Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИРС Балл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
399.87 Кб
Скачать

Аннотация:

Бұл оқу ғылыми жұмысымда бүгінгі таңдағы азаматтың, қылмыстың және сот ісін жүргізу саласындағы маңызды бағыттардың бірі саналатын сараптама —сот-баллистика нысандарына сараптама жүргізуге бағыттадым. Зерттеу жұмысымда криминалисткиалық теңестірудің түсінігіне, олардың түрлері мен жіктеліуне тоқталдым. Криминалистикадағы іздердің, оның ішінде отты қарудың, оқ-дәрілердің және отты қаруды қолданғанда пйада болатын іздерді қарастырыдым. Бұл ғылыми жұмысымда отты қаруды қолдану барысында түрлі нысандарда, оның ішінде оты қарудан атыс жүрігзген тұлғаның қолынан, бетінен мыс, сурьма, барий және қорғасын іздерін анықтаудың іздісеріне зерттедім. Сонымен қатар оқтың ізі қалған нысанадағы ату іздерінен органикалық элемент – дифиниламинді анықтау әдістерімен таныстым.

Осы зерттеулер арқылы сарапшының қорытындысын бағалау және қолданудың маңыздылығы атап өтілді.

Мазмұны

Нормативтік белгі

Анықтамалар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе

1 Тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына аналитикалық шолу

1.1.1 Криминалистикалық теңестіру (теңестіру) түсінігі

1.1.2 Криминалистикалық теңестіру объектілерінің ұғымы (түсінігі). Теңестіру белгілері және оның классификациясы (топтастырылуы)

1.1.3 Теңестіру корытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы

1.1.4 Диагностика криминалистиканың ілімі ретінде

1.1.5 Криминалистік іздерді зерттеудің ғылыми негіздері, міндеті және ұғымы туралы түсінік.

1.1.6 Оқ ататын қару, оқ-дәрі және оны қолдану іздерін криминалистикада зерттеудің ғылыми негіздері мен маңыздары, түсінігі

1.2. Зерттеудің мақсаты мен міндеті

2. Тәжірибелік бөлім

2.1. Шикізат және өнім мінездемесі, оларға қойылған талаптар

2.1.1 Оттық қаруды қолдану нәтижесінде нысандардан мыс, сурьма, барий, қорғасынды анықтаудың әдістері

2.1.2 Порохтың құрамын анықтау

2.2 Зерттеу жүргізу әдістері

2.2.1 Нысанадағы ату іздерінен органикалық элемент – дифиниламинді анықтау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Нормативтік белгілер

1.ОҚМА ҒӨЗ Сот сарапатама орталығы

2. ҚР Конституциясы

3. ҚР Қылмыстық Кодексі .Алматы 1997

4. ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі .Алматы 2000

5. ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексі .Алматы 1999

6. ҚР ІІМ 16.06.2004 № 544 бұйрығы “Тергеу, анықтау және жедел криминалистикалық қызметтің өзара бірлесе әрекеттесуі туралы”

7. Жедел іздестіру іс шаралары туралы заңы. Алматы 2001

8. ҚР “Сот сараптамсы туралы заңы” 1997. Алматы

Анықтамалар

Трасология деп – қылмыс механизмін көрсететін әр түрлі іздердің пайда болу заңдылықтарын оқып үйрететін және қылмысты әшкерелеу мақсатында іздерді жинап, зерттеудегі әдіс-құралдарды жетілдіретін криминалистикалық техниканың саласын айтамыз.[1]

Із дегеніміз – қор­шаған ортада қылмыс жасаудың салдарынан, оған дайындалып жасыруға дейінгі аралықтағы әр түрлі өзгерістер.

Алдын – ала зерттеу – келіп түскен материалдармен маманның танысу мәселені мәселені анықтауы, тиісті шешім қабылдауы.

Статикалык іздер дегеніміз - із қалдырушы объектінің әрбір бөлігінің (нүктесінің) із қабылдаушы объектіде дәлме-дәл бейнеленуі нәтижесінде пайда болатын іздер. Мұндай іздер қозғалыста болған объектінің тоқтауы кезінде пайда болады. Із пайда болған кезде объектілер салыстырмалы түрде (тыныштық) қимылсыз (статика) күйде болады. Мысалы: адамның тұрған кездегі аяқ киімінің ізі, қолдың папиллярлы өрнектері бар ізінің қалуы, есіктегі бұзу құралының басылып-жаншылған ізі.

Динамикалык іздер дегеніміз - із қалдырушы объект нүктелерінің із қабылдаушы объект бетінде сырғу-жылжу нәтижесінде пайда болған іздер. Объектінің дөңес жерлері ойыс іздерін, ал ойыс жерлері томпақ (жұмыр) іздерін қалдырады. Динамикалық іздерге кесілген, шабылған, үйкелген және т.б.іздер жатады.

Қысым іздері – кедергінің(бөгеттің) бетінде бұзу құралдарының соққысы нәтижесінде басылып түcyi арқылы пайда болады.

Сот баллистикасы – криминалистикалық техникалық саласы ретінде, оқ ататын қаруды, оқ–дәріні және оны қолдану іздерін, оның амалдарын, әдіс және табу тәсілін, өңдеп ол объектілерді айғақты дәлел ретінде зерттеп оқып үйретеді.

Иір ойықтар – ол бұрынданың іздеріне ұқсас тереңдіктер олар снарядты айналу қозғалысына келтіріп, ұшу тұрақтылығы мен қашықтықты қамтамасыз етеді.

Белгілер мен қысқартулар

ҚР – Қазақстан Республикасы

ӘдМ–Әділет Министрлігі

ССО –Сот сараптама орталығы

ОҚАҒӨЗ –Оңтүстік Қазақстан Аймақтық ғылыми өндірістік зерттеу

ОҚО–Оңтүстік Қазақстан облысы

ІІД – Ішкі Істер Департаменті

ТБ–Тергеу Бөлімі

АІІББ– Аудандық Ішкі Істер Бөлім Бастығы

ҚК– Қылмыстық Кодекс

ҚІЖК – Қылмыстық іс жүргізу кодексі

мм – миллиметр

т.б. – тағы басқа

т.с.с. – тағы сол сияқты

УК – ультракүлгін

Кіріспе

Ғылыми-техникалық прогресс өмірдің барлық саласына терең еніп келеді. Осы прогресстің қол жеткізген табыстарын қылмыспен күресте, қылмыстың алдын алуда қолдану талабы туындайды [1].

Бұл мәселелерді шешуде криминалистика маңызды рол атқаруда. Осы мәселелерді шешуде криминалистика белгілі бір ғылыми білімді қолданады. Ол білімдерінің бірі теңестірулау (теңестіру) тәсілін қолданды.

Бұл қылмысты тергеу барасында іс бойынша маңызды жәйттердің орын алғандығын дәлелдеуде тепе теңдіктің бар немес жоқ екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Іс жүзінде теңестіруның мәні бұл, оның көмегімен түрлі жәйттерді атап айтқанда:

  • сезіктінің, жауапкердің, куәгердің, жәбірленушінің тұлғасын анықтауда;

  • оқиға орнында тааблған қол, аяқ киім, бұзу құралының, отты қарудың іздерінің кіммен, қандай құралмен, отты қарумен қалғандығын анықтауда;

  • және тағы басқа да көптеген жағдаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Қылмысқа қарап тиімді жүргізіп, оның себептерін жоюдағы негізгі шарт, әр қылмысты жылдам және толық ашып қылмыскерлерді жазасыз қалдырмауды толық қамтамасыз ету керек. Оған қылмысты оқ ататын қаруды қолданып жасаған категориясы да жатады.

Қаруды қолдану адамдардың денсаулығына үлкен қауіпқатер туындады. Сондықтан қылмыскердің қаруды қолдануы, жазаны ауырлататын жағдай болып саналады.

Қазақстан Республикасында қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру қылмыстық жауапкершілікке тартылады (ҚР ҚК 287 бап).

Жеке қылмыстарды (кісі өлтіру, тонау, бас бостандығынан айырылған, орыннан қашқандар) оқ ататын қаруды қолданып жасайды және олардың қаруды, оқ дәрісі, әрекет іздері айғақты дәлел болып саналады.

Осыған байланысты анықтама органдарында, тергеушілерде ату ара қашықтығы, атқан орны, қарудың қандай түрінен атылған туралы тағы сол сияқты оқиғаны тексерген жағдайда мәнін анықтауда мүмкіндік туғызатын көптеген сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді.

1 Тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына аналитикалық шолу

1.1.1 Криминалистикалық теңестіру (теңестіру) түсінігі

Қылмыстық істерді тергеу барысында тергеу органдарының алыднда көптеген мәселелер туындайды. Олар:

- Белгілі бір іс әрекеттер тұлғамен, құралмен, қарумен жасалған ба;

- Қылмыс жәйті туралы жазба қол жазуы белгілі бір адаммен жазылған ба;

- Оқиға орнында табылған қол, аяқ киім ізі белгілі бір адаммен қалған ба және т.б. мәселерді шешуде маңызды рол атқарады.

Адамды, құралды, іс әрекеттерді және басқа да бейнелерді олардың іздері бойынша теңестіруде идентифиакция тәсілі қолданылады.

«Теңестіру» термині - латын тілінен шыққан сөз, оны тікелей аударатын болсақ «теңдестіру», яғни «тепе-тендікті анықтау» немесе «тепе-тең ету, сәйкестендіру» деген мағынаны білдіреді.

«Криминалистикалық теңестіру» ұғымы өте кең. Оның ұғымында:

- тепе-теңдік;

- айырмашылық;

- жеке даралық;

- тұрақтылық;

- қасиет және белгілер ұғымын қамтиды.

«Теңестіру» термині төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын жасауда қолданылады:

  • теңестіру - адамның ойлау қабілетінің зандылығын ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде;

  • теңестіру - танымның әдіс-тәсілі мен құралы ретінде;

  • теңестіру- теңдестіру арқылы тану процесінің белгісі ретінде қарастырылады.

Адамның ойлау қызметі заңдылықтарын зерттейтін логика ғылымы, теңестіру көмегімен теңдестіру зандылығы және адамды тану қызметіндегі теңестірудің логикалық қағидалары негізінде қалыптасқан.

Теңестіруның психофизиологиялық механизмі келесідей болып келеді: субъектінің санасында көрсетіліп отырған объектінің белгілері туралы көрініс, сол көріністі ойлау арқылы, ол ұсынылып отырған объектіні өзінің ойындағы объект белгілері бойынша салыстырады, содан кейін ғана ол объектілердің сәйкестігі жайында немесе ерекшеліктері бойынша қорытынды жасайды.

Қарапайым тендестірулер негізінен көріністі, бейнені - көру, есту мүшелері арқылы қабылдауға байланысты жасалады.

Теңестіру таным әдісі ретінде барлық ғылыми, атап айтқанда: ботаника, зоология, геология, химия, өнертану және т.б. ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Мысалы, археологиялық зерттеулер жургізу барысында табылған (қазып алынған) объектілер міндетті түрде белгілі бір кезең мәдениетімен сәйкестендіріледі.

Л.Н. Мороздың пікірінше: криминалистикалық теңестіру мынандай жағдайларда орын алады:

а) теңестіру тәсілдері арнайы криминалистермен өңделіп жетілдірілген жағдайларда;

э) бұл тәсілдердің көмегімен объектінің жекелеген сәйкестігі анықталған жағдайларда (Бұл жерде ол объектілердің топтық қатыстылығын анықтауды қарастырған);

б) криминалистикалық теңестіруның объектісі тек криминалистикалық теңестіру объектілерінің шеңберіндегі нақты бір жекелеген объектілер ғана бола алады;

в) криминалистикалық және соттық теңестіру арасында айырмашылықтар бар және теңестіруның тергеу тәжірибесі мен оның процесуалдық тәртібінде ерекшеліктер болған жағдайда» - деп көрсеткен.

Г.И. Кучеревпен берілген тергеу тәжірибесіндегі теңестіруның дәлел-демелік мәнін қарастыратын болсақ, ол «теңестіруны криминалисти-калық» деп атай отырып, оның ерекшелігін төмендегідей бөліп көрсетеді.

Бірінші ерекшелігі, объектілермен байланысты. Объектілер - бұл материалдық дүниедегі кез-келген үйлескен заттар, әртүрлі процестер. Оларга қойылатын шарт: барлық объектілер олардың субстанциясына қарамастан соттық іспен байланысты болуы керек, сондай-ақ заттай дәлелдемелік сапасы болуы қажет. Бірақ олар - тұтынушылық, этикалық, техникалық және көптеген басқа да қасиеттерін жоғалтуы мүмкін, мұндай кезде жоспарға объектінің қылмыс жағдайы жөніндегі ақпарат жеткізуші жақтары бірінші кезекке қою керек [2].

Сонымен, криминалистикалық теңестіруның бірінші ерекшелігі - заттай дәлелдемелік фактілер жөніндегі ақпараттарды қамтитын объектілердің арасындағы тепе-тендік қатынасын анықтаудан тұрады.

Екінші ерекшелігі, сараптаманың қорытындыларындағы жеке тепе-теңдікті көрсететін нәтижелер іс үшін мәнді болып табылатындығы мен дәлелдеме ретінде жеке тепе-теңдікті көрсететін нәтижелердің маңыздылығында.

Басқа ғылым салаларында объектіні - түрі, тегі бойынша теңестірулау жеткілікті, ал дәлелдеу барысында объектіні: түрі, тегі бойынша ғана анықтау жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан да криминалистикада, сот-сараптамаларында жекелеген тепе-теңцікті (сәйкестікті) анықтау үшін теориялық және сараптамалық зерттеулер үздіксіз жүргізіліп отырады.

Криминалистикалық теңестіруның үшінші ерекшелігі, - процесуалды тәртіппен, процесуалдық түрде бекітілетіндігінде. Сонымен қатар, барлық теңестірулық танымдық қызметтің белгілі бір тәртібі мен шегі бар. Олар: сараптаманың шегі мен құраддарына, сондай-ақ заттай дәлелдемелер және олармен жұмыс жасау тәсілдеріне, оларды сақтауға және зерттеуге байланысты кркаттарды тіркеу мерзіміне қатысты әдістер мен басқа да тәсілдерді таңдауға қатысты болып отыр. Сонымен, криминалистикалық теңестіруның үшінші ерекшелігі оның процесуалдық формасында.

М.Я. Сегай, Н.В. Терзиевтер тергеу тәжірибесіндегі теңестіруді "соттық теңестіру" деп атаған дұрыс деп санай келе, келесідей мән-жайларды көрсетеді:

- теңестіру қорытындылары қылмыстық және азаматтық істерде соттық дәлелдеме қызметін атқарады, осыған байланысты оларды бекіту мен зертгеу әдістемесіне арнайы талаптар қойылады;

- басқа ғылымдарға қарағанда криминадистикада сәйкестікті ғана емес, сонымен қатар айырмашылықтарды да анықтаудың маңызы зор;

- криминалистикада жекелеген тепе-тендікті анықтау - идентифика-цияның басты мәселесі болып табылады;

- химия, биология және т.б. ғылым салаларында топтық қатыстықты анықтау жеткілікті.

Аталған ерекшеліктер ұсынылатын зерттеу әдістемесіндегідей, теңдестіру нәтижелерін рәсімдеудің арнайы талаптарын анықтайды. Бұл ерекшеліктер сот-медицина шеңберінен де орын алады, жоғарыда аталған авторлар идентифи-кацияны не үшін соттық деп атау негізді деп санайды.

Криминалистикалық теңестіруның маңызын бағалау өте күрделі процесс болып табылады. Теңестіру - дәлелдеу тәсілінің өте кең тараган түрі. Теңестіруның көмегімен: қылмысқа дайындалу әрекетінің орнын, қылмыс жасалған, қылмыстың ізін жасырган жерлерді; қылмыскердің қылмысты жасауға қолданылған қару құралдарын; қылмыскерді, жәбірленушіні, қылмьгстық қол сұғылған заттарды теңестірулауға және т.б. анықтауға болады [3].

Бүгінгі таңда криминалистикалық теңестіру теориясы криминалисти-кадағы жеке ілімдердің ең жетілдірілген түрлеріне жататындыгы осы жағдайлармен түсіндіріледі.

Барлық танымал кеңестік криминалистер криминалистикалық теңестіру мәселелерімен тікелей немесе жанама түрде айналысты.

Криминалистикалық теңестіру теориясы - тарихи жағынан жеке криминалистикалық теориялар арасынан ең алғаш пайда болып, білімді жүйелендіру құралы ретінде қалыптасқан ілім болып табылады.

Теңестіруның процесуалды формасы:

  1. сот сараптамасы;

  2. тану ушін көрсету;

  3. объектілерді қарау шеңберінде жүзеге асырылады.

Криминалистикалық техниканың салалары бойынша - портретті (ауызша суреттеу), трасологиялык, баллистикалық, қолжазбатану және т.б. түрлері бар.