Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Etika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407.55 Кб
Скачать

20. Әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын негізгі талаптарды түсіндіріңіз.

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 1) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша жоғары білім немесе «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім, техникалық және кәсіптік білім Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өткендігі туралы сертификат

2) балалық шақты әлеуметтік-құқықтық қорғау мәселелері бойынша жәрдем көрсету, сырқат балаға жалпы күтудің практикалық дағдыларына, баланың дамуына мүмкіндік беретін әдістерге үйрету, сондай-ақ мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға, үйде көмек алуына, қажетті компенсаторлық техникалық, протезді-ортопедиялық және қосалқы құралдарды алуға ықпал ету, өзіне-өзі қызмет көрсету, тәртіп, өзін-өзі бақылау мен тілдесу дағдыларына үйрету;

3) баланың отбасымен қосылу жағдайын, отбасыларды қолдау ата-ана құқықтарын қайта қалпына келтіру, бала асырап алуды, қорғаншылықты, қамқоршылықты рәсімдеу үшін материалдар ұсыну және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік патронажды жүзеге асыру;

4) туындаған қиындықтардың, шиеленісті жағдайлардың себептерін анықтау және оны шешуге, әлеуметтік қорғауға, отбасылық тәрбиеде көмек көрсетуге, кәмелетке толмаған балалары бар адамдарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге еңбек шартын жасасуға, жұмысқа орналастыруға, патронаж жүргізуге, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен қамтамасыз етуге, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінен білім алушылардың жинақ салымдарын рәсімдеуге, құнды қағаздарды пайдалануға жәрдем көрсету;

5) арнайы әлеуметтік қызмет көрсету, арнайы әлеуметтік қызмет немесе қорғаншылық пен қамқоршылық алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу мәселелері бойынша кеңес беру, мұқтаждарды стационарлық емдеу мекемелеріне орналастыруға, өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға, оқытуға, біліктілігін арттыруға ықпал ету;

6) әлеуметтік жетімдіктің, қадағалаусыздықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу, әлеуметтік оңалту және бейімдеу, құқыққа қайшы іс-әрекеттерге бейім балаларға әлеуметтік патронаж ұйымдастыру, отбасы және неке мәселелері бойынша кеңес беру, ассоциативтік мінез-құлықты балалармен жұмыс жасау;

7) кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау, өмірлік қиын жағдайдағы баланың және оның отбасының құқықтарын қорғау кезінде қоғамдық қорғаушы ретінде сотқа қатысу, бас бостандығынан айыру орындарындағы арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерінен келген адамдарды және тұрғылықты жері бойынша сотқа дейінгі сатыдағы қалпына келтіру сөт төрелігі бағдарламаларына оның қатысуы кезінде әлеуметтік бейімдеуді және оңалтуды ұйымдастыру;

8) балаларға қатысты қатігездіктің алдын алу, анықтау және қөңіл бөлу, виктимді балаларды тіркеу және оңалтуға қолдау көрсету.

21) Қазақ және шетелдегі әлеуметтік қызметкерлерге қойылған талаптарды салыстырып ұқсастыған және айырмашылығын шығарыныз.

Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде әлеуметтік қызметкер мамандардың өзін-өзі ұстау нормалары мен принциптерінің қалыптасу дағдысына құрылған, құндылықтар ерекшеліктерін қамтиды. Келешекте мамандандырылған қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс әртүрлі жағдайларды, қарама-қайшылықтарды қамтиды.

Әлеуметтік жұмыстың этикасы моральды нормаларға негізделеді. Моральды нормалар әлеуметтік жұмыстың негізін құрайтындықтан кәсіби құндылықтар да қоғам арқылы қабылданады. Әлеуметтік жұмыс этикасының зерттеу объектісі мамандардың кәсіби моральі болып табылады, ал пәні – жұмыс процесінде қалыптасатын әлеуметтік қызметкердің этикалық қарым-қатынастары, этикалық санасы және этикалық іс-әрекеттері.

Әлеуметтік жұмыс мамандарына тұлғалық сапасы жоғары талап қояды. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби іс-әрекетіне келесілер жатады:

  • әлеуметтік қызметкер клиентінің тұлғалық ерекшеліктерін зерттей отырып, оған «әлеуметтік диагноз» қояды;

  • әлеуметтік қызметкер клиенттің мінез-құлқын, болуы мүмкін жағдайды болжайды;

  • әлеуметтік қызметкер клиент әлеуметтік, психологиялық және т.б. мәселелерге душар болмауы үшін әртүрлі бағыттағы (психологиялық, құқықтық және т.б.) іс-шаралар өткізеді;

  • клиенттің әлеуметтік бейімделуі мен реабилитациялануы үшін әлеуметтік қызметкер кеңес беру жұмысын жүргізеді;

  • әлеуметтік қызметкер клиенттің әр саладағы қызығушылықтарын анықтай отырып, оның жүзеге асырылуына психологиялық-педагогикалық және ұйымастырушылық көмек көрсетеді;

  • әлеуметтік қызметкер әртүрлі категориядағы клиенттерге материалдық көмек көрсетуге ықпалын тигізеді;

  • әлеуметтік қызметкер халықты әлеуметтік қорғау жұмыстарына әртүрлі мекемелер мен ұйымдарды жұмылдырумен айналысады.

Әлеуметтік қызметкерге қойылатын талаптар:

  • кәсіби дайын болу;

  • қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени даму салаларында жан-жақты адам болуы тиіс;

  • өз іс-әрекетінің салдарын көре білу, өз мамандығының құндылықтарын өмірге енгізе білу;

  • қиын балалармен, мүгедектермен және қарттармен қарым-қатынасқа түсе алу үшін коммуникативті қабілеті болуы;

  • клиенттің жеке басына қатысты мәселелерде кәсіби құпияны сақтай білуі мен кәсіби шеберлікті қолдана білуі тиіс;

  • кез келген күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуі;

  • қандай жағдайда да мейірімділікпен кәсіби парызын орындауға дайын болуы қажет.

Қазақ этикасымен салыстырғанда шетелдегі әлеуметтік қызметкер этикасына осындай талаптар қойылады:

- мұқтаж жандарға әрдайым көмек беру, жақсылық жасау, жұмыс орның пайдаланбау;

– адал және жауаптылықпен жұмыс істеуге, еңбек тәртібін сақтауға, жұмыс уақытын өнімді еңбекке арнауға;

–адамдардың өмірі мен денсаулығына, адамның мүлкін сақтауға қауіп төндіретін жағдайлардың туындауын алдын алу;

–жалпы қабылданған адамгершілік және этика нормаларын ұстануға, әлеуметтік қызметкер беделін сақтауға атсалысуға, қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейін сақтауға міндетті.

– өздерінің кәсіби және жалпы мәдени деңгейлерін үнемі арттырып отыруға;

– мінез-құлық этикасын сақтауға;

-клиенттің абыройын құрметтеуге міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]