- •1. Әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикалық негіздерінің анықтамалары мен принциптері
- •2. Этиканың пайда болуы және жетілуі, этиканың тарихы
- •4.Әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикасының мақсаты мен міндеттерін атаңыз:
- •5.Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-этикалық кодексі туралы айтыңыз
- •8.Объективті және субъективті уақыт анықтамасы және Парето әдісі.
- •9.Эмоциональды интеллектінің моделін сызып, оны түсіндіріп беріңіз.
- •1. Ішкі тұлғалық сфера мыналардан тұрады:
- •2. Тұлғааралық қатынастар сферасына жатады:
- •3. Бейімделу сферасы:
- •5. Жалпы көңіл-күй сферасына кіреді:
- •10. Әлеуметтік жұмыстағы шиеленістік жағдайларды шешу әдістерін атап, оларға анықтама беріңіз
- •11. Әлеуметтік жұмыстың деонтологиясы нені зерттейді?
- •12. Кәсіби шеберлікті жоғарылатудағы акмеологияның маңызын айт.
- •13 Әлеуметтік қызметкердің этикеті клинтпен өзара қарым қатынас этикасы
- •15. Әлеуметтік жұмыс мамандығының профессиограммасы.
- •16. Әлеуметтік жұмыс этикасының негізгі категориялары, олардың сипаттамалары.
- •19. Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік қасиеттері: моральдық нормалары мен принциптері.
- •20. Әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын негізгі талаптарды түсіндіріңіз.
- •21) Қазақ және шетелдегі әлеуметтік қызметкерлерге қойылған талаптарды салыстырып ұқсастыған және айырмашылығын шығарыныз.
- •22) Әлеуметтік қызметкердің жеке стресстерінің факторларын және оны шешу жолдарын атаңыз.
- •23. Уақытты жұтқыштар
- •24. Эмоцияны басқару әдістері
- •25.Әлеуметтік жұмыстағы шиеленістік жағдайды реттеудегі психо-әлеуметтік ерекшеліктері
- •26. Әлеуметтік қызметкердің клиент, жұмыс орны, мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілігімен мазмұнын атаңыз.
- •27. Әлеуметтік акмеология қандай қызмет аймақтарын қамтиды?
- •28. Әлеуметтік қызметкердің парызы мен жауапкершілігі: тұлғалық және қоғамдық аспектілері
- •30. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзіреттілігінің түрлерін атап, оларды түсіндіріп беріңіз
23. Уақытты жұтқыштар
1. Өзін-өзі тәрбиелей алмау. Өзін-өзі тәрбиелеу - бұл өзін-өзі қадағалау, өмірдегі мақсаттарына жету. Бұл уақытты жеуге арналған адамдарды саналы түрде қабылдамау. Skype-тегі досыңызбен бос әңгіме айтып уақыт өткізгенше, шет тілін үйрену үшін сол жарты сағат уақытты жұмсауға болады. Сол кезде қандай да бір жетістікке жетуге болады.
2. Жұмыстарды кейінге қалдыру. «Ертең, ертең, бүгін емес» деген сөз әрдайым айтылады. Оған әсер ететін адамның жалқаулығы. Біздің миымыз тыныс алуды сұрайды, бірақ үнемі уақытты созуға бола бермейді.
3. Керексіз ақпаратты қабылдау. Теледидар, телефон, интернеттен керексіз ақпараттарды қабылдау, әлеуметтік желілерде отыру арқылы және сапасыз әдебиеттерді оқу арқылы біз өзіміздің уақытымызды жоғалтамыз.
4. Жұмыстардың нашар жоспарлануы. Жоспар жасап оны ұстанатын адамдардың саны өте аз. Біз кейде өз ісімізді дұрыс жоспарламағандықтан, уақытымыздың барлығы қайда кетіп жатқанын түсінбейміз. Қазіргі тілмен айтқанда тайм менеджмент жүйесі орнықты құрылмағандықтан, осындай олқылықтарға жол береміз. Барлығының алдын алып не уақытылы тосқауыл қоя білейік. Белгілі бір уақытты көздеңіз (жыл, ай, апта, күн). Сол уақыт аралығында атқарып аяқтауыңыз керек шаруалардың тізімін жасаңыз. Бұл тізімге үйде де, жұмыста да істейтін жұмыстарыңызды кіргізіңіз. Олар нақты мақсатқа бағытталған болсын.
5. Денсаулыққа қарамау. Денсаулығыңызға аса мұқият қараңыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген артық екенін жадыңызда ұстаңыз.
Эйзенхауер әдісі
Істерді 4 типі бойынша бөліп қарастыруға болады, ол Эйзенхауер әдісі деп аталады.
1. Шұғыл және маңызды. Бұл істерді ертеңге қалдыруға болмайды, сондықтан жылдам кіріскеніңіз жөн.
2. Маңызды, бірақ шұғыл емес. Бұл істерді шұғыл емес деп ертеңге қалдыруға болмайды, себебі болашақта қиындықтар туғызуы мүмкін. Мүмкіндігінше ерте орындағыныңыз жөн.
3. Шұғыл, бірақ маңызды емес. Бұндай істермен айналысу жұмыс өнімділігіне еш әсер етпейді. Нәтижесі де көрінбейді. Сондықтан, мүмкіншілігіңізге қарай, осындай істер санын азайтып, не мүлдем алып тастаған жөн.
4. Шұғыл да, маңызды да емес. Істердің бұл түрімен айналысудың қажеті жоқ. Сондықтан оп-оңай тізіміңізден сызып тастасаңыз болады.
24. Эмоцияны басқару әдістері
Көбіне адамдар қандайда бір әрекетке, сөзге, оқиғаға қатысты алғашқы, бір сәттік эмоцияларына өкініп жатады. Мұны психологтар «триггерлер» деп атайды. Абайсыз айтылған сөз, ойластырылмаған әрекеттер, албырттықтан туатын барлық жағдайды бірнеше секундқа басқаруды үйрену керек. Ол үшін арнайы амалдар қарастырылған. Солардың бірі тыныс алумен байланысты. Эмоция мен тыныс алудың қандай байланысы бар? Өйткені, эмоционалдық іс-әрекеттер тек баста «туындамайды», қызу реніш үстінде қанда түрлі гормондар арпалысып жатады, жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы көтеріледі. Эмоцияның физикалық білінуін бақылауға ала алсаңыз, ашу, үрей, қозу, абыржуды тоқтата аласыз.
Назарыңызды басқа жаққа аударыңыз
Эмоцияңызға тосқауыл қоя алған соң, оның лайықты түрде шығуына ықпал жасаңыз. Егер сіз сезімдеріңізді басып, тыйып отырсаңыз, ерте ме, кеш пе құрған тоғаныңыз құлайтыны сөзсіз. Ал жиналып қалған эмоция долы күшпен шыққанда ешқандай бақылауға көнбейді. Мұндай ағынның жетегіне еретін адамдар, ашу қысқанда бір сәт естерін жоғалтып, күйінішті жағдайлар тудыруы мүмкін. Бұл олқылықты болдырмау үшін ашу, ыза, реніш, қызулықты әдепті түрде шығаруға тырысыңыз. Сізді түсінетін досыңызға хабарласыңыз, онымен кездесіп, сезіміңізді сипаттап, оқиғаның мән-жайын баяндаңыз. Физикалық жаттығулар арқылы да эмоцияны шығаруға болады. Тіпті әуеннің ырғағымен секіріп билеп, айқайлап алу да көмектеседі. Көз жасына ерік бер деген кеңес те жарайды. Сізді жабыңқы сезіндіретін гормондар жаспен бірге ағзадан шығады. Егер ішіңізде агрессияны сезінсеңіз, күшпен сынасатын спорт түрлерін таңдаңыз.
«Батырманы» іздеңіз
Эмоцияны басқару әрекеттері «жедел» түрде бола алады, сонымен қатар ұзақ мерзімді қолданысқа енгізуге болады. Сезіміңізге тоқсауыл қоя алған соң және оны біреумен бөлісіп, басқа арнаға ауыстыра алған соң, сіздің эмоционалдық триггеріңізді оятатын, яғни қызуқандылығыңызды оятатын «батырманы» іздеуге тырысыңыз. Көбіне қате тұжырымдар жағымсыз эмоциялар тудырады. Мысалы, біреу сіздің сөзіңіз, не ісіңізді жөндегенді ұнатпауыңыз мүмкін, өйткені бірдеңені дұрыс жасай алмайтындарды өзгелер бейбақ деп қабылдайды. Бірақ әрдайым мінсіз болу мүмкін емес қой, соны есіңізден шығармаңыз. Біреулер қолдауға зәру болып, ренішін білдіреді. Эмоцияны басқара алу – эмоционалды интеллектісі дамыған адамның басты қасиеті. Бүлдіру мен қиратуға негізделген ойлардан қашыңыз. Өз эмоциясын басқара алмайтын адамдар төменде келтірілген бүлдіргіш өмірлік тұжырымдарды басшылыққа алады: - бәрін алу немесе ештеңе алмау; - бәріне мен кінәлі; - адамдар менің сезімімді біледі; - жаман пікірлер ғана ақиқат.
Эмоционалдық денсаулығыңызды қадағалаңыз
Физикалық денсаулық сияқты эмоционалдық денсаулық та маңызды. Егер жүдеп кетсеңіз, уланған болсаңыз, жағымсыз ортада жүрсеңіз, демек ауырып жүрсіз. Әрдайым жабыңқы көңіл-күйде, өзіңізді бақытсыз сезінсеңіз, зорға жүрсеңіз, жағымсыз эмоциялар бөлінетіні сөзсіз. Емделу үшін «психологиялық гигиена ережелерін» ұстану қажет. Жеке шекараңыз белгіленген, өз айналаңызда қауіпсіз орта тудыруға тырысыңыз: біліктілігіңізді көрсете алатын іс, өзіңізге сенімділігіңізді арттыратын жұмыс табыңыз.
