- •Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша есеп
- •4 Курс студенті
- •Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша есеп
- •Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша жұмыс жоспар-кестесі
- •5В011400 - тарих мамандығы бойынша іштей оқу түрінде білім алатын 3 курс студенті
- •Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша жұмыс жоспар-кестесі
- •Мінездеме
- •Педагогикалық тәжірибе бойынша жеке жұмыс жоспары мен істелінген жұмыс сипаты
- •7 «Б» сынып оқушылар тізімі
- •7 «Б»сынып оқушыларына
- •Іi мауысым
Мінездеме
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Тарих, халықаралық қатынастар және филология факультетінің «5В011400» тарих мамандығының іштей оқу түрінде оқитын 4 курс студенті Әлімбаев Қыпшақбай Сартайұлы Өскемен қаласының №44 Оралхан Бөкей атындағы мектеп-лицей Коммуналдық Мемлекеттік Мекемеде 01.09.2017 – 08.12.2017 жыл аралығында педагогикалық іс-тәжірибеден өтті.
Педагогикалық тәжірибені өту кезінде Қыпшақбай өзін жақсы қырынан көрсете білді. Компьютерлік бағдарламаларды: Ms Excel, Word, Power Point бағдарламаларын жақсы меңгеріп, олармен жұмыс істей алатындығын дәлелдей білді. Берілген жұмыстарды уақытылы және сапалы орындай білді. Мектепте, мектептен тыс болған әс шараларға қатысып жүрді. Мектептегі оқушылармен, мұғалімдермен, әсіресе өз сыныбымен жақсы қарам қатынаста болды. Қыпшақбай болашақта білікті де, білімді, үлгілі, Қазақстан Республикасына адал қызмет ететін азаматша болатынына сенемін. Педагогикалық іс-тәжірбиені жақсы тапсырды.
Қорытынды баға _______________
Сынып жетекшісі/пән мұғалімі Байгунусова Ж.
Самарбекова А.
Директор Төменбаев Т. Қ.
Мекеменің мөрі.
Бағдарламаға сәйкес іс-тәжірибе мақсаттары мен міндеттері.
Бағдарламаға сәйкес іс-тәжірибенің мақсаты: жалпы ғылыми, мәдени, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерін тереңдету, құзыреттіліктері, педагогикалық іскерлік пен дағдылары негіздерін қалыптастыру.
Бағдарламаға сәйкес іс-тәжірибенің міндеттері:
Оқушылардың тарих пәніне деген тұрақты қызығушылығын арттыру, пәнге деген сүйіспеншілігі мен қажеттіліктерін дамыту, іскерлік, білім және дағдыларын жетілдіру.
Оқушылардың теориялық білімдерін тереңдету;
Оқушылардың тарих пәніне деген білімдерін тереңдету
Оқушылардың іс-әрекеттегі зерттеу бағытын мен шығармашылығын дамыту;
Оқушылардың кәсіби біліктілігін арттырудағы қажеттілік, шығармашылық ізденістерін дамыту.
2. Іс-тәжірибе жайлы ақпарат:
Төменбаев Танатқан Қалибекұлы - мектеп директоры;
Хасенова Ләйлә Назарханова - оқу және тәрбие жөніндегі мектеп директорының орынбасары;
Самарбекова Айгерім - сынып жетекші;
Байгунусова Жадыра – тарих пәнінің мұғалімі;
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық ( Н.С. Бакина, Н.Т. Жанақова, 2013 жыл).
Педагогикалық тәжірибе бойынша жеке жұмыс жоспары мен істелінген жұмыс сипаты
Апта № |
Жұмыс мазмұны |
Өткізу мерзімі |
1 |
Мектеп әкімшілігімен келісім шартқа отырдық |
06.09.2017ж |
2 |
Мектеп әкімшілігі, ұжымы және оқушылармен танысу. |
Практиканың 2- ші күні 13.09.2017ж |
3 |
Оқу жоспар түрлерімен танысу. |
Күнделікті 20.09.2017ж. |
4 |
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысымен танысу |
27.09.2017ж |
5 |
Тарих мұғалімінің күнтізбелік жоспарымен танысу |
04.10.2017ж |
6 |
Ұйымдастыру жұмыстарын жүйелі түрде жоспарлау. |
Күнделікті 11.10.2017ж |
7 |
Тарих кабинеттерінің жабдықталуы, көрнекілігімен және оқу үрдісіне қажетті материалдық қорымен танысу |
18.10.2017ж |
8 |
Оқу – тәрбие мәселесі бойынша кеңес алу. |
25.10.2017ж |
9 |
|
Оқушылардың 1-ші тоқсан бойынша демалысы |
10 |
Пән мұғалімдерінен және тәлімгерлерден кеңес алу. |
08.11.2017ж |
11 |
Тарих пәнінен үйде оқу әдебиет қорымен, олардың жүргізілуі әдістерімен таныстыру. |
15.11.2017ж |
12 |
Президент күніне байланысты ашық тәрбие сағатына дайындалдық |
22.11.2017ж |
13 |
« Біздің елбасы» атты ашық тәрбие сағаты болды. Соған ат салыстық |
29.11.2017ж |
14 |
Әр оқушының іс әрекеттегі зерттеу бағыты мен шығармашылығын дамыту |
06.12.2017ж |
15 |
Іс-тәжірибенің нәтижесі және бағасы туралы мектеп кеңесіне қатысу |
11.12.2017ж |
Білім алушының қолы_____________
« 12 » желтоқсан 2017 ж.
Педагогикалық іс-тәжірибе жетекшісі__________________Өскембай Ә.А.
(үздіксіз іс-тәжірибенің тікелей жетекшісі)
Педагогикалық іс-тәжірибе жетекшісінің қорытындылары (ұйым, мекеме және кәсіпорындары атынан) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Тарих, халықаралық қатынастар және филология факультетінің «5В011400» тарих мамандығының іштей оқу түрінде оқитын 4 курс студенті Әлімбаев Қыпшақбай Сартайұлы Өскемен қаласының №44 Оралхан Бөкей атындағы мектеп - лицей Коммуналдық Мемлекеттік Мекемеде 07.09.2017 – 12.12.2017 жыл аралығында педагогикалық іс-тәжірибеден өтті.
Педагогикалық іс-тәжірбие өту кезінде Әлімбаев Қыпшақбай өзін жақсы қырынан көрсете білді. Сабақ өту бағдарламасын және жоспар құру тәртібін жақсы меңгеріп, олармен жұмыс істей алатындығын дәлелдеді.
Педагогикалық іс-тәжірибе жетекшісінің қолы
(ұйым, мекеме және кәсіпорындары атынан) Байгунусова Ж.О.
« 12 » желтоқсан 2017ж
Өскемен қ, 2017 ж
