- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Тақырыбы: Жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы оқытушының шеберлігі
- •1.Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
- •2.Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
- •3.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарыи ұйымдастыру әдістері мен формалары жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы оқытушының шеберлігі.
- •1.Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
- •2.Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
- •3.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарыи ұйымдастыру әдістері мен формалары
- •Әдебиеттер:
3.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарыи ұйымдастыру әдістері мен формалары
Студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстары формасын әдістемелік мақсатта шартты түрде екі категорияға бөлуге болады.
- Оқу процесіне ендірілген СҒЗЖ формалары;
- Сабақтан тыс уақытта орындалатын СҒЗЖ формалары.
Оқу процесі рамкасындағы оқу жоспарына ендірілген СҒЗЖ -ң негізгі жұмыс істеп жүрген формасы оқу-зерттеу жұмысы болып табылады.
Бұлар:
- куртстық және дипломдық жұмыстарда ғылыми-зерттеу сипатындағы тапсырмаларды орындау;
- лабораториялық жұмыстар барысында зерттеу элементтері бар сипаттағы тапсырмаларды ендіру;
- педагогикалық практика барысында СҒЗЖ жасау;
- берілген тақырьшта ғылыми рефераттар дайындау;
- оқу-ғылыми семинарлар және тақырыптық оқу конференцияларын ұйымдастыру;
- шығармашылық ізденіс элементтері бар тапсырмалар, баяндамалар дайындау болып табылады.
Сабақтан тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар формалары:
- Студенттік ғылыми үйірмелердегі жұмыстар;
- Шаруашылық-келісімдік, мемлекеттік-бюджеттік, өндіріс орындары мен келісім -шарт жөніндегі жұмыстар.
- Студенттік конструктор барысындағы (СКБ) жұмыстар.
- Техника, ғылым және мәдениет бойынша білімдерді таратудағы лекторлық оқулар.
- Мектептердегі піефтік жұмыстар.
Студенттердіғі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қорытығідылауда маңызды орынды көпшілік-ұйымдық іс шаралары алады.
Олар:
- студенттердің ғылыми жұмыстары конкурсы;
- студенттердің ғылыми конференциялары;
- студенттердің ғылыми-шығармашылық жұмыстары көрмесі;
- әр түрлі пәндер бағытыидағы олимпиадалар;
- СҒЗЖ жұмыстарының ең жақсы ұйымдастырылған (конференция) кафедраларының конкурсы.
СҒЗЖ кешенді жүйе ретінде талаптары мен негізгі принциптерінен ұйымдастыру жоспары екі бөлімнен тұрғаны жөн, яғни жалпы университеттік масштабта, екіншісі - оқу конкурстары бойынша.
Бірінші және екінші курстардағы жұмыстар мақсаты мен мазмұны студенттерге ғылыми жұмыстарды орындауға қажетті біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасау негіздеріне үйрету, шығармашылақ ойлауын дамыту.
Үшінші курста арнайы дайындықтар барысында, өз беттерінше зерттеу және шығармашылық сипаттағы тапсырмалар орындау да, арнайы зерттеу дағдыларының қалыптасуы, зерттеу әдістері технологиясы, зерттеуге қажетті құралдарды меңгеру және алынған нәтижелерді өңдеуді үйретеді.
Төртінші (және бесінші) курста қалыптасқан білім, біліктіліктер мен дағдылардың жетілдіру, нақты мәселелерді шешуде шығармашылық бағыт ұстану өз бетінше шешім қабылдау алған білімдерін практикалық мақсатта пайдалану орын алады. Жоғарыдағылар тек студенттердің ұзақ уақыт аралығында әзбетінше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жеке орындалатын тапсырмалар мегізінде жүргізгенде ғана орындалады.
СҒЗЖ кешенді жоспары жасалғаннан кейін осы жоспар негізінде факультетте және кафедраларда олардың ерекшеліктеріне байланысты ғылыми -зерттеу жоспарлары жасалыну тиіс.
ЖОО тәрбие жұмысындағы негiзгi мiндетi – студенттің жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл мiндеттi орындау, әдетте студенттер ұжымын қалыптастырудан басталады. Студенттер ұжымы – студенттердің жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бiрлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бiрлестiгi. Студенттер ұжымына тән қасиет: мақсаттылығы, ауызбiршiлiгi, белсендiлiгi, iскерлiгi, жауапкершiлiгi.
ЖОО студенттердің өзара дұрыс қарым-қатынасы тұрақты көңiл-күйдi, бiр-бiрiне сенiм мен сыйластықты қалыптастырады. Дұрыс қарым-қатынаста ғана адамның өзiн-өзi дамуына мүмкiндiк туады. Ол үшiн адамға қолайлы жағдай негiзiнен студенттердің жолдастары арасында, өзара достық қарым-қатынаста мүмкiн болады. Осындай қарым-қатынастағы балалар тобын студенттер ұжымы деп атауға болады.
Педагогика ғылымында балаларды ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу идеясы 1920-1930 жылдардан бастау алып, бүгiнгi күнi ол толық зерттелiп, мектеп тәжiрибесiнде жүзеге асып отыр. Қазiргi қоғамдағы реформалау, нарық жағдайында бұл идея жиi-жиi сынға ұшырап жүр. Ондағы негiзгi себеп, ұжымдық қатынас тұлғалық ерекшелiктi басады, оның пiкiрiн көпшiлiктiң пiкiрiне бағындырады. Соның негiзiнде тұлғаның белсендiлiгi азайып, ұжымға жалтақтау, яғни, конформизмнiң тууына ықпал етедi. Демократиялық, жариялылық, тұлға дамуындағы еркiндiк идеяларымен үйлеспейдi деген көзқарасты дәлелдейдi. Мұндай көзқарас кейбiр мектептердегi мұғалiмдердiң авторитарлық әрекетiнен туындайды. Себебi, 80-жылдардың орта кезеңiне дейiн мұғалiмдер оқушылардың нақты өмiр жағдайына қатысты қызығушылығын, талап-тiлектерiн ескермей, бiржақты қатаң жүйемен оқу-тәрбие үрдiсiнде ұйымдастырып келдi. Бүгiнде жағдай бөлек. Көптеген мұғалiмдер педагогикалық әрекеттегi тұлғалық-бағдарлық көзқарасқа сай сыныптың көңiл-күйi мен психологиялық жағдайын жақсартуға көңiл бөле бастады. Олай болса, нағыз оқушылар ұжымын қалыптастыруды нәтижелi ұйымдастыру, мұғалiмдермен өзара әрекеттесуiнде ынтымақтастық сипат орын алған жағдайда ғана өз жемiсiн берерi анық.
Жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек және өзара жауапкершiлiк, бiр-бiрiне тiлектестiк, адал ниеттiлiк, сын мен өзара сын орнығады. Сонымен қатар еңбекке, қоғамдық пайдалы жұмыстарға, жолдастарына, тiптi, өзiнiң мiндетiне жауапкершiлiгi мұқият қалыптасады. Татулық пен достығы жарасқан ұжымда өзара қарым-қатынас жеке бастың мүддесiн қоғамдық мүддеге бағындырумен анықталады. Мұндай көзқарас белгiлi бiр әлеуметтiк, объективтiк және субъективтiк құбылыстарға, ұжымның әрбiр мүшесiнiң айқын да сенiмдi қатынасының қалыптасуына оң ықпалын тигiзедi.
ЖОО ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым- топ ұжымы соның негiзiнде студенттің негiзгi оқу әрекетi жүзеге асады. Тек топ ұжымында ғана студенттер арасында өзара байланыс және қарым-қатынастың алғы шарттары пайда болып, берiк қалыптасады. Соның шеңберiнде жалпы ЖОО ұжымының iргесi қаланады. Куратор студенттер ұжымын құруда, олардың сапалы бiлiм алуы мен саналы тәртiбiн қамтамасыз етедi. Саналы тәртiп болмаған жерде сапалы бiлiм де болмайды. Саналы тәртiп – мақсатты тәртiп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртiпке тән сипат - өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесiн ұжым мүддесiне бағындыра бiлу.
Куратордың шеберлiгi дегенiмiз – студенттер ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық уске ұйытқы бола бiлу. Әрi оны ұйымдастырудағы бiлiмi мен қабiлетi. Топ белсендiлерi неғұрлым күштi болса, куратордың тәрбие жұмысын ұйымдастыруға соғұрлым жеңiл болады. Студенттер ынтымағы жарасқан iскер ұжымын ұйымдастыруда, олардың жоғары адамгершiлiк қасиеттерiн қалыптастыру қажет. Ол үшiн оларды ұстамдылыққа, сенiмдiлiкке тәрбиелеу керек.
Тәрбие жұмысын ұйымдастарып басшылық ету - оқыту жұмысын ұйымдастырып басшылық етуден әлде қайда қиын, өйткені тәрбие жұмысы кең көлемді, мазмұнды болып келеді. Тәрбие процесі арқылы оқушыларды жан-жақты жетілдіріп қалыптастырамыз. Олардың ақыл-ойын жетілдіреміз. Адамгершілік тәрбие береміз. Еңбек сүюшілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын жетілдіреміз. Дене тәрбиесі арқылы күш-қабілетін жетілдіріл, денсаулығын жақсартамыз.
Өз жұмысын жаңа бастаған тәрбиешілер алуан түрлі тәрбие әдістерін, формаларын әрқайсын белгілі ситуацияларда өз орнына қолдануы өте қиындыққа түседі. Сондықтан да әрбір тәрбиешілер жедел шұғылдану керек.
Тәрбиешінің шеберлігі дегеніміз - балалар өмірін шебер ұйымдастырушы. Белгілі жағдайда ситуация жасай білуші, оқушыларды іс-әрекетке ынталандыра білуші. Коллективтің, жеке адамның шығармашылық белсенділігін ұйымдастыра білуші, оларға ықпал ете білуші.
А.С.Макаренко: "Тәрбиешінің шеберлігінің мәні - іс-әрекетті ұйымдастыра білушілік. Тәрбиелей білу - өнер. Өнер болғанда да скрипкада жақсы ойнай білу, рояльда ойнай білу, картинаны жақсы сала білу, жақсы токарь болу" - деген болатын.
Тәрбиешінің шеберлігі - іс-әрекеттің мақсатын білу, оның құралы мен ұйымдастыру жолын білу. Тәрбиенің заңдылықтарын білу, оны творчестволық жолмен тәрбиеде қолдана білу.
Тәрбиеші жетік білікті адам болуға тиіс. Оның біліктілігі мынадай сипаттарынан анықталады:
Балалар өмірінде болып жатқан уақиғаларды тез сезіп білу, қабылдау. Әр оқушының белгілі бір ситуацияларда байқап тани білу. Заттың мақсат құрал, нәтижелерін айыра білу, оны ситуацияларда қолдана білу, талап ете білу уақиғаға тез бағдар таба білу, балалармен көңілді қатынас жасай білу, өз сезімінді, көңіл күйінді балаға бере білу. Өз ойынды сөзбен де, қозғалыспен де, бейне бет-пішіні мен де бере білу.
Сонымен бірге тәрбиешінің шеберлігі мына төмендегідей білгірлік қасиеттермен, іс-әрекеттермен айқындала түсуі тиіс:
Оқушыларға қиындықты жеңе білуге үйрету, көмектесу.
Оқушылар коллективінің пікірімен санасу, оларға сене білу.
Оқушылардың өз бетімен әрекетгенуін қолдай білу.
- Балалардың саналы да, сапалы іс-әрекеттерін ылғи қолдай білу, мадақтап отыру.
Сынып жетекшiсi өз жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарым - қатынастарды, оқушылардың отбасын зерттеу арқылы бастайды. Зерттеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелiк дәрежесi анықталады. Соған байланысты тәрбиелiк мақсат пен мiндеттер айқындалады. Белгiленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады: жоспар ол ұжымдық еңбектiң белгiсi, сынып жетекшiсi өз жоспарын жасағанда сыныбының ерекшелiктерiн (жас ерекшелiктерi, тәрбиелiк дәрежесi, қызығушылығы), өзiнiң қабiлетiн ескергенi жөн.
Жоспар мiндеттi түрде бағытталу тиiс. Сыныптың iсiне терең талдау жасау керек, сынып ұжымының ерекшелiктерi мен мүмкiншiлiктерiн ескеру қажет. Жоспардың құрылуы жеке тұлғалық iзгiлiктiгiн және жеке тұлғалық бағыттылық жолдары принциптерiмен үрдiсiнiң барлық субъектiлерiнiң бiр бiрiне әсер етуiне қарай жүргiзiледi. Жоспарлау кезiнде сынып жетекшiсi жеке тұлғалардың жаңа қарым-қатынастарын ұйымдастыру, бiр-бiрiмен қарым – қатынас жасау үшiн барлық жағынан тиiмдiлi арттыру жолын iздестiру керек.
Жоспарлау барысындағы принциптер:
1. Жоспарды iске асыру үшiн ағымдағы кезеңнiң барлығы ескерiлу керек.
2. Белгiлi мақсатқа бағытталу, мақсаттардың нақтылығын және дамығандығын көрсету бүкiл жоспар және оның блок-бағыттары осыған арналған болу керек. Сыныптағы оқушысы осы мақсаттың және жоспардың орындалуына мүдделi болуы тиiс, жоспар мақсатқа сәйкестендiрiлiп жасалу керек.
3. Мектептiң ерекшелiктерiн этномәдени ортаның ерекшiлiгiн ескере отырып құру керек. Бүкiл жоспар шындыққа негiзделген болу тиiс.
Тәрбие жоспарына қойылатын кейбiр талаптар:
Жоспардың қоғам талаптарына, мақсатына сәйкестiгi.
Өмiрмен тығыз байланыстылығы.
Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенiң барлық салаларын қамтамасыз етуi (комплекстi тұрғыдан).
Тәрбие жұмысының формалары оқушылардың жасына, ұжымның ерекшелiктерiне, тәрбиелiк деңгейiне сәйкестiгi.
Жоспардың нақтылығы.
