқығы бар акцияларының 20%-ынан азына тікелей немесе жанама иелік етсе (мысалы, еншілес кәсіпорындар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы жоқ екенін білдіреді. Басқа инвестордың акциялардың ірі немесе бақылау пакетіне ие болуы инвестордың елеулі ықпалы бар екенін жоққа шығаруы міндетті емес.

Инвестордың елеулі ықпалының болуы, әдетте, төменде келтірілген тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен расталады:

(а) инвестициялар объектісінің директорлар кеңесіндегі немесе сондай басқару органындағы өкілдігі;

(b) дивидендтерге немесе басқа бөлістерге қатысты шешімдерді қабылдауға қатысуды қосқанда, саясатты әзірлеу барысына қатысуы;

(с) инвестор мен инвестициялар объектісі арасындағы ірі операциялар;

(d) басқару қызметкерлерімен алмасуы;

(е) маңызды техникалық ақпарат беруі.

Ұйым жазылу сертификаттарына, акциялар алуға арналған опциондарға, жай акцияларға айырбасталатын борыштық және үлестік құралдарға немесе орындау немесе айырбастау жағдайында компанияға дауыс құқығын беруге, немесе басқа ұйымның қаржылық және операциялық саясатын айқындауға қатысты мәселелерде басқа тараптың дауыс құқығын азайтуға (әлуетті дауыс құқығы) қабілетті сол секілді құралдарға ие бола алады. Ағымдағы сәтте іске асырылуы және айырбасталуы мүмкін әлуетті дауыс құқықтарының болуын және оның ықпалын ұйымның елеулі ықпалын бағалау кезінде есепке алу қажет. Егер, мысалы, әлуетті дауыс құқықтары болашақтағы белгілі бір күн немесе болашақ оқиға басталғанға дейін іске асырыла немесе айырбастала алмайтын болса, онда олар ағымдағы сәтте жүзеге асырылатын немесе айырбасталатын болып табылмайды.

Әлуетті дауыс құқықтарының елеулі ықпалға үлес қосатын-қоспайтынын бағалай отырып, ұйым басшылықтың талап-тілектерін және осындай құқықтарды жүзеге асыру мен айырбастау мәселелеріндегі қаржылық мүмкіндіктерді қоспағанда, әлуетті құқықтарға ықпал ететін фактілер мен жағдайларды (әлуетті дауыс құқықтарын іске асыру талаптарын және кез келген шарттық келісімдерді қосқанда жеке-жеке, сол сияқты бір-бірімен байланыста) зерделейді.

Ұйым инвестициялар объектісінің қаржылық және операциялық саясатының мәселелерінде шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігін жоғалтумен бірге инвестициялар объектісіне тигізетін елеулі ықпалын жоғалтады. Елеулі ықпалды жоғалту абсолютті және салыстырмалы ие болу деңгейінде өзгерістер болған кезде де, сол сияқты осындай өзгерістер болмаған кезде де орын алуы мүмкін. Мұндай жоғалту, мысалы, қауымдасқан ұйым мемлекет тарапынан, сот, әкімшілік немесе реттеуші орган тарапынан бақылау объектісіне айналғанда орын алуы мүмкін. Ол сондай-ақ шарттық келісім салдарынан да болуы мүмкін.

3-сұрақ

Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және практика.

Есептік бағалаудағы өзгеріс – бұл активтің немесе міндеттемелердің баланстық құнын немесе активті кезең-кезеңмен тұтынудың активтердің және міндеттемелердің ағымдағы жай-күйін бағалау салдарынан болатын, сондай-ақ оларға байланысты күтілетін болашақ пайдалар мен міндеттерге байланысты өлшемін түзету. Есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер жаңа ақпарат алу немесе жаңа міндеттемелердің басталу нәтижесі болып табылады және тиісінше қателерді түзету болып табылмайды.

Қаржы есептілігінің баптары туралы ақпараттың елеулі түрде бұзылуы немесе бұрмалануы, егер олар әрқайсысы жеке-жеке немесе жиынтығымен пайдаланушылардың осы қаржы есептілігі негізінде қабылдаған экономикалық шешімдеріне әсер етсе, маңызды болып табылады. Маңыздылық ақпараттың нақты бұзылуының немесе бұрмалануының ілеспе жағдайлардың мәтініндегі бағаланатын мөлшеріне және сипатына қатысты болады. Қаржы есептілігінің тиісті бабының не мөлшері, не сипаты, не екеуінің де үйлесуі шешуші фактор болуы мүмкін. Өткен кезеңнің қателері – бұл ұйымның бір немесе одан көп кезеңдегі мынадай сенімді ақпаратты пайдаланбауы немесе қате пайдалануы салдарынан қаржы есептілігіндегі қателер және сенімсіз деректер:

 осы ақпарт осы кезеңдердің қаржы есептілігін бекіту үшін рұқсат етілсе;

 осы ақпаратқа қатысты оның осы қаржы есептілігін дайындау және ұсыну кезінде алынатын және ескерілетінін күту дұрыс болады.

Мұндай қателерге есептеулердегі дәлсіздіктердің, есеп саясатын қолдану кезіндегі қателердің, фактілерді толық бағаламаудың немесе дұрыс түсіндірмеудің, сондай-ақ алаяқтықтың салдары кіреді.

Ретроспективалық қолдану – бұл жаңа есеп саясатын операцияларға, басқа оқиғаларға және жағдайларға осы саясаттың үнемі қолданылатындай түрде қолдану. Ретроспективалық есеп айырысу – бұл егер өткен кезеңнің қателері ешқашан болмаса қаржы есептілігінің элементтеріндегі сомаларды тануды түзету, бағалау және ашып көрсету.

Мүлдем мүмкін болмау – ұйым осы үшін барлық тиімді күшті қолдана отырып, қандай да болмасын талапты қолдану мүлдем мүмкін болып табылмайды, бірақ осы талапты қолдана алмайды. Өткен жеке кезеңге қатысты есеп саясатындағы өзгерісті ретроспективалық қолдануға немесе

қателерді түзету үшін ретроспективалық қайта санауды орындауға мүлдем болмайды, егер:

 осындай ретроспективалық қолданудың немесе рестроспективалық қайта санаудың нәтижесін белгілеуге болмаса;

 тиісті ретроспективалық қолданудың немесе ретроспективалық қайта санау ұйым басшылығының қарастырылып отырған кезеңдегі ниеті қандай болғаны туралы жорамал жасауды талап етеді;

 тиісті ретроспективалық қолдану немесе ретроспективалық қайта санау сомалары бойынша маңызды бағалау есептерін жүргізуді талап етеді және бұл ретте осындай есептер туралы осындай ақпаратты объективтік түрде атап көрсету мүмкін емес, ол:

 • қарастырылып отырған сомалар танылуы, бағалануы немесе ашып көрсету тиіс болған күні (күндері) болған осындай жағдайлар туралы растайды;

• осы кезеңдегі есептілігін шығару үшін бекітілген кезде қол жеткен болуы тиіс.

Есеп саясатындағы өзгерістерді перспективалық қолдану және өзгерістің қандай да болмасын есептік бағалауға әсер етуін тану – бұл, тиісінше:

 жаңа есеп саясатын операцияларға, басқа оқиғаларға және саясат өзгерген күннен кейін орын алған басқа оқиғаларға және жағдайларға қолдану;

 осы өзгерітің ағымдағы және болашақ кезеңдердегі есептік бағалауға осы өзгеріспен болған әсер етуін тану.

Ақпараттың осы нақты бүлінуі немесе бұрмалануы пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер ететінін не етпейтінін және қандай түрде маңызды болатынын бағалау осы пайдаланушылардың нақты ерекшеліктерін зерттеуді талап етеді. «Қаржы есептілігін дайындау және ұсыну қағидаттарында», былай делінген: «пайдаланушылардың іскерлік және экономикалық қызмет және бухгалтерлік есеп саласында жеткілікті білімі және ұсынылған ақпаратты тиісті талаптанумен зерделеуге дайындығы бар екені жобаланады». Осылайша, осы бағалауды жүргізген кезде осындай сипаттағы қасиеттері бар пайдаланушылардың экономикалық шешім қабылдау кезінде әсер етуге ұшырап қалатынын қандай түрде тиімді күтуге болатынын ескеру қажет.

Кәсіпкерлік қызметке тән айқындалмау нәтижесінде қаржы есептілігінің көптеген баптары дәл есептелмейді, тек бағалануы ғана мүмкін. Бағалау ең жаңа қол жеткізілетін, сенімді ақпаратқа негізделген пайымдауды білдіреді.

Есептік бағалаудағы өзгеріс активтердің және міндеттемелердің өзгеруін туғызғанға дейінгі дәрежеде немесе меншікті капиталдың бабына байланысты болса, ол міндетті түрде осы өзгеріс кезеңіндегі тиісті активтің, міндеттемелердің немесе меншікті капитал баптарының баланстық құнын түзету арқылы танылуы тиіс.

Есептік бағалау өзгерісінің әсер етуін перспективалық тану осы өзгерістің операцияларға, басқа оқиғаларға және жағдайларға есептік бағалаудағы өзгеріс болған күннен бастап қолданылатынын білдіреді. Есептік бағалаудағы өзгеріс ағымдағы кезеңнің пайдасына немесе залалына ғана не ағымдағы және сол сияқты болашақ кезеңдердің пайдасына және залалына әсер етуі мүмкін. Мысалы, сенімсіз борыштардың сомаларын есептік бағалаудағы өзгеріс ағымдағы кезеңнің пайдасына немесе залалына ғана әсер етеді және сондықтан ағымдағы кезеңде танылады. Дегенмен пайдалы қызмет етудің бағаланған мерзімінің немесе амортизацияланған активтен экономикалық пайда алудың жобаланған схемасының өзгерісі ағымдағы кезеңде және активтің пайдалы қызмет етуінің қалған мерзімінің әрбір келесі кезеңіндегі амортизациялық шығыстарға әсер етеді. Екі жағдайда да ағымдағы кезеңге қатысты өзгерістердің әсер етуі ағымдағы кезеңде табыс немесе шығыс ретінде танылады. Болашақ кезеңдерге тиісті әсер ету, егер ол болса, осы болашақ кезеңдердегі табыс немесе шығыс ретінде танылады.

14 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Байланысты тараптармен қарым – қатынастар

2. Пропорционалды шоғырландыру

3. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну

1-сұрақ

Байланысты тараптар арасындағы өзара қатынастар – сауда мен бизнестегі қалыпты құбылыс. Байланысты тараптармен өзара қатынастар ұйымның пайдасына немесе залалына, сондай-ақ қаржы жағдайына және операциялық қызметінің нәтижелеріне ықпал етуге қабілетті. Байланысты тараптар байланасты емес тараптар қатыспайтын операцияларды жасай алады.

Байланысты тараптар - Заңды тұлғаның қызметі белгілі бір дәрежеде нарықтың басқа субъектілеріне (жабдықтаушы, сатып алушы) тәуелді болып келеді, бірақ олар бұл кезде оның саясатына әсер ете алмайды, өйткені олардың ара қатынасы келісімшарттық негізде жүреді, тек егер субъект басқа субъектпен басқару немесе ақпараттармен қамтамасыз ету келісім-шарттарын қоспағанда, бұл соңғы жағдай бір тараптың екінші тарапқа әсер етуіне әкеледі, демек олар байланысқан тараптар ретінде танылуы мүмкін. Байланысқан тараптар арасындағы жасалатын операциялар шаруашылық қызметтің жай түрі болып табылады

2-сұрақ

Пропорционалды шоғырландыру — дегеніміз - бірлесіп бақыланатын занды тұлғаға қатысушы жеке және шоғырландырылған бухгалтерлік баланста өзінің активтері мен міндеттерін активтер үлесіне косады,онда ол бірлескен жауапкершіліктен өз міндеттерінің үлесін бақылайды,ал бірлесіп бақыланатьш заңды тұлғаның қаржылық-шаруашьшық қызметтерінің нәтижелері туралы жеке және шоғырландырылған есеп берулеріндегі кірістер мен шығыстарға өзінің кірістері мен шығындарының үлесін ендіреді

3-сұрақ

Шоғырландырылған қаржы есептілігі – топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындаған сияқты болып ұсынылатын қаржы есептілігі.

Шоғырландырылған қаржылық есептілікті қолдану аясы

• Осы Стандарт бас ұйымның бақылауындағы ұйымдар тобының шоғырландырылған қаржы есептілігін әзірлеу мен ұсыну кезінде қолданылуы тиіс.

• Осы Стандарттың ұйымдар бірлестіктерін есепке алу әдістеріне және ұйымдар бірлескен кезде туындайтын іскерлік бедел-абыройын қоса алғанда, олардың шоғырландыруға тигізетін ықпалына қатысы болмайды (қараңыз, 3 Бизнес бірлестіктері (IFRS) ХҚЕС).

• Осы Стандарт сондай-ақ ұйым өз еркімен және жергілікті нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жеке қаржы есептілігін ұсынған жағдайларда еншілес, бірлесіп бақыланатын және қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестицияларды есепке алу кезінде қолданылуы тиіс.

• Бас ұйымның шоғырландырылған қаржы есептілігіне оның барлық еншілес ұйымдарының қаржы есептілігі кіргізілуі тиіс.

• Бас ұйым еншілес ұйымдары арқылы ұйымның дауыс беру құқығының жартысынан астамына тікелей немесе тікелей емес ие болған жағдайда, мұндай иелену бақылауды қамтамасыз етпейтінін айқын көрсететін айрықша жағдайлардан басқа кезде бақылаудың болуы көзделеді. Егер бас ұйымның:

(а) басқа инвесторлармен келісім бойынша дауыс беру құқығы бар акциялардың жартысынан көбін басқару мүмкіндігі болса;

b. Жарғыға немесе келісімге сәйкес ұйымның қаржылық және операциялық саясатын айқындау өкілеттігі болса;

(с) директорлар кеңесі немесе басқа ұйымның сондай басқару органы мүшелерінің көпшілігін тағайындау немесе ауыстыру құқығы болған бұл ретте ұйымды бақылауды осы кеңес немесе орган жүзеге асырса; немеce

(d) директорлар кеңесінің немесе осындай басқару органының мәжілістерінде дауыс көпшілігіне ие болу мүмкіндігі болса, онда бас ұйым ұйымның дауыс беру құқығының жартысынан аспайтын мөлшеріне ие болған жағдайда да бақылау болады

- Ұйым жазылу сертификаттарына, акциялар алуға арналған опциондарға, жай акцияларға айырбастауға болатын борыштық және үлестік құралдарға немесе орындау немесе айырбастау жағдайында осы ұйымды дауыс құқығымен қамтамасыз етуге немесе басқа ұйымның қаржылық және операциялық саясатын айқындауға (әлеуетті дауыс құқығы) қатысты мәселелерде басқа тараптың дауыс құқығын азайтуға қабілетті сол сияқты құралдарға ие бола алады. Басқа ұйым ие болып отырған әлуетті дауыс құқықтарын қосқанда, ағымдағы сәтте іске асырылатын немесе айырбасталатын әлеуетті дауыс құқықтарының болуы және оның әсері ұйымның басқа ұйымның қаржылық және операциялық саясатын басқару қабілетін бағалау кезінде есепке алынады. Егер, мысалы, әлеуетті дауыс құқықтары болашақта белгілі бір күн немесе болашақ оқиға басталғанға дейін іске асырыла немесе айырбастала алмайтын болса, онда олар іске асырылатын немесе айырбасталатын болып табылмайды.

- Әлеуетті дауыс құқықтарының бақылаудың дәрежесін көтеру қабілетін бағалай отырып, ұйым басшылықтың талап-тілектерін және осындай құқықтарды жүзеге асыру мен айырбастау мәселелеріндегі қаржылық мүмкіндіктерді қоспағанда, әлеуетті дауыс құқықтарына ықпал ететін фактілер мен жағдайларды (оның ішінде әлеуетті дауыс құқықтарын іске асыру талаптарын және басқа шарттық келісімдерді жеке-жеке немесе бір-бірімен байланыста) зерделейді.

- Еншілес ұйым инвестордың рөлін тәуекелдікті капиталы, өзара қоры, трасты немесе дәл сол сияқты құрылымы бар ұйым атқаратын себепті ғана шоғырландырудан шығарылмайды.

  • Өзінің қызметі топтың құрамындағы басқа ұйымдардың қызметінен өзгеше болуы негізінде еншілес ұйым шоғырландырудан шығарылмайды. Мұндай еншілес ұйымдарды шоғырландыру және шоғырландырылған есептілікке қосу және шоғырландырылған қаржы есептілігіндегі олардың қызметінің әр алуан түрлері туралы қосымш амәліметтерді ашу маңызды ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Мысалы, ақпаратты 8 Операциялық бөлімдер (IFRS) ХҚЕС-ының талаптарына сәйкес ашу топ ішіндегі қызметтің әр алуан түрлерінің ауқымын түсіндіруге көмектеседі.

15 ЕМТИХАН БИЛЕТІ/ ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ

  1. Сатуға арналған айналымнан тыс активтерді бағалау - Айналымнан тыс активтер — кэсіпорындардың, ұйымдардың шаруашылық қаражат айналымынан алып тасталған меншікті қаражаты. Оларға ұзақ мерзімдік пайдалану үшін алынған, жасалған немесе сатып алынған материалдық, бейматериалдық және қаржылық сипаттағы активтер жатады, оларды сатуға арналған тауар ретінде пайдалану көзделмейді. Валюта бағамы - Валюта бағамы – бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті. Валюта бағамы әр түрлі елдер ақша бірліктерінің арақатынасы. Бұл арақатынас олардың сатып алу қабілеті арқылы анықталады. Сырт қарағанда ақша айырбасына қатысушыларға валюта бағамы бір елдің ақша бірлігінің екінші елдің ақша бірлігіне шаққандағы «бағасы» іспеттес көрінеді.акциялардың, облигациялардың, басқа да бағалы қағаздардыд сатып алу және сату құны.

  2. 2. Жалгерліктің есебі (ҚЕХС (IFRS)17) Қандайда болмасын заттарды - еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. Жалпы беруші - жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруге меншік иесі өкілеттік бергсн органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алады.Жалгер - бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатып заңды немесе жеке тұлға. Жал (аренда) - бұл жалға берушінің активті келісілген уақытқа белгілі бір мерзімге жал төлемі үшін жалға алушыға беруі туралы мәміле. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартында №17 «Жалдау» атгы есепте жалға алушы мен жалға беруші арасында қалыптасқан міндеттер бойышна талаптар көрсетіледі.Жалдаудың 2 түрі бар: қаржылындырылған және операциялык жал. ҒҮ = РУ(\ + г)\ Мұндағы, ҒУ — п жылдарынан кейін ақша ағынының болашақтағы құны; РУ — есептеу кезінде салынған сомасы; г — пайыздық мөлшерлемесі; п — есептеу кезеңіне алынған жылдар саны. Қаржылық жал – активті иелік етумен байланысты барлық тәуекелдіктер және пайдалардың елеулі аударылуы болатын жал түрі. Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны, жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі, жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері, жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және тағы басқалары қарастырылады. Жалға алынған негізгі кұралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді, сондыктан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады. Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады. Жалға жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді. Мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз жалдау - бұл жалдау шарты бойынша тек мынадай жағдайларда ғана: - кандай да бір ықтималдығы шамалы оқиғаның басталуы жағдайында;  - жалга берушініи рүксатымен; - жалдауды кабылдаған күні жалгердің төлеген қосымша сомасы оның бұдан әрі жалғасуына кепіл болған жағдайда, тоқтатылуы мүмкін. Жалдау мерзімі - жалгер шартқа сәйкес активті жалдауға алған, қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау мерзімінің басында жалгердің осы кұқығын іске асыруға негізді сенімі болса, жалгердің қосымша мынадай ақы төлеумен немесе онсыз активті одан әрі жалдауға құқығы бар кез - келген өзге де кезеңдер. Жал мерзімінің сонында жалданған активті меншіктену құқы жалгерге берілетін немесе берілмейтін болса, жал қаржылық болып табылды. Жалгердің бухгалтерлік есебінде жалданған мүлік актив ретінде, ал төленуге тиісті жалдау ақысы міндеттеме ретінде ескеріледі. Жал мерзімінің басында жалдау ақысы жөніндегі міндеттемелер өткізу бойынша немесе, егер ол өткізу құнынан төмен болса, жалдау ақысының дисконтталган құнымен жазылады.  Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты жөне қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және т.б. қарастырылады.

3.Тұрақты және уақытша айырмашылықтар- Тұрақты айырмашылықтар – бұл есепті кезеңдегң салық салынатын кіріс пен есептік кірістер арасындағы айырмашылықтар, олар ағымдағы есептік кезеңде пайда болады және келесі кезеңдерде жабылмайды. Заңдастырылған рұқсат етілген және шектеулі тұрақты айырмашылықтар бухгалтерлік таза пайдамен есептесулермен байланысты экономикалық, саяси немесе әкімшілік пікірлерге негізделген. Тұрақты айырмашылықтар жұмыс процесінде фирманың төлеуге тиіс жиынтық табыс салығының есептесуімен байланысты. Уақытша айырмашылықтар – бұл салық салынатын кіріске кіріс және шығыс тармақтары кіретін есептік кезеңде, пайда болатын салық салынатын және есептік кірістер арасындағы өзгерістер, олар есептік кезеңде сәйкес келмей есептік кіріске кіреді. Уақытша айырмашылықтар бір немесе бірнеше келесі кезеңдерде күшін жояды.  Сатып алынған активтер - өндірістік және бейөндірістік мақсаттағы жылжымайтын және жылжымалы мүлік түріндегі меншік, сондай-ақ шаруашылық мақсатта пайдаланылып жүрген жер, орман-тоғай, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны бар, заңи және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын нәрселердің бәрі; елдің шетелден алынған (мысалы, тауар әкетілімінің нәтижесінде алынған) ақшалай табысының оның шетелдегі шығысынан асып түсуі. Айналымнан тыс активтер — кэсіпорындардың, ұйымдардың шаруашылық қаражат айналымынан алып тасталған меншікті қаражаты.

17 ЕМТИХАН БИЛЕТІ/ ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ

1. Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы,құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есеп саясатында көрініс табуы тиіс. Есептік саясат – бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.

Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің прцедурасын дербес әзірлей алады.

Есеп саясатын негіздеу және таңдау кезінде барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады, оны сақтаған жағдайда кәсіпорын үшін де, шаруашылық жағдайына бейімделген есеп саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады.

2. Сатып алынған активтер - өндірістік және бейөндірістік мақсаттағы жылжымайтын және жылжымалы мүлік түріндегі меншік, сондай-ақ шаруашылық мақсатта пайдаланылып жүрген жер, орман-тоғай, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны бар, заңи және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын нәрселердің бәрі; елдің шетелден алынған (мысалы, тауар әкетілімінің нәтижесінде алынған) ақшалай табысының оның шетелдегі шығысынан асып түсуі. Айналымнан тыс активтер — кэсіпорындардың, ұйымдардың шаруашылық қаражат айналымынан алып тасталған меншікті қаражаты.

Сатып алынған міндеттемелер - Сатып алу-сату шартының жекелеген түрлеріне бөлшектеп сатып алу, сату, тауар жеткізілімі, энергиямен жабдықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерін сату, көсіп-орынды сату жатады. Бұлардың ішінде бөлшектік саудамен сатып алу-сату кең тараған түрлердің бірі болып саналады, Шарт бойынша сатушы кәсіпкер болады, ал сатып алуші тауарларды өзінің күнделікті үй тіршілігінде, отбасымду немесе жеке басы үшін пайдаланады.

Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді

3. Бухгалтерлік баланс – шаруашылық жүргізуші заңды тұлғаның белгілі бір күнгі, көбіне күнтізбелің кезеңінің басындағы не аяғындағы қаржы-шаруашылық жай-күйін ақшалай түрінде жинақтап сипаттайтын бухгалтерлік есеп құжаты. Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалпй өлшемде топтастыруды білдіреді. «Баланс» термині латын сөздерінен bis – екі рет және lans – таразы табағы дегенді білдіреді, яғни теге-теңдік мағынасын (ұғымын) білдіреді.

Баланс есі бөліктен тұрады: активтен және пассивтен. Сол жағы актив деп, оң жағы пассив деп аталады. Активте шаруашылық құралдарының құрамы және орналасуы көрсетіледі, ал пассивте бұл құралдардың пайда болу көздері көрсетіледі.

Шоғырландыру – біртекті немесе технологиялық байланыстағы өнімді шығарудың тиімділігін арттыру мақсатында ірі кәсіпорындарда өндіріс пен жұмыс күшін шоғырландыру процесі.

18 ЕМТИХАН БИЛЕТІ/ ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ

1. .Кейбір жағдайларда кәсіпорын кәсіпорынға тиесілі жылжымайтын мүлікті жалға алушыларға қосымша қызмет көрсетеді. Кәсіпорын, көрсетілетін қызметтер барлық мәміленің салыстырмалы түрде аз ғана бөлігін құраған жағдайда, осы жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде қарастырады. Кеңсе үйінің иесі жалға алушыларға осы үйді күзету және ағымдағы пайдалану жөнінде қызмет көрсететін жағдай жоғарыда айтылғанның мысалы болып табылады.

Объект жылжымайтын мүлікке инвестициялар анықтамасына сәйкес келетінін анықтау үшін, кәсіптік пікірге сүйену қажет. Кейде кәсіпорын өзінің бас кәсіпорны немесе сол топтағы басқа да еншілес кәсіпорны жалға алған және орналасқан жылжымайтын мүлікке ие болады. Мұндай жылжымайтын мүлік шоғырландырылған қаржы есептілігінде жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде көрсетілмейді, өйткені барлық топтың көзқарасы бойынша, осы объект иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік болып табылады. Алайда, жеке алынған меншіктенуші-кәсіпорынның көзқарасы бойынша, объект, егер ол анықтаманы қанағаттандыратын болса, жылжымайтын мүлікке инвестиция болып табылады. Сондықтан жалға беруші өзінің жеке қаржы есептілігінде аталған жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде көрсетеді.

Жылжымайтын мүлікке инвестицияларды мынадай кезде ғана активтердің құрамында тану керек:

(а) жылжымайтын мүлікке инвестициялармен байланысты болашақ экономикалық пайдалардың кәсіпорынға келіп түсу мүмкіндігі бар; және

(b) жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнын сенімді түрде өлшеуге болады.

Танудың осы принципіне сәйкес кәсіпорын жылжымайтын мүлікке инвестицияларға жұмсалған шығындарды олар туындаған кезде бағалайды. Мұндай шығындар жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісін сатып алған кезде бастапқыда жұмсалған шығындарды және кейіннен объектіні қосымша жабдықтауға, бөлшегін ауыстыруға немесе жылжымайтын мүлік объектісіне қызмет көрсетуге арналған шығындарды қамтиды.