Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рияг.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
644.49 Кб
Скачать

2.4.1 Сурет - Сцинтилляциялық эманометр эm-6п

3 Ұңғыманы ядролық және радиометриялық әдістермен зерттеу

Ұңғыманы радиометриялық әдістермен зерттеу пайдалы қазбалар мен кен орындарын іздестіру, барлау және пайдалану барысында кеңінен қолданылатын әдістер. Ядролық геофизика радиоактивті рудаларды іздеу мен барлауға арналған физикалық әдістерді жинақтап, олардың ткабиғи радиоактивтілігімен (радиометрия) және әрбір элементті жеке дара, жасанды радиоактивтіліктің көмегімен зерттеуге (ядролық геофизика әдістері) арналған.

Геофизика мен геохимияның тоғысқан жерінен орын алатын болғандықтан, ол өзінің мағанасы мен әдістемесі және бақылау технологиясы жағынан геофизика әдістенріне ұқсас болғанымен, геохимиялық міндеттерді шешеді. Ядролық геофизика «жақын ықпалдылығымен» ерекшеленеді, яғни аз тереңдіктің зерттелуі (таужыныстарында ондаған см - ядролық сәулелердің таужыныстарымен, ауамен тез жұтылу салдарынан). Дегенмен радио активті ыдыраудың өнімдерінің орын ауыстыру мүмкіншілігі таужыныс тарымен, судың газдың, рудалармен және механикалық ореолдармен шашырандануы, олар мен түп таужыныстарының радиоактивтілігін ескеруге болады. Ядролық геофизика әдістері: ауалық, далалық, жер асты, зертқаналық ең көп қолданыста ұңғымалық геофизикалық әдістер.

Ұңғыманы таужыныстарының табиғи радиоактивтілк әдісімен, изотоптармен, нейтрондық әдістермен, шашыранды γ- сәулесімен зерттеулер.

Ұңғыманы геофизикалық әдістермен зерттеу (ҰГЗ) қолданбалы геофизика ның бір саласы, басқалардан айырмашылығы тек қана зерттеу әдістерінің методикасымен ғана. Физикалық өріс теориясының негізгі сол қалпында өзгеріссіз қалады, ұңғымада өлшенетін шама, дала геофизикасында да. Уақыт өткен сайын (ҰГЗ) ұңғымада қолдану дәрежесі де асуда, өйткені болашақ ұңғы мадан тасбаған алмай оның геологиялық қимасы жайлы толық мағлұматтар алу ға мүмкіндік жоқ.

Каротаж – бұл ұңғыманың геологиялық қимасын зерттеуге арналған геофизикалық әдістерінен білетініміз каротажбен таужыныстарының аз ғана көлемі зерттеледі, ұңғыманың ішкі қабырғасын құрайтын таужыныстары ғана. Каротаждаудың айтарлықтай артықшылығы, төтенше жоғары жете тексеру жұмысын жүргізу және зерттеудің дәлдігі. Бұл ерекшеліктер каротаж мәліметтері үздіксіз тіркелгендігіне байланысты.

Табиғаттың физикалық өрістерін зерттеуге байланысты каротаж әдістері электрлік каротаж, радиоактивті каротаж т.с.с болып бөлінеді.

Радиоактивті каротаж әдістері (РК)

Таужыныстарының табиғи радиоактивтілігін немесе γ- әдісі, ұңғыманы зерттеуде радиоактивті кен орындарын іздестіру, барлауда қолданылатын негізгі әдіс, радиоактивті руданың кен байлықтарын тағы да таужыныстарын да радиоактивті элементтердің таралып орналасуын молынан зерттеуге арналған әдіс.

Гамма әдісінің маңызы ұңғыма қимасының бойымен төменнен жоғары қарай таужыныстарының табиғи γ- сәулелену қарқындылығын өлшеуде және олардың мөлшерінен таужыныстары құрамындағы радиоактивті элементтердің шамасын жан жақты қарастыруға болады. Ұңғыманы γ- әдісімен радиометрия лық зерттеулер. Руда құрамындағы элементтер концентрациясының мөлшерін сандық тіркеу жасап, осы денелердің қалыңдығын үлкен дәлдікпен дәл анықтау мүмкіншілігі.

Ұңғымадағы операциялар. Ұңғыманы техникалық жағдайын ұңғыма бойымен бақылау және оның ішінде жүргізілетін кейбір операциялар. Ұңғыманың техникалық жағдайын зерттеу маңызды орын алады. Сонымен ұңғыманың техникалық жағдайын қадағалап, бұрғылау кезінде ұңғыманың ішінде болатын апаттың алдын алу, екіншіден ұңғыманың мәліметтерін өңдеп талдау кезінде тигізер әсері.

Ұңғымалық геофизика бұл ұңғыма аралықтарының геологиялық құрылысын зертеуге арналған, геофизикалық әдістер, с.с ұңғыма маңайындағы кеңістіктер. Негізгі қолдану облысы - әр түрлі рудалар мен көмір қазба кен орындары. Радиоактивті каротаж әдістері

Радиоактивті және ядролық гофизика әдістерін белгілеу әріптер системасы көмегімен, 1-әріп сәулелену түрін білдіреді.

1 ГК – гамма каротаж, РК әдістерінің ішіндегі ең қарапайымы;

2 ГГК-гамма-гамма каротаж, екі түрге бөлінеді: тығыздық және селективті;

3 РРК-рентген радиометриялық каротаж ГРК-ның орнына, РРК қабылданған;

4 НГК- нейтрондық гамма каротаж тұрақты нейтрондар қорымен мұнайға арналған ұңғыманы зерттеуге арналған;

5 ННК - нейтрон-нейтрондық каротаж түрлері: ННКТ, НКНТ,МНК көп зондылы нейтрондық каротаж;

6 ГНК - гамма нейтрондық каротаж. Нейтрондар таратады;

7 НАК – нейтронды активациялық каротаж.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]