Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Коммерциялы емес акционерлік оам1111.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
691.01 Кб
Скачать

3 Дәріс. Жарықтандыру құрылғыларын электрмен жабдықтау

        

Дәрістің мазмұны:

- жарықтандыру құрылғыларының электрлік тораптары.

         Дәрістің мақсаты:

- жарықтандыру тораптарының конструктивті орындалуымен танысу.

 

Жұмыстық жарықтандырудың электрмен жабдықтауын етуін 380/220 В кернеулі қосалқы станса щиттерінен өзіндік желілермен орындайды. Жарықтандыру қондырғыларының электрлік торабы қоректендіруші және топтық желілерден тұрады. Электр энергиясы қосалқы стансадан немесе енгізу-тарату құрылғысынан (ЕТҚ) қоректендіруші желілер арқылы жарықтандырудың магистралды щиттеріне, ал олардан – топтық магистралды щиттерге беріледі. Жарық көзінің қоректенуі топтық щиттерден топтық желілер арқылы жүзеге асады. 1 суретте жарықтандыру торабының принципиалды сұлбасы келтірілген.

Қоректендіру желілерін радиальды, магистральды, сонымен катар радиальды-магистральды сұлбалар арқылы жүзеге асырады. Радиальды қоректендіруші желілерді 200 А-ден жоғары болатын топтық щиттерге жүктеме кезінде қолданады. Ең көп таралғаны радиальды-магистральды тораптар.

Апаттық жарықтандыру шамдары,  сонымен қатар басқа да, көбінесе эвакуация жұмыстарын жалғастыру үшін, үшін тәуелсіз қорек көзіне жалғанган болуы керек. Егер цехта электр энергиясының сапалық көрсеткіштерін төмендететін жүктеме бар болса, онда мұндай жүктемені және жарықтандыруды қоректендіру әртүрлі трансформаторлардан жүзеге асырылады.

 

1 Сурет – Жарықтандыру торабының принципиалды сұлбасы

 

 

1 – қоректендіруші торап;

2 – енгізу-тарату құрылғысынан;

3 – магистральды пункт (щиток);

4 – топтық щиттер;

5 – қоректендіруші торап;

6 – топтық торап.

 

Қоректендіру және топтық тораптың сұлбаларын таңдау келесідей анықталады:

1) жарықтандыру қондырғысының үздіксіз жұмыс істеу талаптарымен;

2) техника-экономикалық көрсеткіштерімен (минималды келтірілген көрсеткіштерімен, электр энергиясы мен түсті материалдар шығындарымен);

3) жарықтандыру қондырғыларын басқарудың қолайлылығымен және эксплуатацияның қарапайымдылығымен.

Жарықтандыру торабының трассасын таңдар кезде және магистральды және щиттерді қондыру орындарын таңдағанда мыналарды ескеру керек: эксплуатацияның қолайлылығы (тиімділігі); өндірістік жұмыс кезінде зақымданулардың болмауы; эстетикалық талаптар; трасса ұзындығының кысқаруы.

Техника-экономикалық есептеулерден кернеуі 380/220 В болғанда үшфазалы төртсымдық топтық желінің максималды ұзындығы 80 м кем алынбауы керек, ал екісымдық – 35 м кем болмауы керек. Топтық желілердің фазасына 20-дан көп қызатын шамынан, ал көпшамды люминесцентті шамдарды қолданған кезде – 50 шамнан артық жалғау кеңес етілмейді. Қалқандарды орналастыруды жақын электрлік жүктеменің ортасынан жүргізген жөн. Қалқандарды ыстық, ылғалды, сонымен қатар өртке қауіпті орындарда орналастырмаған жөн. Барлық класты қалқандарды жарылысқа қауіпті орындарда орналастыруға қатаң тыйым салынады.

Алюминийлі талсымы бар сымдардың минималды қимасы 2,5мм2-ден кем болмауы керек. Алюминийдің беріктілігінің төмендігі, ұзақ мерзімдік еместігін, өртке қауіптілігін ескере отырып, мысты талсымы бар сымды қолдану ұсынылады.

Жалпы жарықтандыруға күштік немесе арнайы қойылған трансформаторлардан қоректенетін тораптар қолданылады.

Жарық шамдарды жарықтандыру топтарына бөлгенде өндірістің технологиялық ерекшеліктерін есепке алу қажет. Цехтағы жарықтандыру жүйесін жасағанда шамның кездейсоқ өшуі кезінде зақымдалуды түзету уақытында қызметкерлер жұмыстарын жалғастыруға мүмкін жағдай жасалуы тиіс.

Магистральдық жарықтану жүйесінің орындалуы, көбінесе, төртсымдық, жиі үшсымдық, ал анықтайтын жарықтандыру жүйесі – екісымдық және кей кезде үшсымдық болады. Шамдардағы кернеу 127 немесе 220 В тең.

Трансформаторлық қосалқы стансада автоматты ажыратқышты рационалды мақсатта қолданады, топтық щиткалар магистральды щиткалардан қоректенеді (пункіттер) (2, 3 суретті қара).

Жарықтандыру магистралы және топтық қалқан ретінде сериясы  ПР8513 үшполюсті автоматты ажыратқыштар және ПОР 8513 бірполюсті автоматты ажыратқыштар тарату пункттері қолданылады. Үлкен өндірістік алаңдарда жарықтандырудың қоректену желісі ретінде ШРА типіндегі шинасымдар қолданылады. Осы жағдайда топтық щиткалардан топтық жарықтандыруды шинасымдарға қосу арқылы бөлек аппараттық қорғаныспен басқару.

 

1 – КТП; 2 – магистральды щиток (пункт); 3 – топтық жарықтандыру; 4 – гтоптық щиток АО; 5 – сызықтық жүйенің қорегі РО; 6 – сызықтық жүйенің қорегі АО (эвакуациялық); 7 – басқа бөлімшелік РО қорегі алаңнан немесе күштік тұтынушылардан.

2 Сурет – Қорек сұлбасы РО және АО біртрансформаторлық КТП дан

3 Сурет – Қорек сұлбасы РО және АО екітрансформаторлық КТП дан

Топтық жүйе ішкі жарықтандыру мен штепсельді розетканы жалғау үшін қажет (4 суретті қара).