- •7. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін статистикалық өңдеуді сипаттаңыз және оларды суреттер, кестелер түрінде көрсетіңіз.
- •8. Белгілі бір тақырып бойынша әдебиеттерді қарастырудың проблемалық мәселелерін көрсетіңіз. Халықаралық әдебиет негіздері туралы ақпарат беріңіз.
- •10. Жаңа нәтижелерді патенттеу ерекшелігі ж/е негізгі талаптар.
- •12. Ғылыми мақалалардың түрлерін көрсетіңіз, оларға сараптама жасап, кемшіліктерін қарастырңыз.
- •15. Мақаланың жариялану үрдісін талдаңыз: журналды таңдау, мақаланың дизайны ,мақаланы шолу, қорытындылау,қабылдауға жіберу.
- •17. Зерттеу тақырыбы бойынша (дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша) әдеби деректерге салыстырмалы талдау жүргізіңіз.
10. Жаңа нәтижелерді патенттеу ерекшелігі ж/е негізгі талаптар.
Патент (лат. patents – ашылым)-мемлекеттің жеке адамға (фирмаға) беретін және онын өнертабысты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат.
Өнертабысқа берілетін патент тіркеуге өтініш берілген мерзімнен бастап 20 жыл көлемінде жарамды. Өнертабыс ретінде өнімге (құрылғы, зат, микроағза штаммы, өсімдік немесе жануарлар жасушасы мәдениеті) қатысты кез-келген саладағы техникалық шешімдер, әдістер (материалдық нысанға жүргізілетін үдеріс), сонымен қатар танымал өнімді қолдану, жаңа мақсатта қолдану әдісі немесе жаңа өнімді белгілі бір мақсатта қолдану әдісі қорғалады.
Өтінімді жасау кезінде өнертабыс ҚР Патент Заңымен сипаттамасы бойынша сәйкес келуі ,өтінімді беру және оны қарастыру ,алдын ала патент беру ,өнертабысқа патент беру ,қарастыру барлық талаптарға сай болуы керек.Өнертабысқа патент алу кезінде өтінімді қабылдау , қарастыру және қорғау құжаттары заңдық негізде жүзеге асады.Ресми сараптама жүргізуге белгіленген мөлшерде ақы төленгенін, оның мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат қоса тіркеле ді немесе өтінім келіп түскен күннен бастап 2 ай ішінде тапсыруға болады.Тиісті төлем жасалған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін,бірақ ол 2 айдан аспауы тиіс.
Патент алу үшін жазылатын өтінімде мынадай құжаттар болуы керек:
-өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар,олардың тұрғылықты жері немесе орны көрсетілген қорғау құжатын беру туралы өтінім
-өнертабыстың толық,жеткілікті ашылған сипаттамасы
-өнертабыстың формуласы.Формула анық,нақты және сипаттамаға негізделуі керек
-мәнін түсіну үшін сызбалар,өзге де материалдар
-реферат
-сенімхат.
Өнертабысты патенттеу кезінде қойылатын негізгі талаптар : формуласы, жаңалығы, өнертабыстық деңгейі, қолдануға жарамдылығы.
Өнертабыстың формуласын тексеруде барлық белгілердің болуы қарасытрылады.
Қолдануға жарамдылығы. Өтінім материалдарында өнертабыс объектісі өнеркәсіптің қай салада қолдануға болатындығы туралы анық жазылуы тиіс. Өнертабыстың қолдану аясын тексеру барысында да нақтыланады. Сонымен қатар, өнертабысты қолдану көрсетілген салаларда мүмкін екендігі тексеріледі.
Жаңалыққа тексеру. Сараптама объектінің жаңалыққа тексерілуі кезінде кітап, журнал, техникалық құжаттамада, баптарда, диссертация материалдары мен монография сынды кез келген ақпарат көздерінде көрініс табуын яғни қол жетімді екендігін есепке алады.
Өнертабыстық деңгейді тексеру. Өнертабыстың техника деңгейі жақсы белгілерге сай екендігі туралы шешім шықпаса немесе олар әлі жарияланбаса, мәлімет иеленуші мамандарға жібереді.
11. Журналдың импакт-факторы туралы тұжырымдамасын, есептеу әдістемесін және дәйексөз туралы қарастырыңыз. Бүгінгі таңда ғалым өзі және ғылыми зерттеулері жайлы жария ету үшін олардың нәтижелерін нөлдік емес импакт-факторлы ғылыми журналдарда жариялауы қажет. Импакт-фактор - ғылыми журналдың маңыздылығының сандық көрсеткіші. Дүниежүзілік деңгейде журналдардың импакт-факторын есептеумен Томсон Рейтерс (Thomson Reuters) америкалық компаниясы айналысады. Томсон Рейтерстың деректер қорында бүкіл әлемге танымал беделді басылымдар тіркелген.
Импакт-фактордың есептелуі үшжылдық периодта негіздеоген. Мысалы, 2014 жылы импакт-фактордың журнанлында I2014 келесі жолмен есептелінген: I2014=A/B, мұндағы А 2014 жыл кезіндегі 2012-2013 жылдар аралығында ғылыми ақпарат институты қадағалайтын журналда басылған сілтемелер саны; В осы журналда 2012-2013 жылдар аралығында журналда басылатын статьялар саны.
Есептеуде бірнеше кемшіліктер бар: ғылым ақпарат институты кейбір статьялардың типін есептеуден алып тастайды (хат, хабарлама, және т.б.) және жаңа журналдар үшін импакт-фактор кейде екіжылдық период үшін есептеледі.
Импакт-фактордың артықшылықтарына тоқталатын болсақ:
• Ғылыми әдебиеттерінің кең алынуы-8400 журналда 60 мемлекеттерден индекстелінеді;
• Нәтижелер қолжетімді және қоғамдық;
• Түсіністікте және қолданыста қарапайым;
• Жоғары ИФменм журналдар негізінде өте қатал рецензирование жүйесі болады.
Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады. Дәйек сөз, негізінен, баспасөз материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.
Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады.
