Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пед.шеб реф1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.47 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы оқытушының шеберлігі

Орындаған: Тілес Н.

Тобы: ФК 15-4к2

Қабылдаған: Сейдулла Г.

Шымкент 2017

Жоспар:

1.Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

2.Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру

3.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарыи ұйымдастыру әдістері мен формалары жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы оқытушының шеберлігі.

1.Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Оқушылардың таным процесін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығуын дамыту жөнінде зерттеулер аз емес.

Көне замандағы Антика дәуірінің өзінде - ақ ойшылдар мен педагогтар оқушылардың өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып - білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырады.

Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Ол шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін - эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып олардың ойлау қабілетін, қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындап отырып танымдық ізденімпаздықты оқыту құралы ретінде қалыптастырады.

И.Гербарт танымдық ізденімпаздықты дамыту - оқытудың негізгі міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл болмауы керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте - бірте күрделендіру идеясын ұсынды.

Танымдық - қызығушылықтың қалыптасуына белгілі бір жағдайлар әсер етеді. Оқу-танымдық қызметтің маңыздылығы оқушыларды оқу пәндері әлеміне жетелейді, олардың құндылықтарын ашады, оқушыларды сол құндылықтарды түсінуге бағыттайды, білімге деген талғампаздық пен таңдай білушілікке тәрбиелейді, ал бұл қасиеттер - оқушының танымдық қызығушылығын ашатын бірден-бір тура жол. Оқу үрдісінде оқушы іс- әрекетінің ықпалды қырларының көрініс табуы оның жұмысының нәтижесін көруіне мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы туралы мәселе, тамырын тереңге жіберіп, көне заманнан бастау алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткенді. Ежелгі Рим философтарының түсіндірулерінде білімді игеруде шәкірттердің белсенді танымдық ізденімпаздығы айтарлықтай рөл атқарады деген пікір айтылады.

Оқушыларда оқуға деген берік және шынайы ынтаны және танымдық қызығушылықты қалыптастыру үшін :

І.Балаларда бар белсенді әрекетке, эмоцианалды қуануға, ұжымдағы өз орнын нығайта түсуге деген және т.б. қажеттіліктерге негізделе отырып, қажетті мотивациясын тудыру;

2.Бұл іс-әрекет оларға ең жағымды эмоционалды күйзелістерді беретіндей, олардың мүдделерін қанағаттандырып дамытатындай, өз мүмкіндіктеріне деген сенімді, өз табыстары үшін қуаныш пен мақтаныш сезімін беретіндей жағдай жасау;

З.Мектепте, сыныпта, отбасында білімдер мен икемдіктерді терең құрметтеу мен қошемет көрсету, оларды игеруді қарапайым, аз мәнге ие іс ретінде емес, аса маңызды, қоғам үшін маңызға ие, жоғары бағаланатын іс, әрбір оқушының ар-намысының ісі ретіндеқарастыру.

Танымдық белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне айналу үшін оның бойында өз күші және білім игеру қабілетімен қатар дербес танымдық іс-әрекетке оң көзқарас қалыптастыру керек.

Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда төмендегідей дидиктикалық шарттар орындалуы тиіс:

  • оқытудың алдыңғы қатарлы әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы қалыптасатын теориялық білімнің болуы;

жаңа технологияларды қолдану арқылы жүргізілетін оқу жэне оқудан тыс өзіндік жұмыстарының арнайы жүйесін жасауға оқушылардың белсенді араласуы; компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушылардың оқу және оқудан тыс жұмыстарының жасалғаны үнемі қадағалануды, білім сапасынын анықталуы. Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан. Бұл пікір педагогикалық әдебиеттерде көрсетіліп, нақтыланған әрі бірнеше ғалымдар пікірлерінде үндесіп отырады. Сондықтан қандай да бір пән болмасын, сол пәнге оқушының қызығушылығын, белсенділігін қалыптастыруды тудыру жолдары, шарттары мен қолданылатып жұмыс түрлерін жинақтап көрсетуге болады.

1. Берілетін білім мазмұны мен оқушының жас ерекшелік ақыл - ой даму деңгейінің сәйкестігі.

2. Берілетін білім мазмұнының қызықты болуы.

3.Оқу әрекетінің мотивінің, міндет, мақсатының айқындылығы .

4.Мұғалімнің кәсіби және мәдени құзырлығының жоғары деңгейлігі.

5.Оқуға қолайлы жағдайлардың болуы.

6.Оқушылардың мінез - құлық қабілет ерекшеліғінің ескерілуі.

7.Оқушылардың өз бетінше жэне шығармашылық жұмысының ұйымдастырылуы.

8.Оқытудың көрнекілікке, бақылау әрекетіне негізделе жүргізілуі.

9.Дидактикалық материалдар қолдану тиімділігі.

10.Оқушының оқу мүмкіндігін, денсаулығын есепке ала отырып оқыту

11.Проблемалық ситуация тудыра оқыту тиімділігі.

12.Ерік - жігері, жауапкершілік, борыштық сезімін тәрбиелеу 13.Сабақ құрылымының әр түрлілік сипатта болуы.

Сабақта берілетін оқу материалдарын оқушыларға жеткізу үшін, әр түрлі оқыту әдістерін қолдануға болады.

Оқу-танымдық іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Егер педагог оқыту жұмысын ұйымдастыруға, ғылыми білімді жүйелі түрде баяндауға, тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға күш-жігерін жұмсайтын болса, оқушылар білімді терең мағынада қабылдап меңгеруге, ұғынуға, өздігінен ізденіп, білімін толықтыруға байланысты белсенді түрде іс-әрекет жасауға міндетті. Мысалы, сабақ барысында мұғалім оқу материалын жүйелі түрде баяндап түсіндірсе, оқушылар оны мұқият тыңдап, өздігінен қосымша әдебиеттер мен оқу құралдарын оқып, өтілген материалдарды терең және сапалы түрде меңгеруге әрекеттенуі тиіс.

Оқу-танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсінү үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.

Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларды ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.

Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқушылар өздерінің игерген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады, практика барысында алынған шешімдердің дұрыстығын тексереді.

Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын карым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті.

Оқушылардың ұжымдык танымдық іс-әрекеттерінің оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. А.Синицкая зерттеулері жас өспірім балалармен жүргізілетін біріккен жұмыстардың сапасы жеке жүргізілетін жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда әдеттегідей жеке жүргізілетін жұмыстар барысында оқу материалының 60-70%-і, ал оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы 89%-і меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс-әрекеті өз бетінше ойлауды дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Сонымен бірге жеке, фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, біліктерді және дағдыларды қалыптасыртуға оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытта кооперация қатынастары мен ойдың интелектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екендігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы осал жерлер жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.

К. Д. Ушинский: өзіндік жұмыс оқытуда жетістікке жетудің бірден – бір жолы деп есептеді. Сондай-ақ, ол шәкірттің жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне тоқталды.

К. Д. Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмыстарына философиялық және психологиялық – физиологиялық тұрғыда талдау жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]