Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.61 Кб
Скачать

23. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік – коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.

Баланың мектепке дейінгі кезеңі – оның жеке қасиеттерінің қалыптасып дамитын кезеңі, олардың жағымды мінез-құлық әрекеттері физиологиялық, психологиялық дамуы 3-4 жасқа дейін ақ қалыптасып, тұрақтана бастайды. Баланың түрлі әрекеттері күрделеніп, күнделікті өмірде қажетті заттарды білуге деген ынтасы артады. Баланың сөздік қорының молайып жетілуі, физиологиялық, психологиялық(сезім,қабылдау,зейін,қиял,еліктеу) дамуына әсер етеді. 1,5 – 2 жастағы бала естіген – білген сөзді сол күйінде қайталап айтуға талаптанады. Өз ойын жеткізудің алғашқы қадамы басталады. Өйткені күнделікті ойын,тамақтану, киіну-шешіну, қимыл әрекеттер кезінде ол да қажетті жайттарды сөзбен ұғындыруға мәжбүр болады.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоспарлау барысында балалардың білім деңгейі, сөйлеу дәрежесі ескеріледі. Тәрбиеші балалармен жекелей сөйлесе жүріп олардың білім деңгейін анықтайды, аты-жөні, әке-шешесінің аты, әжесі, атасы, аға-інісі, ойыншықтары жайлы сұрап әңгімелесе отырып,бағдарлама мазмұны кезінде күнтізбелік жоспар жасайды. Үш жастағы балаларға сөз ішіндегі барлық дауысты-дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөйлем мүшелерін жетілдіру, «сөз», «дыбыс» деген ұғымды меңгерту, сөздік қорын әрі қарай дамыту балабақшаның негізгі міндеттерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 4 негізгі мақсат қарастырылады. 1. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту, айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, — заттың атын, ажырап айтатын сөздерді үйрету, — заттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді меңгерту(жүрді,жүгірді,келді) заттың сынын, сапасын, түр-түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту; үстеу сөздерін (қасында-үстінде, жоғарда-төменде) қосып айтуға үйрету.

2. Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету. 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрастыру.

3. Грамматикалық категорияларды үйрету. Зат есім іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді қосып сөйлем құрастыру. Сөздерді жіктеп, септеп, жекеше, көпше айтуға уйрету.

4. Байланыстырып сөйлеуді дамыту. Күнделікті сабақта естіген білгенін, серуен кезінде білген түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтар жайында ауызша сұрақ қоя отырып, қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге үйрету. Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері.

— баламен әңгімелесу

— күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату — заттың өзін немесе суретін көрсете отырып сөйлесу

— көрген-білген туралы әңгімелеп беруді үйретіп отыру. — сөздік тапсырмаларын орындату

— әңгімелегеннен соң балаға сол оқиғаға байланысты әдеби шығармалар оқып беріп тыңдату.

– түсінгені туралы оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.