Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пед.шеб реф1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.47 Кб
Скачать

2.Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін, мұғалім мынадай үш жағдайды ескергені жөн.

  1. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мазмұнын анықтау (берілетін білім және оны оқыту міндеттері );

  2. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың жоспарын жасау, қолданылатын амал – тәсілдерді белгілеу;

  3. Оқушыларға жұмысты ойдағыдай аяқтауға дұрыс бағыт беріп көмектесу (жұмыстың жүйелі барысына басшылық ету, тиісті түзетулер жасап отыру).

Оқушылардың өзіндік жұмыстарына қойылатан төмендегідей негізгі талаптар айқындалған:

1) Өзіндік жұмыс мазмұнының оқу бағдарламасына қойылатын талаптарға сәйкес болуы ; 2)өзіндік жұмыстарды атқаруға оқушылардың қабілеттерінің жететін болуы;

3)жұмысты түсіне атқару қағидасының сақталуы:

4)өзіндік жұмыстардың белгілі жүйе бойынша ұйымдастырылуы;

5)оқушылардың өзіндік жұмыстарды орындауға төмендегідей тәртіп

бойынша дайындалуы:

а) оқушыларға өзіндік жұмыстың мақсаты мен міндеті жөнінде дәл және қысқаша нұсқау берілуі;

б) оқушылардың жұмысты орындауға қажетті ұйымдастырушылық және техникалық дағдыларға үйретіліуі;

в) оқушылардан елеулі деңгейдегі ой еңбегін қажет ететін мәселелердің талап етілуі;

г) өзіндік жұмысты орындауға берілген уақыттың шектеулі болуы;

6)мұғалімнің өзіндік жұмыстың орындалу барысын қатаң қадағалап қажетті жағдайда көмек беруі;

7)оқушылардың өзіндік жұмысының орындалуын міндетті түрде тексерілуі;

8)оқушылардың жұмысты жүргізу кезінде өзін-өзі қадағалауға дағдылануы;

9)өзіндік жұмысты ұйымдастыру барысында әр оқушыға дербес талап қойылуы.

Өзіндік жұмыстың ұйыдастырушылық сипатын көрсететін белгілер төмендегілер:

  • өзіндік жұмыс мақсатының болуы;

  • нақты тапсырмасының болуы;

  • жұмысты тапсырма алған әрбір оқушының орындауы;

  • өзіндік жұмыс нәтижесін көрсетудің нақты анықталған сипатыныңболуы.

Жоғары оқу орындарында (ЖОО) студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) оқу тәрбие процесінде маңызды орын алады.

СҒЗЖ кешенді жүйе ретінде қарастыру, оларды жүргізу әдістері мен формалары: курстан-курсқа; кафедрадан-кафедраға; бір пәннен екінші пәнге; бір сабақ түрінен екіншіге көшкенде, үздіксіз білім алу кезеңдері сипатын алуы тиіс.

Жоғарыдағы сабақтастық және өзара байланыс принципін сақтау студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері:

- жеке тұлға ретінде қалыптасуын;

- творчестволық ойлау және теориялық проблемалар мен практикалық мәселелерін шығармашылық пен қарауын;

- студенттерге мамандықты терең және жан-жақты меңгеруіне көмектесуін;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарында студенттердің ез бетінше жұмыс жүргізу жағдайларын;

- теориялық білімді өзінің практикалық жұмыстарға қолдану қабілетін;

- үнемі өзінің білімін және біліктілігін жетілдіруге қажеттілігін табысты шешілуін қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]