Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.61 Кб
Скачать

9. 1 Жастан бастап 6 жасқа дейін баланың дамуын бағалау жүйесі және индикаторлар құрлымы

Индикатор дегеніміз балалардың алған білімінің нәтижесі. Оны ұзақ

уақыт бақылаудан соң балабақша тәрбиешісі, әдіскері және педагог-психологы жасайды. Индекаторлар жүйесі бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізінде әзірленді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім берудің бірінші деңгейі болып табылады. Бұл аса маңызды әлеуметтік институттардың бірі, оның баланы 1 жастан 6 жасқа дейін кешенді демеп отыру үдерісін басқарудағы мүмкіндіктері мол. Егер бұрынырақта бала дамуының диагностикасы білім беру бағдарламасының сөйлеуді дамыту, хат

тануға оқытуға, дайындық, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру және т.б. сияқты негізгі тараулары бойынша білімді, икемділіктерді, дағдыларды айқындаумен шектелсе, қазір индикаторлар жүйесіне бала дамуының құзіреттілік сапаларын қадағалауға, бұл құзіреттерді меңгеру тәсілдері мен жолдарын айқындауға кешенді тәсіл негізге алынған. Баланы кешенді демеуді басқару үдерісінің негізін құзіреттілік даму мониторингі мен оның алға жылжуларын жеке білім беру траекториясы бойынша жобалау құрайды. Бұл ретте мониторингтің мақсатты бағдарлары баланың 5 білім беру саласы бойынша құзіретті даму көрсеткіштері , ал деңгей белгісі - индикаторлар жүйесі болып табылады. Бала 5 білім беру саласындағы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту тарауының негізіне алынған:

денсаулық сақтаушы (өзінің тән саулығына қамқорлық, салауатты өмір

салты мен гигиена дағдыларын үйрену, сенсорлы-қозғалу функцияларының дамуы);

коммуникативті-тілдік (жадты, ойлауды, қиялды дамыту, негізгі тілдік

нор-маларды меңгеру, сөйлеу арқылы қоршаған дүниемен өзара қатынастарды

қалыптастыру);

танымдық (қоршаған дүние туралы белгілі бір түсініктердің

болуы, ой өрісінің дамуы, жинақталған тәжірибеде байланыстар мен

тәуелділіктерді орнықтыру);

шыгармашылық (рухани қасиеттерді - зияткерлік және сезімдік

бастама-ларды өнерге ортақтастыру арқылы дамыту және рухани құндылықтарға ие

болу, шығармашылықәлеуетті белсендіру);

әлеуметтік (социумда бағдарлану шеберлігі, қоршаған дүниеде:

отбасын-да, құрдастарының арасында, ересек адамдармен қарым-қатынастар мен өзара әрекеттестікті жолға қою). «Индикаторлар» мазмұнында балалардың барлық білім беру салаларыжәне тараулары бойынша жазылған.

Индикаторлар жүйесінде мынадай құрылым бар:

Көрсеткіш - белгілі бір жаскезеңінде бала дамуының күтілетін нәтижесі, ол педагогтарды, ата-аналарды балалардың құзіретті даму параметрлері туралы бастапқы ақпаратпен, сондай-ақ балалардың бір жас кезеңінен басқасына өтуіне көмектесетін негізімен қамтамасыз етеді; білім беру саласы – білім беру мазмұнын анықтайтын категория;

қосымша сала - білім беру саласының құрамдасы, ол оның мазмұны туралы неғұрлым дәл түсінік береді; стандарт - тәрбиелеу мен

оқыту сапаларын бағалаудың эталоны ретінде. '

11. Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын жалпы талаптар:

- эстетикалық талғамы бар, оны балаларға қабілетті;

- педагогикалық процесті Қазақстан Республикасы халықтарының этномәдени негізінде құрады;

- өзінің шығармашылық қабілетін қандай да бір іс – әрекет аясында көрсетеді;

- әр баланың шығармашылық әлеуетін оның өсуі үшін пайдаланады.

Тәрбиешіге қойылатын талаптар: Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек; Арнаулы білім, білік пен іскерлік- дағдыны менгеруі керек; Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек; Ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы керек; Жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт; Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім –тәрбие берерліктей болуы тиіс. Жаңашыл педогог Ш.А.Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды: педогог- тәрбиеші әріптестеріне мейрімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, әріптестерімен қарым қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеру керек, әріптестерінін табысына қызғанышпен , күншілдікпен қарауға құқы жоқ, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті, әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әріптестеріне жоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әріптестерінің ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білу керек, бірақ оны ешкімге шашпауы тиіс.