- •Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспардың мақсаты мен міндеттері
- •9. 1 Жастан бастап 6 жасқа дейін баланың дамуын бағалау жүйесі және индикаторлар құрлымы
- •11. Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын жалпы талаптар:
- •12. Шағын-орталықты ұйымдастырудың мақсаты- мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуы және олардың ата-аналарынан кеңестік-әдістемелік қолдау;
- •15 Сұрақ-Табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасын қалыптастыруға қатысты талаптар.
- •17. Баланың жас ерекшеліктеріне қарай тәрбие мен білім беру
- •18. Кіші орталық жұмысын ескерек отырып тәрбиеші – мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдісін таңдай білуі
- •22. Білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау
- •23. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік – коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.
- •24.Мектеп жасына дейінгі баланың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру
- •25.Мектеп жасына дейінгі баланың денсаулық құзыреттілігін қалыптастыру
18. Кіші орталық жұмысын ескерек отырып тәрбиеші – мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдісін таңдай білуі
Балабақшадағы әрбір тәрбиеші –педагог оқу-тәрбие жоспарын тиімді әрі нәтижелі етіп ұйымдастыру үшін өздерінің бағдарлық біліктіліктерімен, қабілеттіліктерімен қатар, педагогикалық жаңа технологиялар негіздерін жетік меңгеруі тиіс. Яғни бүгінгі тәрбиешінің басты міндеті әлемдік өркениеттілікке ұмтылып, әлемге танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның болашағын құрайтын жас бүлдіршіндерді саналы азамат етіп тәрбиелеу. Тәрбиенің негізі бірінші кезекте әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ халқының даналық қағидасын ұстанып, көптеген ұйымдастырылған іс- шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Өйткені, жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы үлгі-өнеге мен тәлім-тәрбиеге байланысты екенінде дау жоқ. Сондықтан да балабақша ұжымы ата-аналардың балабақшада өткізілетін түрлі іс- шаралар мен тәрбие ісіне қатысты тренингтер мен ертеңгіліктер, сондай-ақ пікірталас сағаттарына қатысуларын қамтамасыз етіп отырады. Бұл бала тәрбиесіне байланысты ортақ мәселелерді бірлесе отырып шешуге айтарлықтай мүмкіндік береді. Тәрбиеші Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып , « Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне сай оқу іс-әрекетін шығармашылық, ізденіс негізінде жүзеге асыру қажет. Кішкентай бүлдіршіндердің жауапкершілікті сезіне жүріп жасаған әрбір іс-әрекеті арқылы олардың ептілікке , жылдамдыққа, шыдамдылыққа және батылдыққа тәрбиелеуі керек. Әңгімелесу барысында оқушылардың көңіл күйі көтеріңкі болуына жағдай туғызу; тәрбиешілердің оқушыларға сеніммен қарай білуі, олардың жауаптарына зейін қоя білу; дұрыс, кемшіліктерін өте ептілікпен түзетіп, дұрыстығын айту, реті келген кезеңде орынды әзіл, күлкі, сықақ сөздерді де пайдалана білу т.б. болып табылады. тәрбиешінің басшылығы жұмыс барысында кеңес беру, балалардың ынтасын арттыруға бағытталуы керек. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын материалдық және моральдық жағдайларды ұсынып отыру. Тәрбиеші міндеттері: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.
22. Білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау
Мектепке дейінгі ұйымдарын жабдықтау жұмысы қолданыстағы стандарт талаптарына және балалардың бойы мен жас ерекшелігіне сай болуы тиіс.
Сабақ өткізуге арналған жиһаздарды орнына қою жұмысы кезінде мынандай талаптарды ескерген жөн:
1) үстелдері, жарық түсетін қабырғаға қаратып міндетті түрде сол жақтан жарықтандырылатындай етіп қою керек;
2) төрт орынды үстелдердің орналасуы екі қатардан, ал екі орынды үстелдер үш қатардан аспай орналасуы керек. Үстел қатарларының ара қашықтығы 0,5 метрден аспауы тиіс;
3) бірінші қатардағы үстел жарық түсетін қабырғадан - бір метр қашықтықта;
4) бірінші үстелдің тақтаға дейінгі қашықтығы 3-2,5 метр;
5) қабырғаға ілінген тақтаның астыңғы жағының еденнен биіктігі - 0,7-0,8 метр;
6) қабырғаға ілетін тақтаның мөлшері - 0,75-1,5 метр;
7) балаларды орындықтарға денсаулығына, көруіне және естуіне байланысты отырғызу керек.
Жатын бөлмелер-жайы стационарлы кереуетпен жабдықталады. Кереуеттердің ұзындығы қолданыстағы стандарт талаптарына сай келуі тиіс:
1) үш жасқа дейінгі балаларға арналған кереуеттің ұзындығы 120 сантиметр, ені 60 сантиметр болып, бет жақтағы қоршауының биіктігі жасына қарай анықталады;
2) жасы үш-жеті жастағы балалар үшін кереуеттің ұзындығы 140 сантиметр, ені 60 сантиметр болуы тиіс.
Мектепке дейінгі топтар үшін екі қабат кереуеттерді қолдануға болады.
Қабылдау және шешінетін бөлмелер балалар мен қызметкерлер үшін шкафтармен жабдықталуы тиіс. Оларда киім кептіретін орын қарастырылуы тиіс. Киім ілуге арналған шкафтарда жеке белгіленген ұяшықтар бас киімді қоюға арналған сөрелер мен сыртқы киімді ілетін ілгіштер қарастырылуы тиіс.
Балаларға арналған дәретханаларда жеке бастың тазалығын сақтауға арналған заттарды қоятын сөрелер, балалар сүлгісін ілетін ілгіштер қарастырылады. Ал сәби тобындағылар үшін жеке белгісі бар түбек қоюға арналған шкаф қарастырылады.
