Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.61 Кб
Скачать

24.Мектеп жасына дейінгі баланың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру

Құзыреттілікті қалыптастыру үздіксіз білім беру тұрғысынан алғанда да, жалпы педагогикалық құбылыс ретінде мәні зор. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі. Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі – «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, білік, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейімделуді қамтамасыз етеді. Коммуникативтік құзыреттілік – тілді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Бала сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Қазіргі кезеңдегі тәрбиешінің міндеті – жас буынды сөз өнеріне баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейте отырып, баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет. Құзырлылық – бала іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.

Бала тілін дамытудағы ертегілердің маңызы ерекше. Халықтың асыл қазынасы – ауыз әдебиеті аңыз-әңгімелерден, ертегілерден, шешендік сөздер-ден, жұмбақтардан, жаңылтпаштардан т.б. тұрады. Балалардың ақыл-ойын дамытуға аңыз – әңгімелер, ертегілер оқудың маңызы зор. Халықтың асыл қазынасымен сәбилерді сусындату ертегілерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Бүлдіршіндер өте әсершіл келеді. Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасына лайықты, ертегі, жұмбақ жаңылтпаш, әңгіме естіп өсуі – олардың сөздік қорының молаюына, ақыл-ойының жетілуіне дыбыстарды дұрыс айту мәдениетіне әсер етеді.

Коммуникация" білім беру саласы.

Мақсаты: айналадағы адамдармен араласуға қабілетті, көптілді тұлғаны тәрбиелеу үшін баланың қажетті коммуникативтік дағдыларын дамыту.

"Коммуникация" білім беру саласы балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді; белсенді сөздікті байытуды, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, балалар әдебиетімен таныстықты дамытуды, мәнерлеп оқуды және мазмұндауды; мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді дамытуды қамтиды.

"Коммуникация" білім беру саласының мазмұны ересектермен және балалармен еркін араласу дағдыларын дамытуға; зейінділікке, сөйлеуге, балалар әдебиетіне қызықтыруға бағытталған.

"Коммуникация" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

1) сөйлеуді дамыту;

2) көркем әдебиет;

3) сауат ашу негіздері;

4) қазақ (орыс тілінде оқытылатын топтарда), орыс (қазақ тілінде оқытатын топтарда) және шет тілдерінің бірі;

5) драма.

ГОСО бойынша тілдік дағдылар:

 1-2 жас. Жай сөйлеммен айтылған өтінішті орындай алады; Жеңіл сөздерді қолданып, оларды түсіндіре алады; Дауысты дыбыстарды және дауыссыз дыбыстарды артикуляциялық қатынаста жеткілікті түрде анық айта алады; Ересектердің айтқан сөздері мен сөз тіркестерін айтады; Тапсырманы мұқият тыңдайды және оны басқа адамға жеткізуді, қысқа фразалар мен сөздерді қолданып өтініш жасай алады; Күрделі емес шағын сахналық мазмұндағы ойыншықтардың қойылымдарын түсінеді, олардың әрекеттеріне еліктей алады; Тиісті суреттерді қолдана отырып шағын, қарапайым әңгімелерді, өлеңдерді, тақпақтарды түсінеді

 2-3 жас. Құрбыларымен қарым-қатынасқа түсе алады; Өз ойын түсінікті дұрыс жеткізе алады; Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады; Өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап бере алады; Тілектерін, ойларын, сезімдерін айту үшін сөздерді қолдана алады; Саусақ ойындарына арналған тақпақтарды жатқа айтады; Халық ауыз шығармашылығы туындыларына эмоциямен үн қата алады.

 3-4 жас. Ересектердің сөзін түсінеді. Сұрақтарды тыңдайды, оларға жауап бере алады; Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана алады; Сөздердің дыбысталуын тыңдай отырып, оларды анық айтады; Барлық әрекеттерді, заттар мен құбылыстарды, олардың белгілерін және сапасын атайды; Табиғаттың тірі және өлі нысандарын бақылау, суреттерді, заттарды қарастыру арқылы сұрақтарға дұрыс жауап бере алады; Кейіпкерлердің мінездемесін беру үшін интонациялық мәнерлеудің қарапайым түрлерін қолданады; Түрлі оқиғаларға, кейіпкерге өзінің қарым-қатынасын білдіреді;

 4-5 жас. Ересектермен, балалармен қарым-қатынасқа түседі және олардың өтініштерін орындай алады; Ересектердің сұрақ қоюы арқылы салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді үйлесімді құрастыра алады; Ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтады; Көрнекі жағдаяттарсыз -ақ сөздерді қолданып, сөйлеуде етістіктерді белсенді қолдана алады; Диалогтік сөйлеудің, тілдесудің негізгі формасын меңгерген. 2-3 сөйлемнен тұратын тұжырымдарды қолдана біледі; Таныс ертегілерін айта алады, ойыншықтар бойынша шағын әңгімелер құрастырады; Өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атай алады, әдеби кейіпкерлерді ойында қолданады.

 5-6 жас. Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін біледі және оларды сақтайды; Сөйлеуге сыни қарым-қатынас таныта алады, грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады; Дыбыстарды саралай отырып, интонациялық мәнерлеудің әртүрлі тәсілдерін қолданып, сөздерін белсенді түрде құбылтып ойнай алады; Сөйлемде антоним, синоним сөздерді қолдана отырып, тілдегі сөздің көп мағыналығын түсінеді; Әртүрлі сөз таптарын, эпитеттерді, салыстыруларды қолдана отырып, монолог құра алады; Оқиғалар құрастыра алады, астарлы және ауыспалы сөздерді қолданып, түсіне алады.; Кітапқа деген қызығушылық танытады, өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқуы мүмкін; Үш дыбысты сөздермен талдау жасай біледі. Тыңдай біледі және екпінді буындарды ажыратады.

 6-7 жас. Тілдесу қағидаларын: сөзсіз тілдесу құралдарын; сөйлесу әдебін меңгерген; Сөз тіркесі мен сөйлемдерді грамматикалық дұрыс құрастыра алады. Сөйлеуде таныс сөздердің қиын түрлерін қолданады; Дыбыстарды анық, дұрыс, мәнерлеп айта алады, жіктей алады, дыбыстың шартты белгілерінің көмегімен буын мен сөз құрастыра алады; Сөзжасам дағдыларына ие. Заттардың белгілері мен қасиеттерін қолдана отырып, сөздің мағынасын түсіндіре алады; Берілген тақырып, сурет бойынша қарапайым, жайылма сөйлемдерді қолдана отырып байланыстырып, бірізділікпен әңгіме құрастыра алады; Түрлі оқиғалар айта алады, ертегілер ойлап шығарады, ойынға өлең ұйқастары мен сөз құрастыруға қызығады; Көрген, таныс шығармалар мәтінін мазмұндай алады; Дыбыстардың айтылуы мен дыбысталуына талдау жасағанда білімін қолдана алады. 4 дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасайды, дыбыстарды сипаттайды.