Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин у.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
495.1 Кб
Скачать

2.Шетелдік қызметтер мен шетелдік компаниялардың консалидацияланған есебі

Есептік кезең біткен соң шетелдік компаниялар қаржылық есеп беруді жасайды. Ұйымның құрамында Қазақстан Республикасының аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншілес немесе тәуелді серіктестіктері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса, консолидацияланған есеп беруді жасайды, яғни бірнеше занды тұлғаның есеп беруін біріктіреді.

Шетелдік компания (коммандалық және толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (негізгі) занды түлғаның өзінің жарғылық қорына салған салымдарының басым көпшілігін иеленсе және қабылданатын шешімдердің басым бөлігін анықтау мүмкіндігіне ие болса, онда олар еншілес серіктестік ретінде танылады.

Заңды тұлға (коммандылық және толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (қатысушы, артыкшылығы бар) занды тұлғаның бар болғаны 20% дауыс беретін акциясына ие болса немесе сондай деңгейде қатысушылық үлесі бар болса, тәуелді серіктестік ретінде танылады.

Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп беруі. Занды тұлға басқа кәсіпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін; егер де сол сатып алынған акциясы 50%-тен астам болса, онда инвестицияланған объектіге бақылау жасау мүмкіндігін алады. Инвестор бақылауды белгілейтін болса, онда ол кәсіпорын негізгі занды тұлға болып танылады, ал бақыланатын (инвестицияланған) кәсіпорынды еншілес кәсіпорын деп атайды. Негізгі кәсіпорында және барлық еншілес көсіпорындар бірігіп, біріккен заңды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәліметі бойынша консолидацияланған есеп беруін жасайды.

3.Оң және теріс курстық айырмашылықтар.

Оң және теріс курстық айырмашылықтар - Бағамдық айырмашылығы — ұлттық валютаның шетелдік валютаға шаққандағы бағамының өзгеруі кезіндегі айырмадан пайда болатын coмa. Шарт жасалған сәттен бастап ол бойынша төлем төленетін уақытқа дейін пайда болады. Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептемесі жүйесінде бағам өзгерген жағдайда шетелдік валюта өлшемдерінің есептік валютаға (Қазақстанда теңгеге) шаққандағы мөлшерін көрсету нәтижесінде туындайды. "Бағамдағы қиғаштық" — ресми және нарықтық бағамдардың сай келмеуі ұғымы да бағамдық айырмамен байланысты. Бағамдық айырмашылығы валюталық ашық позицияның жойылуы немесе оның қайта бағалануы кезінде валюталар бағамдарының өзгеруі нәтижесінде пайда болады. Бағам қолайлы қалыптасса, валюталық по зиция жағымды бағамдық айырмашылыққа, қолайсыз жағдайда - теріс бағамдық айырмашылыққа (бағамдық ұтылысқа) әкелуі мүмкін.

12 ЕМТИХАН БИЛЕТІ/ ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ

1. Сатуға арналған айналымнан тыс активтер танылуы және жіктеу

Айналымнан тыс активтер — кәсіпорындардың, ұйымдардың шаруашылық қаражат айналымынан алып тасталған меншікті қаражаты. Оларға ұзақ мерзімдік пайдалану үшін алынған, жасалған немесе сатып алынған материалдық, бейматериалдық және қаржылық сипаттағы активтер жатады.

Егер ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) баланстық құнының оны пайдалануды жалғастыра беру арқылы емес, негізінен сату есебінен толтырылса, кәсіпорын оны сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс. Ол үшін актив (немесе шығаруға арналған топ) қазіргі күйінде және осындай активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) сатқанда қоса жүретін әдеттегі талаптармен дереу сатуда болуы тиіс, және де сату ықтималдығы жоғары болуы тиіс. Сату ықтималдығы жоғары болу үшін, тиісті басшылық деңгейі активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөнінде жоспар қабылдауы тиіс және сатып алушыны іздеу әрі жоспарды орындау жөнінде қарқынды бағдарлама басталуға тиіс. Оның үстіне, активті (немесе шығаруға арналған топты) оның ағымдағы әділ құнымен салыстырғанда негізделген бағамен сату жөнінде қарқынды жұмыс жүргізілуі тиіс.

Сату жіктеу күнінен бастап бір жыл ішіндегі аяқталған сату деп тануға арналған талаптарды қанағаттандырады деп күтілуге тиіс және сату жөніндегі жоспарды орындау үшін талап етілетін іс-әрекеттер жоспарда маңызды өзгерістер болуының немесе жоспарды болдырмай тастаудың тіпті де мүмкін емес екендігін көрсетуге тиіс.Оқиғалардың немесе жағдайлардың ықпалымен сатуды аяқтау кезеңі бір жылдан асуы мүмкін. Егер кешіктірілу себебі кәсіпорын бақыламайтын оқиғалар немесе жағдайлар болып табылса әрі кәсіпорынның активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөніндегі жоспарды орындауды жалғастыратыны жеткілікті расталып тұрса, сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктеуге кедергі келтірмейді.