Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих90.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.79 Кб
Скачать

14.ХХғғ. Басындағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы, «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш» т.Б. Газеттері.

"Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал.1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин."Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына Ә .Ғалимов, С.Торайғыровқатысқан. Журналда А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. «Алаш» газеті - 1916 жылдың 26 қарашасынан 1917 жылдың ортасына дейін Ташкентте шығып тұрған апталық газет. Редакторы - Көлбай Төгісұлы, шығарушысы - Мәриям Төгісова Қапсаламова. 1917 жылғы 22-санынан бастап редакторы - Т.Жанбайұлы. Кейбір зерттеушілердің еңбегіне қарағанда, осы жылы күзде газет бастапқыда Омбыға, сонан соң Петропавлға көшсе де, К.Төгісұлының белсенді саясатқа кіруіне байланысты жабылып қалады.

15.Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан.

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде басталды. Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).Антанта (Англия, Франция, Россия).Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды . Соғыстың себептері:Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:

1. 40899244 пут мақта 2. 38 мың шаршы аршын киіз 3. 3 млн. пут мақта майы 4. 229 мың пут сабын 5. 300 мың пут ет 6. 473928 пут балық 7. 70 мың жылқы 8. 12797 түйе алынды 9. 14 мың киіз үй салынды.

38 мемлекетті қатыстырып, 10 млн. сарбаз өмірін қиып, 12 млн.-дай бейбіт халықты жойған аса ауқымды алапат қырғын халықтар трагедиясының драмасына айналды. Осы жылы ғасыр толған жиһан соғысы жайында қазіргі тарихнамада адам өмірі мәселесі туралы әлеуметтік сұрақтар басым назарға алынып, сондай-ақ соғыстың медицинаның дамуына, әскери техниканың сыналуына, милитаризмнің қарқындауына және ең соңында жаһандану үрдістеріне ықпалы деген мәселелерді қарастыра бастады. Бұған соғыс зардабына ұшыраған аз халықтардың қасіреті туралы сұрақтарды қосар едік. Өйткені, бұл соғыстың екпіні мен дүмпуін қазақ, қырғыз сияқты Ресей империясының барынша отарлық қанауға ұшыраған халықтары көрді, күйзелді.

Дүниежүзілік соғыстың қазақ халқына және тұтастай алғанда Қазақстанға тигізген зардабы жайында кең мәліметтерді сол кезеңде ғұмыр кешкен Алаш зиялылары мұраларынан кездестіруге болады. Жаһан соғысының зардабы қазақ жерінде атақты 1916 жылғы көтеріліске әкелгенін терең талдап, алғашқы зерттеулерін жүргізген-де осы Алаш қайраткерлері болатын. Қазақ өлкесінің соғысқа қатысты алғашқы қобалжуы әскер қатарына шақыру мүмкіндігі жайындағы алыпқашпа, күмәнді хабарлардан басталғаны мәлім. Өйткені, халық Ресей империясына бодан болғаннан бері мұндай міндеткерлік жүктелмеген. Сол себепті әскери қызмет қазақтар үшін күтпеген жағдай болды. Кезінде Алаш зиялылары бұл мәселемен айналысқан. «Қазақ" газеті бетінде сан алуан мақалалар осы мәселелерге арналып басылды. Мысалы, газеттің 1915 жылдың желтоқсанынан бастап, 166, 178, 179, 184 нөмірлері қазақтан әскер алынуы жайында материалдар басты. Мақалалар мазмұны соғысты халықтың түсіністікпен қабылдағанын байқатады. Олар мұны әр халықтың басында болып тұратын қалыпты құбылыс ретінде қабылдағанын Алаш қайраткері М. Тынышбаев көрсетеді. Ол негізінен қазақтарды әскери қызметтің қай түріне (атты не жаяу әскер) алынатындығы ғана ойландырғанын жаза келе, былай дейді: «Қазақтардың көпшілігі (оның ішінде мен-де) казак-орыспен теңесіп, жерімізді сақтау мақсатында атты әскер қатарында қызмет етудің тиімділігін жақтадық. Қазақтардың тек азғана бөлігі жаяу әскер құрамында болуды қалады» .

Алайда қазақ халқында туу туралы куәліктің болмайтыны, мұның өзі жағдайды ауырлататыны ескерілді. Сондықтан жақын арада қазақтарды әскери қызметке тарту мүмкін еместігін түсіндіре келіп автор, «бұл мәселе іске асқан жағдайда, аса қиындық болатынын, оны зиялылардың күні бұрын болжап білгендерін» айтты. Осындай шешілуі қиын мәселені орталық үкіметке хабарлау үшін Ә.Бөкейханов бастаған өкілдер Петербургта болып қайтады. Сапардың барысы туралы жазып тұрған «Қазақ" газеті, қазақтан әскер алу кейінгі қалдырылғаны туралы хабарлады. Соған қарамастан қазақтарға әскери қызметтің қайсысы қолайлы деген пікір маусым айына дейін толастамаған. Бірақ қазақтар майданға алынатын болды. Ол туралы 1916 жылы 25 маусымда патша жарлығы шықты. Онда қазақтардың, Орта Азия халқымен бірге майданның қара жұмысына 19–43 жас аралығындағылары жедел шақыртылатыны көрсетіледі. Үкімет жарлығы өте асығыс жарияланды. Алдын-ала еш дайындығы болмаған халық түкке-де түсінбеді. Қазақ зиялысы мемлекеттік дәрежедегі мұндай маңызды шара ешбір әзірліксіз жүргенін көрсеткен болатын. Жарлыққа байланысты ел арасында түрлі алып-қашпа әңгімелер шықты. Халық толқыды. Патша жарлығын орындауға жедел кіріскен үкіметтің кей жерлерде күш жұмсап жіберулері-де оған себеп болып жатты. Пайда ойлаған, қолында билігі барлардың да жағымсыз іс-әрекеттері наразылықты күшейте түсті. Зиялылар елді сабырға шақыруға тырысты. Олар үкімет жарлығына қарсы шығудың орны толмас өкінішке әкелетінін халыққа түсіндірді. 11-шілде күні «Қазақ" газеті бетінде, «Алаш азаматтарына!» атты үндеу жарияланады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатов қол қойған үндеуде: «Көнбейміз деушінің сүйенгені жан тәттілік болса салыстырып қаралық: …Көнгенде — шаруаға кемшілікте келер, барған жігіт қазаға да, бейнетке-де ұшырар, бірақ елдің іргесі бұзылмас (қазаға ұшырар деп ауру-сырқаудан болған қазаны айтамын, әйтпесе солдат қылып алмайды, соғыстан өлмейді). Көнбегенде көретін ауырлық — бағынбай үкіметтің жарлығынан бас тартсақ, жау жағадан алғанда, бас қорғап үйде қаламыз деп, мемлекетке қамшымыздың ұшын бермесек, үкімет бізге құр өкпелеп қоймас, күш жұмсар, ол күшті законға сүйеніп істер»[6] — деп жазылды. Бұл сол кезеңдегі ауыр жағдайға байланысты қабылданған шешім еді. М. Тынышбаев, «Қазақ" газетінің осы үндеу жарияланған саны, аса маңызды хабар жеткізуші нөмір ретінде тез тарап кеткенін көрсетеді. «Оқыған азаматтар газеттің осы нөмірінің бірнешеуін жаздырып алып, халық арасына үлестірген»[7]. Стихиялы түрде басталған халық толқуы біртіндеп ашық көтеріліске ұласады. Ол бірден ұлтаралық қақтығысқа айналды. Тамыз айында Жетісу өңірінің көп бөлігі көтеріліс құшағына тартылды. М. Тынышбаев генерал Куропаткин қабылдауында болғаннан кейін, Пішпек қырғыздарын сабыр сақтауға шақырады. Сөйтіп ол соңғы сәтке дейін халыққа болашақты ойлаудың қажеттігін түсіндіріп бақты. Алайда көп кешікпей оның өзі тұтқынға (үй тұтқыны) алынады. Оны үкімет көтеріліске қатысты деп айыптап, жауап алады[8]. Үкімет көтерілісті басуға жедел кірісті. Жетісу өңіріне жазалау отрядтары шығарылады. Көтеріліс қазан айында аяусыз басылды. Жазалаушы патша жендеттері жолында кездескен қазақ-қырғызды қырып-жойып, 1916 жылдың қанды оқиғасын, жергілікті халық жуық арада ұмытпайтындай етті. Көтерілістің орны толмас шығыны болды және 200000-нан астам (облыстағы қазақ халқының 20 проценті) халық, қазан айында қарлы тау арқылы жат елге (Батыс Қытайға) босып кетті [9]. Онда оларды аштық пен құлдық күтіп алды… Үкімет жұмысшы алуға одан әрі жедел кірісе бастады. Ал көтерілістің аса ірі ошағы болған Торғай даласы 1917 ж. Ресейдегі, Ақпан төңкерісіне дейін қарсыласып бақты. Алайда кейін Амангелді Имановтың өлімі кеңестік тарихнамадағы жасанды мифтік тарихты туғызды… Бүгінгі таңда мемлекеттер арасындағы өзара кикілжіңдер, әлемдік қарулы қақтығыстардың жиі орын ала бастауы адамзатты сақтап қалу туралы гуманистік ұстанымдарды туғызады. Қандай да соғыс болмасын, ол тек қасірет пен қайғыға душар етеді. Сондықтан сарабдал дипломатиялық келіссөздердің күш алуын сол адамзаттың өзі бақылағаны жөн.

16.1916 жж. ұлт-азаттық қозғалыс және қазақ интеллигенциясының көзқарасы.

1916 жылғы қозғалыс бүкіл Қазақстанда, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды.

1916 жылғы 25 маусымдағы Жарғы бойынша патша үкіметі көптеген орыс солдаттары мен жұмысшыларын көнбіс және арзан жұмыс күші ретінде “реквизицияланған бұратаналармен” ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен тыл жұмыстарынан босатқысы келді. Бұл жағдай қазақ даласында үлкен қобалжу туғызды. М.Дулатұлы: “Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды” - деп жазды

Қазақ халқын бұдан бұрын әскери қызметке мұндай көлемде және күштеп алмаған еді. Патшаның маусым жарлығы қазақ халқы үшін ашық күнде төбеден түскен найзағайдай болды.Жарлық бойынша 19- 43 жас аралығындағы ер адамдар тыл жұмысына тартылуы көзделді. Жергілікті басшылық жоғарыдан келген жарлықты тез арада орындауға кірісті.

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанды.Олар қазақтарды «Ресей мемлекетінің бодандары,Оттанның перзенті» деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып,мемлекетті қорғауға лайық еді,қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз», -деп жазды.

Қозғалыс басшылары қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан соң жүзеге асыруды ұсынды. Олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда халықтың тағдырын жеңілдетуден және ұлттық автономия құрудан үміттенді .Олар: « қарусыз халық үкметтің жазалау шараларының құрбаны болады»,-деп 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында: “Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар” - деп жазды.Либерал-демократиялық зиялылар патша үкіметімен ымыраластық бағыт ұстанды. Олар халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады. Тарих осы бағыттың дұрыс болғанын дəлелдеді.