- •Сөж 1 тапсырма 1
- •1 Тақырып: «Байқоңыр» Ғарыш айлағының тарихы
- •2 Тақырып: Орталық Азия елдерімен Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени қарым- қатынастардың қалыптасу тарихы
- •3 Тақырып: Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы «Байқоңыр» Ғарыш айлағының тарихы
- •Орталық Азия елдерімен Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени қарым- қатынастардың қалыптасу тарихы
- •Қорытынды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы
- •Сөж 1, тапсырма 2
- •2.1. Қазақстан іі-дүниежүзілік соғыс жылдарында, соғыстан кейінгі
Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы
1991 ж. 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының – өз аумағында толық билікті игерген, сыртқы саясатын өз бетінше анықтайтын демократиялық мемлекеттің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан мемлекеттілігін құрудың қиын жолына түсті. Қысқа мерзім ішінде сыртқы саяси басымдықтар айқындалды. Республиканың сыртқы саясатының негізгі ұстанымына жақсы көршілік қатынас пен өзге мемлекеттің ішкі ісіне араласпау, тең құқылық, туындаған мәселелердің бәрін бейбіт жолмен шешуге ұмтылыс принциптері алынды. Елге инвестиция тарту үшін Қазақстан ірі компаниялармен келіссөздер жүргізе бастады. Теңіз мұнай алабын шетел фирмаларымен бірлесіп барлау басталды, жаңа мұнай кеніштерін игеруге «Бритиш петролеум», «Бритиш Газ», «Эльф-Акитен», «Аджип» т. б. ірі компаниялар тартылды.1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан мемлекеттілігін құрудың қиын жолына түсті. Қысқа мерзім ішінде сыртқы саяси басымдықтар айқындалды. Республиканың сыртқы саясатының негізгі ұстанымына жақсы көршілік қатынас пен өзге мемлекеттің ішкі ісіне араласпау, тең құқылық, туындаған мәселелердің бәрін бейбіт жолмен шешуге ұмтылыс принциптері алынды. Елге инвестиция тарту үшін Қазақстан ірі компаниялармен келіссөздер жүргізе бастады. Теңіз мұнай алабын шетел фирмаларымен бірлесіп барлау басталды, жаңа мұнай кеніштерін игеруге «Бритиш петролеум», «Бритиш Газ», «Эльф-Акитен», «Аджип» т. б. ірі компаниялар тартылды.1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.
Аймақтық достастықтың жаңа түрлерін қарастыру тәуелсіз мемлекеттер басшыларын интеграцияның жаңа жолдарын іздеуге итермеледі. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1994 жылдың басында Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру идеясын ұсынды. Сол жылы маусымда «Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру туралы» жоба баспасөзде жарияланды. Бұл жаңа құрылым құжаттарда тең құқықты тәуелсіз мемлекеттер одағы ретінде анықталды. Оның қызметі әрбір қатысушы елдердін, ұлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруға бағытталатыны айқындалды. Одақтың мақсаты елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін, кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі әлеуметтік-экономикалық жаңғырту процестерін ойдағыдай қамтамасыз ету деп жарияланды. Одақты ұйымдастыру барысында мұндай бірлестіктердің демократиялықпринциптері қарастырылды.
Қазақстан сыртқы саяси-экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастарда әлі де болса Ресейге бұрынғыдай айрықша орын берді. Республика тәуелсіздігінің аз ғана кезеңінде Ресеймен ынтымақтастыктың барысында үлкен істер басталды, екі жақтың экономикалық қарым-қатынастарын реттейтін, ғарыш кеңістігін игерудегі ынтымақтастық, жаңа типтегі армия құру сияқты бірнеше келісімшарттарға қол қойылды. Азаматтық мәселесіне ерекше мән берілді.
Екі жақты қатынастар деңгейінде Украинамен, Белоруссиямен, Кавказ елдерімен, сондай-ақ Балтық жағалауы мемлекеттерімен ынтымақтастық жандандырыла түсті. Қазақстанның байланыстары әсіресе Орта Азия аймағындағы жақын көршілер - Өзбекстан, Қырғызстанмен, ал экономикалық блок шеңберінде - Түркіменстан, Тәжікстанмен қарқынды түрде дамыды.
Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.
1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.
Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.
Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.
Белгілі болғандай, сыртқы саясаттың стратегиялық міндеттері – бұл елдің мызғымастығы, тәуелсіздігі, аумақтық бүтіндігі және шекарасына қол сұғылмайтындығы туралы түбегейлі ережелер нұсқаулығы. Қазақстанның сыртқы саясатының түбегейлігі бейбітшілік сүйгіштігімен және серіктестігімен шектеледі. 1994 жылы желтоқсанда ЕҚЫҰ Будапешт мәжілісі кезінде депозитарийлер тарапынан Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы Меморандумға, Ресей, АҚШ және Ұлыбритания ядролық қаруды тарату туралы Шарттарға қол қойылды, онда Қазақстанның аумақтық бүтіндігі мен саяси тәуелсіздігіна қарсы күш қолданбау туралы, экономикалық мәжбүрлеуден бас тарту туралы міндеттемелер болды. Кейін өз кепілдіктерін ҚХР мен Франция жіберді.
Біздің республикамыз әлемнің саяси картасында пайда болып, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қорғау саясатын табанды жүргізе бастады, бұның астарында ең алдымен аумақтық бүтіндік пен егемендік жатыр. Сондықтан біз бірнеше проблеманы шешуге тиіс болдық.
Біріншіден, біздің мемлекетіміз шындығында қандай екенін көрсету.
Екіншіден, Қазақстанның халықаралық мойындалуын ғана емес, сондай-ақ оның қауіпсіздігін, аумақтық бүтіндігін қамтамасыз ету.
Үшіншіден, бейбір-шаруашылық экономикалық байланыстарға қосылу. Сол кезде біздің сыртқы саясатымыздың қалыптасуы басталады.
Қайтадан мемлекет аралық қатынастардың барлық шарттық базасын жасау керек болады. 1992 жылы 5 наурызда БҰҰ қабылданды. Осыған байланысты Бас Ассамблеяның 47-сессиясында болған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ сөйлеген сөзі анықтаушы мән алды, онда тәуелсіз Қазақстанның осы халықаралық ұйым қызметіне қатысу принциптері, оның жаңа әлемдегі ролін көруіміз мазмұндалған. Халықаралық қауіпсіздіктің негізгі кепілдіктері БҰҰ, басқа халықаралық форумдар құжаттарында әзірленген, әрі мазмұндалған және мемлекеттер арасындағы қатынастарда жалпы мойындалған болып табылады. Егеменділікті алумен, БҰҰ енумен қатар және Қазақстанның тұтас қатары жеке сыртқы саясатының, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларына, әлем экономикасына және әлемдік қауымдастыққа өз бетінше кіру проблемаларына жолықты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінде негізгі бағыттар анықталды:
1) ҚР мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайту;
2) саясатты жаңғырту, нарықтық экономиканы құру курсы;
3) қоғамдық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, онсыз даму болуы мүмкін емес;
4) азаматтық әлем, ұлтаралық келісім;
5) ТМД елдерімен және әлемдік қауымдастықпен бірігу.
Халықаралық аренаға шыға отырып, Қазақстан сапалы басқа ортаға бас қойды. Өзінің геосаяси ахуалының ерекшеліктеріне қарай Қазақстан Еуропа, сондай-ақАзия елдерімен теңдестірілген қарым-қатынастарын даму курсын жүзеге асыра отырып, көп бағыттылық саясатын ұстана бастады.
КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.
1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды.
1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.
Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) және Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді.
2001 жылғы 29 тамызда Алматыда “ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды” атты халықаралық конференция ашылды.
Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге республикаға жол ашылды. 1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым және Мәдениет, “Адам және биосфера”, “Адам табиғи ортада” т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.
ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және “Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл жәрдем көрсетуді насихаттайды.
ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы — әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.
Бүгінгі күні біздің республикамыздың халықаралық байланыстар географиясы практикалық түрде барлық континенттерді қамтиды. Біздің серіктестеріміз арасында Азияның, Еуропаның, Американың жетекші елдері бар.Латын Америкасы бағытында және Оңтүстік шығыс Азия мемлекеттерімен бірге жылжуы байқалды. Араб және тұтастай мұсылман әлемімен байланыстар жандануда. Алайда қазіргі кезде әлемде саяси және әлеуметтік күштерді жаңадан таратып қою қалыптасты. Жаңа әлемдік тәртіп бекітіледі, құндылықтар жүйесі және саяси басымдықтар өзгереді.
Жаңа заманғы жаңа белдесулерге жауап бере отырып, Тұжырымдамада ҚР сыртқы саяси қызметінің негізгі мақсаттары анықталған. «Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес басты сыртқы саяси күштер келесі негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырланады: 1) ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, ел егемендігі мен аумақтық бүтіндігін жан-жақты қамтамасыз ету; 2) бейбітшілікті, аумақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту; 3) тұрақты позицияларды қамтамасыз ету және әлемдік қауымдастықта мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру; 4) Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орталық және үйлестіруші ролі кезінде әділ және демократиялық бейбітшілік тәртіп орнату; 5) аймақтық және халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесіне одан әрі шоғырлану; 6)«Стратегия-2050» табысты жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдай жасау, халықтар өмірінің жоғары деңгейіне қол жеткізу, көп ұлтты қоғамның, құқықтық қоғамның және демократиялық институттардың бірлігін нығайту, адам құқықтары мен еркіндігін жүзеге асыру; 7) диверсификация, индустриялық-технологиялық даму және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 8) елдің әлемнің 30 ең дамыған мемлекеттері қатарына енуінің және дамуының «жасыл» жолына сатылап көшуі; 9) ұлттық-мәдени ерекшелігін сақтау және мемлекеттің одан әрі дамудағы өзіндік жолымен жүру; 10) Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, олардың шетелде жеке, отбасылық және іскерлік мүдделерін қорғау; 11) қазақ диаспорасын және шетелде қазақ тілін қолдау».
Қойылған мақсаттарға сәйкес, жаңа Тұжырымдамада Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінің негізгі принциптері анықталған. Қазақстанның сыртқы саясаты көп бағыттылық, прагматизм, өзара пайда принциптеріне, елдің ұлттық мүдделерін қатаң қорғауға негізделген. Қазақстан әлемдегі барлық мемлекеттердің теңдігі, өзара мүдделерін есепке алу және бір-бірінің ішкі істеріне араласпауы үшін, сонымен қатар халықаралық проблемалар мен жанжалдарды БҰҰ және халықаралық құқық үстіндегілердің Жарғысы негізінде бейбітшілікпен және ұжымдық шешу үшін күреседі. Қазақстанның сыртқы саясаты шет елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесудің дифференциялық және түрлі деңгейдегі тәсіл принципі қолданылатын мүдделер балансы негізінде құрылады. Берілген принципті қолдану мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:1) басымдықтар кристаллизациясы, оларға негізгі күштер мен ресурстарды шоғырландыру; 2) саяси және экономикалық мүдделерге және практикалық қайтарымға сәйкес адам және қаржы ресурстарын барабар үлестіру. Берілген тұжырымдама сыртқы саяси курс сабақтастығын сақтайды, Қазақстанның сыртқы саясатын дамытудың жаңа кезеңін прагматикалық және проактивті ретінде анықтайды. Сыртқы саясаттың прагматикалығы оның ұлттық мүдделерге айқын бағдарлануымен бейнеленеді. Проактивтілік сыртқы саясатты жоспарлаумен және жүзеге асырумен, алға кетуге бағдарланған идеялар мен инициативаларды алға жылжытумен; Қазақстан мүдделеріне жауап беретін халықаралық қатынастар мен шешімдер қабылдау үшін күн тәртібін қалыптастыруға қатысумен өрнектеледі».
Жаңа Тұжырымдамада Орталық Азияда аймақ ішілік шоғырландыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Тұжырымдамада айтылғандай: «Еуразиялық экономикалық шоғырлануды елдің бейбіт-шаруашылық байланыстары жүйесінде тұрақты позицияға жылжуының әрекетті тәсілдерінің бірі ретінде қарастыра отырып, Қазақстан Кедендік одақты және Біртұтас экономикалық кеңістікті, осының негізінде Еуразиялық экономикалық одақ құру мақсатында нығайтады. Осы процесс шеңберінде: саяси егемендіктің мызғымастығы, қабылданатын шешімдердің экономикалық негізділігі, сатылық, прагматизм және өзара пайда, барлық ықпалдасу органдарда тараптардың тең өкілеттілігі және өзара ықпалдастық әрекет деңгейлерінде консенсус сияқты негізін қалаушы принциптер сақталады».
Жаңа заманғы Қазақстан БҰҰ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Азияда өзара әрекеттесу және сенімділік шаралары бойынша Мәжіліс, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымдары, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропада қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөнінде ұйымдар, ОЦАС, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркі тілдес мемлекеттердің және басқа халықаралық ұйымдар мен форумдардың ынтымақтастық кеңесі қызметінің жауапты қатысушысы болып табылады. Қазақстандық сыртқы саясаттың айтарлықтай жетістігі ретінде ұлы державалармен – Ресеймен, Қытаймен және АҚШ-пен теңестірілген, салмақты қарым-қатынастар жасау. Қазақстан тәуелсіздіктің барлық кезеңі бойынша жеткілікті түрде тұрақты және бірізді сыртқы саясатты жүргізеді. 1990 жылдардағы көп бағытты саясат Қазақстанға көптеген мемлекеттермен дипломатиялық байланыстар орнатуға, өзін халықаралық аренада халықаралық қатынастардың өзіндік субъектісі ретінде позициялауға мүмкіндік берді.
