Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.61 Кб
Скачать

1 М.Д оқыту мен тәрбиенің мемлекеттік стандарты

Мектепке дейінгі тәрбие  мен оқытудың жалпыға бірдей оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде әзірленеді. Олардың негізінде мемлекеттік және мемлекеттік емес мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 2-3 жас аралығындағы балаларды 6-7 жасқа дейін мектепке дейін тәрбиелеу және оқыту  жүргізіледі.  Балдырғанға мәдениет негіздерін, сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған  тәртіп  және қарым -қатынас  үлгілерін мектепке дейінгі жаста дарыту  өте маңызды, бұл оның  кейіннен бастапқы мектепте  бейімделуін едәуір жеңілдетеді.  Мектепке дейінгі тәрбие  және оқыту арқылы бала өзі және өз мүмкіндіктері туралы бастапқы түсініктерді алады, онда  қоршаған ортаның толық бейнесі және оған деген  дұрыс көзқарасы қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста баланың  зияткерлік, адамгершілік,  эстетикалық  және дене тұрқы мен жеке басы қасиеттерінің негізі салынады.

Оқыту мен тәрбиенің екінші бөлігі – мектепке даярлау – 4-5 жастан басталады, бұл кезде баланың бастауыш  оқу, жазу, есептеу дағдылары қалыптасады,  тіл арқылы қатынасу тәжірибесі дамиды. Бұл мектепке дейінгі мекеме түрі 6-7 жсатағы балалардың негізгі бөлігін қамтиды.  

Балабақшаларды балалар  жастық топтарға бөлінеді: ерте жастағы топ– 1 жастан 2 жасқа дейін; бірінші кіші топ   – 2 жастан 3 жасқа дейін; екінші кіші топ   – 3 жастан 4 жасқа дейін; ортанғы – 4 жастан 5 жасқа дейін; мектепке дейінгі топтар: ересектер тобы –   5 жастан  6 жасқа дейінгі  және  мектепалды даярлық тобы – 6 жастан 7 жасқа дейінгі балалар.

Қазіргі сәтте көптеген мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар бар. Жеке балабақшаға баланы қысқа мерзімде орналастыруға болады, ал  мемлекеттік балабақшаға орналастыру үшін баланы  туған сәттен бастап жалпы кезекке қою қажет. Электронды үкімет порталында баланы балабақшаға кезекке қоюға және кезектің санын қарап шығуға болады.

Балаларды мектепке дейінгі мекемелерде оқыту оларға күш-қуатын жетлдіруге, білімқұмар, белсенді, эмоциялық қайырымды болуға, қарым қатынас құралдарын және үлкендермен және  құрдастарымен өзара іс-қимыл әдістерін меңгеруге, мектепте оқу үшін қажетті дағдыларды меңгеруге  көмектеседі.   

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын: "Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта" бес білім беру саласына негізделген.

"Денсаулық" білім беру саласы.

"Денсаулық" білім беру саласы дене бітімі қасиеттерін дамытуды; негізгі қимыл түрлерін жетілдіруді; қимыл дағдыларын қалыптастыруды; қимыл ойындарының түрлерін ұйымдастыруды және өткізуді; спорттық жаттығуларды орындауды (шанамен, шаңғымен сырғанау, велосипед тебу, жүзу); спорттық ойындардың (футбол, баскетбол, бадминтон және басқалар) элементтерімен танысуды қамтиды.

"Денсаулық" білім беру саласының мазмұны баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға; шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, тәрбиеленушілердің қимыл белсенділігіне сұраныстарын жетілдіруге бағытталған.

"Денсаулық" білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:

  •      дене шынықтыру;

  •      қауіпсіз мінез-құлық негіздері.

"Коммуникация" білім беру саласы.

"Коммуникация" білім беру саласы балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді; белсенді сөздікті байытуды, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, балалар әдебиетімен таныстықты дамытуды, мәнерлеп оқуды және мазмұндауды; мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді дамытуды қамтиды.

"Коммуникация" білім беру саласының мазмұны ересектермен және балалармен еркін араласу дағдыларын дамытуға; зейінділікке, сөйлеуге, балалар әдебиетіне қызықтыруға бағытталған.

"Коммуникация" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

  • сөйлеуді дамыту;

  • көркем әдебиет;

  • сауат ашу негіздері;

  • қазақ (орыс тілінде оқытылатын топтарда), орыс (қазақ тілінде оқытатын топтарда) және шет тілдерінің бірі;

  • драма.

"Таным" білім беру саласы.

"Таным" білім беру саласы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруды: жиынтық туралы түсініктерді, сандық есептеу дағдыларын жетілдіруді, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлауды; құрылыс, табиғи және қалдық материалдар және конструктордың бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен маусымдық құбылыстар, өсімдіктер туралы білімін кеңейтуді, қазақ және басқа халықтардың әлеуметтік-мәдени құндылықтары, дәстүрлері мен мерекелері туралы, адамдардың ортақ мекені ретінде Жер планетасы, оның табиғатының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтуді қамтиды.

"Таным" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

  • қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, бөбек жасы топтарында (1 жастан 3 жасқа дейін) – сенсорика;

  • құрастыру;

  • жаратылыстану.

"Шығармашылық" білім беру саласы.

"Шығармашылық" білім беру саласы сурет салу; мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытуды, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды; өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды; музыканы, отандық композиторлардың шығармаларын, ұлттық музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті, фольклорды қабылдауды; көркем шығармалардың кейіпкерлеріне жанашырлықты ынталандыруды; балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске асыруын қамтиды.

"Шығармашылық" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

  •       сурет салу;

  •       мүсіндеу;

  •       аппликация;

  •       музыка.

"Әлеумет" білім беру саласы.

"Әлеумет" білім беру саласы қоғамда өзін ұстаудың адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін; дербес болуын, өзінің қылықтарына жауап беруін, өзінің қимылдарының мақсаттылығы мен реттеуді; адамгершілік қасиеттерін: елгезектікті, жанашырлықты, өзінің туыстары мен жақындарына құрметпен қарауды, өзінің отбасын жақсы көруін дамытуды; салт-дәстүрлерді сақтауды, тарихты, қазақ халқының тұрмысын білуді және құрметтеуді; Қазақстан біздің ортақ үйіміз екені туралы түсініктерін кеңейтуді, сондай-ақ басқа халықтардың мәдениетін, дәстүрлерін құрметтеуді; еңбек пен шығармашылықтың әртүрлі түрлеріне қызығушылықтарын қалыптастыруды; тұрмыста, қоғамда және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық негіздерін тәрбиелеуді қамтиды.

"Әлеумет" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

  • өзін-өзі тану;

  • қоршаған ортамен танысу;

  • экология негіздері.

Балаларды тәрбиелеу мен оқыту деңгейлерін қадағалау баланың жасына сәйкес жетістіктерінің мониторингі негізінде жүзеге асырылады:

  • 1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады;

  • 2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;

  • 3-деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолдана алады.

Индикаторлар көрсеткіш ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болып табылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерудің мерзімі – 5 (6) жыл. Жас және топтық кезеңдері мынадай:

  1. бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін:

  • ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ);

  • кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ);

  1. мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6 (7) жасқа дейін:

  • мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ);

  • мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);

  • мектепке дейінгі естияр жас – 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін – мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы, 6 жастан 7 жасқа дейін – жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы).

Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі, ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы баланың денсаулығы мен психикасын қорғау мақсатында енгізіледі.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы:

  • ерте жастағы балалар үшін – 7-15 минут;

  • мектепке дейінгі орта жастағы балалар үшін – 15-20 минут;

  • мектепке дейінгі естияр жастағы балалар үшін – 25-30 минутты құрайды

3 М. Д білім беру процесінде тәрбиенің құрамдасын күшейту

Мектепке дейінгі білім Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бала тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардың саны 2011 жылы 8096-ны құрады, олардың 2748-і балабақша,

5348-і шағын орталық. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 65,4%-ды немесе 587 800 баланы құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда «Балбөбек», «Қарлығаш», «Қайнар» республикалық бағдарламалары іске асырылады; 2009 жылы кіші жастағы балаларға арналған «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас) тәрбие және оқыту бағдарламалары әзірленді және қабылданды, «Балапан», аталған бағдарламаларға оқу-әдістемелік кешен (жеке, отбасылық балабақшалар және ата-аналарға арналған консультациялық пунктер үшін әдістемелік ұсынымдамалар мен дидактикалық материалдар) әзірленді. Мектепке дейінгі деңгейдегі білім беру қызметтерін сапалы ұсынуды қамтамасыз ету үшін ЮНЕСКО-мен бірлесіп жаңа ұрпақтың стандарты әзірленді. Ол 5 білім беру саласын қамтиды: коммуникация, тану, денсаулық, шығармашылық және социум. Жалпы мектепке дейінгі тәрбие жүйесі қойылған міндеттерді орындау үшін жеткілікті түрде тиімді құрылған.

Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспардың мақсаты мен міндеттері

      Бүгінгі күні білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кездесетін жоғарыда аталған проблемалар жүйелі тәсілді қажет етеді.       Барлық деңгейдегі ұйымдарда тәрбие жұмысын күшейту үшін тәрбиенің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын қайта қарау қажет.       Осыған байланысты, тәрбие жұмысын одан әрі жетілдірудің тұтас пайымын айқындайтын барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды әзірлеу маңызды болып табылады.       Жоспар «Қазақстан-2030» Қазақстан дамуының стратегиясы мен Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасының құндылықтары мен идеологиялық ұстанымдарының кешенін, ең алдымен, жас ұрпақты өзара құрмет көрсету, патриоттық, дәстүрді, рухани және адамгершілік құндылықтары мен мемлекеттің, қоғам мен отбасының мызғымастығына бағытталған дүниетанымдық ұстанымдарды сақтау және нығайту рухында тәрбиелеу факторларын қамтиды.       Жоспар жас ерекшеліктерін және тәрбие жұмысының қазіргі заманғы әдістері мен нысандарын ескере отырып әзірленген және мынадай бағыттардан тұрады:       1) тәрбие процесін ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз ету;       2) патриотизмді, мораль мен парасаттылық нормаларын, этносаралық және қоғамдық келісімді, заңға мойынұсынушылықты, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене және рухани дамуын қалыптастыру;       3) тәрбие жүйесінің кадрлық әлеуетін жетілдіру (біліктілігін арттыру);       4) ақпараттық насихаттау жұмысы           Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету оқу және арнайы бағдарламалар кешенін, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелерді әзірлеуді, жас ерекшеліктерін ескере отырып педагогикалық нысандар мен құралдардың көптүрлілігін пайдалануды; тәрбиенің нысандары мен әдістерін дамытуды және жетілдіруді; оқу-әдістемелік әзірлемелердің нәтижелерін қорыту, білім беру жүйесінің өкілдеріне осы саладағы жаңалықтар туралы хабарлауды; отандық және шетелдік озық педагогикалық тәжірибені ескере отырып, осы сала қызметін жариялайтын тиісті әдебиеттерді тұрақты басып шығаруды, мектеп оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің патриоттық сана-сезімдерін қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау мақсатында тәрбие бағдарламаларына сараптама жүргізуді қарастырады.            Сонымен қатар, патриоттық тәрбие саласында зерттеулер ұйымдастырылып, олардың нәтижесі практикалық қызметте пайдаланылады; азаматтың тұлғасын қалыптастыру және дамыту проблемалары бойынша әдістемелік ұсынымдамалар әзірленеді; патриоттық тәрбие мазмұнын әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы маңызды жетістіктер негізінде мәдени-тарихи рухани-адамгершілік, идеологиялық және басқа құрауыштарды қосу арқылы байыту көзделген.       Патриотизмді, мораль мен парасаттылық нормаларын, этносаралық және қоғамдық келісімді, заңға мойынұсынушылықты, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене және рухани дамуын қалыптастыруды жас ұрпақтың санасында еліктеуге үлгі ретінде табысты қазақстандық адамның бейнесін жасау үшін танымал адамдарды тарту арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Сондай-ақ, отбасын тәрбие процесіне белсенді тарту қамтамасыз етіледі.       Жоспарды әзірлеуде барлық азаматтардың теңдігі мен елдің қоғамдық-саяси өмірінее қатысуына кепілдемені, жеке басының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ұлт бірлігінің факторы ретінде қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүріне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеуге басты назар назар аударылды.       Тәрбие жүйесінің кадрлық әлеуетін дайындау және жетілдіру шеңберінде балалар мен жастарға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде бағдарламалар мен оқу жоспарлары әзірленеді. Тәрбие жұмысымен айналысатын тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мақсатында педагог кадрлардың ұтқырлығы мен кәсіби деңгейін арттыру жүйесін әзірлеу жоспарлануда.       Бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде Интернет арқылы насихат жұмысы күшейтілетін болады. Мысалы, отандық өндірістегі балалар басылымдарының (газеттер, кітаптар, журналдар), әртүрлі бағыттағы жастар мен балалар телебағдарламаларының санын көбейту қарастырылған.       Үлгілік кешенді жоспардың іс-шаралары тәрбие жұмысы процесіне жастардың өздерін, олардың барлық жасерекшелік топтарын тартуға және қатыстыруға бағытталған.       Үлгілік кешенді жоспардың іс-шараларын өткізу шеңберінде қоғамның, оның ішінде ата-аналар мен азаматтық қоғам институттарын тарту форматтары қарастырылған.

4-сұрақ: М.д шағын орталықтар жұмысын ұйымдастыру

Шағын орталық қызметінің ерекшелігі – бұл мектепке дейінгі жастағы балаларды әртүрлі жастағы топ (бұдан әрі – ӘЖТ) жағдайында тәрбиелеу және оқыту.

Мектепке дейінгі шағын орталықтағы оқу-тәрбие жұмысы бағдарламалық сипатқа ие және жастары бірдей ("таза") немесе әртүрлі жастағы (аралас) топтары бар барлық мектепке дейінгі ұйымдарға міндетті болып табылады. Жұмыстың міндеттері мен мазмұны білім беру бағдарламасымен анықталады.

Шағын топтармен жұмыс ӘЖТ оқуды дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып табылады.

Әртүрлі жастағы топтарға арналған оқу-тәрбие міндеттерін жүзеге асыру сабақтардың үш түрі формасында ұйымдастырылады:

˗ Бір тақырыптық – бағдарламаның бір бөлімі бойынша барлық шағын топтарға арналған ортақ сабақтар, бірақ әрбір топтарға арналған бағдарламалардың мазмұны әртүрлі. Оларға дайындалу оңай: әрбір жасқа бағдарлама мазмұнын саралау, қажетті дидактикалық оқулықтарды іріктеу.

˗ Аралас – әртүрлі бөлімдер бойынша барлық шағын топтарға арналған ортақ сабақ.Егер бір шағын топтың қызметі өзгелердің ойын бөлмейтін жағдайда ғана оны өткізуге болады. Мысалы, бір шағын топпен ән айту бойынша дайындық жүргізіп, ал екі басқа топ осы уақытта сурет салумен немесе желімдеумен шұғылдануына жол бермеу қажет.

Өзіндік ерекшелігі – тәрбиешінің шағын топтармен жұмыс істеу кезегі. Бір шағын топқа барынша назар аударады, басқа топта сабақ өткізуде – өзіндік қызметке, алған білімдері мен машықтарын қолдануға сүйенеді.

Педагог басқа балалар дайындалып жатқанда, кіші балалардың немен айналысатындығын алдын ала ойластыруы тиіс. Мектепке дейінгі балалар көбіне жағдайға байланысты бір ғимаратта қалады, сондықтан балаларды бір-бірімен қарым-қатынасқа түспестен немесе оны тек қатты қажет болған жайдайда ғана жүзеге асыра отырып, 8–12 минуттың ішінде ойнауға баулу қажет.

˗ Бір жастағы шағын топта сабақ өткізу – бағдарлама мазмұны мен шағын топ тәрбиеленушілерінің жасына сәйкес әдеттегі дәстүрлі әдістеме бойынша өткізіледі. Оқу үдерісінде сабақтың барлық үш түрін қолдану ӘЖТ тәрбиешісінің шағын орталық топтарының барлық балаларына қатысты бағдарламалық талаптарды сәтті орындауына мүмкіндік береді.

Оқу сабақтарын жоспарлау мен сәтті өткізу әдістемесін меңгеру мақсатында тәрбиешілердің сабақтардың ашық технологиялық карталарын (конспектілерін) құрастыру жұмысы пайдалы болмақ. Бұл әртүрлі жастағы балаларды оқытудың барынша маңызды және мәнді сәттеріне ерекше назар аударуға көмектеседі.

Технологиялық карта – бұл оқу және тәрбие үдерісінде нәтижеге қол жеткізуге ықпал етуші тәрбиешінің басқарушылық іс-әрекеттері мен баланың қызметінің кезеңдерінің жүзеге асырылуының жоғары деңгейіне ие ұйымдастырылған оқу қызметі алгоритмі болып табылады.

Ол педагог-тәрбиеші деңгейі мен бала деңгейіндегі қызмет бойынша оқу қызметін ұйымдастыру жөніндегі басқарушылық шешімдердің кешенінен тұрады. Қандай да бір басқарушылық шешімдер мен бала қызметінің ерекшелігі оқу қызметінің кезеңдеріне негізделген.

Шағын орталықтың әртүрлі жас тобындағы балалардың өмірі мен әртүрлі қызметін дұрыс ұйымдастыру, жайлы жағдай жасау әртүрлі жастағы балалардың жан-жақты дамуына септігін тигізеді.

5-сұрақ: Кіші орталықтағы балалардың отбасымен ынтымақтастық мәселесі

Отбасы барлығының басы, баланың жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата ана мен баланың қарым қатынасы нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалы, дене тәрбиесінің

алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше- баланың алғашқы тәрбиешілері. Отбасы баланың түпкі тамыры болмысын қалайтын мекен. Сондықтан да кіші орталықтардың оқу – тәрбие жұмысында ата – аналармен жұмысқа ерекше мән беріледі. Кіші орталық пен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту. Кіші орталықтар мен ата – ана арасындағы ынтымақтастықты құру үшін педагог мынадайжжұмыстар жасауы қажет:

Ата – аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес беру.

Балабақшадағы іс – шараларға ата – аналарды қатыстыру.

Ата – аналарды балабақша өмірімен қызықтыру.

Үлгілі ата – аналарды насихаттау.

Ата – аналар бұрышын жасау.

Ата – аналармен біріге отырып құрылған оқу – тәрбие жоспарын жасау.

Балаларды дамытудың диагностикасын жасау.

Күнделікті оқу – тәрбие жұмысына ата – аналарды тару.

Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеміз. Ата-ана баланың мүмкіндігін ескеру, сонымен қатар кідіріс те болдырмау керектігін түсінеді.

Отбасы мен кіші орталықтың өзара әрекетінің басты қызметтері:

- Ақпараттық;

- Тәрбиелік-дамытушылық;

- Қалыптастырушылық;

- Қорғау-сауықтырушылық;

- Бақылаушылық;

- Тұрмыстық

6-сұрақ. Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған. Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.

Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:

Отбасы баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты ретінде қалыптасуының физикалық, психикалық адамгершілік саулығының негіздерін қалайды. Баланың жетістіктерін қажеттілігін қалыптастырады. Ресми және бейресми ереже, ұстанымдар нормалар мен белгілер кешенін анықтайды. Баланың қоғамда өмір сүруге даярлығын реттейді және бақылайды. Баланың әлеуметтік байланыстар туралы ұғымын қалыптастырады. Баланың мінез құлқының жалпы адамзаттың моральдық және мәдени стандарттарына үйретеді. Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің баланың жеке қабілеттеріне, денсаулық жағдайларына дене бітімінің даму деңгейіне отбасы мүмкіндіктеріне сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын таңдауға құқығы бар.

7-сұрақ. Мд тәрбие мен отбасының ынтымақтастығының бағыттары

Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу – тәрбие жұмысы ең алдымен, ата-аналармен жұмысты сауатты және дүрыс ұйымдастырудан басталады. Балалар мекемесіндегі тәрбие жоспарында басты көңіл ата-анамен жүргізілетін түрі мен тәрбиелік маңызына бөлінуі тиіс. Балалар – біздің болашағмыз, ұмітіміз. «Егер біздің балаларымыз шын мәнісіндегі білімді адамдар болғысы келсе, олар өз беттерімен шұғылдану арқылы білім алуға тиіс»,- деген орыс жазушысы Н.Г. Чернышевский, тәрбие мәселесінде ата-аналардың рөліне ерекше мән берген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәрбие тұжырымдамасында «Баланың танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет. Өйткені балабақша жасындағы балалар әсершіл және ұғымтал келеді»,- деген нұсқау мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын дәлелдейді. Белгілі педагог К.Д. Ушинскийдің «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген көрегендігі тәрбие процесінде ата- ананың орнын тағы да ерекшелейді. Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге түрлі семинарлар, ашық есік күндері, психологиялық тренингтер, топсеруендер, ойын сауық кештері және басқа да шаралар ұйымдастырып отырылуы тиіс.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

— Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ету.

— Баланың отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдарда психикалық –физикалық денсаулығын қамтамасыз ету;

— Баланың жеке дамуы үшін білім беру траекториясын құруда баланың бейімділігі мен отбасы қажеттілігінің есепке алу.

— Баланы мектепке даярлауды қамтамасыз ету;

— Отбасы жағдайында жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету;

— Балалармен бірлескен шығармашылық іс- әрекет түрлеріне қатысу;

— Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын мектепке дейінгі ұйымдармен өзара тығыз іс-әрекет негізінде арттыру және ата-аналарды оқыту үшін берілген бағдарламаны меңгеру негізінде көтеру.