Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қан қысымы адамның түгел денесін жүрек соғысы арқылы қанмен қамтамасыз ету үшін қажетті құбылыс.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.47 Кб
Скачать

Геморрагиялық инсульт

Мидағы кенеттен қан кетуі геморрагиялық инсультті туындатады. Қан құйылуы нәтижесінде мидың ісінуі пайда болады және бассүйек ішілік қысым артады. Ісіну және бассүйек ішілік қысым мидың жасушаларын және тіндерін зақымдайды.

Геморрагиялық инсульт жоғары артериалдық қысымның, аневризманың және артериялық-веналық мальформациялардың (АВМ) салдарынан пайда болуы мүмкін.

"Артериалдық қысым " – бұл жүрек қанды айдайтын кезде қанның артериялардың қабырғасына түсіретін күші. Егер артериалдық қысым артатын болса, және ұзақ уақыт бойы жоғары болып қалса, бұл организмдегі түрлі бұзылыстарға апарады.

Аневризма – бұл артерияның қабырғасының шар тәрізді дөңестігі, ол созылуы және жарылуы мүмкін. АВМ – бұл зақымданған артериялар мен веналардың өрімі, ол да мида жарылуы мүмкін. Жоғары артериалдық қысым аневризмасы немесе АВМ бар адамдарда геморрагиялық инсульт пайда болу қаупін арттырады.

 

Инсульт пайда болу қаупіне кім ұшырайды?

Организмнің кейбір ерекшеліктері, аурулар, дағдылар инсульттің немесе транзиторлық ишемиялық шабуылдың пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Оларды қауіп факторлары атайды.

Қауіп факторлары көп болған сайын, инсульттің пайда болу қаупі де жоғары. Жоғары артериалдық қысым және темекі шегу секлді қауіп факторларын емдеуге немесе бақылауға болады. Жас пен жыныс секілді басқа қауіп факторлары бақылауға келмейді.

Инсульттің пайда болуының негізгі факторлары:

  • Жоғары  артериалдық қысым. Жоғары  артериалдық қысым – инсульттің дамуының негізгі қауіп факторы. Артериалдық қысым жоғары саналады, егер ұзақ уақыт бойы 140/90 мм.сын.бағ.деңгейінде немесе одан асатын болса. Егер қант диабеті болса немесе бүйректің созылмалы ауруы болса, 130/80 мм.сын.бағ. және одан асатын деңгей жоғары саналады. (мм.сын.бағ. - миллиметр сынап бағаны - артериалдық қысымды өлшеуде қолданылатын бірлік).

  • Темекі шегу. Темекі шегу қантамырларын зақымдауға және артериалдық қысымды арттыруға қабілетті. Темекі шегу нәтижесінде оттегінің қажетті көлемін организмнің барлық тіндеріне жеткізу төмендейді. Пассивті темекі шегу де қантамырларын зақымдауы мүмкін.

  • Диабет. Диабет организмнің инсулинді сіңіруінің бұзылысында немесе жеткіліксіз өндірілуінің салдарынан қандағы қанттың жоғары деңгейімен сипатталатын ауру. Инсулин – қантты организмнің жасушаларына жеткізуді қамтамасыз ететін гормон, жасушаларда энергия алу үшін қолданылады.

  • Жүрек аурулары. Жүректің ишемиялық ауруы (коронарлық артериялардың ауруы), кардиомиопатия, жүректің жеткіліксіздігі және жүрекшенің фибрилляциясы да тромбының түзілуіне ықпал етеді, тромбылар инсультке апаруы мүмкін.

  • Мидың аневризмалары немесе артериялық-веналық мальформациялар (АВМ). Аневризма – бұл артерияның қабырғасының шар тәрізді дөңестігі, ол созылуы және жарылуы мүмкін. АВМ – бұл зақымданған артериялар мен веналардың өрімі, ол да мида жарылуы мүмкін. АВМ туғаннан болуы мүмкін, бірақ, көбінесе, олар жарылғанға дейін анықталмайды.

  • Жасы және жынысы. Инсульттің пайда болу қаупі жас ұлғайған сайын артады. Жас кезде инсульт әйелдерге қарағанда ерлерде жиі кездеседі. Бірақ, инсульттен әйелдер өлім-жітімге жиі ұшырайды. Ұрықтануға қарсы таблеткаларды қабылдаған әйелдерде инсульттің пайда болу қаупі біршама жоғары .

  • Инсультке немесе ТИШ шалдығудың жеке немесе отбасылық тарихы. Егер сізде инсульт болса, оның қайталану қаупі өте жоғары. ТИШ кезінде, аурудың отбасылық тарихы болуында инсульттің пайда болу қаупі жоғары.

Инсульттің пайда болуының басқа да қауіп факторлары бар, олардың көпшілігін бақылауға алуға болады:

  • Алкоголь және наркотик тұтыну, кокаин, амфетамин және басқасын қоса.

  • Қандағы зиянды холестериннің жоғары деңгейі

  • Дене белсенділігінің болмауы

  • Дұрыс тамақтанбау

  • Семіздік

  • Күйзеліс және депрессия

  • Васкулит (қантамырларының қабынуы) және қанның ұюының бұзылысы секілді кейбір аурулар

 

Салауатты өмір салтын ұстану инсульттің қаупін азайтуы мүмкін. Кейбір адамдарға инсульттің пайда болу қаупін азайту үшін дәрілік препараттарды қабылдау қажет.

Кейде инсульт қандай да бір белгілі қауіп факторларынсыз да пайда болуы мүмкін.