- •Коммерциялық емес акционерлік қоғам алматы энергетика және байланыс университеті
- •Электрмен жабдықтау жүйесін жобалау
- •5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы
- •1 Дәріс. Электрмен жабдықтау жүйесіне қойылатын негізгі талаптар және электрмен жабдықтау сұлбасын салудың негізгі принциптері. Қоректендіру көздері
- •2 Дәріс. Өндіріс орындарын электрмен жабдықтауды жобалауға арналған бастапқы мәліметтер, жобалардың мазмұны
- •3 Дәріс. Жарықтандыру құрылғыларын электрмен жабдықтау
- •4 Сурет – Топтық желінің үшфазалық жүйесінің нөлдік сымдық сұлбасы
- •5 Сурет – үш фазалы топтағы фазалар арасындағы шамның таратылу нұсқалары
- •4 Дәріс. Цех трансформаторларының қуатын, санын және орналасу орындарын таңдау
- •5 Дәріс. Цех тораптарын салудың принциптері. Күштік тұтынушыларды қоректендірудің сұлбалары
- •6 Дәріс. Сыртқы электрмен жабдықтаудың сұлбалары
- •14 Сурет – Өзіндік стансасы жоқ болғандағы энергожүйеден электрмен жабдықтау
- •7 Дәріс. Кернеуі 1 кВ жоғары кәсіпорын аумағындағы кәбілдер, сымдар және ток сымдар салудың әдістері
- •15 Сурет – Кәбілдердің кәбілдік траншеяларда орналасуы
- •16 Сурет – Кәбілдерді блок ішінде төсеу
- •17 Сурет – Кәбілдері екі жақтан салынған кәбілдік туннель
- •8 Дәріс. Ішкі электрмен жабдықтаудың сұлбалары
- •22 Сурет – бтқс-дағы екіншілік кернеуінде жинақтау шинасы жоқ ток сымдары арқылы электр энергиясының таратылу сұлбасы
- •9 Дәріс. Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйесіндегі техникалық-экономикалық есептеулер
- •10 Дәріс. Кернеуі 1000 в жоғары тораптардағы қысқа тұйықталу токтарын есептеу
- •23 Сурет – Есептік сұлба және орынбасу сұлбасы
- •11 Дәріс. Кернеуі 1000 в жоғары электр қондырғыларын таңдау
- •12 Дәріс. Ашық және жабық тарату құрылғыларды (қосалқы станса) жинақтау
- •25 Сурет –110/6-10 кВ бтқс қимасы мен жоспары
- •13 Дәріс. Кедергі пештерін электрмен жабдықтау
- •26 Сурет – Басқару стансасының қосылуының принципиалды сұлбасы
- •14 Дәріс. Доғалық пештерді электрмен жабдықтау
- •30 Сурет – дсп-200 қуатты доғалық пешті қоректендіру сұлбасы
- •15 Дәріс. Найзағайдан қорғаныс
- •31 Сурет – Серіппелік (а) және тростық (б) найзағай тартқыштардың құрылыстары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
13 Дәріс. Кедергі пештерін электрмен жабдықтау
Дәрістің мазмұны:
- электрлік пештер электр энергиясының тұтынушылары ретінде.
Дәрістің мақсаты:
- кедергі пештерін электрмен жабдықтау принциптерімен танысу, олардың ерекшеліктері, электр энергиясымен қоректену сұлбалары.
Электрлік пештер электр энергиясының тұтынушылары ретінде.
Электрлік кедергі пештері салыстырмалы түрде жүктемесі ақырын өзгеретін тұтынушы болып табылады. Олардың қуаты салыстырмалы түрде аз (бір зона үшін 100-150 кВт аспайды) болғандықтан, пештердің немесе оның аумағының оқтын-оқтын қосылуы мен өшірілуі тораптағы кернеу тербелісіне әкелмейтіндіктен, кедергі пештерін шинаға немесе басқа тұтынушылар сияқты цехтың ТҚ қосуға болады. Кедергі электр пешінің Cos торапқа тікелей қосылғанда 1-ге жақын және 0,95 – егер төмендеткіш трансформатор болса. Кедергі пеші симметриялық жүктеме. Пештер (және зоналар) үш фазалы (аз қуаттағы пештерді қоспағанда) болғандықтан оларға симметрияландыратын құрылғы қажет емес.
Жалпы өндірістік қолданыстағы кедергі пештерінің электр қондырғылары мен электрмен жабдықталуы.
Кедергі электр пештерінде қолданылатын электр қондырғылары күштік қондырғыларға, басқару аппаратуралары, өлшем аппаратуралары және пирометриялық қондырғылар болып бөліне алады.
Күштік қондырғыларға төмендеткіш трансформаторлар және автотрансформаторлар, механизмдерді іске қосатын қозғалтқыштар, күштік коммутациялық аппаратуралар жатады.
Кедергі электр пештерін қоректендіру үшін үш фазалы төмендеткіш-реттегіш ТПТ типтегі және ТПО түріндегі бір фазалы трансформаторлар қолданылады. ТПТ трансформаторларында Sном – 40-тан 250 кВА дейін, ТПО Sном – 25-тен 250 кВА дейін. Барлық трансформаторларда кернеудің 16 сатысы бар, олар ВН және НН () кірмелеріндегі ұстатқыштарды қайта қосу арқылы, және де ВН орамдарының бұрылымдарын ауыстыру арқылы алынған.
Трансформтаордың әр типтік өлшемі өзінің кернеу сатысымен үш нұсқада орындалады, мысалы, 6,05-29,8 В, немесе 18,5-89,4 В, немесе 54,45-268,2 В, яғни әр нақты жағдай үшін неғұрлым сәйкес келетін тансформатор таңдауға мүмкіндік береді. Кедергі пештерінің режимін реттегіш индукциялық реттегіштер үнемді емес, және қазіргі уақытта қолданылмайды.
Күштіу коммутациялық аппаратуралар, 220-380 В кернеуінен қоректенетін басқа тұтынушылардың сұлбасындағыдай: автоматты ажыратқыштар, балқығыш сақтандырғыштар, рубильниктер, контакторлар.
Кедергі электр пештерінде қолданылатын басқару аппаратуралары мен өлшем аспаптары әдетте қолданылатындардан айырмашылығы жоқ. Бұлар басқару кнопкалары, универсалды ауыстырып қосқыштар, контроллерлер, ток релесі, уақыт релесі, аралық реле, электрлік сағаттар, соңғы ажыратқыштар, щиттік өлшем аспаптары (амперметрлер және санағыштар), ток және кернеу трансформаторлары.
Кез-келген электр пештері пирометриялық аспатармен жабдықталуы тиіс. Жауапкершілігі төмен, кішкене пештер үшін ол көрсететін аспабы бар термопара (немесе радиациялық пирометр), көптеген өндірістік пештерде температураны автоматты реттеу міндетті болып табылады. Ол көрсететін, реттейтін және көбінесе пеш режимін тіркейтін аспаптар (әдетте автоматты потенциометр) арқылы жасалады.
Күштік коммутациялық аппаратура әдетте басқару стансаларында орналастырылады. Ол бұрыштардан құралған каркас ретінде жасалады, оған автоматты ажыратқыштар (АВ) немесе балқығыш сақтандырғыштар және рубильниктер, сызықтық контакторлар (КЛ) және КЛ басқаратын аралық реле (РП). Басқару стансалары зонасы үштен аспайтын үш фазалы және бір фазалы пештер үшін Iном – 60-тан 600 А дейін шығарылады.
26 суретте
басқару стансасының принципиалды
сұлбасы келтірілген, ол екі зоналы үш
фазалы кедергі пешін
-тан
-ға
ауыстыруға, ажыратуға, қосуға арналған.
Егер пеш зонасы пеш қасында немесе астында орналасқан төмендеткіш немесе реттегіш трансформатор арқылы қоректенсе, онда басқару стансасына трансформатордың біріншілік орамдары, ал екіншілік орамдары пештің жылытатын шығыстарына тікелей жалғанады.
Егер цехтың әр жерінде бір, екі, үш зоналы пештер орналасқан болса, онда оларды басқару солардың қасында болуы тиіс. Бұл мақсатқа жабық түрдегі болат шкафтар түріндегі басқару щиттары қолданылады.
|
|
|
|
