- •Көмірдің құрамы
- •1.2 Мұнай және газ кенорындары. Мұнай мен газдың құрамы
- •2 Радиометрия мен ядролық геофизиканың міндеттері
- •2.1 Радиометрия және ядролық-геофизикалық әдістерін пайдалы қазбалар мен кен орындарын іздестіру және барлау жұмыстарында қолдану
- •2.2 Ұшақпен жүргізілетін гамма түсірілімдер.
- •2.3 Автомобильмен гамма түсірілім
- •2.4 Эманациялық түсірілім
- •2.4.1 Сурет - Сцинтилляциялық эманометр эm-6п
- •3 Ұңғыманы ядролық және радиометриялық әдістермен зерттеу
- •3.1 Нейтронды гамма каротаж әдісі
- •3.1.1 Сурет - нгк зондысының құрылысы
- •3.2 Гамма каротаж әдісі
- •3.2.1 Сурет - ггк зондысының құрылысы
- •3.2.2 Сурет –көмір қабатының тығыздықты гамма-гамма каротажы диаграммасындағы аномалиясы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3.2.1 Сурет - ггк зондысының құрылысы
Таужыныстан шашыраған энергияның мөлшері тура таралған энергиядан аз болғандықтан, оның бұрғылау ерітіндісінде сіңуін азайту үшін g-квант детекторы мен g-квант көзі ұңғыманың қабырғасына жабыстырып орналасады.
Ұңғыма қабырғасының тегісеместік (тесік-қуыстар болуынан) әсеріназайту үшін,детектор мен энергия көзі ұңғыма қабырғасындағы ірі қуыстарға сыйып кететіндей, бөлек кішігірім блокқа орналастырылады.
ГГК әдісі екі түрлі тәсілдермен жүргізіледі: тығыздықты және селективті гамма-гамма-каротаждар
ГГК-П таужыныста g-кванттардың комптондық шашырауын зерттеуге негізделген. Бұл эффект g-кванттың энергиясы жоғары болғанда байқалады, сондықтан, ГГК-П тәсілінде энергиясы Еg>0,5 МэВ g-кванттар көзі қолданылады.
ГГК-П тәсілі мұнай, газ, көмір барлау және рудалы ұңғымаларда пайдаланылады (3.2.2-сурет).
3.2.2 Сурет –көмір қабатының тығыздықты гамма-гамма каротажы диаграммасындағы аномалиясы
Көмір қабаттарының шекарасы аномалияның жартылай максимумы ережесі бойынша анықталады.
Рудалық кенорындарында ГГК-П әдісі рудалық интервалдарды басқа әдістермен бөліп көрсетуге болмайтын жағдайда қолданылады
Қазба көмірдің күлділігін ГГК-С диаграммасы бойынша анықтау үшін қолданатын палетка (3.2.3-сурет).
3.2.3-сурет Қазба көмірдің күлділігін ГГК-С диаграммасы бойынша анықтау үшін қолданатын В. И. Уткин палеткасы
Палетка құрамы мен қуаттылығы белгілі g-квант көзі және берілген зонд пен детектор мөлшері үшін есептелген. Палетка калькаға сызылады.
Көмір қабатының күлділігін анықтау үшін палетканы СГГК диаграммасы үстіне салып, палетканың және диаграмманың нольдік сызықтары бір-бірімен сәйкес келуі керек.
Сосын палетканы нольдік сызықпен қозғай отырып, палетканың 100 пайыз күлділікке (золность) тең төменгі сызығы сыйыстырушы таужыныс үстіндегі диаграмма деңгейімен сәйкес келгенше жылжытады.
Содан кейін, палетка сызықтары арасындағы СГГК аномалиясы бойынша көмір қабатының күлділігін анықтайды.
Мұнай және газ кенорындарында ГГК-С әдісі шегендеу құбырының ақауын анықтау үшін жүргізіледі. Бұл әдіспен, сонымен қатар, ұңғыма ашқан қимадағы коллектор қабатты бөліп, оның кеуектілігін де анықтауға болады. Ол үшін әдісті ұңғымада екі рет жүргізеді: ұңғыманы сұйықпен (zэф жоғары) толтырғанға дейін және толтырғаннан кейін.
Қорытынды
Қорыта айтқанда Қазақстандағы бұл пайдалы қазбалардың тобы үлесіне әлемде өндірілетін минералдық шикізаттың жалпы бағасының 75%-тен астамы келеді. Отын-энергетика балансы хх ғасырда айтарлықтай өзгеріске түсті. хх ғ. басында оның құрамында басты ролді көмір атқарды (>90%), ал ғасырдың ортасында энергетикалық шикізаттың көмірмен салыстырғанда тиімді түрлері – мұнай мен газ кең пайдаланыла бастайды.
Радиометриялық және ядролық геофизика әдістері геофизикалық әдістер кешенінде негізгі басты әдістердің бірі болып саналады. Бұл әдістер жоғарғы концентрациялы радиоактивті элементтерді тауып алынған үлгіде және алынған руда мен атаcу орнында сандық бағалау жұмыстарын жүргізеді.
Гамма-сәулеленудің (аномалияның) дозасын арттыратын аудандарды анықтау үшін жол, профиль немесе желінің бойындағы тау жыныстарының радиоактивтілігін зерттеу әдістері: пневматикалық гамма-зерттеу, соның ішінде бұрғылау және спектрометрлік; аэрогамма ату (ұшақ және тікұшақ); автогамма түсіру. Сондықтан олар тек тау жыныстарының ашық аудандарында немесе элювиалды-дилуальды композицияның бос скринингтік формаларының төмен қуаты бар жерлерде сәтті пайдаланылады.
Радиометриялық әдістер мұнай мен газды барлау үшін перспективалы учаскелерді бөлу үшін қолданылады, ең тиімді аэрогамма - автогамма түсіру. Мұнай және газ конструкциялары, әдетте, гамма өрісінің төменгі мәндеріне шектелген. Қоршау жыныстары бар резервуардың шекарасында жиі байқалады гамма белсенділігі, бұл мұнай-газ конструкциясының қанатының саз материалмен байытылуымен, қоршаған ортаның жыныстарынан жоғары радиоактивті элементтердің шоғырлануымен байланысты.
Басқа геофизикалық әдістер мен бірге радиометриялық және ядролық геофизика әдістері қатты пайдалы қазбалар, сондай-ақ мұнай және газды іздестіру үшін пайдалануға болады. Гамма-геоақпаратты геологиялық карта жасау үшін де пайдалануға болады.
