- •66. Ұңғы туралы түсінік .Ұңғы конструкциясы
- •1 Сурет. Ұңғы үлгісі
- •67.Роторлық бұрғылау тәсілінде қозғалтқыш жер бетіне орналасады да, қашау бұрғылау тізбегі арқылы айналдырылады.
- •73.Ұңғыны пайдалану әдістері. Ұңғыны терең сорапты қондырғымен пайдалану.
- •74.Ұңғы құрал-жабдықтары
- •1 Сурет. Крест пішінді фонтандық арматура схемасы.
- •77.Мұнайды кәсіпшілікте дайындау
- •79.Газды дайындау
- •80.Бастапқы шикізаттан металл өнімдерін алу негізгі үш сатыға бөлінеді:
- •87. Механикалық диірмендер арасындағы кең тарағандары даңғырлы диірмендер.
- •93. Төрт пішінбілікті қапастар. Төрт пішінбілікті жұмыс қапасында пішінбіліктер 2.3 - суретте көрсетілгендей бірінің үстіне бірі орналасады.
- •95. Илемдік орнақтардың жіктелуі.
87. Механикалық диірмендер арасындағы кең тарағандары даңғырлы диірмендер.
Даңғырлы диірмендер ашық және жабық циклда жұмыс істейді. Жабық циклда жұмыс істегенде диірменнен шығарылған материал бірден сұрыптауға (топтастырғыштарға) түсіп, ірі түйіршіктері қайтадан ұнтақталуға, ал майдалары ары қарайғы технологиялық өңдеуге жіберіледі. Мұндай сұлбамен ұнтақтау диірмен жұмысының тиімділігін арттырады.
Даңғырлы диірмендер жұмыс режімі бойынша – кезеңді (14-сурет, а) және үздіксіз (14-сурет, б,д) әрекетті; ұнтақтау тәсілі бойынша – құрғақтай және сулы ортада ұнтақтау; материалды тиеу және түсіру тәсілі бойынша – бүйірлі ойық (люк) арқылы (14-сурет, а) немесе іші қуыс цапфа арқылы (14-сурет, б,д), материалды тиеу және түсіру, цапфа арқылы тиеу және даңғыр қабырғасы арқылы түсіру (14-сурет, в); жетек түріне байланысты орталық цапфа арқылы (14-сурет, е) және бүйірлі – тісті тәж арқылы (14-сурет, ж ) жетектелетін болып бөлінеді.
14-сурет – даңғырлы диірмендердің негізгі сұлбалары
Ұнтақтағыш денелер ерекшелігіне сәйкес диірмендер шарлы, сырықты, жұмыртасты, кенжұмыртасты, өздігінен ұнтақтаушы және жартылай өздігінен ұнтақтаушы, даңғыр пішініне сәйкес диірмендер цилиндрлі және цилиндр-конусты болып бөлінеді (15-сурет).
а - келте цилиндрлі, б - ұзын цилиндрлі, в - құбырлы, г - цилиндрлі материал келтірілетін жағы келте конусты, д - цилиндрлі бөлігі ұзартылған, е - цилиндрлі бөлігі
қысқартылған
15 –сурет - Дара камералы диірмен даңғыры тұлғасының сұлбалары
Шарлы, сырықты, құбырлы диірмендер. Сырықты және шарлы диірмендер техникалық шарттар бойынша төрт типті болып өндіріледі.
1. Сырықты, ортадан түсіруші, ылғалды ірі үнтақгау диірмені, таңбалануы МСЦ.
2. Шарлы, ортадан түсіруші, ылғалды майда ұнтақтау /МШЦ/.
3. Шарлы, торлы түсіргішті, ылғалды майда ұнтақтау /МШР/.
4. Сырықты, шетті түсіргішті, құрғақ ірі ұнтақтау диірмені /МСП/.
Барлық диірмендер жиынтығының 50%-ін шарлы және сырықты диірмендер құрайды.
88.Диірмендерді жұмыс әрекетіне қарай мынадай түрлерге бөледі:
- механикалық:
1) барабанды (даңғырлы) (6-сурет, а, б, в), мұнда материал айналмалы (6-сурет, а) немесе дірілді (6-сурет, б) барабанда , оның ішіне салынған ұнтақтағыш денелер көмегімен немесе оларсыз материал түйіршіктерінің бір-біріне және барабан қаптамасына (6-сурет, в) үйкелуінің нәтижесінде ұнтақталады;
2) орта жүрісті, мұнда материал қандайда бір табан мен шар, валок, роликтердің беттерінің аралығында жаншылу, үгілу арқылы ұнтақталады. 6-сурет, г суретте роликті-маятникті диірменнің сұлбасы көрсетілген. Мұнда ролик ортадан тебу күшінің әсерінен тостаған қабырғасына жанасып, ролик пен қабырға арасына түскен материалдарды ұнтақтайды;
3) соққылы 6-сурет, д), мұнда материал топсалы (шахталы диірмен) немесе қатаң (аэросоққылы диірмен) бекітілген балғалар соққысының әсерінен ұнтақталады;
- аэродинамикалық немесе пневмомеханикалық:
ағымды (6-сурет, е), мұнда материал түйіршіктерінің ауа ағыны әсерімен жоғары жылдамдықпен қозғалғанда бір-біріне және камера қабырғасына үйкелуі мен соқтығысуы нәтижесінде ұнтақталады.
6-сурет - Ұнтақтауға арналған машиналар сұлбасы
Қазіргі заманғы өндірісте материалдарды ұнтақтауға диірмендер
90.Диірменнің ішкі бетін қаптамалау (футеровка). Үйкелістен, тозудан сақтау үшін диірмен даңғырының цилиндрінің, оның шеткі қақпақгарының және цапфаларының ішкі беттерін тозуға төзімді материалмен қаптастыру қолданылады, мұны футеровкалау деп атайды. Диірмен қаптамасының (футеровка) технологиялық мәні де зор. Қаптама қимасының пішіні ұнтақтағыш орта мен ұнтақталатын материал қозғалысының сипаттамасын анықтайды және ұнтақтаушы дененің белгілі шамалы энергиясын қалыптастырады.
Бірінші сатылы ұнтақтау және өздігінен үнтақтау диірмендері 110ГІЗЛ маркалы болат құймамен қаптастырылады. Бүл болаттардьщ түтқырлығы жоғары және соғу әсерінен беріктігі өсе түседі. Прокаттау тәсілімен өндірілген 70ГФ маркалы болат каптамалардың үстіңгі беті толқынды, қаттылығы 340 НВ. Бұлардың жоғарыда айтылған қүйма болаттан төзімділігі басым, жұмыс мерзімі құйма болатпен салыстырғанда 140% болып келеді, ал құны құйма болаттан 2,5 есе төмен.
Қаптаманың қалындығы диірменнің негізгі көрсеткішінің бірі. Қаптама қалыңдығын оның ең шығыңқы жота биіктігімен алады. Қаптама қальңдығы өскен сайын, оның жұмыс істеу мерзімі үлғаяды. Ал диірменнің көлемі және өнімі кемиді. Қаптама қалыңцығы даңғыр
диаметрінің 1-7% құрайды, мұның төменгі мәні диаметрі үлкен өздігінен ұнтақгау диірмендеріне, ал жоғарғы мәні-кішкене диірмендерге қатынасты.
Қаптама қимасының пішіні әр түрлі болып келеді (17-сурет). Материалдың қасиеті, ұнтақтау шарттары және нақтылы өндірістік жағдай әсер етуі қаптама пішінінің әр түрлі болуына альш келеді.
а-қаптама кескіндері: І-ылдилатылған; ІІ-толқынды; III-қостолқынды; IV- өркештелген; \/-Д.К.Крюков ұсыныстысы; VI-сынашаланған; VII- қабырғалы; УІІІ-дөңесті; ІХ-норильсктік тұлғалы; Х-құлдырама баспалдақты; б-лифтерлі қалыптастыру: 1-лифтерлік қаптама; 2-лифтер; 3-тұтас құйылған лифтерлі қаптама
17-сурет - Даңғыр цилиндрінің қаптамасы
1960 жылдардаң бастап диірмендер қаптамасына резеңке материалдар да қолдана басталды. Қазір екінші және одан кейінгі сатыда ұнтақтау диірмендерінің, өздігінен ұнтақтау диірмендерінің қаптамасы резеңкеден жасалған болып келуі басым. Болат қаптамадан резеңке қаптаманың басымдығы мынада: 1 т материал, ұнтақтауға келетін қаптаманың үлестік құны төмен; абразивтік және гидроабразтивтік тозу жағдайында жұмыс атқарған жағдайда резеңке қолдану едәуір экономикалық үнемдеу береді; шу деңгейін санитарлық норма деңгейіне дейін төмендетуге мүмкіндік береді; қатама массасы 4-5 есе азаяды, осыған орай еңбек қажеттігі 50% төмендейді жөне жөндеуге ықтималдығы жоғары; материалдың саңылауларға бітеліп, жабысып қалуы толық дерлік орын алмайды; жұмыс істеу мерзімі 1,5-3 есе өседі.
Диірмен жұмысының жылдамдық ережесі. Шарлы ұнтақтағыш материалды диірменнің жұмыс ережесі, диірмен даңғырының айналу жылдамдығьмен анықталады. Айналу жылдамдығына сәйкес даңғырдағы шарлар айналу бағытына сәйкес үйкеліс күшінің әсерімен цилиндр бетіне жанасып белгілі бұрышқа көтеріліп ығысады. Айналу жылдамдығына қарай шарлардың даңғыр ішіндегі қозғалысына байланысты диірмендер жұмысының үш режімі белгілі (18-сурет):
1) күркіреулікті режім (каскадты). Мұнда шарлар үздіксіз белгілі бір бұрышқа көтеріліп, одан сырғанап төмен түсіп қозғалуда болады. Бұл режімде материалдың ұнтақталуы шарлардың жаншуынан және қозғалысты шарлармен үйкелісте болу әсерінен орын алады;
2) сарқырамалы (водопадты) режім. Мұнда даңғырдың айналу жылдамдығы белгілі бір шекке дейін өсіп, шарлар параболалық траекториямен төмен қарай құлдырайды. Бұл режімде материалдың ұнтақталуы шарлардың материалды соғуынан және үйкеліс әсерінен болады.
а-диірменнің күкүреулікті (каскадты) режімді жұмысы;
б-диірменнің сарқырамалы (водопадты) режімді жұмысы
18-сурет - Диірмен даңғырының айналу жылдамдығына орай ұнтақтаушы шарлар қозғалысының сұлбасы
91. Илемдік орнақтар мен олардың жұмыс қапастарының жіктелуі.
Жұмыс қапастарының жіктелуі.
Жұмыс қапасы деп металды илемдеуге арналған илемдеуші орнақтың негізгі бөлігі болып табылатын құрылғыны айтады.
Пішінбіліктердің құрылымы мен орналасуына байланысты илемдеуші орнақтардың жұмыс қапастарын алты топқа бөлуге болады:
1) екі пішінбілікті; 2) үш пішінбілікті; 3) төрт пішінбілікті; 4 ) көп пішінбілікті; 5) әмбебап; 6) арнайы құрылымды қапастар;
92.Екі пішінбілікті қапастар. Екі пішінбілікті қапастардың кері қимылды (реверсті) және кері қимылсыз (реверссіз) түрлері қолданылады.
Кері қимылсыз қапастар үздіксіз және сортты орнақтарда кеңінен қолданылады. Мұндай қапастарда металл бір бағытта бір мәрте ғана өте алады.
Кері қимылды қапастар пішінбіліктерінің айналу бағыты айнымалы және екі пішінбілігі де жетекті болып келеді. Мұндай қапастарда пішінбіліктердің керіқимылды әрекетінің есебінен металл қозғалу бағытын өзгертіп, бірнеше өтпеде илемделеді. Әрбір өтпе пішінбіліктерді бір-біріне жақындатумен, яғни қысыңқыраумен ұласып отырады. Мұндай типті қапастар блюмингтерде, қалыңтабақты орнақтарда және т.б.қолданылады.
а –кері қимылды (реверсті); ә - кері қимылсыз (реверссіз)
Сурет - 2.1 Екі пішінбілікті жұмыс қапастары
Үш пішінбілікті қапастар (реверссіз-квазиреверсті). Үш пішінбілікті қапастар сортты орнақтарда кеңінен қолданылады, өйткені оларға мөлшер-лердің бірнешеуін орналастыруға болады және металды үстіңгі мен ортаңғы, ортаңғы мен астыңғы пішінбіліктер аралығында илемдеуден өткізуге болады. Пішінбіліктердің бір бағыттағы айналу жылдамдығы тұрақты. Металл алды -мен бір бағытта, ал содан соң кері бағытта қозғалады. Металды пішінбіліктер арасына салу үшін тербелмелі көтергіш үстел қарастырылған. Жетегіне айнымалы токты (керіқимылсыз, асихронды) қозғалтқыштарды қолданады. Мұндағы үш пішінбіліктің барлығы да жетекті болып келеді (сурет 2.2).
а- табақты; ә -сортты
Сурет - 2.2. Үш пішінбілікті қапастар
Табақ илемдеу өндірісінде Лауттың үш пішінбілікті қапасын қолданады, оның ортаңғы пішінбілігінің диаметрі кіші және жетекті емес. Ортаңғы пішінбіліктің айналуы, оны үстіңгі және астыңғы жетекті пішінбіліктерге алма-кезек қыспақтау арқасында жүзеге асады. Қапас тербелмелі көтергіш үстелмен жабдықталған. Жұмыс өнімділігінің төмендігі мен қатаңдығының жеткіліксіз-дігінің салдарынан соңғы кездері Лаут қапастарын пайдаланбайтын болды.
