Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рияг.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
644.49 Кб
Скачать

2.1 Радиометрия және ядролық-геофизикалық әдістерін пайдалы қазбалар мен кен орындарын іздестіру және барлау жұмыстарында қолдану

Іздестіру мен барлау жұмыстары кешенінде көптеген пайдалы қазбаларды радиометриялық және ядролы геофизикалық әдістермен зерттеуде басты орын алады. Бұл әдістер кейбір элементтердің жоғарғы концентрациясын анықтаумен қатар экспресс тәсілімен сандық бағалауға болады. Әдістердің мұндай мүмкіншілігі кен орындарын іздестіру мен барлаудың барлық сатысында маңызды. Жұмыстың жүргізілу деңгейіне байланысты барлық әдістер шартқа байланысты іздестіру мен барлау жұмыстары болып бөлінеді. Осы әдістер кенорындарын пайдалану кезінде де қолданылады және бұл әдістер рудалық радиомерия мен геофизика әдістері деп аталады.

Іздестірудің радиомериялық әдістеріне жататындары:

1 Аэрогамма- түсірілімі;

2 Автогамма түсірілімі;

3 Жаяу гамма түсірілімі (беткейлік, шпурлық, тереңдік, интегралды және спектрометриялық);

4 Эманациондық түсірілім.

Радиометрия әдістеріне барлау және кен орындарын игеру кезінде кеңінен қолданылатын: гамма-каротаж, беткейлік және тереңдік ұңғымаларда, тау кен орындарында гамма-профильдеу, гамма сынақ жұмыстары жүргізіледі. Тау кен массаларына экспресс анализ жасап, рудаларды радиометриялық сорттау. γ –сәулеленуіне т.б. байланысты.

Ядролық геофизикалық әдістерден, сәулеленудің сыртқы қоздырушы сәуле көздерінің әрекеттесуі элементтердің ядросы мен электрондарының тау жыныстарының рудалар мен минералдарының құрамына кіретін қазіргі кезде гамма және нейтрондық әдістер.

Гамма әдістерінде сәулеленуді туындатудың көзі болып әртүрлі энергиялы гамма-сәулелену, ал нейтрондарды әртүрлі энергиялы нейтрондар тасқыны қоздырады.

Гамма әдістеріне жататындар: гаммарентген әдісі, гамма-нейтронды және гамма-гамма әдістері. Нейтрондық әдістерге – нейтрон-нейтрондық, нейтронды-активациялық және нейтрондық гамма әдістері.

Ядролық геофизика әдістері пайдалы қазбалары мен кен орындарын іздестіру мен барлау жұмыстарында, жалпы геофизикалық әдістер кешенінде және геологиялық, геохимиялық зерттеулерде қолданылады. Геохимиялық әдістерінде кеңінен қолданылатындары: литогеохимиялық түсірілім, бірінші және екінші ореолдар шашырандысынан, радиохимиялық және биогеохимиялық түсірілімдер.

Таужыныстарын далалық зерттеу, олардың құрамын лабораториялық зерттеумен жалғасады.

Физикалық талдау әдістеріне геологиялық барлау жұмыстарының тәжірибесінен кең қолданылатындары: спектралдық және ядролық физика әдістері.

Лабораторияда радиометриялық әдістермен, радиоактивті элементтердің, үлгідегі концентрациясы анықталады.

Бақылау жұмыстары радиометриялық және ядролық геофизика әдістерінің талдауын химиялық әдістердің көмегімен орындалады. Рентгенді радиометриялық әдіс реттік номері Z > 30 элементтердің концентрациясын анықтауға және кейбір элементтердің (Ғе,Ті т.б.) Z<30 аз, ядролық-резонастанып жұтылу әдісі, касситериттің концентрациясын анықтауға арналған. Гамма электрондық әдіспен үлгідегі қорғасынды анықтайды.

Колориметриялық және полярографикалық талдау әдістерін физикалық ─ химиялық әдістерге жатқызады. Радиохимиялық және перловолюминсцент тік әдістерде, керекті элементтерді үлгіден химиялық жолмен алып, олардың концентрациясын физикалық әдістермен өлшейді.

Кез келген пайдалы қазбаларды іздестіру жұмыстарында (массовые поиски) жаппай іздестіру деген атпен белгілі бір көлемде геологиялық арнаулы жұмыстар жүргізіліп, үлгінің табиғи және жасанды радиоактивті лігін геология партиясының зерттеу территориясында жүргізіледі. Негізгі масштабы М1:10 000, 1:25000. таужыныстарының радиоактивтілігін бұл масштабта зерттеу профиль бойымен жүргізіледі. Профильдер таужыныс тарының негізгі созылымдарына немесе структураларға перпендикуляр орналасады. Радиометриялық жұмыстар геологиялық, геохимиялық және басқа зерттеу әдістерімен қатар жүргізіледі. Кешенді зертеу жұмыстарының нәтижелерін өңдеп, талдау жұмыстары жүргізіліп осы районның тиімділігі анықталады. Нақты жұмыстар жүргізуге арналған алаңдар белгіленеді. Радиометриялық түсірілімер алдын ала дайындалған торорабтар көмегімен жүргізіледі. Жобалау жұмысының және радиометриялық жұмыстарды жүргізудің негізінде:

1 Районның геологиялықкартасы, шөгінді борпылдақ қабатынан тазартылған, кен орындары мен руда шығаратын орындары белгіленген;

2 Радиогидрогеологиялық карта;

3 Зерттеу нәтижелерінің геологиялық, геофизикалық карталары;

4 Топографиялық карта;

  1. Борпылдақ шөгінділердің қалыңдық картасы;

Районның геологиялық, геофизикалық карталарымен мен қолда бар басқа мәліметтерді пайдаланып геологиялық карталардан осы районның структографиясы мен структуралық құрылымын және интрузиялық таужыныстарының дамуы, гидротермальді өзгерістерге ұшыраған таужыныстарының алқаптарын, минералданған зоналар мен өзектер, дайкаларды еске ала отырып болашақ жұмыстың жоспары жасалынады. Геофизикалық әдістердің ыңғайлы кешенін таңдап алып, жұмысқа арналған профильдер жүйесінің ең ыңғайлы бағыттары белгіленеді. Алдын ала райондауды жоспарлау жұмысы,бұрынғы геологиялық, геофизикалық жұмыстардың негізінде қарастырылады. Нақтылап райондандыру жұмысына арнап бөлінген жерлерде, карталау мақсатында бұрғылау жұмыстары, геофизикалық әдістердің кешенімен анықталады. Бұл жұмыстардың нәтижелерімен іздестіру жұмысын жүргізу принципіне байланысты табиғи жағдайларына сәйкес іздестіру жұмысының картасы жасалады. Негізгі іздестіру жұмыстары тау жоталарымен қоса жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]