- •Құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар – қарыз міндеттемесі
- •1.2 Құнды қағаздарды шығару және олардың эмитенттері
- •1.3 Құнды қағаздар нарығының қызметі және оның маңызы
- •2 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығы
- •2.1 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының пайда болуы
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының құқықтық негіздері
- •2.3 Құнды қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары
- •2.4 Құнды қағаздар нарығын реттейтін жүйелер
2.4 Құнды қағаздар нарығын реттейтін жүйелер
Құнды қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы мақсатымыз – құнды қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету.
Құнды қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар болып Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық Комиссия, Қаржы Министрлігі, Ұлттық банк , Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет саналады. Осы құнды қағаздар нарығын реттейтін мемлекеттік органдардың ең ірісі – Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық Комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтар айында анықталып, сол жылғы сәуірдің 21-дегі Республика Президентінің «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметі және өкілеттігі бекітілді.
Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия оның төрағасы және төрт комиссия мүшелерінен құрылады. Олар Республика заңдарымен міндеттелген жауапкершілікпен толық өкілеттітілікті атқарады. Комиссия төрағасы мен оның мүшелерін Премьер-Министрдің ұсынуымен 5 жыл мерзімге республика Президенті бекітеді. Қызметтен де осы жолмен босатылады. Комиссияның тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін оның атқарушы аппараты құрылған.
Қазіргі кезде республикада құнды қағаздар нарығының қызметін толық қамтамасыз ететін инфрақұрылым құрыла қойған жоқ. Оның ішінде құнды қағаздар нарығында кездесетін барлық нормативтік заң актілері жоқ. Сол сияқты құнды қағаздар нарығында қалыптасып келе жатқан көріністі жеткілікті түрде хабарлайтын ақпарат құралдары жоқ. Құнды қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп, алдын ала дайындаған концепцияға жүгінгені дұрыс.
Дүниежүзілік тәжірибеде құнды қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу. Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:
1.Бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығарылатын өкілетті органдардың жұмысы;
2.Осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;
3.Құнды қағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Негізінен бұл – құнды қағаздар нарығына қатысушыларға лицензия беру, құнды қағаздардың кейбір түрлерінің айналуына шек қою немесе оны тоқтату, құнды қағаздарды тіркеу және с.с. жұмыстар
Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:
1.Несие үшін процент мөлшерін өзгнерту арқылы айналымдағ ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
2.Мемлекеттің салық саясаты;
3.Депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
4.Қарыз капиталы нарығына мемелекеттің араласуы (қазыналық облигацилар, вексельдер, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін жіне с.с. шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың расында несие үшін тікелей бәсекеніғ тууы;
5.Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы мен алтын операцияларын, экспортшараларын ынталандыру және с.с. жұмыстарды реттеу);
6.Мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-шаралары (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және с.с.).
Құнды қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға , не қаржы министрлігіне, не мемлекеттік банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ –та тиісті заңдарды шығарып, олардң орындалуын тексерумен конгесте құрылған Құнды қағаздар және қор биржалары туарлы комиссия шқғылданса, Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы министрлігінде қаралады. Реттеуші органдар инвесторлдардың қаржысын қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады. Олар:
Біріншіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде қызмет істейтін барлық құнды қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қтар, құнды қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерлі тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы қажет, яғни олардың керекті мөлшерде өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқын алады.
Екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен қамтамасыз ету. Ол, әдетте, құнды қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық та толық хабар беретін эмиссия проспектісін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында орналастырылатын жеке құнды қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебңн, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.
Үшіншіден, институциондық органдар құнды қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады. Бұл органдардың өкілі заң бұзушылардың кез-келгенін тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара қолданып, істерін сотқа беруге құқы бар. Ол үшін оларға үлкен өкілеттілік берілген, мысалы, құнды қағаздарға және ақша қаражатына тыйым салуға, құжаттарын алуға және с.с. өкілеттіліктер.
Осы аталған құнды қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу тәсілдермен қатар нарықтың өзін-өзі реттеу іс-шараларының да маңызы зор. Оның еңбір дамыған формасы- қор биржасы. Ол құнды қағаздар нарығына бақылау жасаумен қатар оған қатысушылардың іс-әрекеттерін реттейтін біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалап отырады.
Айта кететін жәйт, қазіргі кезде Қазақстанда екі қор биржасы, яғни Қазақстан банкарлаық валюта-қор биржасы және Орталықазия қор биржазы жұмыс істейді. Екі биржада да сату көлемі әзірше төмен жағдайда. Биржадан басқа құнды қағаздар нарығына белсене араласатын басқа ұйымдар болады. Оның бірі, инвестициялық бизнеске қатысушы – Кәсіби мамандардың қауымдастығы. Ондай ұйымдар мемлекеттік реттеудің кейбір жетспеу жағдайлары кезінде құырылып, кейбір ассоциация үшелерінің кесірінен құнды қағаздар нарығана қатысушыларға нұқсан келтірілгенін тексереді. Сонымен, мамандандырылған қауымдастықтың құнды қағаздар нарығының дұрыс қызмет істеуіне бағытталған іс-әрекеттері көп жағдайларда осы тұрғыдағы мемлекет мүддесімен сай келеді [15].
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысты қорытындылай келе құнды қағаздардың Қазақстанның экономикасына қандай оң әсер ететінін білдім. Сонымен құнды қағаздар дегеніміз – бұл не зат емес, не ақша емес. Оның иесіне құндылығы оның құқығында тұр. Яғни, құнды қағаз иесі бағалы қағаз арқылы активтерге иелік етуге құқылы болады. Активтерге иелік ету құқықсынан қосымша жеңілдіктре береді, яғни қоғам басқаруға, қоғам туралы ақпарат жинауға және де кейбір жағдайда басымдылық құқығын береді. Құнды қағаз капиталдың оның тауарлы өндірістік және ақшалай формасынан ерекше өмір сүру формасы және ол капиталдың орынына берілетін нақты айналады және табыс әкеледі.
90-жылдардың экономикалық тәжірибесі дәлелдегендей шаруашылықты жетілдірудің, нарықтық экономиканың гүлдендірудің басты құралы – бағалы қағаздар екені дәлелденді.
Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттар жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асырылады.
ҚР мемлекеті құнды қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасау үстінде. Қазақстандағы меншік мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы құнды қағаздар нарығының нарығының негізгі элементтерін құу процесін жеңілдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғам түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең тиімді механизмдерінің бірі – акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Құнды қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді.
Өркениетті мемлекеттерде экномикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы құнды қағаздар нарығы болып табылады. Құнды қағаздар нарығының күрделі ұйымдық-экономикалық жүйесі көптеген өзара байналысты элементтерден тұрады:
Эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері;
Инвесторлар, уақытша бос ақша ақша иелері – заңды және жеке тұлғалар;
Құнды қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер,инвестициялық басшылар және т.б;
Инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары,зейнет ақы қорлары және т.б;
Қор биржалары, депозитарийлер, клирингтік және басқа да құнды қағаздарды реттейтін, сақтайтын ұйымдар.
Қазақстанның құнды қағаздар нарығының дамуын зерттей келе, оны әрі қарай дамыту үшін және өрістету үшін мынадай ұсыныстар айтуға болады:
1) Ұжымдық инвестициялаудың әлемдiк тәжiрибесiне сай қажеттi нормативтi актiлер; 2) Қаржы құнын және онымен байланысты тәуекелдi төмендету үшiн әр аймақта банктiк емес мекемелердiң қызмет көрсетуiн жақсарту; 3) Қор нарығы туралы ақпаратмен көпшiлiк халықты қамтамасыз ету; 4) Биржалық емес нарық түрiн дамыту, инфрақұрылымын қалыптастыру; 5) Қор нарығының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының мәртебесiн көтеру, оларға муниципалды облигациялар нарығын дамыту, оларға мемлекеттiк кепiлдiк беру;
6) Зейнетақы қорлары үшiн мемлекетпен кепiлдiндiрiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың облигацияларын ипотекалық облигацияларға салым салу лимитiн көтеру; 7) Қаржы нарығында әдiлеттi бәсекенiң жүзеге асуы үшiн ерекше корпоративтi басқару мәдениетiн көтеру;
8) Акционерлердiң, инвесторлардың құқықтары мен Отандық рейтингтiк қадағалау; 9) Мемлекеттiң қор нарығының қызметiне шамадан тыс араласуын, мүмкiндiгiнше мемлекеттiң бағалы қағаздар нарығындағы қызметiн, нақты экономика секторына қаржы институттары мен мекемелерi тарих нәижесi толыққанды зерттеу.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Р.О.Смағұлова; Қ.Ә.Мәдіханова «Қаржы, ақша айналысы жіне несие». - Алматы 2008 жыл;
Мақыш С.Б «Ақша айналысы және несие». – 2004 жыл;
Рынок уенных бумаг и его финансовые институты: учебное пособие/ Под ред. В.С.Торкановского – 1994-421с
Сборник нормативно-законодательных актов по ценным бумагам в РК- Алматы, 1996 г
Ценные бумаги и фондовый рынок Сейткасимов Г.С и др. – Алматы. Экономика, - 1998 – 184 с;
Шалгимбаева Г.Н. Рынок ценных бумаг; Механизмы государственного регулирования. Алматы Қаржы-қаражат. 1997- с27;
Общая теория денег и кредита- Москва 1995-350с;
Карагусова Г. Что нужно знать о ценных бумагах: вопросы и ответы. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 1996 – 28с;
Пятов М.Л. Вексель: вопросы учета, анализ и налогоблажения. – Москва. Финансы и статистика, 1997 – 208 с;
Алехин Б.И. Рынок ценных бумаг: Введение в фондовые операций. 1992 – 160 с;
Мусатов В.Т. Фондовый рынок: Инструменты и механизмы. – Москва. Международные отнашения, 1991 – 192 с;
Ефремов И.А. Операции коммерческих банков с ценными бумагами. Москва: Ист-Сервис, 1995 -441 с;
Фельдман А.А. Вексельное обращение. Россиская и международная практика- Учебное и справочное издание – Москва: ИНФРА-М, 1995 – 304 с;
Сейткасимов Г.С, Ильясов А.А Формирование фондового рынка Учебное пособие/Экономика, Алматы, 1996 – 98 с;
Б.А.Көшенова «Бағалы ақағаздар нарығы» / Экономика – Алматы 1999ж.
