- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Тақырыбы: педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыру
- •1. Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде.
- •2. Педагог-психологтың өз бетінше кәсіптік білімін жетілдіруі.
- •3. Педагог шығармашылығы педагог шеберлігін дамыту факторы. Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыру
- •1. Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде.
- •2. Педагог-психологтың өз бетінше кәсіптік білімін жетілдіруі.
- •3. Педагог шығармашылығы педагог шеберлігін дамыту факторы.
- •Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыру
Орындаған: Низамиддин М.
Тобы: ФК 15-4к2
Қабылдаған: Сейдулла Г.
Шымкент 2017
Жоспар:
1. Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде.
2. Педагог-психологтың өз бетінше кәсіптік білімін жетілдіруі.
3. Педагог шығармашылығы педагог шеберлігін дамыту факторы. Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыру
1. Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде.
Мектеп психологы: жалпы, орта және кәсіптіс білім беретін мектептердің жұмыстарын көрсететін құжаттар мен материалдарды, педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы жайында арнайы әдебиеттерді, қазіргі психодиагностиканың және психологиялық түзетудің әдістерін пайдаланып, зерттеу материалдарын талдауды, педагогиканың, дидактиканың сабақ беру әдістемесінің, дефектологияның негіздерін білуге, мектептің психологиялық қызметі құжаттарының толтырылу тәртібін, мектеп құжаттары мен нормативті құжаттарды білуге тиісті.
Психологтың негізгі мақсаты – психологиялық саулықтың негізі – баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу болып табылады.
Педагогикалық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтар мен олардың психологиялық себептерін анықтау, оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру, ата-ана, мұғалім, басқа да қызметкерлерге психологиялық қызмет көрсету, оқушылардың мамандыққа қабілеттілігін анықтау, т.б. – мектеп психологының тікелей міндеттері.
Психолог оқушылардың жан-жақты және үйлесімді дамуын мақсат етіп, өзінің іс-әрекетін педагогикалық ұжыммен, дәрігерлік қызметпен, социологтар, дефектологтар, сондай-ақ қоғам өкілдерімен тығыз байланыста ұйымдастырады. Психологтың жұмыс тртібі осы ереже негізінде қабылданған психологиялық қызмет бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, оқу мекемесінің жалпы жұмыс тәртібіне сәйкес анықталады және оқу мекемелерінің директоры бекітеді. Оқу мекемелері мамандардың кәсіптік іс-әрекеттерін кешенді психоллогиялық-педагогикалық сараптауға, білім басқару орындарының немесе жеке оқу мекемелерінің ұсыныстары арқылы жүргізілетін оқу бағдарламалары мен жобаларды, оқу-әдістемелік құралдарды құрастыру немесе жазуға қатысады.
Отандық және шетелдік психологиядағы жетістіктерді оқу мекемелеріне тарату және енгізуге, педагогикалық қызметкерлердің іс-әрекетін психология саласындағы ғылыми-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге ат салысады.
Педагогикалық-психологиялық білім. Бұл тәрбиеленушілердің мәдени-құқықтық орнын және біліктілігін ұғынып түсіну, тәрбиелік адамгершілік деңгейін анықтау, қайта тәрбиелену, не тәрбиелену мүмкіндік терін көре білу, өз жұмыс практикасына қатысты тарихи-педагогикалық тәжірибелерді меңгеруі; теориялық білімін іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі, әр түрлі категориядағы адамдармен қарым-қатынас орнату технологиясының инновациялық тәсілдерінен хабардар болуы; тәрбиелеу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін модернизациялау жолдарын меңгеру және т.б.
Біз құрып отырған қоғамда педагог-психолог маманы өте маңызды орынға ие. Қоғам болғандықтан ол бірнеше компоненттерден құралады: ұжым, топ, ұйым және т.б. Аталған компоненттердің мүшесімен және мүшесіне мәдени,
Шығармашылық-рухани дүниесі, коммуникативтілігі, әлеуметтік міндетін, этикалық және эстетикалық талғамдардың болуын қазіргі заманға сай қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Педагог-психолог қоғамдағы тұлғаның биологиялық және әлеуметтік дамуына көңіл бөледі. Биологиялық тұрғыдан морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық жетілуі болса, әлеуметтік дамуына психикалық, рухани, интеллектуалдық жағдайлары жатады. Демек, педагог-психолог маманын адам баласы өмірге келгеннен оң мен солды, ақ пен қараны ажырата алғаннан бастап, келешек толыққанды азамат және тұлға болып, оның әрі қарай жетілуіне әсерін тигізеді. Педагог-психолог – отбасында ана, мектепте мұғалім, балабақшада тәрбиеші, жоғары оқу орнында оқытушы, жұмыста қызметкер, өз ісіне жауапты маман.
Ұстаздық жолды ұстанған тұлға үшін педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады. Өйткені мұғалімнің шеберлігі шәкіртті қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу - екінші жағынан, оқытып тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оларды қолдана білу. Психология адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуіне жл сілтейді, оның өз ерекшеліктерін ажырата білуге жәрдемдеседі.
Қай елдің болсын, өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өз орнын алуы оны ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
Педагог-психолог адамдардың рухани-моральдық нормаларын бала бойына сіңіре біледі.
Педагог бала бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыра білетін іс-әрекеті
баланың шығармашылық қабілетін немесе өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
пәнге терең қызығушылығын арттыру;
оқушының әсерлік сезімін қалыптастыру;
оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
жалпы білім-білік дағдыларын дамыта оқыту;
білім базасын арттыру;
пәндердің ғылыми негізінде оқушылардың білім сапаларының деңгейін жоғарылата дамыта оқыта отырып, интеллектуалдық жаңашылдыққа, әдептілікке, жеке тұлғалардың эстетикалық мәдениетінің жоғары дамуына ықпал жасауда білімді мықты құрал ретінде қолдану.
- педагог; психолог; тәрбиеші; ақылшы; қамқоршы; жетекші;
мейірімді жан.
