- •Құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар – қарыз міндеттемесі
- •1.2 Құнды қағаздарды шығару және олардың эмитенттері
- •1.3 Құнды қағаздар нарығының қызметі және оның маңызы
- •2 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығы
- •2.1 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының пайда болуы
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының құқықтық негіздері
- •2.3 Құнды қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары
- •2.4 Құнды қағаздар нарығын реттейтін жүйелер
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ........................................................................................................................7
1 Құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар – қарыз міндеттемесі........................9
Құнды қағаздардың жіктелуі. Құнды қағаздардың негізгі және туынды түрлері....................................................................................................................9
Құнды қағаздарды шығару және олардың эмитенттері..................................11
Құнды қағаздар нарығының қызметі және оның маңызы...............................14
Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығы.................................20
Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының пайда болуы...20
Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының құқықтық негіздері................................................................................................................22
Құнды қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары.........26
Құнды қағаздар нарығын реттейтін жүйелер...................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................34
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Курстық жұмыс жазу барысында келесідей нормативтік сілтемелер пайдаланылды:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1994 жыл 27 желтоқсан.
«Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» №2227 Президенттің заң күші Заңы. 1995 жыл 21 сәуір.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» №2155 Заңы. 1995 жыл 30 наурыз.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк ісі туралы» №2444 Заңы. 1995 жыл 31 тамыз
«Салықтар және басқа бюджетке төленетін міндеттемелер туралы» №2235. 1995 жыл 24 сәуір.
АНЫҚТАМАЛАР
Курстық жұмыс жазу барысында келесідей терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылды:
Вексель – бұл онда белгіленген соманы вексель айналысыныың заңы бойынша белгіленген мерзімде сөзсіз төленгендігі жөніндегі мерзімді ақша міндеттемесі.
Варрант – белгіленген баға бойынша жаңа эмиссияның белгілі бір бағалы қағаздар санын сатып алу құқын беретін бағалы қағаз.
Облигация – бұл облигация шығарушыдан көрсетілген мерзімде номиналы бойынша соманы алуға, сондай-ақ облигация бойынша процент не басқа да табысты алуға куәландыратын бағалы қағаз.
Қаржы саясаты – бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бойынша міндеттерді шешуге арналған мемлекеттің қаржыны пайдалану қызметі.
Листинг – бұл бағалы қағаздарды қор биржасына енгізу процедурасы.
Биржа – бұл анықталған орында, көрсетілген уақытта және белгілі бір ережелерге сүйенетін жариялық сауданы жүргізетін ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының негізгі ұйымы.
Брокер – бұл клиент есебінен және оның атынан құнды қағаздармен мәміле жүргізетін делдал.
Дивиденд - акционерлер арасында акция санына қарай бөлінетін таза пайданың бір бөлігі.
БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҰБ – Ұлттық банк
АҚ – Ационерлік қоғам
БҚН – Бағалы қағаздар нарығы
АҚШ – Америка Құрама штаттары
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы
KASE – Kazakh Asset Stock Exchange
ЕДБ – Екінші деңгейлі банктер
т.б – тағы басқа
с.с – сол сияқты
КІРІСПЕ
Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Бұл – меншік қатынастары; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделігінің дәрежесі.
Құнды қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық – құқықтық механизмдерге негізделген. Бұл құнды қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ, құнды қағаздардың кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алатыны белгілі, себебі олар арқылы мемлекеттің инвистициялық қызметтер түрі жүзеге асырылады. Дәлірек айтатын болсам, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің құрылымдық және ұйымдық ерекшеліктеріне орай құнды қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 1990-шы жылдардың басында етек жая бастады.
1990- шы жылдардың экономикалық тәжірибесі дәлелденгендей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы – құнды қағаздар екені талассыз екені бәрімізге белгілі. Құнды қағаздар ақша түріндегі капиталға, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек құнды қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, жекеменшік иелері – халықтың меншігіне айналдыруы мұмкін. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру құнды қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының мемлекеті құнды қағаз нарығын дамыту және оны одан әрі гүлдендіру мақсатында қажетті шараларды жасалуда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемелекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі –акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Құнды қағаз нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция түрлерін алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік құнды қағаздар шығарумен шұғылданады.
Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа тіпті, ерекше бағыт, яғни құнды қағаздарды шығару және сол құнды қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда болғанын дәлелдейді. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі әрі қиын кәсіпшілік. Сондықтан құнды қағаздармен қызмет жасайтын жоғарғы білімді мамандар дайындау – уақыт талабы.
Ұсынып отырған курстық жұмысымның мақсаты – студенттерге құнды қағаз нарығының теориялық негіздерін оқып білудің арқасында құнды қағаздардың инвестициялықпортфельдерін қалыптастыру мен басқару мәселелері туралы ақпарат беру. Сонымен қатар, студенттердің қазіргі құнды қағаздар нарығын тиімді басқару туралы білімді, дағдылар мен іскерлікті, әдістемені меңгеру. Қаржы активтерінің қалыптасуы мен құнды қағаздар нарығының елдің экономикасын дамытудағы маңызы мен орны, әлемдік экономикалық бірлестіктердегі экономиканың интеграциясындағы оның рөлі туралы ақпарат беру.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар – қарыз міндеттемесі
1.1Құнды қағаздардың жіктелуі
Қарыз міндеттемесі анықтамасы құнды қағаздар анықтамасымен тығыз байланысты. Құнды қағаздар екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін қарыздар міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің барлығының арнаулы құнды қағаздар сияқты нысаны болмайды. Олардың көбісі келісім құжатында 1-2 бап ретінде көрсетіледі. Құнды қағаздардың көбі арнаулы тіркеуден өтеді. Тіркелеген инвесторларға құнды қағаздар туралы дәл және маңызды ақпарат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвесторлар өз инвестициясының сапасын анықтауына мүмкіндік алады.
Құнды қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: бірінші, түсіретін кірісіне; екінші, эмитенттің сипатына; үшінші, айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты.
1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздардар немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2. Құнды қағаздар шығарушысы жөнінен жіктелесді. Олардың эмитенттері мемлекет, корпорациялар, жергілікті әкімшілік қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғаларлар. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды құнды қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
- Қазыналық, немесе үкімет атынан қаржы министрлігі шығарған құнды қағаздар. Бұл қағаздар сенімді қағаздардың бірі. Себебі, оның төлемін мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл құнды қағаздардың көп тараған түрлері қазыналық облигациялар мен вексельдер.
- Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын құнды қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақтылы жобасына үкіметтің берген дотациясы.
- Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың ация және облигация түріндегі құнды қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары, коммерциялық банктер шығарады.
- Банктердің құнды қағаздары - олар депозиттік сертификаттар, чектер және бұданда басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері кіреді.
- Кәсіпкерлердің құнды қағаздары – оларфьючерстік шарттар, коммерциялық вексельдер және басқа коммерциялық қағаздар.
3. Құнды қағаздар сатылуы және сатып алынуы бойынша да жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы құнды қағаздар болып екі түрге бөлінеді [1].
Ал ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлшегі, онда қысқа мерзімді құнды қағаздар сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттіке сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседі. Оларды шығарушылар әртүрлі жіктелу топтарына жатсада, олардың бәрі қарызды құнды қағаздарға жатады.
Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған құнды қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да құнды қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитенттері де әртүрлі: мемлекет, корпорациялар, қаржы институттары, жергілікті әкімшілік және т.б
Айта кететін жағдайдың бірі, құнды қағаздардың кейбір түрі қысқа мерзімге яғни 1 жылға дейін айналымда болса да капитал нарығында жүреді. Мысалы, опцион.
Негізгі құнды қағаздар: акциялар және облигциялардан тұрады.
Акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын құнды қағаздың негізгі түрі. Ол иемденушісіне компанияның мүлкінің, капиталың , кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді.
Акцияны шығару мына жағдайларда жүргізіледі:
1.меншікті акцияландырғанда, акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанды;
2.бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
3.жарғылық капиталды қосымша молайтқан кезде.
Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы жне корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.
Артықшылықты акциялар – меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Преференционалды акция дауыс беру құқын бермейді. Артықшылықты акция иемденушісін қорғау үшін акцияның осы түрі бойынша дивидендтер әрқашан жай акциялар бойынша дивидендтер беруден бұрын төленеді. Артықшылықты акция әдетте, атаулы бағалы қағаз. Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін.
Қорыта айтқанда, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу корпорацияның нәтижелі қызмет істеуіне байланысты болса, ал артықшылықты акциялар бойынша корпорацияның шаруашылық қызметі нәтижелі болмағанына қарамастан алдын ала жоспарланғанкіріс бойынша нақты мөлшерде дивиденд төленеді. Әрине нақты төленген дивиденд жылдық жұмыс нәтижесіне байланысты түскен кіріс мөлшерін өсіруі де мүмкін және керісінше, бөлінген пайданың мөлшерін кемітуі де мүмкін.
Облигация деп эмитенттің белгілі бір – шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттегендігінің жазбаша қарыз құжатын айтады. Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Ол корпарацияның активіне қарсы қойылады. Облигацияның акцияға қарағанда келесідей айырмашықтарын айтып өтейін:
1.Облигация бойыншапроцент міндетті төленеді, ал акция бойынша дивиденд тек таза пайда болғанда ғана;
2.Облигацияны сатып алған тұлға – несие беруші, ал акцияны сатып алған тұлға – қоғам иеленушісі;
3.Облигация бойынша сыйақы төлеу акция бойынша дивиденті төлеуге дейін жүргізіледі;
4.Облигацияның сыйақысы қоғамның шығынына жатқызылады және олар салық салынатын пайдаға дейін шегеріледі.
Туынды құнды қағаздар: опцион және фьючерстерден тұрады.
Опцион белгілі бір базиске негізделген құнды қағаз. Оның базисі ретінде нақты тауарлар, шетел валюталары, негізгі бағалы қағаздар болады. Шығару мақсаты: активтің болашақ бағасының өзгеруінен сақтану. Анықтамасы:ұстаушының базистік активті болашақта белгіленген бағамен сатып алу-сатуды куәландыратын бағалы қағаз. Ерекшелігі: инвесторда болашақта мәміледен бас тарту құқы бар.
Фьючерс. Түрлері: мерзіміне қарай – американдық және еуроплық; қатысушыларына қарай – колл және пут. Шығару мақсаты: активтің болашақ бағасының өзгеруінен сақтану. Анықтамасы: ұстаушының базистік активті болашақта белгіленген бағамен сатып алуды куәландыратын міндеттемелік бағалы қағаз.Ерекшелігі: инвесторда болашақты мәміледен бас тарту құқығы жоқ; стандарттық келісім шарт [2].
