- •22)Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми зерттеудің жаңалығын көрсетіңіз:
- •24) Ғылыми зерттеу нәтижелерінің жаңалығын атап көрсетіңіз. Қорғау құжатарының тақырыбын алу мүмкіндіктерін қарастырыңыз:
- •50О с температурада алғаш рет h3 bo3 –NaCh3ch2 coo-h2o үштік жүйесінің изотермиялық ерігіштігінің физика-химиялық заңдылықтары және натрий борaттaрын синтeздeудiң тиiмдi шaрттaры aнықтaлды.
- •25) Зерттеудің физика-химиялық әдістеріне талдау жасаңыз. Химиялық қосылыстардың құрамы, құрылымы туралы ақпарат алу мүмкіндігін қарастырыңыз:
- •26) Дипломдық жұмыс мысалында ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша реферат жазыңыз, кілт сөздерді көрсетіңіз:
- •27) Ғылыми мақаланың құрылымын қарастырып, дипломдық жқмысыңызға реферат жазыңыз:
- •28) Әдеби шолуға арналаған тараудың құрылымын қарастырып, дипломдық мысалында қорытынды жазыңыз:
- •29) Зерттеу әдістеріне арналған тараудың құрылымын қарастырып, дипломдық жұмыс үлгісінде қорытынды жазыңыз:
- •30) Дипломдық жұмыс құрылымын қарастырып, қорытынды жасаңыз. Әдебиеттер тізімін жасауға қойылатын талаптарды қарастырып, мысалдар келтіріңіз:
27) Ғылыми мақаланың құрылымын қарастырып, дипломдық жқмысыңызға реферат жазыңыз:
Жұмыс құрылымы: Дипломдық жұмыс 52 беттен, үш бөлімнен, 5 кестеден, 6 суреттен, 45 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кілт сөздері: БОР, БОРАТТАР, ЛИТИЙ ПЕНТАБОРАТЫ, ИЗОТЕРМИЯЛЫҚ ЕРІГІШТІК,КРИСТАЛДАНУ АЙМАҒЫ.
Зерттеу нысаны: H3BO3–NaCH3CH2COO-H2O үштік жүйесі.
Жұмыстың жаңашылдығы: 50oС температурада алғаш рет H3BO3-NaCH3CH2COO-H2O үштік жүйесінің изотермиялық ерігіштігінің физика-химиялық заңдылықтары және литий борaттaрын синтeздeудiң тиiмдi шaрттaры aнықтaлды.
Зерттеу әдістемесі: ИҚ-спектроскопия, РФА.
Практикалық құндылығы: Халық шаруашылығында маңызы жоғары бор қосылыстарын, соның ішінде таза бораттарды синтездеудің технологиялық үдерісін жеделдететін әдістің физика- химиялық шарттарын анықтау және бор шикізаттарының қорын кеңейтудің тиімді жолдарын қарастыру жолдарын ұсынады.
28) Әдеби шолуға арналаған тараудың құрылымын қарастырып, дипломдық мысалында қорытынды жазыңыз:
Қазақстан бор шикізатының қомақты қорына ие бола тұра, саудалық бор өнімдерін өндірмейді.
Сондықтан қазіргі таңда Қазақстанда бор қосылыстары өндірісінің индустриясын құру, ел экономикасын көтерудің басты бағыттарының бірі болып табылады. Бұл, ең алдымен, бордың стратегиялық өнімге жатататындығына байланысты, өйткені ол ядроолық технологияда нейтрондарды жұтқыш ретінде кең түрде қолданылады.
Бор және оның қосылыстарының стратегиялық маңызы бар. Бор қосылыстарын нейтронды сәулелерден қорғайтын материалдар жасау мақсатында қолданылады. Бор қосылыстарын заманауи техника мен жаңа өндірістің әр түрлі салаларында қолдану бор қосылыстары өндірісінің дамуына жетелейді. Осыған орай халық шаруашылығында маңызы жоғары бор қосылыстарын синтездеудің жаңа әдістерін дамыту және бор шикізаттарының қорын кеңейтудің тиімді жолдарын қарастыру Н3BО3 – Na CH3CH2COO – H2O үштік жүйесіндегі фаза түзілуді зерттеу арқылы жүзеге асырылды.
29) Зерттеу әдістеріне арналған тараудың құрылымын қарастырып, дипломдық жұмыс үлгісінде қорытынды жазыңыз:
Бүгінгі күннен –күнге бор өнімдеріне сұраныс артып жатқандықтан практикалық маңызды бораттардың синтезінің жаңа технолгияларын жасауға кешініді зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.Осыған орай бұл зерттеу жұмысында:
1) Зерттелген жүйеде қатты фаза ретінде NaB5O8.5H2O құрамды натрий пентабораты түзілетіні анықталды,алынған мәліметтер ИҚ спектроскопия және ренгенфазалы әдіспен дәлелденді
2)Натрий пентаборатын алудың оптималды жағдайлары t=60 мин, pH=5,16-5,34 орнатылады
3)Натрий пентаборатын синтездеудің сызбасы келтірілді.
30) Дипломдық жұмыс құрылымын қарастырып, қорытынды жасаңыз. Әдебиеттер тізімін жасауға қойылатын талаптарды қарастырып, мысалдар келтіріңіз:
Қазіргі уақытта күннен- күнге бор өнімдеріне сұраныс артып жатқандықтан практикалық маңызы жоғары бораттардың синтезінің жаңа технологияларын жасауға көңіл бөлу керек. Сондықтан еліміздегі бор шикізатын жедел синтездеуге кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Осыған орай, бұл зерттеу жұмысында:
- Алғаш рет NaCH3CH2COO-H3BO3-H2O жүйесіндегі компоненттердің 50oС температурадағы ерігіштігі мен физикалық қасиеттері зерттелді.
- Зерттелген жүйеде қатты фаза ретінде натрий бораты түзілетіні анықталды. Алынған мәліметтер ИҚ-спектроскопия және рентгенфазалы анализ әдісімен дәлелденді.
Бұл ғылыми- зерттеу жұмыстың құндылығы халық шаруашылығында маңызды болып табылатын аса таза бораттарды алудың технологиялық процестерін жеделдететін әдістің физика- химиялық шарттарын анықтаудың жолдарын ұсынады.
Диплом жұмысының құрылымы қатаң нысанда және стандартты болмауы керек. Ол көбінесе мәтінге, күрделілік дәрежесіне және тәжірибелік мәніне,жалпы баяндалу логикасына, сонымен бірге қойылған міндеттерге байланысты болады. Диплом жұмысының құрылымы, ереже бойынша, кіріспені, үш бөлімді (теориялық, аналитикалық және конструктивті), қосымшаны және қолданылған әдебиеттер тізімін өзіне қосады, сонымен қатар, жұмысты презентациялау кезінде қолданылатын суреттеуді сипаттаудан тұрады (кескіндеуді). Диплом жұмысын ғылыми стильмен баяндау қажет. Ғылыми сөз стильі- өзгешеліксіз монолог, баяндау үшінші тұлғаның атынан жүргізіледі, авторлық «мен» қолданылмайды. Диплом жұмысындағы қабылданған шешімдер, дәлдік және барлық мәлметтердің объективтілігі үшін жауапкершілікті студент- диплом жұмысының авторы өз мойнына алады.. Дипломдық жұмыстың (жобаның) көлемі жаратылыстану және техникалық бағыттағы мамандықтар үшін 40-60 беттен, әлеуметтану-гуманитарлы бағыттағы мамандықтар үшін 50-70 беттен тұруы тиіс. Гуманитарлы бағыттағы мамандықтар үшін дипломдық жұмыс көлемі 100 бетке дейін жетуі мүмкін. Қосымшалар дипломдық жұмыстың (жобаның) көрсетілген көлеміне кірмейді. 1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері: - мұқаба; - титул парағы; - реферат; - мазмұны; - кіріспе; - негізгі бөлім; - қорытынды; - пайдаланылған әдебиеттер тізімі; - қосымшалар.
2. Мұқабада - дипломдық жұмыс (жоба) орындалған ұйымның аталуы; - студенттің аты-жөні; - дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы; - жұмыс түрі – дипломдық жұмыс (жоба); - мамандықтың аты мен шифры; - қаласы, жылы келтіріледі
3. Титул парағы дипломдық жұмыстың (жобаның) бірінші беті және жұмысты іздеп өңдеуге қажет мәліметтің көзі болып табылады. Титул парағында - дипломдық жұмыс (жоба) орындалған ұйым; - дипломдық жұмыс (жоба) орындалған кафедра; -шектейтін гриф (қажет жағдайда); - кафедра меңгерушісінің бекіту қолы; - жұмыс түрі- дипломдық жұмыс (жоба); - «Тақырыбы:»-деп көрсетілген дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы; - мамандықтың аты мен шифры; - сол жағында «Орындаған» сөзі мен қарама-қарсы оң жағында студенттің аты-жөні; - бір жол төмен – «Ғылыми жетекші» сөзі мен жетекшінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы; - қаласы, жылы көрсетіледі. Мұқаба мен титул парағын рәсімдеу мысалдары сәйкесінше 1-ші, 2-ші қосымшаларда көрсетілген.
4. Казақ, орыс және ағы,шын тілдеріндегі рефераттарда: - жұмыстың көлемі, иллюстарциялардың, кестелердің, пайдаланылған мәлімет көздерінің саны туралы ақпарат; - жұмыстың мазмұнын сипаттайтын кілт сөздердің тізімі, - жұмыстың мақсаты мен міндеттері, қолданылған әдістері мен қондырғылары, алынған нәтижелер мен олардың практикалық пайдаланылуы көрсетіледі. Реферат көлемі 1000 таңбадан аспауы тиіс.
5. Дипломдық жұмыстыңжобаның) мазмұнында кіріспе, барлық тараулар мен
бөлімдердіңрет сандары мен атаулары, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың аталуы және дипломдық жұмыстың (жобаның) осы элементтеріне қатысты беттердің саны көрсетіледі.
6. Кіріспеде дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының негіздемесі, қарастырылып отырған ғылыми мәселенің қазіргі таңдағы жағдайының талдауы, сонымен қатар дипломдық зерттеудің мақсаты, міндеттері және нысандары, теориялық және әдістемелік негізі мен практикалық базасы көрсетілуі тиіс.
7. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың маңызын, мазмұнын, әдістемесінжәне негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер келтіріледі. Дипломдық жұмыстың (жобаның)негізгі бөлімі, әдетте, тарауларға, бөлімдерге, параграфтарға бөлінеді.
8. Қорытынды бөлімде дипломдық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылары жасалып, қойылған міндеттердің орындалу дәрежесі анықталады және зерттеу нысаны бойынша нақты ұсыныстарберіледі.
9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделеді.
10. Қосымшаға негізгі бөлімде көрсетілмеген дипломдық зерттеуге қатысты материалдар кіреді.
11.Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) мәліметтердің дәлдігі мен шынайылығына дипломдық жұмыстың (жобаның) авторы – студент жауапты.
