Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭЭЭ РК2 ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30.54 Кб
Скачать
  1. Құрамы бойынша: жай және кешенді. Жай шығын біртекті элементтерден тұрады. Кешенді шығын бірнеше жай шығындардан тұрады.

  2. Өндіріс көлемі қатынасы бойынша: өзгермелі және тұрақты шығындар. Өзгермелі шығындар – шығарылатын өнімнің көлемі тікелей үйлесімді өзгеретін және шығарылым құрылымына тәуелді болатын шығындар. Тұрақы шығындар – қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлеміне және құрылымына тәуелсіз шығындар.

  3. Өндірісте қатынасу уақыты бойынша: ағымдағы және келешектегі шығындар. Ағымдағы шығындар – күнделікті болып отыратын шығындар. Келешектегі шығындар – алдын-ала есептелетін шығындар.

  4. Айқын (бухгалтерлік) шығындар – кәсіпорынның қолданылатын ресурстарға төлемі; нарық бағасымен алынған өндіріс факторларының нақты шығындары.

  5. Айқын емес шығындар – өндірісте кәсіпорын иесіне тиесілі (жер, орын, жеке еңбегі және т.б.) ресурстарды пайдаланудағы көрсетілетін шығындар.

  6. Экономикалық шығындар – ресурстарды пайдаланудың баламалы жолымен байланысты шығындар.

  7. Өзіндік құн түрлері:

1) өндірістік – өнімді өндіру және сақтайтын орынға тасымалдау шығындары;

2) толық өзіндік құн – өндірістік және өткізу шығындардың сомасы;

3) жоспарлы-нормативті – нормативтер бойынша есептеледі;

4) нақты – өнімді есепке алу материалдары бойынша анықталады;

5) провизорлық – келешек, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейінгі шығындары мен соңғы кварталдың шығын нормативтері негізінде есептелінеді.

  1. Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:

  1. Өндірістік-техникалық деңгейін көтеру;

  2. Басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

  3. Технологиялық процесерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту және т.б.

  4. Өндірістік материал, отын, энергия және еңбек сыйымдылықтарын төмендету және т.б.

  1. Өзіндік құн дегеніміз не? Өзіндік құн – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету (экономикалық мазмұны).

  2. Калькуляция дегеніміз не? Калькуляция дегеніміз – өнімнің өзіндік құнын есептеу әдісі. Ол үшін шығын статьяларын білу керек.

  3. Калькуляциялау дегеніміз не? Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, онын бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. 

  4. Калькуляцияның немесе өзіндік құнды есептеудің әдістері:

  1. Жоспарлы калькуляция 

  2. Сметалық (болжамдық) калькуляция

  3. Нормативтік калькуляция

  1. Жоспар дегеніміз – нарық конъюнктурасы негізінде жасалған, кәсіпкерлік субъектілерінің алдына қойған мақсатына жеткізуге бағытталған жұмыс инструменті.

  2. Мерзімге байланысты жоспар түрлері:

  1. Ұзақ мерзімді (10-15 жыл)

  2. Орташа мерзімді (3-10 жыл)

  3. Қысқа мерзімді (1-3 жыл)

  4. Ағымды (1 жылға)

  5. Жедел

  1. Шаруашылық обьектісіне байланысты жоспар түрлері:

  1. Мемлекеттік, аймақтық, республикалық, облыстық, муниципалдық;

  2. Ішкішаруашылық.

  1. Параметрлерін анықтау деңгейіне байланысты жоспар түрлері:

  1. Нақтылы параметрлері анықталған;

  2. Ықтималданған.

  1. Уақытша бағыттауға байланысты жоспар түрлері:

  1. Реактивті (өткен мерзімдегі жетістік)

  2. Инактивті (инертті)

  3. Преактивті (біршама өзгеріс енгізуге)

  1. Міндетіне байланысты жоспар түрлері:

  1. Директивті (міндетті)

  2. Индикативті (ұсыныс ретінде)

  1. Мақсаттың масштабына байланысты жоспар түрлері:

  1. Стратегиялық

  2. Бизнес-жоспар

  1. Нақтылы нұсқау бойынша жоспар түрлері:

  1. Функционалды

  2. Бір жолғы

  3. Тұрақты

  1. Қызмет функциясына байланысты жоспар түрлері:

  1. Маркетинг жоспары, өткізу жоспары

  2. Пайда мен рентабельділік жоспары

  3. Инвестиция жоспары

  4. Өндіріс және айналым шығындары

  5. Қызметшілер жоспары

  6. Табыс жоспары

  7. Қаражат жоспары және т.б.

  1. Болмысына байланысты жоспар түрлері:

  1. Негізгі

  2. Ықтималды

  1. Жоспарлаудың негізгі принциптері:

  1. Қажеттілік

  2. Тұтастық

  3. Үздіксіздік

  4. Икемділік

  5. Дәлдік