Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЖ 1 тапсырма 1-2.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577.01 Кб
Скачать

Қорытынды

Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны аңғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Мемлекеттің алтын валюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін алтын валюта қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқы саяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көзқарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мүмкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмкіндігі мен мемлекеттің табиғи байлықтары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан ғаламдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Райханұлы Н. Өткен жылдың қорытындысы не көрсетті? //Ақиқат.-2003-№3-41-43б.

Райханұлы Н. Экономиканың жарты жылдық қарқыны. //Ақиқат.-2004-№9-11-12б.

Райханұлы Н. Экономикалық дағдарыстан қайтсек шығамыз? // Ақиқат.-1994-№4-14-17б.

Есентүгелов А. Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай. // Ақиқат.-1996-№11-14-17б.

Елшібекова Қ. Инвестициясыз экономика өрге баспайды. //Саясат.-1998-№2-15-18б.

Шыңғыс М. Экономикадағы дүбәралық. //Жас Алаш.-2006-№12-1-2б.

Сәбден О. Инвестиция салынған негізгі салалар. // Ақиқат.-1997-№2-15б.

Құлымжанов М . Нарықтық экономиканың мәні, құрылымы және тиімді жұмыс істеудің шарты. //Агробизнесс теориясы мен тәжірибесі. А.-1997-19-21б.

Райханұлы Н. Реформаға көзқарас. (Нарықтық қатынастардың дамуы қандай?) // Ақиқат.-1997-№5-11-18б.

Құлымжанов М. Нарықтық экономика заңдары. // Ақиқат.-2003-№7-30-32б.

Сатымбекова К. Тенденции экономического развития РК в современных условиях. // Саясат.-2005-№8-4-5.

Әліқұлов К.А. Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы. // Жаршы.-2004-№2-60-62б.

Дүйсенбек Ә. Инвестиция –экономика емшісі. // Егемен Қазақстан.-1997-№8-6-7б.

Нұрмолдақызы Г. Инвестицияларды қайда жұмсаған қайырлы. // Қаржы-қаражат.-1998-№7-23б.

Нұрмолдақызы Г. Қазақстанға инвестиция қайдан құйылуда? // Егемен Қазақстан.- 1989-№1-4б.

Райханұлы Н. Нарықтық қатынастар мен ҚР-да экономиканың басты салаларында жұмсалған инвестицияның құрамы мен динамикасы. // Ақиқат.-1998-№2-33-35б.

Шыңғыс М. Инвестиция –экономика өзегі. // Жас Алаш.-1998-№4-2б.

Шыңғыс М. Қазақстан және әлемдік инвестиция. // Жас Алаш.-2002-№9-9б.

Қаженбаев С. ΧΧΙ ғ. Қазақстанның экономикалық даму модельдері. //Статистика учет и аудит.-2002-№2-30-32б.

Шалғынбаев Н. Нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы жекешелендіру. // Саясат.-2004-№8-49-51б.

Райханұлы М. Жыл қорытындысы не көрсетті? // Ақиқат.-1998-№4-30-32б.

Қазақстан цифрларда. Статистикалық жинақ. Алматы.-2003

Қазақстан цифрларда. Статистикалық жинақ. Алматы.-2005