Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих90.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.79 Кб
Скачать

22.ХХғғ.Басындағы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер және урбанизация үрдісі

Демографиялық дағдарыс – белгілі бір аймақта әлеуметтік, экономикалық, табиғат ықпалдары әсерінен халық ұдайы өсуінің тежелуі. Демографиялық дағдарысқа соғыс, экология, мемлекеттік саясат т.б. тікелей әсер етеді. Қазақ халқы да өз тарихында бірнеше демографиялық дағдарысты басынан өткерді. Тарихи кезеңдерде қазақ ру-тайпалары жоңғар, қалмақ шапқыншылықтары, орыс билігінің орнауы т.б саяси жағдайлар әсерінен өз атамекендерінен ауа көшіп, көрші өзбек, түрікмен, башқұрт халықтары арасына кірме болды. ХХ ғ. қазақ халқы бірінші демографиялық дағдарысқа 1916-1922 жж. Ұлт-азаттық козғалыс, Қазақ төңкерісі, Азамат соғысы әсерінен ұшырап, халық ашаршылыққа, шаруашылықта күйзелісте болып, 1 млн.-ға жуық қазақ қаза тапты, 400 мыңнан аса қазақ осы жылдары шет елдерге қоныс аударды. Екінші демографиялық дағдарысқа қазақ халқы 1931-1932 жж. ашаршылық кезінде ұшырап, 2,5 млн. қазақ қырылды. Үшінші дағдарыс, 2-дүниежүзілік соғыс әсерінен болып 600 мың қазақ майданда опат болды. ХХ ғ-да тек осы үш дағдарыс әсерінен қазақ халқы 4,5 млн.-нан астам адамға кеміді. Демографиялық болжам бойынша осы дағдарыстар болмаған жағдайда қазақ халқының саны бұл күнде 25 млн.-нан асуы керек еді.

Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек¬шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегімағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.Ал Қазақстанға келсек, урбанизация үрдісі шеттен жұмыс қолын қанша үгіп-төккенімен, әсіресе, Кеңес Одағы тұсында-ақ өткен ғасырдың 70-жылдары бедерінде айтарлықтай сипат ала бастады. Тың көтеру кезінде ауылшаруашылығы барынша дамығанымен, 70-жылдары ауылдық жерлерде халық саны күрт өсіп, жұмыссыздық бел алғанда жастардың қалаға ағылуы байқалды. Ал қала өнеркәсібі айтарлықтай дамығанымен, жұмыс қолын негізінен ауыл халқынан тартуға империялық билік жол бермей, жұмысшылар мен мамандарды Қазақстаннан тыс жерлерден шақыру үрдісі жалғаса берді. Ауылдан келген қазақ жастарын кәсіпорындарға жұмысқа алған күнде оларға әрі кеткенде жатақхана ғана беріп, бірер жылдан кейін ауылға қайтуға мәжбүр етушілік саясаты жүргізілді. Сөйтіп, қалалар қазақтар мүлде сирек ұшырасатындай болып дамыды. 1986 жылы әйгілі Желтоқсан оқиғасы талаптарының бірі қазақ жастарын жұмысқа алу, тұрғын үймен қамтамасыз ету болғаны белгілі.Ел тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа жағдайға бейімделуге байланысты бұл бағдарлама ұмыт болды. Әрине, бұл кезеңде қалалы жерлерде тұрғын үй салуды өрістетуге елдің мұршасы болмады. Ауылшаруашылығы жаппай қиратылып, тоңалып, ауыл адамдарының тұрмысы қиындаған соң олардың қалаға ағылуы қанша күшейгенімен урбанизация үрдісін реттеу бағытқа алынбады. Тіпті урбанизацияға қарсы шығу белең алып, ауыл адамдарын қалаға кіргізбеу жөнінде әрекеттер жасала бастады. Мәселен, 1995 жылдары ауыл адамдарының қалалы жерлерде кәсіпкерлікпен шұғылдануға, нақтырақ айтқанда, ауыл өнімдерін саудалап, асханалар, дүкендер ашуға тыйым салынған жайттар да болды. Міне, осындай қитұрқылық күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқаны аңғарылады. Әсіресе, ірі қалаларда тұрғын үй бағаларының қолдан әдейілеп еселеп қымбаттатылуы, үй-жай салуға жер берілмеуі, қалаға келгендерді үй көлеміне қарамай тоқтаусыз тіркеуге алуға қарсы қаулылар шығару, нұсқаулар берілу осының бір мысалы деуге болады.

Столыпинның аграрлық реформасының салдарынан қазақ жерінде басқа ұлт өкілдерінің үлесі өсті. Қазақтар өз жерінен айрыла бастады. 1916 жылға дейін қазақтардан алынған жер көлемі 45 млн. десятинаға жетті. 1897-1914 жылдар аралығында қазақтардың үлесі 16,6 пайызға кемісе, славян халқының саны 16,8 пайызға артқан.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтың саны едәуір азайды, мұның себебі - табиғи әсім азайып, өлім көбейіп кетті. Бұл 1916 жылғы көтерілістің жеңілу салдары болатын, сонда жүз мыңдаған қазақ жазалаушылар қолынан қаза болды және Қазақстаннан сыртқа қашып кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана 105 мың қазақ шетке кетті. Осылайша қазақтың өзінің ата-қонысында азшылыққа айналуының негізі қаланды.

1916 жылғы 25 шілде жарлығыда Қазақстанның демографиялық дамуына кері әсерін тигізді. Жарлық бойынша Қазақстан мен Отра Азия халықтарынан 400 мың адам тыл жұмысына алынуға тиіс болды. Жарлыққа қарсы көтерілген қазақтар ауыр шығынға ұшырады. Бейбіт тұрғындар аяусыз қырғынға ұшырады. Бұған шыдамаған 105 мың адам, немесе Жетісу өлкесі қазақтарның 25 пайыз Қытайға қоныс аударуға мәжбүр болды.

Қазақстанның көп ұлтты бола түсуінің күшеюі, әсіресе Қазан төңкерісінен кейінгі дәуірде үлкен қарқынмен жүрді. Қос төңкеріс аралығында қазақ халқының әлеументтік-экономикалық жағыдайлары төмендеді. Нәтижесінде қазақ халқының демографиялық дамуы шектелді.

Азамат соғысы Қазақстандағы демографиялық дамуға өзіндік өзгерістер әкелді. Соғыс нәтижесніде өлкенің тұрғындар санының табиғи өсімі кемісе, Ресейдің басқа өңірлерінен келген әскери бөлімдер және қоныс аударушылар есебінен тұрғындардың ұлттық құрамы өзгерді. Кеңес өкіметінің жүргізген әскери-коммунизм шаралары еліміздің ауыл шаруашылығын құлдыратты. Ауыл шаруашылығындағы болған апат нәтижесінде Қазақстанда аштық басталды. Сол кездегі мәліметтерге қарасақ, 1921-1922 жылдары республикада 2,3 млн. адам аштыққа ұшыраған. Аштықтан және оның салдарынан басқа жаққа көшу үрдісі күрт өскен. 1914 жылғы көрсеткішпен 1922 жылғы тұрғындар санын салыстырсақ өлке халқы шамамен 1 млн. адамға қысқарғанын көруге болады.

1926 жылғы халық санағы.1920 жылы қазан айында Ресей Федерациясынын, құрамында Қазақтың Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасы жарияланды, астанасы Орынбор қаласы болып белгіленді. Бұл қазақтың этностық жерінің бір бөлігін мемлекеттік құрылымға біріктіруге мүмкіндік берді. 1924 жылы Орта Азия республикаларының ұлттық-территориялық шекаралары белгіленді, осының нәтижесінде Түркістан АКСР-ның қазақтар тұратын аудандары (Сырдария мен Жетісу облыстары) Қазақстанның құрамына кірді Орынбор губерниясы Ресей Федерациясына беріліп, Қазақ АКСР-ның астанасы 1925 жылы Орынбордан Қызылордаға көшірілді.1926 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның, қазіргі шекарасында 6198,4 мың адам тұрды, олардың 58,5 пайызы қазақ, 20,6 пайыз орыс, 13, 9 пайыз украин, 2,1 пайыз өзбек, 1,3 пайыз татар, 1,0 пайыз ұйғыр, 0,8 пайыз неміс және басқа ұлт өкілдері болды. Егер мұны 1897 жылы Бүкіл Ресейлік халық санағының мәліметтерімен салыстырсақ 29-30 жыл ішінде республиканың халқы шамамен 1,5 есе өскен, оның ішінде орыс 2,8 есе, басқа халықтардың өкілдері 4,3 есе, қазақ небәрі 234,8 мың адам, яғни 7 пайыз ғана өскен. Қазақтық үлес саны 23,2 дәрёжеге төмендеген, орыс —9,6 дәрежеге, басқа ұлттар 13,7 дәрежеге өскен.Қазақ АКСР-ындағы негізгі ұлттардың көпшілігінің сан жағынан өсуі төрт негізгі бағыт бойынша: 1920 жылы ортасынан бастап көшіп келушілер санының көшіп кетушілер санынан артық болуы; табиғи есім, туылғандар санының келгендерден артық болуы; автономиялық республика құрылғаннан және 1924 жылы Орта Азия Республикаларының ұлттық-территориялық шекаралары белгіленгеннен кейін республиканың нақты әкімшшік шекарасының кеңеюі, ассимиляциялық және қосылу процестерінің есебінен өсті.

1931-1933 жылдардағы аштық салдары. 1928—1934 жылы Қазақстанда ашаршылық басталды, ол көшпелі және жартылай көшпелі елді отырықшыландыру, сол сияқты қолдан урбанизациялау істерін зорлап ұжымдастыру саясатымен ұштастыра жүргізу салдарынан туды. Жүздеген мың орыстар, украиндар, ұйғырлар және басқа ұлт өкілдері қырылды, бірақ қырылғандардың негізгі көпшілігі қазақтар болды. Қолда бар есеп бой-ынша 1929—1934 жылы 1610 мың қазақ қырылды, 1935—1938 жылы әлеуметтік және саяси репрессияның салдарынан 135 мың адам жойылды. Қазақтардан барлық шығын 1750 мың адам болды.

1937, 1939 жылдардағы халық санағы.Соғыс қарсаңындағы Қазақстан халқының ұлттық құрамыХХ ғасырдың 30-жылдың ақырында жекелеген ұлт өкілдерін жер аудару бас-талды, олардың бір бөлігі Қазақстанға қоныс аударылды. 1937 жылы қыркүйек-қазан айларында Қиыр Шығыстан Казақстанға 110 мың корейлер, Азербайжан мен Армениядан 2,4 мыңнан астам ирандық, әзербайжан, курд, армян отбастары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына жер аударылды.1939 жылы халық санағы бойынша республикада 6094 мың адам тұрды, яғни 1926 жылмен салыстырғанда республиканың халқы 100 мың адамға, немесе 1,7 пайыз азайған. Неғұрлым күшті қырғын қазақтардың басына түскен, олардан бар болғаны 2314 мың адам ғана қалған, 1926 жылмен салыстырғанда 1314 мыңға немесе 63,8 пайызға азайған. Украиндардың саны 203 мың, өзбектер 26 мың, ұйғырлар 28 мыңға азайған. Алайда 1926—1939 жылдар арасында басқа эт-ностардың саны өскен, әсіресе орыстар 1174 мың адам, яғни 92 пайыз, татарлар 27 мың —34 пайыз, белорустар 6 мың —22 пайыз өскен.Сөйтіп, 1939 жылы қарай Қазақстанда этностардың мүлде жаңа жағдайы қалыптасты. Көшіп-қону экспансиясы күшті қарқынмен жүрді. Қазақтардың үлес саны 1926 жылы салыстырғанда 20,5 дәрежеге құлдырап, 38 пайызға теңесті, украиндардың үлесі 13,9-дан 10,8 пайызға, өзбектер 2,1-ден 1,7 пайызға, ұйғырлар 1,0-ден 0,66 пайыз темендеді. Орыстар Қазақстандағы ең ірі этностық топқа айналды, олардың үлес саны 20 дәрежеге өсіп, 40,2 пайызға жетті. Немістер 1,5 пайыз, корейлер 1,6, татарлар 1,6, белорустар 0,5 пайыз болды.

23.Ш.Құдайбердіұлы – ақын, ойшыл, қоғам қайраткері.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.Жеті жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді. «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»), 1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкерім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған.

24.1917 жж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі және оның Қазақстанға тигізген әсері.

Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.

1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.

1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты.

Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады.

Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі).Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды.Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту.Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру.Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді.

Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды.

Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды.Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты.Уақытша өкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады.

Дегенменде, Уақытша өкімет біраз шараларды жүзеге асырды:

1. 1917 жылы 14 наурызда – «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды.  2. 1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы қабылданды.  3. 1917 жылы 5 мамырда – «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы», 1917 жылы 8 қыркүйекте – «Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн. 150000 сом бөлу туралы» қаулылар қабылданды. (5 млн. сомы – жергілікті халыққа, 6 млн. 150000 сомы – орыс халқына).Кеңес үкіметінің көтерген мәселелері:  1. Шаруаларға жер беру  2. Жұмысшыларға – 8 сағаттық жұмыс күні  3. Соғысты тоқтату  4. Халыққа бейбітшілік беру

Алайда, Уақытша-үкімет большевиктердің (Кеңестердің) көтерген мәселелерінің бірде – береуін орындамады.Сөйтіп, Уақытша үкімет самодержавиенің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді.

Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов: “Сары әскер” қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлы төңкеріс болмаса, не болар еді”, - деп жазды.

25.Қазақстандағы Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісінен кейінгі қалыптасқан түрлі саяси партиялар: «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и -Ислами», «Социал-революциялық», «Конституциялық -демократиялық», «Социал-демократиялық» т.б.

Саяси партиялар мен ағымдар.Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті.1917 жылы қазақ өлкесінде әртурлі саяси партиялар мен ағымғардар (қозғалыстар) құрылды.Верныйда – «Қара жұмысшылар одағы» (жетекшесі Жүсіп Бабаев), Сергиопольде (Аяғоз) – «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы», Петропавлда – «Жас арбакештер одағы» құрылды.Осы жылдары жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс жүргізді: Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы», Ақмолада - «Жас қазақ» ұйымы, Петропавлда - «Талап» ұйымы, Спасск заводында - «Жас жүрек» ұйымдары құрылды.

Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар.Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идиологтары ұлттық зиялылар болды. Олардың басшысы Ә.Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А.Байтурсынов, МДулатов, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов, Ә.Ермеков, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, Ш.Құдайбердиев, Х.Габбасов, М.Тынышбаев. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды.

«Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады.

1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды.

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті. Қаралған мәселелер: 

1. Мемлекеттік басқару формасы.  2. Автономия құру мәселесі.  3. Жер мәселесі.  4. Халық милициясын құру.  5. Сот ісі.  6. Дін мәселесі.  7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.  8. Құрылтай жиналысын шақыру.  9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.  10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.  11. Халық ағарту ісі.  12. Земство

Осы съезде «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті.

1917 жылы мамырда Букілроссиялық мұсылмандар съезі болды.

Мұнда соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.1917 жылы 17 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінде «Иттифок-и-Муслимин» (тұнғыш мұсылман) партиясы құрылды. Мұнда «Түркістан федерациялық республикасы» парламенттік республикасының жобасы қаралды.

1917 жылы қарашада қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды. Алғашқы төрағасы М.Әйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы 1917 жылы екіге болінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К.Төгісов басқарды.«Үш жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет құру идеясын ұсынды: «Үш жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды.

1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер (конституцияшыл демократтар) ұйымы құрылды.

Мақсаты:  1. Бөлінбес, біртұтас Россия, конституциялық монархия құру.  2. Қоныстандыру саясатын қолдау.

Орталық Азияда және Қазақстанның оңтүстігінде мұсылман депутаттарының Кеңестері құрылды. 1917 жылғы 16-21 сәуірде Ташкентте мұсылман депутаттары Кеңестерінің І өлкелік (Түркістандық) съезі өтіп, ол Уақытша үкіметті қолдады және Ресейді басқарудың ең жақсы нысаны Түркістанға және басқа да ұлттық аймақтарға кең көлемде автономия берілетін жағдайдағы Федеративтік демократиялық республика деп таныды. Съезд Құрылтай съезіне дайындалуға және «Шура-и Ислам» мұсылмандар партиясының бағдарламасын тануға шақырды. Осы жерде айтып кететін жағдай 1917 жылы көктемде мұсылмандар қозғалысы негізінде «Шура-и Ислам» партиясы құрылған болатын. Ташкенттегі съезде (1917 ж. сәуір) қалыптасқан «Шура-и Ислам» партиясының Шымкентте, Әулиеатада, Перовскіде, Қазалыда және басқа қалаларда жергілікті ұйымдары болды, оларға мұсылман дінінің православие дінімен тең құқықтылығы, діни шектеулердің жойылуы, ислам діні оқу орындарының ашылуы, Мекеге қажылыққа баруға рұқсат ету және басқа да діни құқықтар мен бостандықтар үшін күрескен татар, өзбек, қазақ діни қайраткерлері мен қатардағы мұсылмандар кірді.

1917 жылы көктемде - өлкеде әсерлер (социал-революционерлер) партиясы құрылды.

Мақсаты:  1. Жерді шаруаларға беру, жер-бүкіл халықтың меншігі ұранын көтерді.  2. Патша өкіметінің отырлау саясатын айыптау.

1917 жылы Ақпан революциясының тарихи маңызы:

1. Патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.  2. Ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді.  3. Халықтың кейбір демократиялық бостандықтарға қолы жетті.  4.Буржуазиялық–демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы үшін алғы шарттар дайындады.

Кемшіліктері:  1. Ұлттық – аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды.  2. Отаршылдық басқару органдарын жоймады  3. Шаруаларға жер бермеді.  4. Империалистік соғысты жалғастырды

26.Қоқан автономиясы – түркі халықтарының бірлігі негізіндегі бірінші тәуелсіз мемлекет.

Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.