- •Коммерциялық емес акционерлік қоғам алматы энергетика және байланыс университеті
- •Электрмен жабдықтау жүйесін жобалау
- •5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы
- •1 Дәріс. Электрмен жабдықтау жүйесіне қойылатын негізгі талаптар және электрмен жабдықтау сұлбасын салудың негізгі принциптері. Қоректендіру көздері
- •2 Дәріс. Өндіріс орындарын электрмен жабдықтауды жобалауға арналған бастапқы мәліметтер, жобалардың мазмұны
- •3 Дәріс. Жарықтандыру құрылғыларын электрмен жабдықтау
- •4 Сурет – Топтық желінің үшфазалық жүйесінің нөлдік сымдық сұлбасы
- •5 Сурет – үш фазалы топтағы фазалар арасындағы шамның таратылу нұсқалары
- •4 Дәріс. Цех трансформаторларының қуатын, санын және орналасу орындарын таңдау
- •5 Дәріс. Цех тораптарын салудың принциптері. Күштік тұтынушыларды қоректендірудің сұлбалары
- •6 Дәріс. Сыртқы электрмен жабдықтаудың сұлбалары
- •14 Сурет – Өзіндік стансасы жоқ болғандағы энергожүйеден электрмен жабдықтау
- •7 Дәріс. Кернеуі 1 кВ жоғары кәсіпорын аумағындағы кәбілдер, сымдар және ток сымдар салудың әдістері
- •15 Сурет – Кәбілдердің кәбілдік траншеяларда орналасуы
- •16 Сурет – Кәбілдерді блок ішінде төсеу
- •17 Сурет – Кәбілдері екі жақтан салынған кәбілдік туннель
- •8 Дәріс. Ішкі электрмен жабдықтаудың сұлбалары
- •22 Сурет – бтқс-дағы екіншілік кернеуінде жинақтау шинасы жоқ ток сымдары арқылы электр энергиясының таратылу сұлбасы
- •9 Дәріс. Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйесіндегі техникалық-экономикалық есептеулер
- •10 Дәріс. Кернеуі 1000 в жоғары тораптардағы қысқа тұйықталу токтарын есептеу
- •23 Сурет – Есептік сұлба және орынбасу сұлбасы
- •11 Дәріс. Кернеуі 1000 в жоғары электр қондырғыларын таңдау
- •12 Дәріс. Ашық және жабық тарату құрылғыларды (қосалқы станса) жинақтау
- •25 Сурет –110/6-10 кВ бтқс қимасы мен жоспары
- •13 Дәріс. Кедергі пештерін электрмен жабдықтау
- •26 Сурет – Басқару стансасының қосылуының принципиалды сұлбасы
- •14 Дәріс. Доғалық пештерді электрмен жабдықтау
- •30 Сурет – дсп-200 қуатты доғалық пешті қоректендіру сұлбасы
- •15 Дәріс. Найзағайдан қорғаныс
- •31 Сурет – Серіппелік (а) және тростық (б) найзағай тартқыштардың құрылыстары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
12 Дәріс. Ашық және жабық тарату құрылғыларды (қосалқы станса) жинақтау
Дәрістің мазмұны:
- тарату құрылғыларының конструкциясы мен құрастырылуы.
Дәрістің мақсаты:
- ашық және жабық тарату құрылғыларымен танысу.
Әр қосалқы станса коммутациялық аппараттардан, қорғаныс және автоматика құрылғыларынан, өлшем аспаптарынан, жинақтау және қосу шиналарынан, қосалқы құрылғыларынан тұратын тарату құрылғыларынан (РУ) тұрады.
Конструктивті орындалуына байланысты РУ ашық және жабық болып бөлінеді. Олар жинақталған (дайындаушы кәсіпорында құрастырылған) немесе құралған (қолданылатын жерінде жекелеген немесе толық құрастырылған) болып бөлінеді.
Ашық тарату құрылғысы (ОРУ) – барлық немесе негізгі қондырғылары ашық ауада орналасқан тарату құрылғылары; жабық тарату құрылғысы (ЗРУ) – қондырғылары ғимараттың ішінде орналасқан құрылғы.
ОРУ 35 кВ және одан жоғары кернеуге құрылады. ОРУ қолдану бағаны арзандатады, ауыстыру және қосалқы стансаның электр қондырғыларын жөндеу және құрастыру мерзімін қысқартады, ОРУ қызмет көрсету жабыққа қарағанда күрделі, және де оларға қымбат қондырғылар қажет. ОРУ –дың біршама рационалды жинақталуы ретінде қондырғының бір жазықтықта (нөлдік белгіленуде) және қосылу шиналарының бір немесе бірнеше ярусқа жалғанып орналасуы болып табылады. Бір қосылудың қондырғысы ұяшық деп аталатын сызықты алады.
ПУЭ тәртібі және ОРУ немесе ЗРУ (әр бұйымды қондыру және құрылымның конструкциясы) жинақталуын анықтайтын жалпылама шарттар бар. Электр қондырғыларын, ток жүргізетін бөліктерді, изоляторларды, бекіткіштерді, қоршауларды, алып жүретін конструкцияларды, оқшауламалық және басқаларды таңдағанда қашықтықты таңдау және орнатуда келесі шарттар орындалуы қажет:
- қыздыру, электрлік доға, әсер күштері немесе жұмыс барысындағы басқа құбылыстар (ұшқын шашу, газ лақтыру және т.б.) қондырғының зақымдалуына және ҚТ болуына немесе жерге тұйықталуға, сонымен бірге қызмет көрсететін адамдарға зиян әкелмеуі қажет;
- электр құрылғыларының қалыпты жұмыс жағдайы бұзылса қысқа тұйықталу әсерінен болған зақымдалуды жою жергілікті болуы қажет;
- тізбектің біреуінен кернеу алынса, оның аппараттарын, ток жүргізетін бөліктерін және құрылыстарын көршілестізбектің қалыпты жұмысын бұзбай қауіпсіз көруге, ауыстыруға, жөндеуге болады;
- қондырғыларды қолайлы жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Тарату құрылғыларының барлық тізбектерінде көзге көрінетін айырғыш құрылғыларын қарастыру қажет, себебі олар әр тізбектегі жинақталған шинадағы, сонымен бірге басқа кернеу көздерінен барлық аппараттарды (ажыратқыштар, бөлгіштер, ток және кернеу трансформаторлары және т.б.) ажыратуға мүмкіндік береді.
Қойылған шарттар шығарылатын арбалы КРУ және КРУН шкафтарына, жоғары жиілікті бөгеуіштерге және байланыс конденсаторларына, жіберілетін желідегі кернеу трансформаторларына, трансформатор шығыстарында және жіберілетін желідегі разрядтағыштарға, сонымен бірге кәбілдік кірмедегі күш трансформаторларына таратылмайды
ОРУ және қосалқы станса территориясында қолданудың қалыпты жағдайында май ағуы мүмкін (аппаратты май қожалығы, май қоймасы, машиналық бөлімдер, сонымен қатар жөндеу және басқа жұмыстардағы трансформаторлар мен ажыратқыштар) екендігін ескеріп оны жинайтын және суаттарға түсуі мүмкін екенін ескеріп оны жоятын құрылғы қарастырылуы қажет.
35-110 кВ қосалқы стансаларын жинақталған түрде, зауыт дайындауымен, блоктық конструкцияман жобалау қажет. 35-750 кВ тарату құрылғыларын ашық типте орындауға кеңес етіледі. 6-10 кВ тарату құрылғыларын сыртқа құратын жинақталған шкаф түрінде жасауға болады (КРУН). Жабық түрдегі 6-10 кВ тарату құрылғыларын қолдану қажет: климаттық жағдайына байланысты КРУН қолданылмайтын аудандарда; атмосферасы ластанған аудандарда және қар мен шаң дауылды аудандарда; шкаф саны 25 асса; техникалық экономикалық негіз болғанда (закак берушінің талабы бойынша).
ОРУ конструкциясы мен жинақталуын қабылданған номиналды кернеуге, электрлік қосылулардың сұлбасына, қосылатын желі санына, трансформаторлар мен автотрансформаторларға, жоғары кернеудегі коммутациялық және өлшеу аппаратураларының (ажыратқыштар, айырғыштар, ток және кернеу трансформаторлары) түріне және ошиновкаға байланысты құрастырады.
Сонымен бірге жобаланған ОРУ қойылатын жердің жергілікті жағдайы ескерілуі қажет: рельеф, топырақ, алаң мөлшері, желінің бағыты (желінің кіру және шығу жолдары), теміржол жолдары мен автокөлік жолдарымен жанасу. Сонымен бірге жергілікті климатикалық жағдайла ескеріледі. Және де ОРУ кең және қысқа, тар және ұзын болып жасалады. ОРУ майысқақ, қатты және аралас (майысқақ және қатты) ошиновкамен жасалуы мүмкін, ол осы ошиновканың конструкциясына, орналастырылуына (ілінуі) және оның мөлшеріне (порталдар аралығы, колонналар биіктігі, олардың саны мен салмағы, бағана мен ілінетін изоляторлардың саны) әсер етеді.
Жоғары жағындағы кернеудің сұлбасы жеңілдетілген 35-330 кВ қосалқы стансаларында орналасқан аппараттар саны аз атмосферасы ластанған аудандарда жоғары кернеудегі ашық құрылғылар мен ішкі оқшауламасы күшейтілген трансформаторларды қолдануға кеңес етіледі.
25 суретте трансформаторы 25-40 МВА 110/6-10 кВ БТҚС-ның қимасы мен жоспары келтірілген.
а – жоспар; б – қима; 1 –6-10 кВ ЗРУ; 2 – трансформатор; 3 – ОРУ 110 кВ; 4 – 110 кВ ӘЖ; 5 – жөндеу алаңы; 6 – жайтартқыш; 7 – қорғаныс тросы; 8 - айырғыш; 9 – бөлгіш; 10 – қысқа тұйықтағыш; 11 - разрядтаушы; 12 – теміржол жолдары; 13 – трансформатордың орамдарынан тармақталған шығыстар.
