Қорытынды :
Қонақ үй - бұл тұтынушыларға қаражат деңгейіне байланысты номер түрін ұсынатын, тәулік бойы технологиялық процессте жұмыс істейтін, негізгі қызмет пен қоса қосымша қызмет түрлерін көрсететін, өнімдерін ұсынатын және ыңғайлық пен жайлылық тудыратын
ғимарат. Қонақ үй кәсіпорнының ең сапалы, әрі бағасы біршама арзан орындарды ұсына алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.Ұжымдық және жеке адамдық орналастыру құралына жеке-жеке анықтама беріліп, олар туралы қысқаша сипатталды. Сонымен қатар курстық жұмыста қонақ үй қызметін тұтынушылармен жұмыс іс-әрекеті жазылды.
Туристерді орналастыратын орын ретінде аздаған таңдау жағдайы бар кез-келген орын есептеледі (түнеу үшін) мыналар ескеріледі: а) жалпы орын санының белгілі бір минимумы болуы керек; б) басқармасы болады және ол коммерциялық негізде басқарылады. Қонақ үйде жабдықтау және көрсетілетін қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне тәуелді қонақ үйдің басқа да кең тараған түрлері ажыратылады: квартиралық типтегі қонақ үйлер, мотельдер, жол бойындағы қонақ үйлер, курорттық қонақ үйлер, клубтар және т.б.Туристерді орналастыру мекемелері нағыз стандарттар міндеттеріне сай болуы керек.Қоғамдақ транспорт құралдары (поезд, круизді судалар, яхталар), жер және су транспорттары, түнеуге арналып жабдықталған орналастыру орындары салалық нормалар мен ережелерге сай негізделуі керек. Қонақ үй кәсіпорындары адамдар қызмет көрсету процесінің маңызды элементі болып саналады. Жаңа қонақ үй шаруашылығын құрарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды нарық капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі іс. Көрсетілетін қызмет түрлері мен жабдықталуына байланысты қонақ үйлер кең профильді, пәтер сияқты, мотельдер, курорттық және жол бойындағы болып бөлінеді.
Номерлік фондты қонақтардың орналасуына дайындау жақсы ұйымдастырылған жұмысты талап ететін күрделі әрі жауапкершілігі мол этап болып табылады. Персонал қонақтарды орналастыруда және оларға қызмет көрсетуде профессионалды дайындалған және қонақтарға қызмет көрсетуде лайықты тәжірибесі бар болуы керек. Қонақ үйлердегі қызмет көрсету түрлерін ұймдастыру оның құрылымына байланысты. Оның ішінде категориясына, номерлік қордың ауқымдылығына, орналастыру орнына, қонақтардың ерекшелігіне т.б. факторларға қатысты.
Қонақ үйдің шеткі көрінісі Қонақ үйдің кіреберіс көрінісі
Стандартты бөлме
Жуынатын бөлме
Мейрамхана « The Park kitchen »
« AXIS » LOBBY BAR
« Cloud 9 » ROOF TOP BAR
« EXECUTIVE LOONGE »
