- •1.Жүк көтеру машиналары
- •2. Жүк ілгіш қондырғылары
- •3. Жүкпен тарту құрылғысының элементтері
- •4. Тежеуіш
- •5. Жебені шығару мен жүк көтеру механизімдері
- •6. Қозғалысқа келтіру механизімдері.
- •7. Технологиялық есептер
- •2. Телескоптық қадағыштың есептілігі.
- •3. Қадағыш ұзындығын өзгерту механизмін есептеу.
- •4. Шығу өзгерту механизмін есептеу.
- •7. Жүк жүкшығырын есептеу тәртібі.
- •8. Жүк көтергіш машиналарды қолдану кезіндегі техникалық қауіпсіздік.
Мазмұны
Аннотация................................................................................................. Нормативті сілтемелер............................................................................. Анықтама................................................................................................... Белгілер мен қысқартулар........................................................................ Кіріспе........................................................................................................
Машинаның құрылымы..................................................................
Машинаның жұмысы......................................................................
Технологиялық есептер..................................................................
Қауіпсіздік ережелері......................................................................
Қорытынды ....................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................
Аннотация
5В072900 –Құрылыс мамандығы бойынша «Құрылыс машиналары және жабдықтары» пәнінен курстық жұмыс орындалды, оның тақырыбы:
«Автокран»
Курстық жұмыс «Құрылыс машиналары және жабдықтары» пәнінің оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес орындалды.
Курстық жұмыс мыналардан тұрады:
Курстық жұмыс А4 форматты қағазымен 26 бетте орындалады.
Жұмыстың ішінде 3 сурет, 3 кесте бар .
Кіріспе
Бағыт бойынша жүкті жеткізудің басты құралы автомобиль көлігі болып табылады. Мысалы, жалпы көлемде құрылыс жүктерінің 80 % - ын автомобиль көліктері тасымалдайды.
Қазіргі кезеңде материалдарды, құрылыс конструкциясын, ағашты, металды тиеу-түсіру механизацияланған тәсілмен жүзеге асады.
Осымен қоса, қоймаларға жеткізумен немесе шатыр, қаптау және тағы басқа майда материалдарды құрылыс алаңдарына тікелей жеткізудегі тиеу-түсіру жұмыстарының қол еңбегінің шығыны үлкен.
Көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарындағы еңбек шығынын қысқарту үшін тасымалдауды және көлік құралдарын таңдауды ұтымды ұйымдастыру аса маңызды. Құрылыстың дамуы және заводтық құрылыс конструкцияларын және бөлшектерін дайындау дәрежесінің ұлғаюы оларды құрылыс алаңдарына жеткізу механизациясы мен ұйымдастырылуын жетілдіруді талап етті.
Алғы шептегі өндірістер мен ұйымдар өндірістік-техникалық жинақтаудың, жүктерді контейнерлеу және пакеттеудің дамыған әдісін қолданады, сонымен қатар, оларды құрылыс алаңдарына жеткізу жұмыс өндірісінің технологиясымен ұштастырылған, көліктік-жинақтау графигінің жалпы сағаты бойынша жүзеге асады.
Материалды-техникалық қамтамасыз етудің мұндай әдісі құрылыс индустриясы өндірісінің, көлік ұйымдары мен құрылыс-монтаж басқармасының жұмыстарын толық келісімге келтіруге себеп болады; бір технолгиялық ағымды жасайды; жұмысты механизациялау және еңбек өнімділігі деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.
Аз көлемді және кіші даналы қаптау, бөлу, төбе жабу, өңдеу, сантехникалық және электротехникалық жұмыстарғы арналған материалдар мен бұйымдар базалардан пакеттелген түрде немесе контейнерлерде жеткізіледі.
Жалпақ және рулонды материалдар объектілерге тікелей оларды қолдану зоналарына шынылар кесіліп, линолеум пішіліп және бөлме өлшеміне кетіріліп, обойлыр жобалық өлшемдері бойынша бөлмелер мен пәтерлерге кетіріліп кесіліп жеткізіледі.
Сазды кірпіш, керамикалық, шлак бетонды блоктар құрылысқа табанындағы пакеттерімен жеткізіледі.
1.Жүк көтеру машиналары
Зерттеу мәліметтері бойынша автокөлікпен пакетті жеткізуді ендіруден үнемдеу тасымалданатын өнімнің түріне байланысты 30-47 % құрайды. Кеңінен тарағаны кірпіштерді 520х1030мм өлшемді табанды көлденең брусактарда жеткізу. Ені 750 және ұзындығы 1050мм табандарды қолдануға жол беріледі.
Жылжымайтын контейнер. – көлемі(м3) 0,6; -габаритті өлшемі (мм) 960х860х900; -массасы (кг) 63) Мысалы, саз кірпіш құрылысқа табанға «елка» тәрізді салынып, өңдеу кірпіші, керамикалық және шлак бетонды тастар байланып жеткізіледі. Силикатты кірпіш темір жол бойынша табансыз пирамида тәрізді немесе инвентарлы бекітуі бар ағашметалды табандарда жартылау вагонда пакеттермен тасылады. Силикатты кірпішті автокөлікпен жеткізу үшін автомашина және прицептер кузовтағы пакеттерді бекітуге және жылжытуға арналған құралдармен жабдықталады. Кірпішті құрылыс алаңдарына жеткізуді алғы шептегі құрылыстарда артық жүктелуін болдырмау, автомобильден пакеттерді салынып жатқан ғимараттың тікелей көтерілімінде көтеру түрінде ұйымдастырады. Қызыл кірпіш пакетерін көтеру үшін жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, футлярлы іліп алуды қолданады. Силикатты кірпіш пакеттерін көтеру үшін көтермеде төрт жақты грейферлі типтегі футлярды қолданады.
Кран деп, үлкен емес арақашықтыққа жүкті горизонтальді орын ауыстыруға және көтеру немесе түсіруге арналған жүк көтергіш машиналарды айтады.
Көтергіш крандар мынадай топтарға бөлінеді: консольді , көпірлі, мосылы , порталды және мұнаралы. Кранның ең көп таралған түрлері : жебе түрі, мұнаралы, жебелі өзі жүретін крандар болап саналады.
Консольді кран – жылжымалы немесе стационарлы бұрылысты көтергіш кран, немесе жүк көтергіш арба немесе қар суы орналасқан қозғалмайтын консоль. Қозғалмалы консольді крандар рельсті жол бойынша орналасады. Бір-бірімен орналасқан кранның жүк көтергіштігі 4т –дан 10т – ға дейін.
көпірлі кран – жүк арбасымен асылмалы көпір немесе тіреу түрінде жасалған көтергіш кран. Цех аралығын түгел кран асты рельсі бойынша көпір орналасады, ал арба – көпір бойынша көлденең аралықта орналасады. Кранның жүк көтергіштігі 5т- дан 450т –ға дейін.
Мосылы кран – қатаң тіреуде орналасқан көпір түріндегі рельсті жол немесе бетонды негіз бойынша қозғалатын көтергіш кран. Көпірге орналасқан жүкті арба немесе таль. Ашық қоймаларды және құрылысты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Кранның жүк көтергіштігі 800т –ға дейін, ал аралығы 170т- ға дейін.
Порталды кран – жебесі және бұрылыс платформасы биік портальда орналасқан рельсті жол бойынша қозғалатын көтергіш кран. Порттарда, теңіз құрылыс зауыттаррында, гидро техникалық, тұрмыс және өндіріс құрылыстарында және тағы басқа қолданылады. Кранның жүк көтергіштігі 300т – ға дейін, жүкті көтеру биіктігі 45м-ге дейін,
Мұнаралы кран – құрылыс негізінде қолданылатын және биік мұнарасы, бұрылмалы стреласы және көтергіш ілмегі бар көтергіш кран. Қозғалмалы кран мұнарасы рельс жолы немесе жер бойынша қозғалатын жүретін дөңгелекке немесе уүректі арбаларға бекітіледі. Қозғалмалы мұнаралы кранның жүк көтергіштігі 100т- ға дейін, ал стационарлы крандарда 400т- ға дейін. Жүкті биіктікке көтеруі 150м- ді құрайды, ал стреланың ұшы – 5м.
Жалпы барлық крандар үшін негізгі механизімдер болып: ілмектің ұшуын өзгертетін жүкті көтеру механизімі (жүкті лебедка (шығыр)), стреланы көтеретін механизм ( жебе лебедка), кранның қозғалу механизімі және бұрылыс бөлігінің айналу механизімі саналады.
Кранның негізгі көрсеткіштері болып:
Жүк көтергіш – жүктің ең көп массасы кранмен көтеріледі;
Стреланың ұшуы – кранның айналу өсінен ілмекке дейінгі арақашықтық;
Жүкті ең биікке көтеру және оны түсіру;
Жүкті көтеру және түсіру жылдамдығы, кранды бұру және қозғалту жылдамдығы;
Күштік қондырғының қуаты.
Жебе крандар үшін жүк көтергіш, көтеру биіктігі және ұшуы бір – біріне ауыспала, байланысты шама.
Жүк көтергіш пен атқыштың ұшуы арасындағы байланысты құжатта келтірілгендей кранның жүк таситын сипаттамасы деп атайды.
Жебе ауыспалы крандар аздаған салмағы мен габариты болады және конструкциясы бойынша қарапайым, эксплуатациялауда сенімді және ыңғайлы. Жұмыстың шартына байланысты олар топрақты жерде, тіреуде, терезе немесе есік тесіктерінде және салынып жатқан ғимараттардың саты алаңдарында орнатылуы мүмкін. Кранның қозғалуы және платформа бұрылысы қолмен жүргізіледі. Бұл крандардың жүк көтергіштігі 0,5-1,0т, стрела ұшуы – 2-4м, жүкті көтеру биіктігі 4,5-20м.
Көтергіш кран (нем. kran) — жүкті көтеру және жылжыту (тасымалдау) процесін циклмен атқаратын жүк көтергіш машина.
1-сурет Көтергіш кран
Көтергіш кран көпір, ферма, мұнара, платформа, діңгек, жебе не таған тәрізді металл құралымдардан; шығыр, тельфер, шток, рычаг сияқты көтергіш механизмнен; ілгек, траверса (көлденең тірек), қысқыш не шөміш секілді жүк қармағыш жабдықтардан тұрады. Құралымдық ерекшеліктеріне сай көтергіш кран бұлардан басқа қосымша қондырғылармен және механизмдермен жабдықталады (1сурет)
