- •1.Қазаншұңқыр және іргетастарды орнатудың технологиялық картасы
- •2. Қазаншұңқыр және іргетастарды орнатудың жұмыс көлемдерін анықтау
- •3. Еңбек шығыны және еңбек ақысы калькуляциясын құрастру.
- •3.1. Eңбeк шығыны кaлкуляцияcының құpaмы жәнe eңбeкaқы
- •3.2 Жер жұмыстарына және іргетас орнатуға арналған еңбек шығынының калькуляциясы.
- •3.2 Кестесі. Енбек шығыны, машина уақытының шығындарын анықтау ведомосі
- •4. Қазаншұңқырдағы топырақты өңдеу үшін машиналар мен механизмдер таңдау.
- •5. Үймереттің қаңқасын мантаждау бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспарын құрастыру.
- •5.1 Жұмыстың еңбек сыйымдылығын анықтау және бригада құрамының есебі
- •5.2 Бригада құрамын анықтау
- •6. Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспарын құрастыру (жұмыс өндірісінің кестесі және графигі)
- •7. Техникалық-экономикалық көрсеткіштерді анықтау
- •8. Жұмыс сапасына және қабылдауға қойылатын талаптар
- •9. Материалды-техникалық қорлардың қажеттілігін анықтау
- •10. Жер жұмыстарының кезіндегі техника қауіпсіздігі
- •3.2 Кестесі. Енбек шығыны, машина уақытының шығындарын анықтау ведомосі
- •11. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Аннотация
Курстық жоба 5В072900 – «Құрылыс» мамандығынын Жалпыға білім беру стандартына сүйене отырып жасалған оқу бағдарламасына сай жасалған.
Курстық жобада үймереттің жерасты бөлігін тұрғызу кезінде кұрылыс процестерінің бір түріне: іргетастарды орналастыруға; қазаншұңқыр және ұзын орды өңдеуге; іргетастарды орналастыру кезінде бетон және темірбетон жұмыстарына; топырақтарды нығыздауға технологиялық картаны жасау қарастырылады.
Курстық жобаның сызба бөлімі, жұмыс өндірісінің бір түріне технологиялық карта жасау, қималар және қосымшада күнтізбектен тұрады.
Курстық жобаның түсініктеме жазбасы А-4 форматты 15-20 беттен, ал графикалық-сызба бөлімі А-1 форматты және касымшалардан тұрады.
Мазмұны
Аннотация.....................................................................................................5
Мөлшерлік сілтемелер...................................................................................6
Анықтамалар.................................................................................................7
Белгілер мен қысқартулар..............................................................................8
Кіріспе...........................................................................................................9
Қазаншұңқыр және іргетастарды орнатудың технологиялық картасы..............
Еңбекті шығыны және еңбек ақысы калькуляциясын құрастыру.................
Кешенді-механикаландырылған процестердің тәсілдерін таңдау...............
Жұмыс өндірісіне машиналар мен механизмдер таңдау
Жұмыс өндірісінің технологиялық сүлбесін жасау................................
Жұмыстың еңбек сыйымдылығы анықтау және бригада құрамының есебі.......................................................................................................................
Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспарын құрастыру (жұмыс өндірісінің графигі)........................................................................
Материалды-техникалық қорлардың қажеттілігін анықтау
Жұмыстың сапасын және қабылдау талаптары ..........................................
Негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерді анықтау: жалпы еңбек сыйымдылығы, ұзақтылығы және өзіндік құны
Техникалық қауіпсіздік бойынша шаралар
...........
Әдебиеттер тізімі ...................................................................................
Мөлшерлік сілтемелер
Курстык жобасында келесі мөлшерлік құжаттарға сілтемелер жасалынған:
1. СНиП РК 2.02-05-2002 «Пожарная безопасность зданий и сооружений». Астана, 2002;
2. СНиП РК 2\04-05-2002* «Естественное и искусственное освещение». Астана, 2002;
3. СНиП РК 1.03-05-2001 «Охрана труда и техника безопасности в строительстве». Астана, 2002;
4.ЕН и Р РК 2010 сборник Е2, «Земляные работы», выпуск 1 «Механизированные и ручные земляные работы».
5.СНиП РК 1.03-06-2002 Строительное производство. Организация строительства предприятий, зданий и сооружений.
6.СНиП РК 1.03-05-2001 Охрана труда и техника безопасности в строительстве.
7.ҚМжЕ 4.03-91 Құрылыс машиналарының эксплуатациясын бағалау және сметалық мөлшерлеу жинағы
8.ҚМжЕ 3.02.01-87 Жердегі ғимараттар, іргелер мен сілемдер
9.ҚМжЕ 82-01-95 Құрылыстағы материалдық ресурстардың шығындарын мөлшерлеу.
Анықтамалар
Еңбек сыйымдылығы техникалық, мөлшерлеумен анықталады. Ол жоғары сапалы өнім бірлігі шыгаруга енбек, машина уакыты жэне материалдык каржылар шыгынынын техникалык дәлелдігін белгілейді. Еңбек шығындары мөлшерін уақыт және өнім өндіру турінде белгілейді.
Уақыт мөлшері деп тиісті кәciби және дәрежесі бар жұмысшының жоғары сапалы өнім бірлігін шығару үшін керекті жұмыс уақытының санын атайды және ол адам-сағатпен белгіленеді. Машинаны пайдаланып осындай өнім бірлігін шығару үшін уақыт саны машина-сағатпен білдірілетін машина уакытының мөлшерімен анықталады. Уақыт мөлшерімен жоғары сапалы өнім шығаруды еңбекті және өндірісті дұрыс ұйымдастыру және машинаны ұғымды пайдалану жағдайларда ғана ескереді.
Өнім өндіру мөлшері деп нақтылы еңбек кұралдары және еңбекпен өндірісін дұрыс ұйымдастыру арқылы бірлік мөлшері уақытында жұмысшы немесе жұмысшылар звеносымен (машина немесе машиналар жинағымен) жоғары сапалы шығарылган өнім санын айтады.
Звено – жұмысшылар тобынан тұрады, оның құрамы мен саны орындайтын операцияның күрделілігін еске алып және оны орындағанда еңбекті ұтымды ұйымдастырумен анықталады.
Бригада – звенодан неғұрлым көп жұмысшылардан немесе бірнеше звенолардан тұрады. Бригаданың санын және дәрежелі құрамын жұмыс көлеміне және процестің күрделілігіне байланысты белгілейді.
Мерзімді еңбекақы төлеу – разрядқа сәйкес тариф ақысы бойынша нақты еңбек сіңірілген уақытқа тәуелді ескереді. Әдетте жалақының осы түрі еңбекті тура мөлшерлеуге және есепке алуға келмейтін жұмысшылар үшін қолданылады.Кесімді еңбекақы төлеу – жоғары сапалы өнімнің бірлігіне бағалар бойынша нақты орындалған жұмыс көлеміне тәуелді ескереді.
Механикаландырылған деп машиналар арқылы орындалған құрылыс процестерін атайды. Бұл жағдайда жұмысшылар машиналарды меңгеріп оларды күтеді.
Кешенді-механикаландырылған процестер деп олардың құрамына кіретін толық механикаландырылған технологиялық процестерді атайды.
Құрылыс жұмыстарының барлык түрлеріне уақыт және бағалау мөлшерлері «Біріңғай мөлшерлер мен бағалар» (БМБ) құжатында келтіріледі. Сонымен оның ішіндегі бағаларды тиісті разрядты жұмысшының сағаттық жалақысын (жеке орындалатын құрылыс пpoцecтepi үшін) немесе орта сағаттық звено (звеномен орындалатын процестер үшін) жалақысын адам-сағатпен белгіленген уақыт мөлшеріне көбейту арқылы анықталады. Звенолардың есепті құрамы БМмБ бойынша алынады және өндірісті дұрыс ұйымдастыру және машинаны ұтымды пайдалану жағдайларында ғана ескереді.
ҚМжЕ – құрылыс мөлшерлері және ережелер
БМжБ – бірлік мөлшерлер және бағалар
Белгілеулер және қысқартулар
ТЭК – технико–экономикалық көрсеткіштер;
ТК – техникалық карта;
ҚН – құрылыс нормалары;
Нн-нақты белгілер;
Нжоб-жобалық белгілер;
Нж-жұмыстық белгілер;
Тц-цикл ұзақтығы;
q –шөміш сыйымдылығы;
Kн –шөміш толтыру коэффициенті (0,6-1,2);
Кв – смена уақытын пайдалану коэффициенті (0,8-0,9);
Кр – скрепердің шөміштігі топырақтың борпылдану коэффициенті;
Пэ - эксплутациялық өнімділігі;
Пт –техникалық өнімділігі;
tб -1 циклдегі беріліске кеткен уақыт, с (15-20 с);
tайн- айналуына шығатын уақыт, с (15-20 с);
n – сағаттағы цикл саны;
Nэ – экскаватор саны;
3n – жинақтаушылардың жалақысының қосындысы;
Тмех – краншылардың еңбек шығыны адам ·сағ.;
Труч – сол сияқты жинақтаушылардың, сағ адам.;
Тпут – сол сияқты кранды ажыратуға, орнатуға және техникалық қызмет
етуге, адам/сағ.;
Тэк – кранды эксплуатацияға және техникалық қызметтеуге кететін
шығын;
Тпер – кранды алаңға әкелу, жинақтау демонтаждау және қосымша
қондырғыларды орнатуға кететін шығын;
Пр монт – конструкцияны жинақтау ұзақтығы;смен
Nжұм – күнтізбек жоспардан алынатын жұмысшылар саны (жұмысшылар
қозғалысының графигін);
Nқыз – қызметкерлер саны;
Nққ – кіші қызметкерлер мен қарауылдар саны;
К – жұмысшылардың ауырып қалуына байланысты коэффициент;
Q - құрылысқа қажетті материалдардың жалпы саны;
Т – есептік кезеңнің ұзақтығы, күнтізбек кестеден қабылданады;
α - қоймаға түсетін материалдардың бір қалыпты түспеуі коэффициенті
α=1,1;
n – материалдардың артық мөлшері.
Кіріспе
2017 жылғы 31 қаңтарда Елбасы «Қазақстан Республикасын жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі 2025 дейін жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» бағдарламасын жүзеге асыру аясында құрылыс саласы өсіп келуде. Қазақстан Республикасы Үкіметі жасаған 2017-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламасының алған бағыты төмендегідей: экономиканың тұрақты және үйлестірілген өсімін оның бәсекеге қабілетін арттыру және диверсификаттау арқылы қамтамасыз ету; экономиканың инвестициялық секторларының әлеуметтік тиімділігін арттыру және инвестициялық негізгі жобаларды іске асару, индустрияландыруға жайлы орта құру, экономикалық әлеуеттің рационалды аумақтық ұйымы негізінде экономикалық өсу орталығын қалыптастыру, экономиканың әлеуетті секторларын дамыту үдерісіндегі мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-әрекетін қамтамасыз ету.
Курстық жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі. Құрылыс өнімі, оның ерекше өзгешеліктері. Құрылыс процестері, олардың мазмұны мен құрамы. Құрылыс процестерінің техникалық құралдары. Құрылыс процестерінің еңбек қорлары. Техникалық мөлшерлеу: мәні мен мазмұны. Құрылыс процестерінің кеңейтілген және уақытша параметрлері. Құрылыс өндірісінің мөлшерлік құжаттары. Құрылыс-жинақтау жұмыстарының сапасын басқарудың негізгі жүйелерін оқып үйрену болып табылады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Технологиялық карталар – ЖӨЖ-нің негізгі элементтерінің бірі, инструктивті нұсқауларды кешенді ұстаушы, құрылыс өндірісі ұйымдарының рациональды технологиялар бойынша; олардың мақсаты - еңбек сыйымдылығының азаюына, сапасын жақсартуға және құнын төмендетуге жағдай жасау.
Технологиялық карталар жұмыстардың басқа түрлерінің орындалу әдістерін және құру тәсілдерінің мақсатымен өңделеді, олардың ұзақтығын және жүйелілігін анықтау, оларды жүзеге асыратын қажетті жұмысшылар санын анықтау, материалдық және техникалық қорларын анықтау.
Курстық жұмысының басты мақсаты және міндеті - құрылыс өндірісінің негізгі ережелері мен мақсаттарын; үймереттер мен ғимараттарды тұрғызғанда құрылыс процестерінің түрлері мен ерекшеліктерін; қажетті қаржыларды; техникалық және тарифті мөлшерлеуді; құрылыс өнімнің сапасына қойылатын талаптарды және оны қамтамасыз ету әдістерін; техникалық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар; құрылыс өндірісінің әдеттегі және төтенше жағдайларын қоса алғанда құрылыс процестері технологиясының әдістерін; жобалау және іске асыру сатысында технологиялық шешімдерді таңдау және құжаттау әдістемесін біліп меңгеруі қажет;
Зерттелу объектісінің теориялық және әдістемелік негіздері – құрастыру пpoцeciн тиімді ұйымдастырудың негізгі принципі болып табылады, жұмыс операциялары мен кұрылыс процестерінің құрамын тауып көрсетуін, құрылыс процестерін орындау әдісін және қажетті техникалық құралдарды дәлелді таңдауды; құрылыс процестерінің еңбек сыйымдылығын, машина қажеттілігін және қажетті жұмысшылардың, машиналар, механизмдер, материалдар, жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың қажетті санын анықтауды; бригадаларға өндірістің тапсырма дайындауды; жұмыс көлемін өлшеуді, орындалған жұмысты қабылдауды, олардың сапасын бақылауды жүзеге асыруды жасай алуы керек.
1.Қазаншұңқыр және іргетастарды орнатудың технологиялық картасы
Технологиялық карталар – ЖӨЖ-нің негізгі элементтерінің бірі, инструктивті нұсқауларды кешенді ұстаушы, құрылыс өндірісі ұйымдарының рациональды технологиялар бойынша; олардың мақсаты - еңбек сыйымдылығының азаюына, сапасын жақсартуға және құнын төмендетуге жағдай жасау.
Технологиялық карталар жұмыстардың басқа түрлерінің орындалу әдістерін және құру тәсілдерінің мақсатымен өңделеді, олардың ұзақтығын және жүйелілігін анықтау, оларды жүзеге асыратын қажетті жұмысшылар санын анықтау, материалдық және техникалық қорларын анықтау.
Жер жұмыстарының басталуына дейін үймереттердің бөлулерін орындау және қызыл сызықпен байланысын орындау керек. Қазанұңқырды 1:0,5 құлама бойынша өңдеу керек. Қазанұңқырға кіретін жол ені 3м және оның еңісі 15º көп болмау керек. Транспорттық құралдарды экскаватор жанына осыған сай қою керек, экскаватордың орташа бұрылу бұрышы үшін орнынан шөмішті толтыруы аз болу керек. Қазаншұңқырды өңдегеннен кейін бульдозермен қазаншұңқыр өңдеуін жасау. Дайын қазаншұңқырды қабылдап, оның орнын және өлшемдерін,қазаншұңқыр түптерінің белгілерін тексеру. Қазаншұңқыр түптеріндегі белгілердің ауытқуына жоба бойынша ±5 см рұқсат етіледі. Құламалардың күй-жағдайына байланысты қажетті жүйелі бақылау жүргізу, жұмыстар басталмай тұрып топырақты байқап қарау. Жұмыс аяқталғаннан кейін іргетас құрылғыларына қайта көму жұмыс тары жүргізіледі. Қайта көму жұмысын 0,3м қалыңдықта бульдозермен қабаттық нығыздау бойынша орындалады.Топырақты тегістеудің сапасын бақылау көмілгеннен кейін сұрыптау жолымен өндіру. Конструкциялармен құрылыстың ара қашықтығы алу,сынау орнына дейін 0,3м кем болмау керек.Жұмыстар СНиП 3.02.01-87 «Земляные сооружения, основания и фундаменты» талаптарына сәйкес орындалу керек.
2. Қазаншұңқыр және іргетастарды орнатудың жұмыс көлемдерін анықтау
Карапайым процессі деп біp жұмысшылар тобымен (звеномен) жүзеге асырылатын жұмыс операцияларының өзара технологиялық байланысы бар жиынтығын атайды. Құрылыс процестерінің технологиялық бip текті және ұйымдастыруы бойынша бөлінбейтін элементі жұмыс көлемі деп аталады. Әр жұмыс көлемі өзара тығыз байланысқан бірнеше жұмыс тәсілдерінен, жеке қимылдардан тұрады.
Құрылыс процестері деп құрылыс алаңында өтетін және түпкі мақсаты үймереттер мен ғимараттардың іргетастарын тұрғызу, қайта құру, жөндеу, жаңғырту, ажырату және жылжыту өндіріс процестерін атайды. Құрылыс процесінде заттар мен еңбек құралдары қатысады. Сонымен, жұмысшылар әр турлі техникалық құралдар көмегімен еңбек заттарына ыкпал eтiп, материалдық элементтердегі құрылыс өнімін жасайды.
Құрылыс өндірісі күрделі құрылыс жүйесінің бipi дайындық және негізгі кезендегі құрылыс жинактау және арнайы пpoцecтepдi қоса отырып тікелей құрылыс алаңында жүзеге асырылатын кұрылыс процестерінің жиынтығы.
Құрылыс өндірісі өз кезегінде әр кайсысының өз маңызы жәие ғылыми негіздер бар құрылыс өндірісінің технологиясы және құрылыс өндірісін ұйымдастыру жүйесінің екі саласын біріктіреді.
Құрылыс, жұмыс өнімін жасау ушін әр турлі техникалық, құралдар пайдаланылады. Техникалық құралдарға құрылыс машиналары, механизмдер, әр түрлі керекті аспаптар мен тетіктер жатады. Осындай техникалык құралдардан тұтастырылған жинақ, аткаратын міндетіне карай (өсімдік қабатын кесу, алаңның жоспарлануы, қазаншұңқырды қазу, қазаншұңқрдың табанын нығыздау, қалыптарды орнату, бетондау жұмыстары, қалыптарды шешу, қайта көму, іргетастарды гидроизоляциялау, нығыздау және отмокасы) мөлшер жинағы (нормокомплект) деп аталады. Мұндай мөлшер жинақтары еңбек өнімділігін арттыру, жұмысты ыңғайлы және қауіпсіз жүргізу үшін камтамасыз етуге арналады.
Машиналармен қатар қол еңбек пайдаланылса мұндай процестерді жартылай механикаландырылган деп атайды. Әдетте қол процестерді құрал-саймандармен орындайды. Механикаландырылған деп машиналар арқылы орындалған құрылыс процестерін атайды. Бұл жағдайда жұмысшылар машиналарды меңгеріп оларды күтеді. Өндіріс процестері құрылыс алаңынан тыс және тікелей құрылыс алаңында орындалуы мумкін, әpi технологиялық белгілер бойынша дайындау, тасымалдау, дайындық және жинақтау болады.
Өндірістік процестері орындалуына қарай машина мен мехамнизмдер, автоматтандыру құралдарын пайдалану дәрежесі бойынша жүйеленеді.
Өндірістің күрделілігіне байланысты процестер қарапайым және кешенді болуы мумкін.
Тасымалдау процестері үймереттер мен ғимараттар орналасқан жерге материалдық, элементтер мен техникалык құралдарды жеткізуін қамтамасыз етеді. Дайындық процестері жинақтау салу процестерінің алдында болады және оларды тиімді орындауды қамтамасыз етеді. Жинақтау-салу процестері жобаның және тиісті техникалық шарттардың талаптарына сай болатын құрылыс өндірісінің өнімін алуды қамтамасыз етеді.
Жұмыс процестерінің көлемдерін анықтаймыз және оны кестелі түрде көрсетеміз 1-кесте
Жұмыстар көлемдерін анықтау кестесі
№ |
Жұмыс атауы |
Өлшем бірлігі |
Есептеу формуласы |
Жұмыс көлемі |
1 |
Өсімдік қабатын кесу |
1000м2 |
V=a·b·h=50,46·31,4·0,2 |
0,3169 |
2 |
Алаңның жоспарлануы |
1000м2 |
S=a·b=31,4·50,46 |
3,621 |
3 |
Қазаншұңқырды қазу
|
100м3
|
S1=47,06·26=12236,56 S2=1350,652 Vқ=1/3· 3,3(1223,56+√1223,56·1564,4+1564,4) =4610,7 |
46,11 |
а) көлікке
б) қайырмаға |
|
Vк=a·b·h=47,06·26·3,3=4037,748
Vқ=4611-4037,748=573,252 |
|
|
4 |
Қазаншұңқырдың табанын нығыздау |
100м3 |
V=a·b·h=47,06·28·0,3 |
3,953 |
5 |
Қалыптарды орналастыру |
1 м2 |
Sқал=5,52см2 Sжал= Sқал ·n=5,52·43 |
237,36 |
6 |
Бетондау жұмыстары |
1 м3 |
V1=1,6·1,6·0,3=0,768 V2=1·1·0,3=0,3 V3=0.8·0.8·0.5=0.32 Vжал=V·n=(0,768+0,3+0.32)·43 |
59,684 |
7 |
Қалыптарды шешу |
1 м2 |
S= Sқал·n=5,52·43 |
237.36 |
8 |
Іргетастарды гидроизоляциялау |
100м2
|
S1=1,6·0,3=0,48 S2=1·0,3=0,3 S= Sжал ·n=(0,48·0,3)·2·43 |
0.335
|
9 |
Қайта көму |
100м3 |
Vқ=4611-4037.748 |
5.73 |
10 |
Нығыздау |
1 м3 |
V=a·b·h=3.3·163.717·1,5 |
810.4 |
11 |
Отмоска |
1 м3 |
Vотм=a·b·h=(43.06+24)·2·0,25·1 |
33.53 |
