Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kursty_1179_zh_1201_mys_TSP_BALGERIM.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
483.84 Кб
Скачать

5. Үймереттің қаңқасын мантаждау бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспарын құрастыру.

Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары — жалпы құрылыстық арнаулы және жинақтау жұмыстарының реттілігі мен ұзақтығын үйлестіру және жұмыс процестерін мүмкіндігінше қатар жүргізу, олардың орындалу мерзімін реттеу, құрылыс машиналарының мөлшерлік уақытын, еңбек ресурстары мен механикаландыру құралдарына деген қажеттілігін анықтау үшін жасалады. Ол негізгі құжат есебінде құрылысты ұйымдастыру мен жұмыс өндірісі жобаларының құрамына енгізіледі, сондықтан да оның негізгі көрсеткіштерінің құрылымы, құрамы және нақтылы деңгейі жобалық құжаттардың қандай максаттарға арналғанына байланысты болады. Жұмыс өндірісі жобасының құрамындағы мерзімдік жоспарды жасау үшін қажет бастапқы мәліметтер қатарына мына құжаттар жатады:

құрылыстың мөлшерлік ұзақтығы немесе нұсқаулы тапсырма;

жұмыс сызбалары мен сметалар;

негізгі мамандықтар мен кәсіптік шеберліктері бойынша кадрлармен, өндірістік техникалық жинақтар мен құрылыс жүктерін тасымалдау, қолда бар механизмдердің мәліметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі шарттар. Мерзімдік жоспарлау негізінде жұмыс барысында бақылау жасалады және орындаушылардың жұмыстары үлестіріліп отырылады.

Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары екі бөлімнен тұрады: сол жақтық - есептік (1 -кесте) және оң жақтық - графикалық.

Графикалық бөлімі сызбалы (Ганттың графигі, циклограмма) немесе тор көзді болуы мүмкін.

2-графасына (жұмыс аталуы) жұмыстардың технологиялық реттілігі мен орындалуы және жұмыстардың түрлсрі мен кезеңдері бойынша тоқталуы көрсетіліп жазылады. Бір ескеретін жайт, түрлі орындаушылар (құрылыс басқармалары, учаскелер, бригадалар немесе звенолар) атқаратын жұмыстардан өзгелерін біріктіру қажет.

Жұмыс көлемі - (4 гр.) жұмыс сызбалары мен сметалар бойынша анықталып, бірыңғай мөлшерлер мен БМБ қабылданған бірлікпен бейнелейді. Егер еңбек сыйымдылығы өнімділік бойынша есептелетін болса арнаулы жұмыстар көлемі күн түрінде (смета бойынша) анықталады, ірілендірілген көрсеткіштерді пайдаланғанда - оларға сәйкес келетін өлшемдермен есептеледі.

Жұмыстардың еңбек сыйымдылығы (5 гр.) мен машина уақытының шығындары пайдаланылып жүрген БМБ бойынша мөлшерді асыра орындауға байланысты түзету коэффициентін енгізу жолымен еңбек өнімділігінің жоспарлы түрде өсіп, назарға алынып есептеледі. Осы сияқты 5, 6 графаларды негізгі жетекші машиналардың еңбек өнімділігі бойынша алынған есептеулер нәтижесімен толтыруға да болады.

Жұмыс ұзақтығы - (10 гр.) мерзімдік жоспар жасалғанға дейін жұмыс өндірісінің әдістері мен машиналар және механизмдер таңдап алынуы керек. Сонымен қатар негізгі машиналарды қарқынды пайдалану жағдайлары да ойластырылуға тиіс. Механикаландырылған жұмыстардың ұзақтығы тек машиналардың пайдалану кезіндегі өнімділігімен анықталуы керек. Сондықтан алдымен механикаландырылған жұмыстар ұзақтығын белгілейді, ал механикаландырылған жұмыстар ырғағы график жасаудың негізін анықтайды, одан кейін қолмен атқарылатын жұмыстардың ұзақтығы есептелін шығарылады.

Сменалар саны (8 кес.) бейнеленген. Негізгі машиналарды, жинақтау крандарын, экскаваторларды пайдаланғанда сменалар саны екеуден кем болмауы керек деп есептеледі.

Машиналар (6 және 7гр.) Таңдалып алынған машиналар мен механизмдердің маркалары мен саны көрсетіледі.

Сменадағы жұмысшылар саны және бригада құрамы (9 гр.) еңбек сыйымдылығына және жұмыс ұзақтылығына сәйкес белгіленеді. Бригада құрамын есептеген кезде біралымнан екінші алымға аусқанда ондағы адамдар саны мен мамандық түрлерінің де өзгермеуін ескеру қажет. Осыған байланысты кешенді бригаданың құрамында тапсырылған жұмысты атқаруға қажетті мамандық иелерінің болуы мұқият ескеріледі. Бригада мүшелерінің саны жетекші машинаның өнімділігіне сәйкес болуы керек, есеп негізіне машина жұмысының, есепті уақыты бойынша анықталатын жұмыс мерзімін алу қажет.

Әр звеноның сандық құрамы - п; звеноға тапсырылған жұмыстарға кеткен еңбек шығыны - Qзв адам-күн және жетекші процестің орындалу ұзақтығы - Тмех негізінде мына формуламен анықталады

пзв = Qж /(Тмех т)

Жұмыс өндірісінің графигі. Мерзімдік жоспардың оң жақ бөлігі жұмыс барысы уақыт бойынша, реттілігі және олардың өзара үйлестірілуін нақтылы бейнелейді. Жеке жұмыстарды орындаудың технологиялық мерзімдері реттілікті қатаң сақтау талаптарына орай белгіленеді. Бұл ретте келесі процесті орындау үшін жұмыс майданымен мейлінше аз уақыт ішінде қамтамасыз етілуге тиіс.

Жұмыстарды орындаудың технологиялық, реттілігі нақтылы жобалық шешімдерге, технологиялық үзілістерге, жыл мезгіліне, құрылыс ауданына және басқа да жағдайларға тәуелді болып келеді.

График жасауды объекті құрылысын салу мерзіміне шешуші дәрежеде әсер ететін жетекші жұмыстан немесе процестен бастау керек, Құрылыстың мерзімін қысқартудың негізгі әдісі – құрылыс-жинақтау жұмыстарын тасқынды-жарыспалы және біріктіріп жүргізу болып табылады. Өзара байланысты емес жұмыстар қатар және бір-бірінен тәуелсіз жүргізілуі қажет. Мұнда еңбекті қорғау ережелерін қатаң сақтауды қамтамасыз ету керек.

Жетекші процестің ұзақтығын сменаларды және механизмдер санын немесе қолмен атқарылатын жұмыстарды орындаушылар санын арттыру арқылы қысқартуға болады. Қалған процетердің орындалу мерзімі жетекші процеспен байланыстырылады. Жұмысшы күші қозғалысының графигі төменгі жағында орналастырылады. Жалпы объект бойынша жұмысшы кадрларын деген қажеттілік графигін теңестіруге жұмыстардын басталу және аяқтау мерзімін ауыстыру арқылы қол жеткізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]