- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Тақырыбы: педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыру
- •1. Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде.
- •2. Педагог-психологтың өз бетінше кәсіптік білімін жетілдіруі.
- •3. Педагог шығармашылығы педагог шеберлігін дамыту факторы. Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыру
- •1. Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде.
- •2. Педагог-психологтың өз бетінше кәсіптік білімін жетілдіруі.
- •3. Педагог шығармашылығы педагог шеберлігін дамыту факторы.
- •Қолданылған әдебиеттер:
3. Педагог шығармашылығы педагог шеберлігін дамыту факторы.
Педагог еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау — педагогтарды көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір педагогорта немесе жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана педагогжаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.
Педагог еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан педагогтың алдындағы басты міндет — оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.
Ұстаз бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық дәрежесін, ғылыми-теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе-күн жетілдіріп отыруға талаптанады.
Педагог өз мамандығына байланысты ғылыми-теориялық мәселелерді, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарға сәйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан-жақты дамытып, тәрбиелеуге шамасы келмейді. Социологтардың зерттеу мәліметі бойынша институтты бітірген инженерлердің білімі 6-8 жылдардан кейін ескіреді. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін педагог үнемі ізденіп жұмыс істейді. Сондықтан оның шығармашылық іс-әрекеттері, мысалы, арнаулы әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын тың мәселелермен таныс болуы, ғылыми семинарлар мен конференцияларға белсене қатысып үлес қосуы ой-өрісін кеңітеді.
Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибені заман талабына сай меңгеру — оқушыларға білім мен тәрбие берудің негізгі көзі.
“Шығармашылық” сөздің этимологиясы “шығару”, “ойланып табу” дегенге келіп саяды. Демек ,жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: “...шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи – қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет”, - деп түсіндіріледі.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский “шығармашылық” деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары “шығармашылық” сөзімен “жаңалықпен” қатар “бастамалық”, “белсенділік” ұғымдары астарлас қолданылып жүр.
К..Д..Ушинский: «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен, оның мұғалімділігі де жойылады», - деп, айтқан болатын .
Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткішінің бірі – әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеру, игеру, оларды күнделікті өзінің қызметіне пайдалану. Оқу әдістемесінде білім берудің басты формасы - сабақ. Сабақ дегеніміз - шығармашылық, ол көтеріңкі көңіл күйді, жанды жұмысты қажет етеді.
Сапалы білім беру - мұғалімнің ізденіс нәтижесі. Бүгінгі таңда сабақтарда оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі жаңа педагогикалық технологияларды қолдануға ерекше мән беріліп отыр.
Оқушыларға сапалы да тиянақты білім берудің негізі – өз пәніңді жан-жақты игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытыудың белсенді әдістерін қодану. Бұл тынымсыз еңбектенуді талап етеді.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп келсе, қазірді ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір щарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.
Шығармашылыққа деген қажеттілік - күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамда болып жатқан жаңару процестері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр. Шығармашылық – бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестері табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты.
Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін өз қабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып, оның “әрекет” ұғымымен тығыз байланысты екенін атықтауға болады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады әрі қарай дамиды.
Зертеушілер шығармашылық әрекеттеуге әртүрлі анықтамалар береді. Мысалы: И.Я.Лернер «шығармашылық әрекет» - деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.
А.Н.Лук «шығармашылық әрекетті» мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу) болжай білу қабілеттерін атайды.
Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдылығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі алынады.
Осы орайда А.Н.Лук өз еңбегінде «адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты» - деген пікір айтады.
Ол шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
-нерв жүйесін(ақпаратты) код арқылы жіберу;
-тасымалдай білу;
-ақылдың икемділігі, ойдың терңдігі;
-әрекетті бағалауды айтады.
Сондай-ақ, ғалым шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін қажетті жағдайдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі бағаламау сияқты психикалық кедергілерден тұратын қарама-қайшылықтармен күресу қажет екендігін айтады.
Көрнекті француз математигі Ш.Адамар шығармашылық үрдісті төрт кезеңге бөледі:
1.Дайындық кезеңі.
2.Инкубация,жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
3.Интуицияның жарқ етуі.
4.Тексеру кезеңі.
Шығармашылық үрдістің әр кезеңінде адам бойында әр түрлі сапалық қсиеттер қалыптасады.
Мысалы, алғашқы кезеңде жаңалық сезіну, қарама-қарйшылықтарға деген ілтипат, келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық елес орын алады.
Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық,танымдық ой-қиялды қалыптастырса, еңбектің нәтижесі адамды жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге қанаттандырады.
Мұғалім білім алушылардың шығармашылық жұмыс жасау үшін олардың ақыл-ой дамуын, интеллектісін, логикасын және оқушы тұлғасының сапаларын қалыптастыру мен дамытудың психологиялық-педагогикалық қабілет мүмкіндікткрін зерттеп білу керек.
Балалар ұжымымен жұмыс істеуүшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиет-сапалары қажет.
Мектеп өмірінде осыған керісінше фактылар да жиі кездеседі. Кейбір мұғалім өздігінше теориялық білімін одан әрі дамытумен шұғылданбайды, жаңалықтармен сирек танысады. Осының нәтижесінде өмір ағымынан артта қалып, өз жұмысында үлкен олқылықтар, керек десе, қателіктер де жібереді.
Педагог еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау — педагогтарды көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір педагогорта немесе жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана педагогжаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.
Педагог еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан педагогтың алдындағы басты міндет — оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.
Ұстаз бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық дәрежесін, ғылыми-теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе-күн жетілдіріп отыруға талаптанады.
Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибені заман талабына сай меңгеру — оқушыларға білім мен тәрбие берудің негізгі көзі.
“Шығармашылық” сөздің этимологиясы “шығару”, “ойланып табу” дегенге келіп саяды. Демек ,жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: “...шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи – қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет”, - деп түсіндіріледі.
К..Д..Ушинский: «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен, оның мұғалімділігі де жойылады», - деп, айтқан болатын .
Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткішінің бірі – әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеру, игеру, оларды күнделікті өзінің қызметіне пайдалану. Оқу әдістемесінде білім берудің басты формасы - сабақ. Сабақ дегеніміз - шығармашылық, ол көтеріңкі көңіл күйді, жанды жұмысты қажет етеді.
Сапалы білім беру - мұғалімнің ізденіс нәтижесі. Бүгінгі таңда сабақтарда оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі жаңа педагогикалық технологияларды қолдануға ерекше мән беріліп отыр.
Оқушыларға сапалы да тиянақты білім берудің негізі – өз пәніңді жан-жақты игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытыудың белсенді әдістерін қодану. Бұл тынымсыз еңбектенуді талап етеді.
Шығармашылыққа деген қажеттілік - күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамда болып жатқан жаңару процестері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр. Шығармашылық – бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестері табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты.
А.Н.Лук «шығармашылық әрекетті» мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу) болжай білу қабілеттерін атайды.
Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдылығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі алынады.
Осы орайда А.Н.Лук өз еңбегінде «адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты» - деген пікір айтады.
Ол шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
-нерв жүйесін(ақпаратты) код арқылы жіберу;
-тасымалдай білу;
-ақылдың икемділігі, ойдың терңдігі;
-әрекетті бағалауды айтады.
Сондай-ақ, ғалым шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін қажетті жағдайдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі бағаламау сияқты психикалық кедергілерден тұратын қарама-қайшылықтармен күресу қажет екендігін айтады.
Көрнекті француз математигі Ш.Адамар шығармашылық үрдісті төрт кезеңге бөледі:
1.Дайындық кезеңі.
2.Инкубация,жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
3.Интуицияның жарқ етуі.
4.Тексеру кезеңі.
Шығармашылық үрдістің әр кезеңінде адам бойында әр түрлі сапалық қсиеттер қалыптасады.
Мысалы, алғашқы кезеңде жаңалық сезіну, қарама-қарйшылықтарға деген ілтипат, келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық елес орын алады.
Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық,танымдық ой-қиялды қалыптастырса, еңбектің нәтижесі адамды жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге қанаттандырады.
Мұғалім білім алушылардың шығармашылық жұмыс жасау үшін олардың ақыл-ой дамуын, интеллектісін, логикасын және оқушы тұлғасының сапаларын қалыптастыру мен дамытудың психологиялық-педагогикалық қабілет мүмкіндікткрін зерттеп білу керек.
Балалар ұжымымен жұмыс істеуүшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиет-сапалары қажет.
Мектеп өмірінде осыған керісінше фактылар да жиі кездеседі. Кейбір мұғалім өздігінше теориялық білімін одан әрі дамытумен шұғылданбайды, жаңалықтармен сирек танысады. Осының нәтижесінде өмір ағымынан артта қалып, өз жұмысында үлкен олқылықтар, керек десе, қателіктер де жібереді. Бақылау мәліметтеріне қарағанда мұндай мұғалімдердің оқушыларға жүйелі тәрбие берудің орнына ұзақ, зеріктіретін, нақыл сөздерді көп айтып, моральдық нормалар мен талаптарды үстіртін үйретумен шектелетіндігі және әр баланың табиғм, дербес ерекшеліктерін (нышан, темперамент, мінез) еске алмайтындықтары байқалып келеді.
