Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин у.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
495.1 Кб
Скачать

1 ЕМТИХАН БИЛЕТІ/ ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ

1.Кәсіпорындарды біріктіру.

2.Жалгерліктің есебі (ҚЕХС (IFRS)17)

3.Табысқа салынатын салық (ҚЕХС (IFRS)12)

  1. Бизнесті біріктіру – жекелеген кәсіпорындардың бір экономикалық ұйымға бірігіп, таза активтерге және басқа кәсіпорындардың операцияларына бақылау алуы. Сатып алу – компаниялардың бірігуі, мұнда бір компания сатып алушы, ол сатушының активтері мен операцияларына бақылау жүргізеді.

Мүдделерді біріктіру – компаниялардың бірігуі, мұнда біріккен компаниялардың акционерлері біртұтас таза активтерге бақылау жүргізіп, табыстар мен тәуекелді бірдей бөліседі. Мұнда ешқандай да жақ сатып алушы ретінде қарастырылмайды.

Бизнестің бірігуі бухгалтерлік есепте қаржылық есеп берушілікте таза мәні бойынша көрсетіледі.Бизнесті біріктіргенде жақтар есеп жүргізудің әдістерін келісіп таңдап алады.

Сатып алу әдісі арқылы бизнесті біріктіру компаниялардың активтерін сатып алу арқылы жүргізіледі. Басқа компанияның активтерін сатып ала отырып, оның міндеттемелерін де алады.Компания тұтас сатып алынғанда, оның жекелеген активтерін бағалау қиынға түседі. Қарыздық міндеттемелердің ағымдағы құны пассивтің таза құнына тең.Егер қарыздық міндеттеменің пайыздық ставкасы болса, есеп берушілікте сәйкес сыйақы мен дисконтты көрсету керек. Егер активтер акцияға айырбасталса, оның құны акциялардың таза құнымен анықталады.

Біріккен кәсіпорынның әр түрлі формалары мен құрылымдары бар. Біріккен қызметке қатысу туралы ҚЕХС 3 негізгі түрі бар:

  • Бірге бақыланатын операциялар бірге бақыланатын активтер мен бірге бақыланатын субьектілер

  • Келісімшарттың болуы біріккен бақылаудың инвесторларының елеулі ықпал етуінің қауымдасқан кәсіпорынға салынған инвестициядағы қатысу үлесі;

  • Келісімшарттың куәсі болып біріккен қызметтің қатысушылар арасындағы біріккендер немесе немесе хаттама;

Келісімшартта мынадай сұрақтар қамтылуы тиіс:

1. Біріккен кәсіпорын есептілігі бойынша міндеттемелері, қызметі және ұзақтылығы

2. Біріккен кәсіпорындағы директорлар кеңесінің немесе басқа да балама басқа орындарды тағайындау

3.Біріккен қатысушылардың капиталға салған үлестірін анықтау

4. Біріккен қызметке қатысушыларының арасында өндіріс көлемі,табыс пен шығыстарының, нәтижелерін бөлісу

Келісімшарт біріккен қызметтің бір мүшесінің басшы ретінде немесе біріккен кәсіпорын жетекшісі етіп тағайындайды.

Кейбір біріккен кәсіпорын қызметі корпорация, серіктестік, кәсіпорын емес біріккен қызметке қатысу активтерін және ресурстарын пайдалануды білдіреді. Біріккен қатысушы өзінің қорларынан және негізгі құралдарды пайдаланады. Ол сонымен қатар міндеттемелер мен шығындарды өзі көтереді, қаржыландыруды өзі алады. Біріге бақылатын қызметке мысал ретінде екі немесе одан да көп қатысушылар өз ресурстарын қызметтерін біріктіріп біріге отырып бөлісуі.

Әрбір қатысушы өндіріс процесінің өзіне тиесілі бөлігін жүзеге асырады.Әрбір шығысын өзі көтеріп, өнім өткізуден түскен табысты өзінің үлесіне алады және бұл үлес келісімшарттың негізінде болады.

Бизнесті біріктіру қаржылық есепте көрсетілгенде мына деректер ашылуы керек:

  • Біріккен бизнестің атауы мен түсінігі;

  • Компанияның есеп әдісі;

  • Есептік мақсатта бизнестің бірігуінің күшіне енген уақыты;

  • Бизнесті біріктіргенде айналысатын өндірістік қызмет;

  • Дауыс құқы бар акцияларды сатып алу, олардың пайызы;

  • Біріккендегі активтер мен міндеттемелердің сомасы;

  • Сатудан түскен табыс, таза табыс және біріккен компаниялардың қаржылық есебіндегі басқа да деректер.

  1. Жалгер - бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатып заңды немесе жеке тұлға.

Жал (аренда) - бұл жалға берушінің активті келісілген уақытқа белгілі бір мерзімге жал төлемі үшін жалға алушыға беруі туралы мәміле.

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартында №17 «Жалдау» атгы есепте жалға алушы мен жалға беруші арасында қалыптасқан міндеттер бойыншна талаптар көрсетіледі.

Жалдаудың 2 түрі бар:

-қаржылындырылған

-операциялык жал.

Қаржылық жал – активті иелік етумен байланысты барлық тәуекелдіктер және пайдалардың елеулі аударылуы болатын жал түрі.

Ұйым үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.

Жалға жасалатын келісім шартта:

-жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны;

-жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі;

-жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері;

-жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және т.б қарастырылады.

Жалға алынған негізгі кұралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді, сондыктан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады.

Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.

Жалға жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді.