- •1. Әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикалық негіздерінің анықтамалары мен принциптері
- •2. Этиканың пайда болуы және жетілуі, этиканың тарихы
- •4.Әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикасының мақсаты мен міндеттерін атаңыз:
- •5.Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-этикалық кодексі туралы айтыңыз
- •8.Объективті және субъективті уақыт анықтамасы және Парето әдісі.
- •9.Эмоциональды интеллектінің моделін сызып, оны түсіндіріп беріңіз.
- •1. Ішкі тұлғалық сфера мыналардан тұрады:
- •2. Тұлғааралық қатынастар сферасына жатады:
- •3. Бейімделу сферасы:
- •5. Жалпы көңіл-күй сферасына кіреді:
- •10. Әлеуметтік жұмыстағы шиеленістік жағдайларды шешу әдістерін атап, оларға анықтама беріңіз
- •11. Әлеуметтік жұмыстың деонтологиясы нені зерттейді?
- •12. Кәсіби шеберлікті жоғарылатудағы акмеологияның маңызын айт.
- •13 Әлеуметтік қызметкердің этикеті клинтпен өзара қарым қатынас этикасы
- •15. Әлеуметтік жұмыс мамандығының профессиограммасы.
- •16. Әлеуметтік жұмыс этикасының негізгі категориялары, олардың сипаттамалары.
- •19. Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік қасиеттері: моральдық нормалары мен принциптері.
- •20. Әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын негізгі талаптарды түсіндіріңіз.
- •21) Қазақ және шетелдегі әлеуметтік қызметкерлерге қойылған талаптарды салыстырып ұқсастыған және айырмашылығын шығарыныз.
- •22) Әлеуметтік қызметкердің жеке стресстерінің факторларын және оны шешу жолдарын атаңыз.
- •23. Уақытты жұтқыштар
- •24. Эмоцияны басқару әдістері
- •25.Әлеуметтік жұмыстағы шиеленістік жағдайды реттеудегі психо-әлеуметтік ерекшеліктері
- •26. Әлеуметтік қызметкердің клиент, жұмыс орны, мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілігімен мазмұнын атаңыз.
- •27. Әлеуметтік акмеология қандай қызмет аймақтарын қамтиды?
- •28. Әлеуметтік қызметкердің парызы мен жауапкершілігі: тұлғалық және қоғамдық аспектілері
- •30. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзіреттілігінің түрлерін атап, оларды түсіндіріп беріңіз
4.Әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикасының мақсаты мен міндеттерін атаңыз:
Әлеуметтік қызметкердің этикалық мақсаты әлеуметтік тұрғыдан қабылданған жоспар мен кәсіби қызметтің мән-мағыналарын қамтамасыз ету және қолдау, ал міндеттері – кәсіби топтың және олардың бірлестіктерінің жеке нормативті регламентациясы, әлеуметтік сферадағы мамандардың сәйкес этикалық саналарын қалыптастыру.
Әлеуметтік жұмыс этикасының басты категорияларына маманның кәсіби этикалық қарым-қатынастары, этикалық санасы, этикалық іс-әрекеттері және кәсіби парызы жатады.
Әлеуметтік жұмыста кәсіби этикалық қызмет процесінде қалыптасатын басты этикалық қарым-қатынастар «адам – адам» жүйесінің қоғамға және жеке тұлғаға жақсылық жасау жолына негізделеді. Бұл қарым-қатынастар ұжым мүшелері ретінде әлеуметтік қызметкерлер арасында, әлеуметтік қызметкер мен олардың клиенттерінің арасында, әлеуметтік қызметкер мен клиенттің әлеуметтік ортасының арасында, әлеуметтік қызметкер мен әр түрлі мекемелер, ұйымдар, жеке меншік түрлері арасында қалыптасады. Сонымен, бұл мемлекеттің бір құрылымы ретіндегі әлеуметтік жұмыстың институты мен басқа мемлекет ұйымдар арасындағы қарым-қатынас.
Әлеуметтік жұмыста этикалық қарым-қатынастар талаптар формасында; адамгершілік принциптері; моральды қабілеттер ; мамандардың өз қызметіндегі үнемі өзін-өзі ұстау және бақылау формасында жүреді.
Әлеуметтік қызметкердің этикалық санасы кәсіби қарым-қатынас процесінде қалыптасатын әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік өмірі мен қызметін көрсетеді. Бұл сана моральдың субъективті көрінісі болып келеді, себебі объективті әлеуметтік қажеттіліктер мен қоғамдық мүдделер маманның немесе кәсіпкердің санасында міндеті тәртіптер мен іс-әрекеттер идеясы ретінде көрінеді. Бұл сананың ерекше формасы спецификалық адамгершілік нақтылықты береді: тәртіп пен қызмет енді қажеттіліктер тұрғысынан қарастырылмайды, ол олардың моральды құндылықтарын толық, жан-жақты зерттейді. Іс-әрекеттің құндылықтары игі істер, қоғам және әлеуметтік қызметкердің клиенттері болып табылады, яғни адамгершілік тұрғысынан қарағанда әлеуметтік қызметкердің өзі де қатысады. Нақты әлеуметтік қызметкердің кәсіби міндеті, адамгершілік тұрғысынан қарағанда, жақсылық болып табылады. Бұл жақсылық тек қана қоғамға немесе клиентке қажет болғаннан емес, сондай-ақ ол әлеуметік қызметкердің өзіне де қажет, себебі әлеуметтік қызметкерге игі іс жасау оған пайда әкелуге мүмкіндік береді, соған қоса өзінің жеке адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға да септігін тигізеді. Әлеуметтік жұмыс, кез келген қызмет сияқты, мораль және адамгершілік позициясымен бағаланатын нақты құрылымдық элементтермен ерекшеленеді.
Адамгершіліктің, қызметтің ең басты мақсаты клиент пен қоғамның жақсылығы болуы мүмкін. Қызметтің мақсаты әрқашан келешек реалды
шешімнің идеалды образы болып келеді. Әлеуметтік қызметкердің өзінің алдына қойған мақсаты, жалпы айтқанда, мына формуламен айқындалуы мүмкін: «мәселені шешу және клиенттің өмірлік шарттарын жақсарту». Клиент, негізінен, өзінің мақсатын бұдан да айқын қалыптастырады. Бірақ клиенттің мақсаты әрқашан орындала бермейді – бұған әлеуметтік қорғау жүйесінің мүмкіндіктері және нақты әлеуметтік қатынастар, клиент үшін соңғы нәтижесінің объективті құндылығы , этикалық мақсаттар және басқа да факторлар әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкер мақсаттың этикалық тиімділігін бағалай отырып, клиенттің мәселесін шешу үшін нақты іс-әрекеттерді жоспарлай отырып, өзіне жеке жауапкершілік артады. Егер әлеуметтік қызметкер клиент және оның әлеуметтік ортасы үшін жұмыс нәтижесінің мүмкін болатын құндылығын бағаласа, ол қойылған мақсат бойынша әрекет жасамау дұрыс болатынын айтады, ол өзінің ойын анық, нақты түсіндіріп, клиентке өзінің дұрыстығын дәлелдеу керек.
Әр адам шындықты немесе ақиқатты, заттар , құбылыстар немес іс-әрекеттерді , өзінің ішкі жан дүниесімен байланыстырады. Әлеуметтік қызметкер әрқашан өзінің қызметін тек жалпы қоғамдық немесе кәсіби құндылықтар тұрғысынан ғана зерделемей, сонымен қатар өзінің құндылықтар жүйесінен, мораль және адамгершілік туралы өз пікірлері арқылы да жұмыс істейді. Әлеуметтік қызметкердің іс –әрекеттері оның кәсіби міндеттерінің спецификалық адамгершілік мотивтерді құрайды. Жақсылық жасауға ұмтылу, мәжбүр адамдарға көмек беру, адами және кәсіби парыз сезіміне бағыну, нақты идеалдарға жетуді қажет ету, құнды бағыттарды іске асыру. Әлеуметтік қызметкер үшін басты кәсіби міндеті клиенттің мәселелерін шешу болып табылады.
Түрткі ретінде көбінесе орындалған жұмыстың мазмұны, еңбек ету қызметінің процесі және оның соңғы нәтижесі қарастырылады. Егер әлеуметтік қызметкер тұлға ретінде өзін адамдарға қажет екенін сезінсе, егер ол әлсіз адамдарды қорғауға дайын болса, егер ол өзінің клиенттерінің табыстарына қуанса, және олардың жетістіктеріне мақтау айтса, онда қалыпты мотвацияның орны бар деп айтуға болады. Сондықтан клиентпен ортақтасу сезімі, оның тағдыры үшін жауапты болу, пайдалы болуын қажетсіну, және жақсылық жасау - әлеуметтік қызметкердің оқу және практика жүзінде дамып отыратын тәртіп пен қызметтің қажетті мотивтері.
Легитимизация ұғымының астарынан әлеуметтік қызметкер немесе әлеуметтік қызметтің өзінің міндеттерінің негізіне үңілетін құқықтық негіздемелер түсіндіріледі. Бұл мекеменің қызметін, әлеуметтік қорғау органдарының және олардың қызметкерлерін бақылайтын барлық нормативті-құықтық база.
Әлеуметтік қызметкердің міндеттерін легитимизациялайтын құжат ретінде , олар мемлекеттік немесе жергілікті әлеуметтік бағдарламалар, бұйрық немесе әлеуметтік қорғау жоғары органның немесе мемлекеттік немесе жергілікті басқару органдарының құрылымдық хаты, олардың шешімі, т.б. қандай жағдай болмасын, бұл құжат мазмұны адамгершілік критерилерінің сұрақтарына жауап беретін және барлық әлеуметтік қызмет
пен әлеуметтік қорғау жүйесіне ортақ жалпы қабылданған, заң негізінде жүзеге асатын мақсаттар мен міндеттерге қарсы болмауы тиіс. Қызметтің негізделуі форма ретінде , сонымен қатар мазмұны жағынан әр түрлі объективті себептерге байланысты мақсаттардан айырмашылық жасайды.
Әлеуметтік қызмет пен нақты әлеуметтік қызметкерлердің қызметін регламентациялайтын ресми құжаттардан басқа, кәсіби маман мен оның клиентінің арасында бірлескен жұмыстың мақсаты мен әрекет ету сипаты , жұмыс жасау барысы туралы анық және нақты келісім болуы тиіс. Бұл клиент пен әлеуметтік қызмет арасында жасалған келісімшарт болуы мүмкін, өтініш немесе клиенттің әлеуметтік қызметке жолдаған басқа да құжат болуы мүмкін.
Мақсаттардың сәйкестігі мен мақсатқа жетудің тәсілдері этиканың негізгі сұрақтарының бірі болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін әлеуметтік қызметкер оған барлық мүмкін болатын , қолайлы , заңды тәсілдерді қолданады – материалдыдан бастап рухани құндылықтарға дейін. Тиісті құралдарды таңдай кезінде этикалық принциптерді ұстану керек, оның ішіндегі ең бастысы және барлық қызмет үшін ең маңыздысы «зиян келтірме» деген принцип болып табылады. Әлеуметтік қызметкер мақсатқа жету жолдарының жүру барысын ғана ойластырып қоймай, мақсатқа жету үшін басқа да тәсілдердің қолданылуын да алдын ала көре білуі керек – «деструктивті тәсілдерді қолдану трансформацияға және мақсаттың орындалуына әкеледі». Әлеуметтік қызметкердің қойған мақсаты моральды жағынан жоғары болуы мүмкін, оның тәсілдері мен құралдарына сәйкес келмеуі мүмкін, олардың аморальдылығы қызметтің барлық нәтижесін өшіріп тастауы мүмкін. Мысалы, әлеуметтік жұмыстың құралдары әлсіз қаржыландырудың әсерімен юайланысты екені анық. Бірақ бұл әлеуметтік қызметкер материалдық жағдайы жоғары адамдардың қаражтын аз қамтылған клиенттерге көмек беру арқылы аудару емес, немесе әділетсіз әрекеттер жасап алдау емес. Егер қылмыстық кодекс жүйесінде әрекет етсе, мұндай әлеуметтік қызметкер жауапқа тартылмайды, оның міндеті барлық әлеуметтік жұмыс институтына таңылатын қоғамдық санада негативті баға беру болып табылады. Сондықтан әлеуметтік қызметкер үшін заң жүзіндегі, қоғам қабылдаған, жоғары моральды құндылықтары бар құралдар мен тәсілдерді таңдау керек.
