Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психолингвистика силлабус (УМК1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
398.34 Кб
Скачать

1. Пән паспорты

Пән атауы Психолингвистика

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 4

Семестр: 7

Барлық аудиториялық сағат – 30 сағат

Дәрістер - 15 сағат

Тәжірибелік/семинар сабақ – 15 сағат

Зертханалық– жоқ

СӨЖ – 60 сағат

Соның ішінде СӨЖМ– 15 сағат

Барлығы – 90 сағат

Бақылау нысаны

Қорытынды бақылау нысаны: Емтихан– 7 семестр

Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: тіл біліміне кіріспе; қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы; қазіргі қазақ тілінің фонетикасы; қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы; қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.

Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі; қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі; стилистика және тіл мәдениеті; қазақ тілінің тарихи грамматикасы, жалпы тіл білімі.

2. Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары

Аты-жөні: Елікбаева Сымбат Төлеубайқызы

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: п.ғ.магистрі, аға оқытушы

Кафедра «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Е-mail: sansymbat@mail.ru

3. Пән, мақсаттары мен міндеттері

Пән нысаны: «Психолингвистика» пәні филология бағыты бойынша дайындалатын студенттерінің негізі пәні болып табылады.

Пән мақсаты: студенттерді психолингвистиканың тілдесім әрекеті туралы ғылым екендігін, яғни аталмыш ғылымның психология мен тіл білімінің тоғысында пайда болған жаңа ғылым екендігін, оның адамның еліктеу қабілеттерінің шығуы мен қызмет етуі сияқты ұғымдарды зерттейтінін дәлелдеу.

Пән міндеттері: «Психолингвистика» пәні бойынша:

- негізгі арнайы ұғымдар мен түсініктемелердің мазмұнын ашу;

- психолингвистика негіздері бойынша білімдерін қалыптастыру;

- қазіргі психолингвистика статусы, оның объектісі, мақсаттары мен міндеттері, әдіс-тәсілдері, психолингвистиканың гуманитарлық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдары циклындағы орнын анықтау;

- әрбір ғылыми парадигмаларының ерекшеліктерін, дамуындағы бағыттар мәселелерін зерттеу;

- психолингвистикалық білімнің негізгі мәні, білім мен мән-мағынаның арақатынасы, тілдесімдік қызметпен байланысты мәселелерді тұжырымдау.

4. Білім, біліктілікке және құзыреттілікке койылатын талаптар:

білу керек:

- негізгі арнайы психолингвистикалық ұғымдар мен түсініктемелерді және олардың ерекшеліктерін;

- психолингвистика негіздері бойынша қазіргі ғылымда пайда болған үрдістердің басымдылықтарын айқындай білуі тиіс;

машықтану қажет:

- тіл дамытуда байқалып жатқан перспективаны белгілеу білуге;

- концептілік, танымдық тұрғыда талдаулар жасау бойынша практикалық жұмыс жасай білуге;

- алынған нәтижелерді бағалауды, іске асыруды;

игеру керек:

- қазіргі тіл біліміндегі психолингвистикалық теориялық және әдіснамалық қағидаларды, басты ұғымдарды;

- тілтанымдық ғылыми концепцияларды интерпретациялауды.

5 Пәнді оқытудағы тақырыптық жоспар

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

Тақырыптар атауы

Аудиторияда оқитын сабақ сандары мен түрлері

СӨЖ

дәріс

тәж.

Зертханалық

Барлығы

Оның құрамындағы СОӨЖ

1

1-тақырып. Психолингвистика тілдесім әрекеті туралы ғылым

1

1

6

1

2

2-тақырып. Психолингвистика тарихы

1

1

6

1

3

3-тақырып. Лебіз онтогенезі

1

1

6

1

4

4-тақырып. Сөйлеудің психологиялық қылары

1

1

6

1

5

5-тақырып. Сөзді қабылдау

1

1

6

1

6

6-тақырып. Мәтін психолингвистика объектісі іспетті

2

2

6

2

7

7-тақырып. Психолингвистикалық бақылаулар

2

2

6

2

8

8-тақырып. Этнопсихолингвистика

2

2

6

2

9

9-тақырып. Патопсихолингвистика

2

2

6

2

10

10-тақырып. Психолингвистиканың қолданбалы аспектілері

2

2

6

2

Жалпы:90 сағат (2 кредит)

15

30

-

60

15

6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1-тақырып. Психолингвистика тілдесім әрекеті туралы ғылым

Жоспар:

1.Психолингвистика пәні және объектілері

2.Психолингвистикалық анықтамалар

3.Психолингвистиканың пайда болу себептері

Психолингвистика (фр. linguistigue — лат. lingua - тіл) — психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г.Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі кісінің жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет. Кейіннен Потебня мен Пауль еңбектерінде осы бағыт сөз, сөйлем, грамматикалық категория, сондай-ақ лексикалық мағыналардың түрлерін түсіндіруде көрініс тапты. Белгілі лингвистер Бодуэн де Куртенэ, де Сессюр еңбектерінде сөйлеу әрекетінің әлеумеітік сипатына баса назар аударылды. Америка ғалымдары Ч.Осгуд, Т.Сибсок т.б. психолингвистикаға жаңа мағына енгізіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талассыз алмасуын сөйлеудің даму процесі деп түсіндірді. Сөйлеуді игерудің шарттарын қарастыратын үйрету теориясы мен (А.Н.Хомский), бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу (когнитивтік көзқарас) теориясы (Ж.Пиаже) психолингвистиканың дамуына елеулі үлес қосты. Осы салада кеңес ғалымы профессор А.А. Леонтьевтің еңбектері де ерекше орын алды. Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер XX ғ. 60-жылдарынан бастап қолға алында. Бұл жерде М.М.Мұқанов, А.А. Залевская, М.М. Копыленко, Б.С. Мучник т.б. еңбектерін атап өткен жөн. Бізде осы саладағы зерттеулер үш бағытта жүргізілді (екінші, бөгде тілді меңгеру; сөйлеудің пайда болуы мен оны түсіну; ойлау мен қарым-қатынастың арақатысы). Бұл мәселелер "Ойлау мен қарым-қатынас" атты Бүкілодақтық симпозиумда (Алматы, 1973), "сөзбен ойдың механизмдері" атты (Целиноград, 1976) ғылыми конференцияларда талқыланды. Қазақстан психолингвистері (М.М.Мұқанов, Н.М.Құрманбаев, М.К.Қайырбаева, Ш.С.Баймешева т.б. қостілділік, оны меңгерумен түсіну, іштей сойлеу т.б.) мәселелерін жан-жақты зерттеді. Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескрибтік лингвистикалық көзқарас- тардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматикалық тұрғыдан өзгертудің формалды моделі; сөйлеуді құраудағы грамматикалық құрылымның ойлаудың, танымның, логиканың желісімен байланысты. Психолингвистиканың негізгі бағыты қазіргі кезде инженерлік психология, нейро- және патопсихология, шетел тілдерін оқыту міндеттерімен ұштасуда.

' Психолингвистика – адамның сөйлеу қабілеті қалыптасуының бірқалыпты өтуін зерттейтін ғылыми саласы.

Психолингвистика ойдың сөзге, сөздің ойға толассыз және қайта айналып алмасуын сөйлеудің даму процесі деп есептейді. Психолингвистиканың қалыптасуына үйрету теориясының, сөйлеуді игерудің арнайы шарттары туралы А.Хомскийдің еңбектері, бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу туралы когнитивтік көзқарас тұрғысындағы зерттеулер (Ж.Пиаже) елеулі үлес қосты.

  • 1960–70 жылдары Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескриптік лингвистик. көзқарастардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматтикалық тұрғыдан өзгертудің формальды моделі; сөйлеуді құрудағы граммат. құрылымның ойлау мен танымның, логиканың желісімен байланысы. Қазіргі кезде Психолингвистиканың негізгі бағыты инженер- психология, нейро- және патопсихологиямен байланысты.[2]

Психолингвистика – психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы; ”адам - тіл” қатынастарын (адамның зейінін, жігерін, ниетін т.б.) зерттейді, яғни сөйлеу үрдістерін зерттейтін ғылым. Ол сөйлеу үрдісін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г. Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі адамның жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет.

Психолингвистика психологиялық эксперимент арқылы сөйлеу қызметінің үлгісін жасап тексереді. Бірқатар практикалық мәселелердің теориялық мәнін түсіндіру үшін таза лингвистикалық тәсілдер жеткіліксіз. Ол үшін психолингвистиканың тәсілдерін қолдану қажет.

Психолингвистика мынадай мәселелерді шешеді: шет тілдерін үйрену, логопедия мәселелері, ми қызметіне байланысты сөйлеудің бұзылуы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөйлеудің рөлі, авиция мен космостық психология, криминалистика мен машина аудармасы мәселелері және т.б. Психолингвистика термині 1954ж. бастап қолданылып келеді (АҚШ); Сыртқы лингвистиканың барлық салаларын бір бірімен байланыст екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа тілдің адаммен байланысын көрсететін бөлімдерін: биолингвистика, танымдық лингвистика және психолингвистиканы жатқызуға болады. Олардың бәрі тілдің қолданысын адамның ойлау категориясымен және психикасымен байланыстырады. Бұл топты танымдық лингвистика немесе танымдық тіл білімі деп атауға болады. Психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері Тіл білімінде сыртқы лингвистика – шекаралас ғылымдардың – психолингвистиканың, социолингвистиканың, социологияның тағы сол сияқты ғылымдардың әдіс-тәсілдерін қолданатын ішкі лингвистика деген қате пікір бар.

Сыртқы лингвистиканың пәні мен тәсілдері туралы бұл сияқты түсінік бір шама қара-дүрсін пікір. Мысалы: Психолингвистика – психолингвистиканың әдіс-тәсілдерін қолданады, бірақ оның мақсаты – ішкі лингвистика мен психологияның мақсаттарынан мүлдем басқа.

Психолингвистка – «тіл – адам» қатынастарының мәнін ашып қарастыруға тырысады. Психолингвистиканың жеке ғылым саласы болып қалыптасуы 1953 жыл болып есептеледі. Осы жылы АҚШ-та Индиана Университетінің әлеуметтік ғылымдарды зерттеу кеңесі мен тіл білімі және психология комитетінің ұйымдастыруымен университетаралық семинар өткізілді. Семинар жұмысын психологтар Чарльз Осгуд пен Джон Кэролл басқарды. Семинар жұмысының нәтижесі «Psycholinguistics//A Syrvey of Theory and Research Problems». Кітапта жаңа ғылымның теориялық ережелері мен негізгі бағыттары белгіленді. Ч. Осгуд психолингвистиканы адамның сөйлеу қызметімен байланыстырады. 

КСРО-да психолингвистика адамның сөйлеу қызметінің теориясы ретінде ХХ ғ. 60-жылдарының ортасында пайда болды. Жаңа ғылым А. Н. Леонтьевтің, А. С. Лурия, С. Л. Рубинштейн есімдерімен байланысты. Сол сияяқты психолингвистканың қалыптасуына А.Хомскийдің, Ж. Пиаженің зерттеулері де елеулі үлес қосты.

Психолингвистиканың мақсаттары төмендегідей: 1) Адамның сөйлеу қызметін зерттеу, яғни сөйлеудің тууын және оны түсінуді зерттеу; 2) Ана тілі мен шетел тілдерін балалар мен ересектердің үйрену үрдісін зерттеу;  3) Ішкі лингвистиканың әдістері арқылы алынған мәліметтердің шыншылдығын анықтау (Верификация лат.verus – шындық ). Негізгі ұғымдар Психолингвистикалық тәжірибе – информанттарды пайдаланып тәжірибе өткізушінің бақылауымен тіл қызметін қолдан жасалған жағдайда зерттеу.  Информант – сөйлеу үрдісіндегі әр түрлі мәліметтерді алу үшін тәжірибеге шақырылған сыналушы. Әдетте бұл адам аталмыш тілді ана тілі ретінде қолданатын адам.

Тәжірибе түрлері. Психолингвистикада тәжірибенің негізгі үш түрі бар: 1) Зертханалық тәжірибе – тәжірибе өткізушінің күні бұрын тұжырымдалған гипотезаны тексеруі үшін өткізілетін тәжірибе; 2) Табиғи тәжірибе – сөйлеу үрдісін информанттарға табиғи жағдайда (жанұя, мектеп, жұмыс орны) өткізу; 3) Ассоциативті тәжірибе – информантқа әсерлеу мақсатында оның екі және одан да көп тілдердегі белгілі бір сөзге, сөз тіркесіне, сөйлемге реакциясын тексеру.

Тест – психолингвистиканы зерттеудегі негізгі әдіс болып табылады. Ол жеке тұлғаның бағалау шкаласындағы орнын анықтау мақсатында өткізілетін жеке немесе топтық тапсырма болуы мүмкін.  Тесттің екі түрі бар: ашық тест және жабық тест.  Ашық тест – онша қатаң талаптары жоқ, оларға объективті түрде баға беру қиын (диктант, шығарма, аударма және т.б.). Бұл тесттің жағымды жағы – информанттардың ой-желісін, ойлау мүмкіндіктерін, шығармашылық қабілеттерін бақылауға болады. Жабық тест жалпыға бірдей, қатаң талапқа сай жасалған тест. Жабық тестте информант тек қана берілген сұрақтарға жауап береді. Әдетте жабық тест жауаптың бірнеше варианттары бар тесттер болып келеді.

Әдебиеттер:

1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

2-тақырып. Психолингвистика тарихы

1.Тілде психикалық кешеннің болуы.

2.Тіл – ойлау шарты.

3. Тіл әлемді тануды шектейді.

Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның iшкі, көзге көрінбейтін әpi нақты механизмдер мен процестер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды (Оразалиева Э.Ж., 153). Ғалым-лингвист Дж. Кесс психолингвистика дамуында төрт негізгі кезеңді атап көрсетеді: қалыптасу кезеңі; лингвистикалық кезең когнитивтік кезең; когнитивтік ғылымның ағымдық кезеңі. Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әcepi тән болса, eкіншici лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы (порождающей) грамматиканың басым болуымен байланысты. Когнитивтік кезең Н. Хомский жариялаған грамматиканың негізгі қызметінен бас тартып, оның (грамматиканың) семантикамен, ал тілдің - тілді меңгеру мен пайдалану үдерісіне қатысатын басқа да когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) жүйелерімен байланысын мойындаумен сипатталады. Психо-лингвистика дамуының ағымдық кезеңі когнитивтік әдістің психолингвистикалық білімдер (знания), ділдік (ментальные) репрезентациялар табиғатын орнатумен байланысты зерттеуге әкеп соғады. Сонымен қатар, психолингвистика дамуының бұл кезеңі аталмыш білімдер мен репрезентациялардың талқылау және шешім қабылдау сияқты ойлау қызметінде пайдалануын анықтайды. Дж. Кесс атап көрсеткен соңғы екі кезеңнің ажыратылуын түсіну үшін «когнитив» элементімен сәйкес келетін бірнеше терминдердің ара-жігін ашып алған жөн, себебi бұл мәселе өте күрделі болып танылуда. Алдымен, сананы ғылыми зерттеу пәні ретінде зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарып, психиканы жүріс-тұрыстың түрлі формаларына жатқызып жүрген бихевиоризмге ментализм (АДАМНЫҢ ойлау санасына көңіл бөлу) және когнитизм қарсы болғанын ескеру керек. Когнитивизм бойынша алғашқы кезде сынға катты алынған ойлау, шешім, қабылдау сияқты қасиеттер ділдік үдерістерге жатқызылады. Танымдық, яғни когнитивтік үдерістер табиғатын зерттейтін когнитивті психология алғашқы кезден бастап-ақ жасанды интеллект саласындағы зерттеулер тарапынан қатты әсер алды. Алайда осыған негізделген теориялар адамның танымдық үдерістері аталмыш үдерістердің механизмдерін түсіндіріп жеткізуге жеткіліксіз болды да, мұның өзi философтар, психологтар, лиигвистер, нейрофизиологтер, жасанды интеллект саласындағы мамандарды біріктірген когнитивті ғылым ретінде жүзеге асатын пәнаралык (междисциплинарные) әдістің кажет екенін мойындатуға әкелді.

Соңғы онжылдық ішіндегі деп психолингвистикалық (ПЛ) еңбектерді талдай келе, ПЛ, когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады. Когнитивтік ПСИХОЛОГИЯ («тіл біліміндегі психологизм» туралы) дегенміз - адамдардың дүниее, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам ОСЫ ақпаратты қалай ұғынады, ақпараттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бip саласы, Басқаша айтқанда, адамның шындық жайлы алған ақпаратты түсіне біліп, оны шешім қабылдау, күрделі мәселелерді шешуде колдана бiлуге тырысуы когнитивтік әдіс арқылы іске асады. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. Тілге грамматикалық теорияларда берілген когнитивтік сипаттамалар психолингвистикалық зерттеулерде «төрден» алған орындарынан айрылып, олардың атқаратын рөлі тек басқадай когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) модульдермен қатар сөйлеу үшін қолдану және меңгеру үдерістерінде ғана ескеріліп жүр. Когнтивтік психология мен когнтивтік лингвистиканың қарастыратын ортақ мәселелері: жады (есте сақтау), ішкі сөздік қор, сөйлеу әрекетін туғызу мен қабылдау.

Әдебиеттер:

1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

3-тақырып. Лебіз онтогенезі

1.Тілді игеру барысындағы қиын кезең.

2. Баланың тілді игеруі.

3. Тілдесімге дейінгі кезең.

4. Дыбыстық формаларды игеру.

5. Дыбыстың мағынамен байланысы.

6. Сөз қорының ұлғаюы.

7. Морфологияны игеру.

Адамды адам қылған, ары қарай даммытып әрқашан жетілу үстінде құбылыс ретінде ең алдымен тілді атауға болады. Тіл- адам ойын жетілдіру үшін, әлемді қоғамды танытушы. Тіл арқылы әр адам өз ойын, өз пікірін жеткізе алады, қоршаған ортамен қарым- қатынысқа түседі. Тілді тиімді әрі дұрыс пайдалану адамның сөздік қорының және оны орынды қолдануына байланысты.

Психологиялық- педагогикалық зерттеулерде қалыптасқандай балаланың психикалық дамуының толықтығы ең маңызды мәелелерінің бірі- баланың сөйлеу тілі жағдайы.

Бәрімізге белгілі болғандай қалыпты сөйлеу тілінің даму кезеңі баланың мекиептегі келешкте оқушының сөздік қорының және тілдің грамматикалық формалары сауаттылықты меңгеруде дайындығығыың міндетті түрде қажет екені белгілі.

Фонетика- фонематикалық және ерекше сөйлеу тілінің лексика грамматикалық жағының жетіспеушілігі, басқа психиклық процестердің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сөйлеу тілін дамыту жұмыстарында зияты бұзылған балалардың арнайы мүмкіншіліктерін дағдылары ғана емес сонмен бірге коорекциялық тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылуы ескеріледі. Осы сөйлеу тілін дамыту мәелелернің аспектілірені зерттеу барысында фонематикалық қатарын, сөздік қорының құрамын, сөйлеу құрауын т.б. процестердің параметрі мен ( А.К. Аксенова, М.Ф. Гнездилов, Г.М. Дульнев, М.В. Занков, Г.В. Петрова) айналысқан.

Белгілі әдіскер ғалым Ш.Х. Сарыбаевтың диссертациясында зерттеген мәселесенің бірі- оқушының сөздік қорының байыту мәселесінде әдіскер ғалым оқушыға үйретілітін сөздерді таңдауға мән берген. Бұл ретте ғалым оқушыларға нақтылы деректерді заттардың атын үйретуден бастаудың пайдалы екенін дәлелдеген. Әдіскер ғалым оқушыға үйреткен сөздер сен сөз тірекстері бір- бірімен байланысты болу қажет деген пікірді дәлелдеген. Ал енді оқушының сөздік қорын молайтудың амал- тәсілдері бойынша әдіскер ғалымның ұсынған, дәлеледенген бірсыпыра құнды пікірлері бар.

Ш.К.Сарыбаев сөздік қорды жинау, байыту үшін оқушы сөздерді түсінбей жаттап алмауы керек деп санайды. Ол дұрыс, өйткені сөздер тез ұмытылады. Әдіскер ғалым сөздерді үйрету табиғи жағдайда оқушының есту, көру, сезіну, сияқты қабілеттрін түгел қатыстыру арқылы іске асуы қажет деп дәлелелдеген. Әрине бұл үнемі жүзеге асыруға қиын мәселе. Сабақ оқылатын бөлме, оның ішіндегі заттар, оқушы, мұғалым оқу құралдарының аттарын үйрету табиғи жағдайда үйрету қиын.

Диссертацияда ғалым дәлелденген келесі құнды пікір оқушыны сөз мағынасына мән беруге баулу. Мысалы; мағынасы жақын сөздерді тану, қарама- қарсы сөздерді ілу өздері білетін сөздерді мағынасын жақсы түсінуінің ерекшелкітерін ажырата алуға дағдыландыру мәселесін диссертацияда ғалым арнайы сөз еткеен. Бұл сөздерді жаттау емес, шамалы түрде түсіну, ұғу деген мәселеге салды. Әрине, бұл қағиданың тілід саналы үйретуге пайдалы екені сөзсіз.

Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин ана тілінің тазалығы мен сөздрідің дұрыс қолдануына үлкен мән беріп, баланың тілін, сөздік қорын дамыиудағы түсіндермелі оқу ісінің маңыздылығын көрсетті. Ал А.Байтұрсынов тіл мәдениетіне, тілдің қисынды болуына мән бере келе, айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтатынына назар аудартты. Сондықтан ол өз ойын өзгелер қиналмай түсінетін қлып айту керектігін ескертті. Ол үшін айтушы сөйлейтін сөзін жақсы қолдана білу тиіс деген талап қойды. С. Жиенбаев оқушының сөз байлығын молайту үшін оқушының сөз сапасын арттратын, ойлағыны дәлелдеп, жүйелеп айтуға дағдыландарытын, дұрыс жазуға үйрететін жұмыстар жүргізу керек деп есептеді. Ш.Сарыбаев оқушыардың тілін дамытуды, оның ішінде сөздік қорды арттыруды грамматиканы оқыту мен байланыстыра жүргізуді қуаттаса, Ғ.Бегалиев сөз мағынасын игерту әдіс- тәсілдеріне мән берді.

Әдебиеттер:

1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

4-тақырып. Сөйлеудің психологиялық қылары.

1. Тілдесімдік қателіктер.

2. Тілдесімнің пайда болу теориялары.

3. Тілдесім жасау модельдері.

4. Тілдесім жасаудың схоластикалық моделі.

5. Н.Хомскийдің генеративтік грамматикасы.

Қазipri, тіл білімінде негізгі принциптердің бірі антропоцентризм болып табылады, яғни антропоцентризм принципі ғылыми ізденістерге жетекші бола бастады. Жаңа заман лингвистикасында НЕГІЗГІ НАЗАР ТЕК ТІЛГЕ ЕМЕС, оны жаратушы, қолданушы және дамытушы адамға аударылады. «Антропоцентризм» терминінің адам білімінің әртүрлі саласыида БЕЛСЕНДІ Қолданылуы көптеген проблеманы туындатты. Негізінен, «антропоцентризм» термині онтологиялық және гносеологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Антропоцентризм - когнитивтік лингвистиканың негізгі тiperi. 2 Бұл ғылымдардың қазіргі қогамда алатын орны, оны зерттеудің қажеттгі, оның өзектілігі Қaзipгi таңда «тіл арқылы сыртқа шығып жүрген» (языковое овнешнение -Е.Ф. Тарасов ұсьшған термин) шындық бейнелер жүйесі болып табылатын қалыптасу үдepicтepi мен тілдік сананың жұмыс жасауына ерекше назар аударылып жүр. Тіл дүние, әлемнің жеке бейнесіне үнемі үңілу арқылы жұмыс жасап отырады, ЯҒНИ Бi3 санамызда қалыптасып қалған дүние, әлем бейнесіне сүйеніп отырмасақ, ешнәрсе түсіне, ештеңе жайлы хабарлай алмаймыз. Ал әлем бейнесі когнитивтік үдерістер арқылы қалыптасады да, осы үдерістер сана бейнелерін құрайды (Оразалиева Э.Д.). Когнитивтік лингвистикадағы тіл, ойлау, түсінік, қабылдаумен қатар келетін құрылымындағы әмбебап білімнің, адам санасының органикалық және бөлінбейтін бөлігі ретінде қарастырылады. Көп ғылыми пәндер қазіргі кезде когнитивтік лингвистиканың әсерінде болып, оның аса маңызды нәтижелерін қолдануға тырысады. Әмбебап білім ретіндегі тілдің мәні туралы мәселе, тілдер сәйкестіктері мәселесі жайлы жаңа көзқарастар туындап, тілдік білімді, сонымен қатар, тілдерді салыстыру үшін когнитавтік-инварианттық мағынаны интерпретациялауға жол ашылып отыр. Когнитивтік лингвистика терминдерінде тілдік білімдерге берілген анықтама және оны «әлемнің тілдік бейнесін» (языковая картина мира) қалыптастыратын білімдердің жалпы қорына енгізу қостілділікке байланысты «әлемнің тілдік бейнесі» ұғымын нақтылауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде лингвистикада мәтін семантикасы мен «фондық білім» (фоновые «мании) арасындағы байланыстарға аса зор назар аударылыл жатыр. Бұл бағыттың өзі тіл мен ойлау ара қатынасы сияқты маңызды мәселені қарастырады. «Фондық білім» сөйлеуші мен тыңдаушыға ортақ болып табылатын ақпараттық қор, яғни олардың әлем жайлы білімінің ортақ қоры ретінде қарастырылады. Сонымен, «фондық білім» дегеніміз - тілдің ойлау әрекетіндегі (речемыслительная деятель¬ность) тәжлрибенің вербалданбаған көрнісінің (фрагменттің) коммуникативтік бірліктердің (мәтіндердің) кейбіреулерімен байланысы. Фондық білімдердің сөйлеуші мен тыңдаушы санасындағы бірдей, ұқсас болып келуі оларды жалпы білімдерден ажыратады. Осыған орай, фондық білімдер әлеуметтік және жеке (индивидуальный) болып екі типке бөлінедi. Әлеуметтік фондық білім сөйлеу әрекетіне қатысқандардың барлығына: (мысалы, радио тындаушылар мен оыррмандарға) сөйлеу әрекеті басталмай тұрып бұрын белгілі болады; жеке фондық білім диалогке қатысатын екі адамға ғана белгілі болады. Мысалы: А: - Қал қалай? Б: - Ол ертең келетін болды. Заттың немесе оның бейнесінің динамикалық белгілерін анықтау үшін «градуалды эталон» ұғымы қолданылады. ХХІ ғасырдың тіл білімі мәтінді зерделеусіз қалдыруы мүмкін емес.

Тіл – филология ғылымының негізгі нысаны болған және жаңа мыңжылдықта да бола бермек. С.С.Аверинцевтің пікірінше, филология «барлық адамзат әлеміндегі мәтін төңірегінде ұйымдастырылған және мәтін арқылы көрінетін әлемді» қамтиды . Мәтін жеке тұлға ретінде өзін таныта алатын қарым-қатынастың негізгі нысаны болып табылады. Т.М.Дридзенің тұжырымдамасы бойынша, қарым-қатынастың өзі әлі де болса көптеген зерделеулерді қажет ететін мәтіндік қызмет ретінде танылады. Мәтінге және қарым-қатынасқа деген қызығушылық қазіргі заманғы тілдік мәдениеттің жаңа сұхбаттық сипатын (А.К.Михальская, Ю.В.Рождественский және т.б.) қоса алғанда әлемді танудағы бұрынғы монологиялық жүйені бұзумен және диалогизмге (М.М.Бахтин және т.б.) бет бұрумен байланысты. «Өмір сүру – яғни қарым-қатынаста болу» – М.М.Бахтиннің осы сөздерінде мәтіннің қызметтік-теориялық және практикалық маңызы, оның негізінде туындайтын қарым-қатынас қана емес, сондай-ақ қарым-қатынасты (әлеуметтік, функционалдық-прагматикалық, коммуникатив-тік) зерделейтін жаңа ғылыми-лингвистикалық парадигманың айрықша рөлі де анықталады].

Әдебиеттер:

1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

5-тақырып. Сөзді қабылдау

1. Тілдік мүмкіншіліктерді және тілдік белсенділікті түзуші (Н.Хомский, Дж.миллер) ретіндегі сөйлесімдік құлық..

2. ХҮІІ ғасырдағы құлық пен ойлау табиғатын зерттеуші ғылыми теориясы, аталмыш тұжырымдаманың философиялық негізі (Декарттың философиясы, картезиандық тіл білімі, Х.Гуарттың теориясы).

3. Трансформацияның психологиялық дәлдігі негізінде қалыптасқан психолингвистикалық зерттеулер (Дж.Миллердің, К.Мак-Киннің, Г.Сэвиннің, Э.Перчоноктың эксперименттері).

4. Семантикалық компоненттің кіріспесінде қалыптасқан психолингвистикалық эксперименттер.

5. Дж.Миллердің психолингвистикаға көзқарасы.

6. Адамзат санасында берілетін тілдерді үйрену және білім жүйесі арасындағы байланыс (Н.Хомский). Н.Хомский мен Дж.Миллер тұжырымдамаларының күшті және әлсіз жақтары.

Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қазақ халқының тарихымен қатар дамып қалыптасқан. Сондықтанда сөздердің пайда болуы әр түрлі себепке және тарихқа байланысты. Тіл- тілдің өзіне тән төл лексикасы және грамматикалық тұрмысы болады. Бірақ онымен шектеліп қалатын тіл жоқ. Халықтар қашанда тұйық өмір өмір сүрмейді, өзге халықтармен эконимикалық, саяси мәдениетте байланыста болады. Ал бұл қатынас тілге әсерін тигізіп отырады. Соның ішінде тез қабылданатын, тез өзгеріске түсетін лексика болады.

Қазақ халқы да әр дәуірде әр түрлі халықтармен байланыста болып, сөздік құрамынбайытып отырған. Тілдің сөздік құрамындағы басты нәрсе барлық сөздің ұйытқысы болып табылатын түбір сөздер- негізгі сөздік қор. Демек, тілдің негізгі қоры талай ғасырды басыныа кешіргендіктен, олар байырғы көне сөздер деп аталады.Тілдегі сөздердің бәрі қосылып, тілдің сөздік құрамы дегенді жасайды. Тілдің сөздік құрамы үнемі дамуда, өзгерісте болады. Тіл қоғам тарихымен қоғам өндірісімен тікелей байланысты, әрі талай ғасырдың жемісі болғандықтан, сөздік құрамы біркелкі болуы мүмкін емес.

Сөздік құрамда байырғы төл сөзднрге, шеттен кірген сөздер болуы заңды. Тілдің даму барысында жаңа сөздер пайда болуымен қатар, оны қайсы біреулері күнделікті өмірдің қажетіне қарай қосымша жаңа мағынаға, кейбіреулері бұрынғы көп мағынасы бір мағынамен шектеліп келеді.

Тіл тілдің өзара бір- бірімен байланысты екі жағы болады. Оның бірі- тілдің грамматикалық және фонетикалық жақтары. Тілдің осы екі жағының бірлігінің тұтас тіл құралы да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас туралы ретінде қызмет ете алады.

Сөздік пен грамматикалық құрылыс үнемі біллікте жұмсалады. Олардың қайсынының өзіне тән ерекшіліктері мен қызметтері әрқайсысының өз жүйесі болғандықтан, тілдің сөздігін лексикология тексереді де, грамматикалық құрлысын грамматика ғылымы зерттейді.

Бірақ тіл ғылымыныңы бұл саларныңы тексеретін объектілері басқа болғанымен, өзара байланыстары да күшті, өйткені оның бұл екі саласы- лексикология да граммматикада өздернің тексеру объектісінің негізі етіп сөзді алады, демек тексеруді жеке сөзден бастайды.

Сөз дегеніміз- қыр сыры мол, күрделі тілдік категория. Сөздік мағыналық, дыбыстық шығу төркіні, даму тарихы, қолданылуы, ерекшілігі, жасалу жолы өзегру жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар.

Тіл ғылымыныңы әр саласы сөзді әрқилы тұрғыда қарап тексеоеді. Мысалы: сөздің дыбыстық жағының сыр сипатын оның белгілі бір дыбыстық комплекс арқылы құлаққа естілініін айтамыз.

Сөйлеу тілінің 2 түрі бар: сыртқы және ішкі сөйлеу тілі. Сыртқы сөйлеу тілі өз ішінде 2-ге бөлінеді: ауызша және жазбаша сөйлеу тілі.Ауызша сөйлеу тілі диалогты және монологты болып бөлінеді.

Ішкі сөйлеу тілі- бұл ой тілі.Бұл тіл тек өзі- өзімен сөйлесу үшін керек.Бұл тіл тек өзімізге ғана түсінікті тіл. Ол үзілді кесілді болып айтылса да ол өзімізге ғана түсінікті.Ішкі сөйлеудің қалай құралғанын біз өз-өзімізге бақылау жасай аламыз. Ал оқушылардың ішкі дүниесіне еніп, ішкі тілін нықтау өте қиын.Тілдік тапсырмаларды шешу үшін ішкі сөйлеу тлінде қолдану креек. Ол үшін оқушыларға сабақ үстінде өздерінің ішкі сөйлеу тілі бойынша әңгіме айтуға байындату керек.Баларға өз ойларындане бар сол арқылы әңгімелеп беруін сұрайды. Дәл осы кезде балардың ішкі сөйлеу тілдері анықталып, айқын бола түседі.

Тіл – ойды дамытушы құрал.Ой тілдік материалсыз айтарлықтай жақсы дами алмайды. Тіл ойды басқарып отырады. Баланың сөйлеу тілі жақсы дамыса, ойыда соншалықты жақсы дамиды. Сондықтанда сөйлеу тіліне байланысты. Психолог Н.И.Жинкин былай деп жазған: « Тіл- бұл интелліктіні дамытушы амал.Тіл қаншалықты тез меңгерілсе, соншалықты жеңіл түрде білімді меңгереді. Тілдік байлық ойдың дамуына әсерін тигізеді. Ең негізгісі оқушылар жаңа сөздерді меңгергенде ол ойда жинақталып қала береді. Бұл ой мен тілді қамтамсыз етеді.

Адам құлығы және оның сөйлесімдік формасы. Адам құлығын талдаудың үш түрі: 1) лингвистикалық тұрғыдан – Ф.Соссюрдің, И.А.Бодуэн де Куртэненің, Л.В.Щербаның тілдік зерттеулеріндегі психолингвистикалық аспектілері; 2) психологиялық тұрғыдан – Дж.Уотс мен Э.Толменнің құлық теориясы; 3) ақпараттық тұрғыдан – «код», «белгі», «хабарлама», «кодтау», «кодсыздау» түсініктері. Сөйлесімдік қарым-қатынас белгілі бір стимулға жетудің  реакциясы секілді (бихевиоризм). Ч.Осгудтың тілдік құлығының үш деңгейлі моделі. Құлық пен қарым-қатынас: К.Бюлердің белгі, симптом және символ туралы теориясы; бихевиоризм жөніндегі сыны.

Адам құлығын талдаудың жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық амалдары. Дәл және жалған ұғымдар. Бихевиористік психолингвистиканың жаратылыстану ғылымы ұстанымы жөніндегі хабары. А.А.Ухтомский оқуларындағы психолингвистика үшін оның маңыздылығын көрсететін құлық факторы ретіндегі тірек сөздің гуманитарлық қыры.

Тілдік мүмкіншіліктерді және тілдік белсенділікті түзуші (Н.Хомский, Дж.миллер) ретіндегі сөйлесімдік құлық. ХҮІІ ғасырдағы құлық пен ойлау табиғатын зерттеуші ғылыми теориясы аталмыш тұжырымдаманың философиялық негізі болып саналады (Декарттың философиясы, картезиандық тіл білімі, Х.Гуарттың теориясы). Трансформацияның психологиялық дәлдігі негізінде қалыптасқан психолингвистикалық зерттеулер (Дж.Миллердің, К.Мак-Киннің, Г.Сэвиннің, Э.Перчоноктың эксперименттері). Семантикалық компоненттің кіріспесінде қалыптасқан психолингвистикалық эксперименттер. Дж.Миллердің психолингвистикаға көзқарасы. Адамзат санасында берілетін тілдерді үйрену және білім жүйесі арасындағы байланыс (Н.Хомский). Н.Хомский мен Дж.Миллер тұжырымдамаларының күшті және әлсіз жақтары.

Эгоцентризм мен децентризмнен бастап объективті ұстанымға дейінгі ойлау мен сөйлесімнің дамуы (Ж.Пиаждың тектік теориясы). Әлеуметтік тектегі ойлаудың қалыптасуы: Л.Леви-Брюльдің ойлаудың пралогикалық және логикалық типтері туралы пікірі. Л.С.Выготский мен А.Баллонның тектік теориясының сыналуы. Ойлау мен сөйлесімнің іскери табиғаты. Оның дамуын түсіну сыртқы қызметтердің интериоризациясы сынды. Л.С.Выготскийдің ішкі сөйлесім жөніндегі ойлары. Оның негізгі мазмұны. Ойлаудың дамуын қарастыру қызметтің басты түрлерінің ауысуы секілді (А.Н.Леонтьев). Вербальды және вербальсыз ойлау.

Санасыздықтың екі тұжырымдамасы: З.Фрейд және А.А.Ухтомский. Интеллектуалды әрекет құрылымындағы санасыздықтың рөлі. Саналылық пен санасыздықтың өзара арақатынасы  тұлғаның психологиялық типінің бір мазмұны ретінде (К.Юнг). Санасыздық және тіл (Ж.Лакан).

Модел түсінігі. Қарым-қатынас моделі (Дж.Синклер, Дж.Брунер). Л.С.Выготскийдің моделі: ішкі сөйлесім арқылы уәжден семантикалық жоспар мен сыртқы сөйлесімге дейін. А.Р.Луридің деңгейлік моделі. А.А.Леонтьев пен Т.В.Рябовтың (Ахутин) айтылым моделі.

Ойлау мен сөйлесім онтогенезінің психолингвистикалық қыры.

Тілді ұқсастыру жолымен меңгеру және ұқсату тәсілімен әрекет ету (бихевиористикалық және небихевиористикалық зерттеулер). Баланың тілдік қабілетінің тумалығы туралы қағида жалпы грамматикалық ұстанымдардың түсінігі ретінде (Н.Хомский). Әлеуметтендіру баланың интеллектуалды және сөйлесім әрекеті қалыптасуының негізін салушы ретінде қарастырылады (Л.С.Выготский). Баланың қарым-қатынасын кешенді түрде зерттеу аспектінің үш жағы ретінде саналады, олар: дамудың формасы, құралы, қарастырылуы, сондай-ақ қарым-қатынас.

Сөйлесім ауытқушылығының психолингвистикалық аспектісі.

Сөйлесім ауытқушылығы және оны зерттеудің психолингвистикалық тәсілдері. Өндіріс пен сөйлесім кезінде синтагматиканың немесе парадигматиканың бұзылуы негізінде афазияның таптастырылуы (А.Р.Лурия). Осы бұзылудың сол жарты шардың белгілі бір аймақтағы бұзылумен өзара арақатынасы. Жарты шар арасындағы асимметрия проблемасы. Адамның сөйлесім және интеллектуалды әрекеті кезінде оң жарты шардың қызметі. Бұқаралық ақпарат қатынасының ықпалын зерттеу саласында психолингвистиканың мақсат-міндеті.

Жаңа сөздер мен мағыналарды меңгеру.

Ғылымының дамуымен бірге мәденеитте де техника да дамуда. Сонымен бірге жаңа сөздерде дамып көбеюде .Сөздердің баяуы бұл бүкіл қоғамның, сонымен бірге жеке адамның дамуына әсерін тигізеді. Сондықтанда мектепте сөздіктермен жұмыс үлкен мәселе болып саналады.

Сөздік қорын дамытуға 4 бағыт кіреді.Бріншіден, сөздік қорын дамыту.Оқушылар алғашында білмеген таныс мес сөздер, екіншіден сөздіктерді анықтау,таныс сөздерін терең түсіндіру. Ол сөздердің айырмашылықтарын , ол сөздерге антоним сөздердіпайдалану.Үшіншіден, сөздіктерді белсендіру, әрбір оқушының тілдеріндегі сөздерді кеңейту.Бұд сөздерді сөйлемдерде, басқа сөздермен, басқа мәтіндерде қосып пайдалану.Төртіншіден, әдеби емес сөзді оқушылар қолданданғанда әсіріесе бастауыш сынып оқушылары қателер жібереді.Әлбетте 4 бағыт бір-бірімен тығыз байланысты.Оқушылар айтарлықтай жеткілікті сөздік қорларды жинау үшін күніне 4-6 жаңа сөздерді меңгеру керек.

Интеллектуалды дамудағы және тілдік компоннетегі тілдің дамудағы бұзылыстың құрлымдардың зерттеу бұрынғыдай күрделі мәселе жеткілікті зерттелмеген.Бұл мәселені терең түсіну үшін тілінде кемшілігі бар акыл- ойы артта қалған балалар мен тілінде күрделі кемшілігі бар балалардың арқасында түсіне аламыз.Мұнымен бірге міндетті түрде теориялық компенсация қатарын талдаудан өткізу керек, оймен тілдің байланыстылығы, біріншілік және екіншілік бұзылыстары мен тілдік процестердің құрлымының деңгейі жайлы ілу керек.

Ой мен сөйлеу тілінің байланыстылығы.

Қазіргі жаңа замандағы психология мен психолингвистика тіл адамның ақыл-ойын құрайтын органикаретінде қарастырылады.Тілдік икемдік бұл қарым қатынастағы және танымдағы жүйелік ережелерді меңгереді.Алғашқыда бала бұл ережелерді түсінбейді, бірақ сол ережелерді балалар біліетіндей өздерін ұстайды.Тілдік қабілеттілік өз ішіне білгірлік пен дағдыларын және іс әрекет схемасы мен сәйкес келуі керек ( А. Валлон, Л.С. Выготский,Ж.Пиаже т.б. ) тілдің туындауы белгілі бір когнитивтік базада негізін қалады.Балаларда тіл шықаннан кейін ойлауға үлкен әсерін тиігзеді, ол баланың тілдік жүйесінің қалыптасуына да әсерін тигізеді.Балалардың тілді меңгеруі ересектермен тығыз байланыстылығының арқасында тексереді.

Ақыл- ойында ауытқушылығы бар балаларға психолингвистикалық эксперименттік зерттеулер жасауда интеллект сөйлеу тілінің дамуына өте үлкен әсерін тигізетін әртүрлі аспектедегі балаларды алған:

1.ақыл- ойы кеміс балаларда сөйлеу кезінде логикалық ойдың бұзылыстары байқалады, күрделі мағыналық ойдың жоқтығы немесе әлсіздігі байқалады.

2. Интеллектісі төмен оқушылар ертегіні оқу кезінде кейіпкерлерді шатастырып түсіне алмайды.

3. сөйлеу тілін безендіру қаншалықты қиын болса, соншалықты қиыншылықпен меңгереді.

4. тілдік жаңалықтарды саналы әрі дәлдік түрде көлемді және жылдамдықпен жеткізу.Инттелектісі төмен балалар бұларды айта алмайды.Бұл баланың импресивтік және экспресевтик тілдірене теріс әсерін тигізуі мүмкін.

Біріншілік және екеншілік кемшіліктердің байланыстығы.

Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша бірінші кемшілік екінші кемшіліктің және үшінші кемістіктің туындауына әкеліп соғады.Ақыл-ойында ауытқышылығы бар балаларда бас миының зақымдауымен бірге екіншілік кемшілік психикалық процестердің жоғарғы психикалық функциалардың бұзылуына әкеліп соады және сөйлеу тілінің бұзылуында әсерін тигізбей қоймайды.Ақыл-ойы артта қалған балалрға келесі мінездемелер беріледі.

- сөйлеу тілінің жүйелеігінің дамымауы және олардың компоненттерінің байланыстылығының жоқтығы

- сөйлеу процесіндегі интериоризацияның бұзылыстары

- информацияны жеткізудегі жылдамдық көлемдіктің және сапасының жоқтығы

- жоспарлау және когнитивтік функциаларының сөйлеу тілінің айтарлықтай төмендігі

- сөйлеу тіліндегі бұзылыстары оның әртүрлі функциалардың бұзылыс деңгейіне байланысты.

Қазіргі кездегі кемістіктерің құрлымына берілген түсініктемелері.

Зерттеудің талдаудан өткізген нәтижелері инттелектісі бұзылған жоғарғы сынып оқушыларында сөздің мағыналық деңгейі бұзылғаны байқалды. Морфологиялық құрлымға қарағанда оларда синтаксистік құрылым анағұрлым бұзылған. Морфологиялық жүйедегі жай, нақты мағыналы сөздерді тез меңгереді. Ақыл- ойы кеміс оқушылар сөз тудыруш үшін қатты қиналады. Сөйлеу тіліндегі сенсорлық деңгей кейбір балаларда сақталған болса, ал кейбіреуінде сақталмаған.

Психолингвистикалық талдау кезінде экспериментаторлар ақыл- ойында кемшілігі бар балалардың сөйлеу тілі ерекшеліктеріне қарай 3 типке бөлінеді.

  1. тип- сөйлеу тілі бұзылыстары. Бұл балаларда кемістіктері күрделі емес. Фонематикалық прцестердің жете дамымауы байқалады, функциянальды дислалия және жазу тіліндегі жеңіл бұзылыстары байқалған.

  2. тип- сөйлеу тілінің асқынған типі. Бұл балаларда артикуляциялық аппараттарындағы бұзылыс және педогогикалық жағынан байқаусыздан жіберілген балалар жатады.

  3. тип- сөйлеу тіліндегі күрделі кемістік. Олардың бас миының диффузиялық жағы зақымданған, сонымен бірге толықтырушы патологиялары бар балалар. Бұған кіретіндер дизартрия, ринолалия, алалияның күрделі синдромдары байқалған.

Ауызша сөйлеу тілі- дыбыс шығару сөйлеу тілі. Ол есту арқылы қабылданады, ал дыбыстық органдардың іс- әрекеті іске асады.Ауызша сөйлеу тілін меңгеру процессі баланың миына әсерін тиігзе отырып сөздердің дыбыстық және кинезтиялық бейнесімен сөз тіркестері, әртүрлі қабылдаулар арқылы тікелей қарым- өатынасты орнатады. Сөйлеу тілі ол адамның санасының іс- әрекетінің ұйымдастырылған арнаый қиын формасын ұсынады. Қарым- қатынастың негізгі тәсілі бола отырып, ол екі субъектінің қатысуын ұсынады біреуі шығарады, екіншісі қабылдайды. Баланың сөйлеу тілінің ең тиімдісі ауызша сөйлеу ітілі болып табылады. Бәрімізге белгілі болғандай дұрыс жетілген балаға ауызша сөйлеу тілін меңгеру оңай, өйткені ол арнайы оқытусыз өзі тікелей қарым- қатынасқа түсе алады. Дұрыс жетілген баланың сөйлеу тілін қою үшін көптеген совет және шет елдік ғалымдар айналысқан.( Л.С. Выготский, А.Н.Гвоздев, Н.А.Швачкин, Д.Б. Эльконин, А.Н. Соколов,Ж.Пиаже)Интеллектісі бұзылған балалрдың ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру баяу және сөйлеу тілін өзінше фонетикалық қатары меңгеру арқылы жүзеге асады, сөздік құрамын меңгеру мен сөйлемді құру кезіндегі диалогтық және монологтық сөйлеу тілі арқылы қалыптасты.