- •Ресурстардың жіктелуі:
- •Маркетингтің 7р ережесінің құрамы:
- •Маркетингілік жоспардың 6 қадамын атаңыз:
- •Кәсіпорындағы маркетингілік қызметтің сатылары:
- •Коммерциялық тәжірибеде инвестициялардың түрлері:
- •Инфляция нысандары:
- •Пайданың формуласы:
- •Өзіндік құн түрлері:
- •Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
Энергетикалық мамандарға арналған АБ 2 сұрақтары
Ресурстар - ресурс деген термин француз тілінен шыққан «құралу көзі» деген сөз. Ол өндіріс процесіндегі көмекші құралдар дегенді білдіреді. Ресурс – заттай игіліктер жиыны, табиғи байлықтар, сонымен қатар өндіру мен тұтыну процесінде қатыстаын адамдар дегенді білдіреді.
Ресурстардың жіктелуі:
Жаратылысы бойынша;
Өндіріске қатынасы бойынша;
Пайдалану сипаты бойынша;
Ұдайы өндіріс тәсілі бойынша;
Жаратылысы бойынша ресурстар: табиғи, экономикалық, материалдық және қаржы.
Табиғи ресурстар - адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа, күн, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т.б. жатады. Сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді. Табиғи жағдайлар мен қоршаған ортаны білдіреді.
Экономикалық ресурстар – бұл экономикалық потенциялдың басты элементі. фирманың, кәсіпорынның меншігіндегі және пайда алу үшін пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтың, бейматериалдық активтердің, басқа да құндылықтардың, ақшалай қаражаттың жиынтығы, өндірісті қамтамасыз ету көздері деген мағынаны білдіретін іргелі экономикалық теория ұғымы.
Материалдық ресурстар – кеңейтілген ұдайы өндіріс процесі қоғамында таратылатын және қолданылатын еңбек заты мен еңбек құралдарының жиынтығы.
Қаржы ресурстары – кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер иелігіндегі материалдық және тауарлық құндылықтар қозғалстарына негізделеді және ақша қаражаттары.
Өндіріске қатынасы бойынша ресурстар: Функционалдық және потенциялдық. Функционалдық ресурстарға шаруашылық айналымында қолданылатын жалпы ресурстардың белсенді бөлігі жатады.
Потенциялдық ресурстар – анықталған, ресурстарды өндіру процесінде қолданылмайтын ресурстар. Олар елдің қорларын көрсетеді.
Пайдалану сипаты бойынша ресурстар: өндірістік және өндірістік емес.
Өндірістік ресурстар қоғамның материалдық игіліктерін құру негізінде өндірістік сферада қолданылатын ресурстар. Жер ресурстары, материалдық және еңбек ресурстары.
Ұдайы өндіріс тәсілі бойынша ресурстар: ұдайы өндірілетін және ұдайы өндірілмейтін. Ұдайы өндірілетін ресурстарға өндіріс процесінде қолданылатын адам еңбегімен құрылған не жасалған барлық заттай материалдар жатады. Ұдайы өндірілмейтін ресурстар – табиғат жаратқан ресурстар. Бұлар қазбалар, орман, су ресурстары т.б.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы – өнімді өндіру және өткізудің кешендік жоспары, негізінен, өнімнің жылдық көлемін, номенклатурасын, сапасын және өткізу мерзімдерін сипаттайды. Өндірістік бағдарламада өнім (жұмыс, қызмет) көлемі есептеледі, өндірістің қуаттылығымен, материалды және еңбек ресурстарымен негізделеді.
Өндіріс аясына сәйкес материалды өнім өндірісі бағдарламасының түрлері: Өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және құрылыс т.б.
Материалды өндірістен тыс аядағы қызмет бағдарламасының түрлері: Тасымалдау, сауда, білім беру, емдеу т.б.
Өндірістік бағдарлама неше және қандай кезеңдерде жасалады? 3 кезеңде жасалады:
Кәсіпорын бойынша жылдық жоспарды құру;
Өндірістік бағдарлама негізінде жоспарлы кезеңге приоритеттік мақсаттарын анықтау;
Жылдық жоспарды кәсіпорынның бөлімшелеріне және негізгі орындаушыларға жеткізу;
Өндірістік бағдарламаны құрудың негізгі үлгілері: 3 үлгісі:
Төменнен жоғары. Жоспарлау басқарудың төменгі деңгейінен басталады.
Жоғарыдан төмен. Жоспарлау кәсіпорын бойынша жалпы жоспар жасалады және бөлімшелері жоспарының негізіне алынады.
Интерактивті. Жоспарлау жоғарыдағы басшылар мен жоспарлау бөлімінің,барлық бөлімшелерінің тығыз байланысын қарастырады.
