ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТИРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Шымкент 2017
Жоспар:
1. Менеджмент және басқару – ұқсастық және айырмашылық.
2. Тұлғалық-бағдарланған менеджмент.
3. Басшы, директор білім беру мекемелерінің менеджері ретінде.
4. Педагог менеджер ретінде.
Кіріспе
Өндірістік аймақта менеджмент эволюциясы – педагогикалық менеджменттің объективті алғышарттары. Еліміздегі мемлекеттік қоғамдық құрылымдардағы өзгерістер, қоғамдық қатынастар, қоғамдық сананың қалыптасуындағы жаңа әлеуметтік басқарудың философиясындағы ізденіс мемлекетті, өндірісті, білім беру аймағын басқаруды қайта мәнділеу, қайта бағлау арқылы жүзеге асады. Әлемдік тәжірибедегі ұйым деңгейінде жиналған басқару тәжірибесі (зауыттар, фирмалар, компаниялар) «менеджмент» деген жалпы ұғымда көрінеді. «Менеджмент» ұғымының мазмұнын басқару ғылымы және тәжірибесі, фирманы басқару ұйымы, білім беру мекемесі және басшылық шешімдерді қабылдау процесі ретінде қарастыруға болады. Басқарудың ғылыми негіздері ретінде басқарудың теориялық базасын құрайтын және оны ғылыми ұсыныстармен қамтамасыз ететін ғылыми білімдер жүйесін айтуға болады. «Менеджмент» деген не? М.Х.Мескон, М.Альберт, Ф.Хедоуридің «Менеджмент негіздері» деген кітабында (1992, 5) менеджмент бірнеше мағынада қарастырылады: «басқа адамдардың мотивтерін, интеллектісін, еңбектерін пайдалана отырып, алдыға қойған мақсаттарға жету іскерлігі ретінде»; «әр түрлі ұйымдардағы адамдарды басқарудағы іс-әрекет түрі, функциясы ретінде»; «осы іс-әрекетті іске асыруға қолдау көрсететін адамзат
білімдер аймағы ретінде». Айтылғандардан қорытындылайтынымыз «менеджмент» ағылшын тілінен аударғанда «басқару» деген мағынаны береді, сонымен қатар, «іс-әрекет түрі» деген де, «білімдер аймағы» деген де мағыналарда қарастырыла береді. Ұйым мақсатына жету үшін менеджмент кадрлық ресурстарды (еңбек, интеллект және мінез-құлық мотивтері) ғана қолданбай, сонымен қатар, материалды және қаржылық ресурстарды да пайдалануды болжайды. Көптеген америкалық ақпараттарда менеджмент «басқару шеберлігі» деп те қарастырылады. Ол өз стандартсыз және ерекше шешімдерімен көрінетін, менеджердің көрнекті ойы мен интуициясына негізделеді. Сонымен, менеджментті ұйымның тиімді және әрекетті функционалдану мақсатында интеллектуалды, материалды және қаржылық ресурстарын мобилизациялау үшін ғылым, шеберлік және іс-әрект деп анықтауға болады. Менеджмент элементтері арқылы ішкі мектептік басқаруды жақсартуға бағытталған тенденцияны бөліп көрсетуге болады. Т.И.Шамова, менеджментті ең алдымен бизнесті басқару .шін өңделген, және оның мақсаты пайда табу болып табылады деп көрсеткен. бұл жағдайда былай деп акцент жасауға болады: «... менеджменттің теориясы мен тәжірибесінде менеджер іс-әрекетінің мінез-құлықтық жағы өңделген, оған аса назар аударған жөн ... Менеджменттің нақ осы бөлімі өте пайдалы болып табылады,осыған байланысты біз ішкі мектептік басқаруды толықтыруға тырыстық». Бұл тұрғыда «менеджмент» және «басқару» ұғымдары бір қойылмайды, мұнда білім беру процестері мен білім беру жүйелерін басқаруда менеджменттің «вкрапливание» жүреді (Ю.А.Конаржевский, Н.В.Немова, В.И.Симонов, Т.И.Шамова и др.). Адамдардың еңбектік іс-әрекетіндегі әлеуметтік және психологиялық аспектілерді ескеретін басқарудың рационализациясы - мекемелердегі ғана емес, сонымен қатар, білім беру мекемелеріндегі инновациялық іс-әрекеттің магистральды жолы. «Адамзат қатынастарының» доктринасы еңбектік мінезқұлықтың отивация мәселесін өңдеуге күш берді. Бұл менеджмент теория эволюциясындағы, қазіргі жағдайдағы білім берудегі тұлғалық-бағдарланған концепция мен педагогикалық менеджментті тудырған алғышарттары. Өзіндік бақылауға тапсырмалар: Менеджмент, басқару, психологиялық-педагогикалық менеджмент ұғымдарына салыстырмалы кес те құру;
1. Менеджменттің мақсаты, міндеті, оның
Құрылымы
Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардыңң тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.
Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады. Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тіртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент – басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналыфсатын пәні басқару үрдісінідегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар. Менеджментті кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге жеті үшін адамдардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің бір түрі деп түсінген дұрыс. Әр салада басқару іс-қызметтің жалпы қағидаларымен бірге өзіне тән ерекшелігі болады. Аграрлық сфераны алатын болсақ, онда басқару қатынастарының ерекшелігі ең алдымен оның іс-жұмысының көлеміне, сонымен бірге жұмыскерлердің санына қарай әрбір елдің экономикасының ірі салаларының бірі болып есептелетініне байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-жұмысына өздерінің ықпалын тигізетін сыртқы факторлардың қатарына жататындардың бірін көрсетпесек те, келесілерді айтуға болады: халықтың төлем қабілеті бар сұранысты, өндірістің, тауарды сыртқа шығарудың және оны шеттен әкелудің, бәсекенің, табиғат пен ауа-райының демографияның жиі жағдайын. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындардың және ұйымдардың ісқимылы олардың қолындағы жердің, техниканың малдың, материалдық құралдардың және ақша қаржысының болуына ғана емес, сонымен бірге оларда ең алдымен жұмыс істейтін адамдардың барлығына байланысты. Менеджмент стратегиялық және тактикалық мақсаттарға оңтайлы жетуде әрбір кәсіпорындардың және олардың персоналдарын нысаналы және келісімді жұмысаен қамтамасыз ететін басқару іс-қызметіне ерекше түрінен тұрады. Ал басқару үрдісі белгілі мақсатқа жетуге бағытталған дәйекті түрдегі істің жиынтығының көрінісі. Мененджмент макро және микроэкономиканың негізгі қағидаларына негізделеді. Бірақ, бұл бірыңғай экономикалық пән болып табылмайды. Оның ғылым болып құрылуына айтарлықтай ролдә психология, педогогика, социология, кибернетика және математика атқарады. Онымен қатар, менеджменттің өзі маркетингті, коммерциялық іс-қызметті және басқару іс жұмысын жүргізумен байланысты басқа қолданбьалы пәндерді зерттеуге негіз болып табылады.
