Қан қысымы адамның түгел денесін жүрек соғысы арқылы қанмен қамтамасыз ету үшін қажетті құбылыс. Ол қан тамырлары арқылы өтетін қанның қысым деңгейін немесе күшін және жүрек соғысын сипаттайды.
Қан айналымы арқылы дененің әрбір бұрышына оттегі мен ұлпалардың қоректенуіне қажетті нәрлі заттар жеткізілп тұрады. Қан қысымын өлшеуге қолданылатын екі көрсеткіш бар. Систолалық қысым – бірінші (және жоғарғы) көрсеткіш - ол жүректің соғуы кезінде тамыр арқылы өтетін қанның мөлшерін және оның тамыр қабырғаларына тигізетін қысымын көрсетеді. Диастолалық қысым – екінші (төменгі) көрсеткіш – бұл жүректің соғу арасындағы тынығу кезіндегі қалдық қысым деңгейін көрсетеді.
Қан қысымы сынап бағанасы бірлігінде өлшенеді (сынап бағанасы мм). Нормада қан қысымы 120/80 сынап бағанасының мм тең болады (систолалық қысым 120, ал диастолалық қысым 80 тең). Қан қысымын өлшеу үшін манометрі бар үрлемелі манжетпен жабдықталған құрал қолданылады. Жүрек соққылары дыбысының басталу және аяқталу көрсеткіштері фонендоскоптың көмегімен анықталады да, манометрде систолалық және диастолалық қысымның көрсеткіштері ретінде бағаланады. Қазіргі кезде қолданысқа кеңінен электрондық құралдар ене бастады. Олар цифрлық экранда систолалық және диастолалық қысым мен бірге жүрек соғу жиілігін де көрсете алады дәне бұқара халықтың қолдануына ыңғайлы болып табылады.
Жоғарыда келтірілген 120/80 көрсеткіштерінен жоғары мәндер жоғары қан қысымы (немесе жоғары артериылық қысымы, я артериялық гипертония) деп бағаланады. Жоғары қан қысымы шамамен үш ересектің бірінде қысым кездеседі және жас ұлғайған сайын жиілене және үдейе түседі.
Жоғары қан қысымы төменде келтірілген бірнеше өте қауіпті жағдайлар мен ауруларға алып келе алады. ►Ол жүрек ауруын, миокард инфарктын, жүректің әлсіздігін туғызады (кенеттен және мезгілден бұрын қайтыс болу қауіпі); ► Ол инсульттың себебі бола алады (адамның миына қан құйылып, паралич алу қаупі бар); ► Бүйрек жетіспеушіліге алып келе алады да, өмірге қауіп тудырады; ► Соқырлықты қоздыра алады; ► Семіздікпен қосақтасқанда қант диабетінің ағымын үдете алады;
Жоғары қан қысымының қауіптілігі оның симптомсыз болуына да байланысты (ешқандай мазаңызды алатын жағдайлардың болмауы, сондықтан байқаусыз өрбуі). Сондықтан ересек адамдар үшін (40-50 жастан жоғары) қан қысымын жүйелі түрде өлшеп тұру өте маңызды болып табылады. Жоғары қан қысымы келесі жағдайларда бар болып табылады: екі рет немесе одан да жиі тексеру кезінде систолалық қысым 140-қа тең және осы көрсеткіштен де жоғары болса, ал диастолалық қысым 90-ға тең және одан да жоғары болған жағдайда.
Жоғары қан қысымына қауіпті топқа жату ықтималдығын бағалау үшін келесі жағдайларды есепке алыңыз:
Жас шамасы (әсіресе 50-ден асқан еркектер мен 55-тен асқан әйелдерге байланысты);
Артық дене салмағы және семіздік (дене массасы индексі 30 кг/м2 жоғары);
Шылым шегу;
Ішімдіктерді артық ішу;
Жеткіліксіз дене жаттығу;
Тұз бен қатты майлар деңгейі жоғары тағамдарды тұтыну;
Тұқымында жоғары қан қысымы, жүрек аурулары мен диабет жиі кездесетін адамдар;
Жоғары стресстерді кездестіру.
Бұлардан өзге де қауіп факторлары туралы өзіңіздің дәрегеріңізден анықтауға болады.
Қан қысымының жоғарылауының алдын алу алу үшін келесі әрекеттерді қолданыңыз:
Қан қысымыңызды үнемі тексертіп немесе өзіңіз тексеріп тұрыңыз;
Артық дене салмағынан айырылыңыз, семіздікке жол бермеңіз;
Жүйелі түрде дене жаттығу жасау етуді әдет етіңіз;
Тұзды және қатты майлар деңгейі жоғары тағамдарды шектеңіз, көбірек жемістер, көкөністер, тұтас дәнді азықтар мен майлы емес сүт өнімдерін қолданыңыз;
Ішімдікті аз ішіңіз және шылым шекпеңіз;
Егерде ата-анаңызда және жақын туыстарыңызда жоғары қан қысымы, жүрек ауруы тарихы болса, дәрігердің кеңесіне жүгініңіз де, жүйелі түрде тексерілерден өтіп тұрыңыз (қан липидтері анализдары, атеросклерозға тексерулер, және т.б.с. әрекеттер);
Дәрігеріңізбен ақылдасып, жоғары қан қысымы анықталған кезден бастап дәрі-дәрмектер қолданыңыз – қан қысымын бақылау арқылы жоғарыда келтірілген ауруладың өрбуін тоқтатуға болады.
Жоғары қан қысымын емдеу және жағдайды тұрақтандыру (140/90 көрсеткішінен төмен ұстау) жоғарыда келтірілген асқынулардың алдын алуға өте маңызды болып табылады және қазіргі кездегі медицина көмегімен (салауатты өмір салтын сақтаумен бірге) әбден мүмкін. Дәрігеріңізбен ақылдасып, тиісті дәре-дәрмектерді жүйелі түрде қабылдаған өте маңызды. Ондай дәрі-дәрмектерді үзбей қабылдау және өқта-текте ауыстырып тұру қажет болуы ықтимал. Ондай шарттардың бәрін өз дәрігеріңізбен бірге анықтап, орындап тұру абзал.
Есіңізде болсын, жоғары қан қысымының алдын алу және қауіпін төмендету шаралары өз қолыңызда, уақтылы әрекет жасау өте маңызды және сіздің өміріңіздің ұзақтығы мен жоғары сапасының кепілі.Инсульттің түрлері
Ишемиялық инсульт
Ишемиялық инсульт миға оттегіге қаныққан қанды жеткізетін артерияның бітелуінде пайда болады. Бітелу ишемиялық инсульттің де себебі - тромбы салдарынан болады.
Ишемиялық инсульттің екі түрі бар: тромболиялық және эмболиялық. Тромболиялық инсультте қан ұйындысы (тромб) миға қан жеткізетін артерияда түзіледі.
Эмболиялық инсультте қан ұйындысы немесе басқа заттек (мысалы түйіндақ немесе май материалы) қан ағымымен мидың артериясына түседі. (қан ағымымен қозғалатын тромб немесе түйіндақтың бөлікшесі эмбол аталады).
Инсульттің екі түрінде де тромб немесе түйіндақ оттегімен қаныққан қанның миға баруын тежейді.
Геморрагиялық инсульт
Геморрагиялық инсульт артерияның жарылуында және миға қан құйылуында пайда болады. Аққан қан жағынан қысым мидың жасушаларын зақымдайды.
Геморрагиялық инсульттің екі түрі болады: ми ішілік және субарахноидалдық.
Ми ішілік түрінде қантамырының жарылуы және қан құйылуы мидың өзінде болады.
Субарахноидалдық түрінде қантамырының жарылуы және қан құйылуы мидың бетінде болады. Бұл кезде қан құйылуы мидың ішкі және ортаңғы қабығының арасында болады.
Екі түрінде де қан құйылуы салдарынан мидың ісінуі және бассүйек ішілік қысымның артуы пайда болады. Ісіну және қысым мидағы жасушалар мен тіндерді зақымдайды.
Инсульт ненің салдарынан болады?
Ишемиялық инсульт және транзиторлық ишемиялық шабуыл
Ишемиялық инсульт және транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) миға оттегімен қаныққан қанды жеткізетін артерияның бітелуінде пайда болады. Ишемиялық инсульт және транзиторлық ишемиялық шабуылдың пайда болу қаупі көптеген ауруларда артады.
Мысалы, атеросклероз кезінде түйіндақ аталатын майлы заттектер артериялардың ішкі қабырғасында жинақталады. Біртіндеп түйіндақ қатаяды және артерияның саңылауын тарылтады, бұл кезде тіндер мен ағзаларға (мысалы, миға және жүрекке) қан баруы шектеледі.
Артериядағы түйіндақ жарылуы мүмкін. Тромбоциттер түйіндақтың зақымданған жерінде жинақталады және тромб түзіп, жабысады. Бұл тромбылар артерияны ішінара немесе толығымен бітеуі мүмкін.
Түйіндақтар организмнің кез келген артериясында түзілуі мүмкін, оның ішінде, жүректің, мидың және мойынның артерияларында.
Мойынның екі жағындағы екі негізгі артериялар ұйқы артериясы аталады. Бұл артериялар оттегіге қаныққан қанды миға, бетке, шаш түбіне және мойынға жеткізеді.
Түйіндақтар ұйқы артериясында жинақталғанда ұйқы артериясының ауруы аталатын жағдай пайда болады. Ұйқы артериясының ауруы көптеген ишемиялық инсульттің және ТИШ себебі болады.
Артерияның қабырғасынан тромбы немесе түйіндақтың бөлігі ажырағанда эмболиялық инсульт (ишемиялық инсульттің түрі) немесе ТИШ дамуы мүмкін.
Тромб немесе түйіндақ қан ағымымен қозғалып, мидың артериясының бірінде тұрып қалуы мүмкін. Бұл артериядағы қан ағымының тоқтауын және мидың жасушаларының зақымдануын туындатады.
Жүрек және қан аурулары да тромбының және инсульттің немесе ТИШ пайда болуының себебі болуы мүмкін. Мысалы, жүрекшенің фибрилляциясы (ЖФ) эмболиялық инсульттің жиі себебі.
ЖФ кезінде жүректің жоғарғы камералары тым тез және ұдайы емес ырғақпен жиырылады. Нәтижесінде, қанның аз көлемі жүректе қалады. Қан іркілуінде жүректің камераларында тромбы түзілуінің қаупі артады.
Ишемиялық инсульт және ТИШ артериялардың атеросклерозбен зақымдануы салдарынан дамуы мүмкін. Бұл зақымданулар шағын артерияларда кездеседі және қанның миға баруын тежейді.
