- •1. Әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикалық негіздерінің анықтамалары мен принциптері
- •2. Этиканың пайда болуы және жетілуі, этиканың тарихы
- •4.Әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикасының мақсаты мен міндеттерін атаңыз:
- •5.Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-этикалық кодексі туралы айтыңыз
- •8.Объективті және субъективті уақыт анықтамасы және Парето әдісі.
- •9.Эмоциональды интеллектінің моделін сызып, оны түсіндіріп беріңіз.
- •1. Ішкі тұлғалық сфера мыналардан тұрады:
- •2. Тұлғааралық қатынастар сферасына жатады:
- •3. Бейімделу сферасы:
- •5. Жалпы көңіл-күй сферасына кіреді:
- •10. Әлеуметтік жұмыстағы шиеленістік жағдайларды шешу әдістерін атап, оларға анықтама беріңіз
- •11. Әлеуметтік жұмыстың деонтологиясы нені зерттейді?
- •12. Кәсіби шеберлікті жоғарылатудағы акмеологияның маңызын айт.
- •13 Әлеуметтік қызметкердің этикеті клинтпен өзара қарым қатынас этикасы
- •15. Әлеуметтік жұмыс мамандығының профессиограммасы.
- •16. Әлеуметтік жұмыс этикасының негізгі категориялары, олардың сипаттамалары.
- •19. Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік қасиеттері: моральдық нормалары мен принциптері.
- •20. Әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын негізгі талаптарды түсіндіріңіз.
- •21) Қазақ және шетелдегі әлеуметтік қызметкерлерге қойылған талаптарды салыстырып ұқсастыған және айырмашылығын шығарыныз.
- •22) Әлеуметтік қызметкердің жеке стресстерінің факторларын және оны шешу жолдарын атаңыз.
- •23. Уақытты жұтқыштар
- •24. Эмоцияны басқару әдістері
- •25.Әлеуметтік жұмыстағы шиеленістік жағдайды реттеудегі психо-әлеуметтік ерекшеліктері
- •26. Әлеуметтік қызметкердің клиент, жұмыс орны, мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілігімен мазмұнын атаңыз.
- •27. Әлеуметтік акмеология қандай қызмет аймақтарын қамтиды?
- •28. Әлеуметтік қызметкердің парызы мен жауапкершілігі: тұлғалық және қоғамдық аспектілері
- •30. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзіреттілігінің түрлерін атап, оларды түсіндіріп беріңіз
13 Әлеуметтік қызметкердің этикеті клинтпен өзара қарым қатынас этикасы
Барлық қылық-әрекеттерді, тәртіпті, ұстау мәнерлерін этикеттің ережелеріне байланыстыру үшін, оның принциптеріне жүгіну керек. Ол принциптер қарым-қатынас мәдениетінде көрінетін моральды талаптарды ұсынады. Л.С. Лихачев әлеуметтік қызметкер этикетінің 4 типін бөліп көрсетеді:
1) гуманизм принципі әлеуметтік қызметкерден адамға деген құрметтен, оның тұлғалық ерекшеліктерін қабылдаудан, оған игілікті, жағымды қарым-қатынастардан көрінеді. Бұл принцип әлеуметтік қызметкерден мейірімділік, тактикалық, сыпайылық, шапшаңдық, байқампаздық, және нақтылық сияқты қабілеттерді талап етеді. Қарым-қатынастағы мейірімділік адамдарды құрметтеуден, оларға жақсылық жасау белгілерімен қызмет етеді.
2) мейірімділік – бұл адамға қызмет ету жолының бірінші қадамы. Оған клиентке назар аудару, адамды түсіну, қажет болған жағдайда оған көмек беру формалары кіреді. Әлеуметтік қызметкер үшін мейірімділік – клиентпен, оның жақындарымен, серіктестермен, әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарымен ортақтасудың қажетті аспектісі, себебі мамандықтың мәні – көмекті қажет етіп тұрғандарға, адами құндылықтарды төмендетпей, әрқашан көмек беруге дайын тұру.
3) Тактикалық қабілет адамдармен қарым-қатынаста белгілі бір шекті сақтау, адамдардың «өкпелі» шегін анықтау. Тактикалық қызметтің астарынан адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін деген сұрақтар қоймау принципі жатыр. Ал егер де бұл ақпарат қажет болып жатса, әлеуметтік қызметкер сол сұрақты клиентке нұқсан келтірмейтіндей етіп қоюы керек. Тактикалық принцип әлеуметтік қызметкерден адамға ескерту жасауды талап етеді – оның формасы нақты, түсінікті болуы керек. Ескертуді арониялық түрде, қатты дауыспен, бұйрықпен, бөтен адамдардың қатысуында жасауға болмайды. Тактикалық қабілеттің жетіспеушілігі клиентті ыңғайсыз жағдайға қояды, оның жан дүниесіне нұқсан келтіреді. Әлеуметтік қызметкердің тактикалық қабілеті клиентпен сенімді қатынас орнатуды талап етеді.
4) Сыпайылық өзінің бағасын айналасындағылардың пікірімен бйланыстыру, және еш уақытта өзінің беделін көтермеу, басқаларға талап қою және өзіне жоғары талап қоя білу, ұстамдылық болып табылады. Әлеуметтік қызметкердің сыпайылығы оның клиентпен, ұжыммен қарым-қатынаста көрінеді. Әсіресе клиентпен қарым-қатынаста сыпайылық маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік қызметкер еш уақытта өзін клиенттен жоғары ұстамау керек, өзінің қызметтік жағдайының жоғары тұрғандығын көрсетпеу керек, клиентке өзінің пікірін айта беру этикаға жатпайды, және клиенттің қызығушылықтарын балағатпау керек.
Сезімталдық басқа адамның сәтсіздіктерін түсіну, оның қайғысымен бөлісу, оның көңіл-күйінің жағдайын анықтай білу, адамға ыңғайсыздық тудырмау қабілеттері арқылы түсіндіріледі. Әлеуметтік қызметкер сезімтал болуы керек, себебі ол адамдармен жұмыс жасайды, ол адамдар әсіресе психоэмоционалды жағдайда болады. Клиенттің уайыммын қарастыра отырып, ол қарым-қатынаста және ортақ қызметте конструктивтілікке тез жетеді, нәтижесінде әлеуметтік қызметкердің жұмысының сапасы көтеріледі. Сезімталдықтың жоқтығы әсіресе маманның рухани келісімінің жетіспеушілігінен, немесе өзінің жұмыс жасау барысында психологиялық құрылымның жетіспеушілігінен анықталады. Тәртіптің этикеті мен оның мәдениетін түсіну әлеуметтік қызметкер үшін маңызды болып табылады. Клиентпен және оның жақындарымен, серіктестермен, әр түрлі ұйымдардың өкілдерімен қарым-қатынасты этикет сақтау ресми сипат алады. Әлеуметтік қызметкер өзіне артылған міндеттерді орындап, мекеме мен мемлекет атынан әрекет етеді. Әлеуметтік қызметкердің сыртқы бейнесі мен сөйлеу мәнерінің этикеті жалпы қабылданған нормаларға қаншалықты сәйкес келуі, оның жұмысы мен жауапкершілігімен қатар әлеуметтік қызмет пен әлеуметтік жұмыс туралы қоғамдық ой-пікірге де тікелей қатысты.
Әлеуметтік қызметкер үшін назар аударушылық дұрыс тәрбиенің белгісі болып қана қоймай, сәтті жұмыстың бір шарты да болып табылады. Назар аударушылық немесе байқампаздық тек қана адамдарды қорғау мен оларға көмек беруде дайындалудан тұрмайды, сонымен қатар сол клиент пен оның мәселелеріне қызығушылықтан, оның статусын өзгертуге деген құлшыныстан, балық кездесуі мүмкін деген қиынщылықтардың алдын алудан тұрады. Байқампаздық әлеуметтік қызметкерге клиенттің өмірінде болатын өзгерістерге адекватты түрде қарау, сонымен қатар уақытында дәл шешімдер қабылдау. Әлеуметтік қызметкердің байқампаздығы клиент маманнан бір нәрсені айта алмай, тұйықталып, қанағатсыз кетпейтініне кепіл болады. Әлеуметтік қызметкердің байқампаздығы клиентпен қарым-қатынас кезіндегі ұстамдылықты, сабырлылықты, оның мәселесіне толық дайындығын көрсетеді.
Нақтылық айтылған сөздерге сенімділіктен көрінеді. Әлеуметтік қызметкер, өкінішке орай, клиент үшін немесе ұжым үшін ниетіндегі барлық жағдайды іске асыра алмайды, сондықтан ол «мен істеймін» дегеннің орнына «тырысып көремін» деп айтуына тура келеді. Ал егер ол мәселенің шешілуіне сенімді болса, және оның орындалатынына сөз берсе, әлеуметтік қызметкер айтқан сөзінде тұруы керек, яғни міндетті түрде оны орындауы керек. Нақтылық – бос, артық сөйлемеу тәртібін білу және өзіне жауапкершілік арту болып табылады. Нақтылық – адамды құрметтеудің ерекше формасы, себебі нақты сенімді адам басқалардың уақытын бағалай алады, жұмысқа кешікпей, клиенттің тосып отыруына жол бермейді, әр сөздің бағасын, оның құнын біледі, жеңіл ойға және орындалмаған міндеттерге мойынсұнбайды, адасушылыққа , түсініспеушілікке жол бермейді. Әңгімені сәлемдесу мен таныстырудан бастаған жөн. Танысу арқылы әлеуметтік қызметкер өзінің атын, әкесінің атын, тегін және қызметін атап өтуі тиіс. Егер кездесу туралы келісім ерте жасалса (мысалы, телефонмен), онда клиентке оны ескерту керек. Егер де әлеуметтік қызметкер күтпеген жағдайда ауысып кетсе, оның себебін түсіндіру керек.
Клиенттің мәселесінің мәнін анықтай отырып, және оның қажетті көмек туралы пікірін анықтап, нақты сұрақтар қою керек, себебі әрбір клиент өз ойын жүйелі және мәселенің барысымен айта алмайды; кобалжу және қорқыныш әңгімелесу кезінде адамға әсер етуі мүмкін, сондықтан клиентке бағытталған әлеуметтік қызметкердің көмегі мәселенің мән-мағынасын түсіндіруде қажет. Барлық керек деген ақпаратты алғаннан кейін, клиенттің қатысуымен, оның барлығын нақтылап, еш сұрақтың қараусыз қалмағанына қанағаттанып, клиент мәселенің мән-жайын толық түсіну үшін әңгіменің әрбір негізгі кезңдерін қысқа-нұсқа түрде қайталап шығу керек.
Егер алғашқы кездесу кезінде барлық сұрақтар мен кейінгі кездесулер толық шешілмесе, онда әлеуметтік қызметкер мен клиент тағы да кездесудің уақытын белгілеу үшін бір-бірімен келісуі керек – белгіленген нақты күн мен уақыт немесе, егер кездесу жұмыстың белгілі бір кезеңінің аяқталмауынан кейін өткізуді қажет етсе, кездесудің мерзімін нақтылау үшін әлеуметтік қызметкермен телефон арқылы келісуге болады.
Кеңес беру. Кеңес беру клиентпен қарым-қатынасындағы ең маңызды формасы болып келеді. Кеңес беру кезінде әлеуметтік қызметкер клиентке бұйырып сөйлемеу керек, ол клиентпен достық қатынаста жасай білуі қажет. Клиенттің әлеуметтік қызметкерден берген кеңесінен нақты не қалайтынын анықтап алу керек. Барлық қажетті ақпараттарды жинап алғаннан кейін, әлеуметтік қызметкер клиенттің мәселесінің шешу жолдарының бірнеше нұсқаларын келтіруіне болады. Әрбір таңдалған нұсқаларды таңдай отырып, оның барлық қажетті аспектілерін қарастырған жөн, ол аспектілер – құықтық, психологиялық, күнделікті өмір жағдайы, медициналық және т.б., және олардың барысында негативті қырларын да естен шығармау керек.
Клиентке кеңес беру мәселе шешілгенге дейін немесе клиенттің қалауына дейін жалғасады. Егер клиент кеңеске келуін тоқтатса, онымен хабарласу керек
14 Әлеуметтік қызметкерге қандай кәсіби талаптар қойылады? Әрбір әлеуметтік жұмыс қысметкеріне өзіне тиісті жүктелген міндеттерін абыроймен орындай алуы үшін тек мамандығына байланысты білім ғана емес сонымен бірге жеке бастың белгісі бір кәсіби этикалық нормалары мен принциптерді орындауға жан тәнімен бергендігі дайынболуы қажет.Қай елде болмасын әлеуметтік қызметкеріне жеке бас қасиеттері кәсіби этикалық талапқа сай болуы керек . 1 интелектуалдық потенциал 2 Жалпы мәдениеттік 3 Инабаттылық. Аталған қасеттер негізінде әлеуметтік қызметкер өзінің бекітіліп берілген берілен міндеттерін ойдағыдай орындай алады.Өз парызына адал болу ұстанымдықпен адамдарға сыпайлылық ,ықылас, кіршіксіз көңіл бөлу назарда ұстауы талап етіледі. Оның бәрі түптеп келгенде ерекше тұлғалық қасиет иесі болуын белгілі бір міндеттерді мүлтіксіз сақтауын қажет ететінін көрсетеді. 1 Тұлғалық адамгершілік сапасы 2 Жеке және әлеуметтік жауапкершілігі 3 Нығыметтілігі әділдігін өзінің абыроймен қатар ,өзгенің де қадірін қасиетін құрметтеу 4 Шыдамдылық , сыпайлылық өзгенің жан дүниесін сезініп көмектесу .5 Эмоциялық тұрақтылығы өзіне өзі және өзгеге баға беруде жеке басының туралығы бірегейлігі .
1. Осы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Әлеуметтік қызметкерге мынадай біліктілік талаптары белгіленеді: 1) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша жоғары білім немесе «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім, техникалық және кәсіптік білім (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өткендігі туралы сертификат (куәлік); 2) балалық шақты әлеуметтік-құқықтық қорғау мәселелері бойынша жәрдем көрсету, сырқат балаға жалпы күтудің практикалық дағдыларына, баланың дамуына мүмкіндік беретін әдістерге үйрету, сондай-ақ мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға, үйде көмек алуына, қажетті компенсаторлық техникалық, протезді-ортопедиялық және қосалқы құралдарды алуға ықпал ету, өзіне-өзі қызмет көрсету, тәртіп, өзін-өзі бақылау мен тілдесу дағдыларына үйрету; 3) баланың отбасымен қосылу жағдайын, отбасыларды қолдау ата-ана құқықтарын қайта қалпына келтіру, бала асырап алуды, қорғаншылықты, қамқоршылықты рәсімдеу үшін материалдар ұсыну және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік патронажды жүзеге асыру; 4) туындаған қиындықтардың, шиеленісті жағдайлардың себептерін анықтау және оны шешуге, әлеуметтік қорғауға, отбасылық тәрбиеде көмек көрсетуге, кәмелетке толмаған балалары бар адамдарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге еңбек шартын жасасуға, жұмысқа орналастыруға, патронаж жүргізуге, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен қамтамасыз етуге, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінен білім алушылардың жинақ салымдарын рәсімдеуге, құнды қағаздарды пайдалануға жәрдем көрсету; 5) арнайы әлеуметтік қызмет көрсету, арнайы әлеуметтік қызмет (тұрақты немесе уақытша) немесе қорғаншылық пен қамқоршылық алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу мәселелері бойынша кеңес беру, мұқтаждарды стационарлық емдеу мекемелеріне орналастыруға, өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға, оқытуға, біліктілігін арттыруға ықпал ету; 6) әлеуметтік жетімдіктің, қадағалаусыздықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу, әлеуметтік оңалту және бейімдеу, құқыққа қайшы іс-әрекеттерге бейім балаларға әлеуметтік патронаж ұйымдастыру, отбасы және неке мәселелері бойынша кеңес беру, ассоциативтік мінез-құлықты балалармен жұмыс жасау; 7) кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау, өмірлік қиын жағдайдағы баланың және оның отбасының құқықтарын қорғау кезінде қоғамдық қорғаушы ретінде сотқа қатысу, бас бостандығынан айыру орындарындағы арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерінен келген адамдарды және тұрғылықты жері бойынша сотқа дейінгі сатыдағы қалпына келтіру сөт төрелігі бағдарламаларына оның қатысуы кезінде әлеуметтік бейімдеуді және оңалтуды ұйымдастыру; 8) балаларға қатысты қатігездіктің алдын алу, анықтау және қөңіл бөлу, виктимді балаларды тіркеу және оңалтуға қолдау көрсету. 3. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби қызметіне қойылатын талаптар: 1) әлеуметтік мазмұнды және әлеуметтік қызмет көрсету және перспектива жүйесін, халықаралық практиканы, әдістерді, технологияларды; баланың тұлғалық дамуының жас ерекшелігін, адамдардың этникалық және діни ерекшелігін; отбасында және әлеуметтік топтарда балаға қатысты қатігездікпен жұмыс жасай білуі; суицидтік мінез-құлықтың белгілерін және онлармен жұмыс жасай білуі; этикалық нормалар мен кемсітушілікке қарсы қағидаларды білуі қажет; 2) әлеуметтік ортаны тарта отырып, балалар мен отбасыларға арналған әлеуметтік көмек көрсету бағдарламаларын, әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологияларын қолдана отырып, әлеуметтік көмек көрсету бағдарламаларын әзірлей білуі, модельдей және қолдана білуі, өзара іс-қимыл жасай білуі, консультация бере білуі, тренинг өткізе білуі, оқыта білуі, баламен және отбасымен әлеуметтік жағдайларда алып жүру технолгияларын білуі, зорлық-зомбылық қолданған жағдайларды анықтай білуі және ондай жағдайларда қолдау көрсете білуі; 3) мынадай дағдылар мен жеке сипаттарының: айналамен қарым-қатынас жасау, әртүрлі нысаналы топтардың қажеттіліктерін түсіну, адамдармен өзара іс-қимыл жасау және олардың арасындағы қарым-қатынасты түсіну, әртүрлі әлеуметтік статустағы адамадарға сену, икемділік, әдептілік, жағдайға баға бере білу қабілеті, күрделі жағдайларды қарау, құжаттармен жұмыс жасау үшін әкімшілік дағдылары болуы қажет. 4. Біліктілігі жоғары деңгейдегі әлеуметтік қызметкердің (әлеуметтік педагогтің) біліктілігіне қойылатын талаптар: 1) жоғары санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, немесе (және) арнаулы әлеуметтік қызмет ұсыну бойынша мамандығы/магистратура, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі; 2) бірінші санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі; 3) екінші санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық) және біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі; 4) санаты жоқтарға - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), жұмыс өтіліне талап қойылмайды. 5. Біліктілігі орта деңгейдегі әлеуметтік қызметкердің (әлеуметтік педагогтің) біліктілігіне қойылатын талаптар: 1) жоғары санатқа - техникалық және кәсіптік арнаулы орта, кәсіптік орта (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санаттағы маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі; 2) бірінші санатқа - техникалық және кәсіптік арнаулы орта, кәсіптік орта (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі; 3) екінші санатқа - техникалық және кәсіптік арнаулы орта, кәсіптік орта (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі; 4) санаты жоқтарға - техникалық және кәсіптік арнаулы орта, кәсіптік орта (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.ің
