- •6.Қазақ хандығының өрлеуі. Қасым хан: ішкі және сыртқы саясаты
- •8.Қазақ қоғамындағы билер және батырлар институты және дәстүрлі көшпелі қазақ мәдениеті
- •9.Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар.
- •14.ХХғғ. Басындағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы, «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш» т.Б. Газеттері.
- •15.Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан.
- •Көтерілістің негізгі себептері:
- •20.Хіх ғғ. Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.
- •Жылдар-Маңызды оқиғалар
- •22.ХХғғ.Басындағы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер және урбанизация үрдісі
- •27.Б.Қаратаев – бірінші қазақ заңгері және қоғам қайраткері.
- •28.М.Шоқайдың саяси қызметі мен тарихтағы орны.
- •29.Алаш партиясының басшысы ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •31.М.Дулатовтың қоғамдық – саяси қызметі.
- •Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
- •1905 Жылдың аяғында Оралда өткен Қазақстанның бес облысының делегаттар съезінің жұмысына қатысады. Осы съезде болашақ "Алаш" партиясының сұлбасын құруға ниет жасалған болатын.
- •35.1917 Жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы.
- •36.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920). Қазревкомның құрылуы және оның мақсаттары.
- •37.Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясаты және оның жүзеге асырылуы.
- •38.Қазақстанда жаңа экономикалық саясат (жэс) кезеңінде. Жер – су реформасы.
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
- •Республикадағы қоғамдық саяси өмір.
- •42.Қазақстанда ұжымдастырудың жүзеге асырылуы: барысы және салдарлары.
- •Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
- •Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
- •Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
- •50.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың ерліктері.
- •51.Соғыс жылдарындағы халықтық білім беру, ғылым және мәдениет.
- •52.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (хХғғ. 40 жж. Іі жартысы – 50 жж.). «Бекмаханов ісі». «Хрущевтік жылымық».
- •55.Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, демографиялық және экологиялық проблемалар (хх ғасырдың 50-60-шы жылдары ).
- •57.ХХғғ. 70-80жж. Қазақстандағы экологиялық жағдай. Арал қасіреті.
- •60.Д.А. Қонаев - мемлекет және қоғам қайраткері.
- •64.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы – қазақ халқының тарихындағы жаңа кезең.
- •65.Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі және оның жүзеге асырылуы.
- •72.«Қазақстан – 2030 стратегиясы. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы» - Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары
- •73.Елдің тұрақты дамуының негізі - бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру «100 нақты қадам».
- •78.Қазақстан Республикасының қазіргі дамуындағы әлеуметтік реформалар.
- •80.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» статегиясы: «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (14 желтоқсан 2012).
- •82.Қазіргі заманғы білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі мақсаттары мен міндеттері
- •83.Отандастарымыздың тарихи отанына оралуы және «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •84.Дене шынықтыру және спортты дамыту. Қазақстандық спортшылардың жетістіктері.
- •85.Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихы мен тағдыры. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайы.
- •1992 Жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
- •2002 Жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
- •2005 Жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
- •86.Этносаралық келісім - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен демократиясын нығайтудың негізі.
- •87.Қауіпсіздік мәселелерін жағдайындағы Қазақстанның конфессиялық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
2005 Жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.
Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.
Қазіргі таңда шетелдегі қазақ диаспорасының жағдайы, тағыдыры, өмір-тіршілігі, олардың тарихи отанына оралмандар болып келуі өте маңызды. 40-тан астам елдерде 4,5 млн. қазақ тұратындығы аян. 2002 жылғы кейбір есептер бойынша бес миллионның үстінде. Ең көбі, 1,5 миллиондай (кейбір бейресми пайымдамаларға қарағанда 2 миллионға да жетіп қалады) Қытайда тұрады. Басым көпшілігі өз бетімен емес, тағдырдың жазуымен, озбырлық әрекеттерден өзге елдерге қоныс аударуға мәжбүр болған.
1996 жылғы желтоқсанда “Қазақстанның шет елдердегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды. Арада дәл бір жыл өткен кезде “Халықтың көші-қоны туралы” заң күшіне енді. Осы заң бойынша жыл сайын квоталар бөлінетін болды. Мысалы, 2004 жылға репатрианттардың 10 мың отбасына квота белгіленді. 2015 жылға дейін жыл сайын квота 15 мың отбасына өсіп отырады.
Миграцияға және оралмандардың азаматтығын белгілеу масқатында Ресеймен, Беларусьпен, Украинамен екі жақты және Қырғызстанмен, Ресеймен, Беларусьпен көп жақты келісімдер жасалды. Мұндай келісімдерді Өзбекстанмен және Түрікстанмен де жасалмақ.. ҚР Сыртқы істер министрлігі өз тарапынан визалық мәселелер шешуді мұқият бақылап отыр. 2003 жылғы “Виза беру тәртібі туралы” нұсқаулығына сәйкес әрбір отандастың ешбір шақырусыз үш айға жарамды визаны жылына екі рет алуға және виза алу кезінде төлем төлемеуге мүмкіндігі бар.
2002 жылғы наурызда Министр Қасымжомарт Тоқаев Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымның бас директоры Бронсон Маккинлимен және ұйым өкілдігінің басшысы Майкл Чанцпен кездескен еді. Байқаушы болған Қазақстан сол жылы осы ұйымға толық мүше ретінде кіруге ынта білдірді. Бұл ұйым оралмандардың бейімделуіне қолдау білдіруді мақсат тұта отырып, тұрақты түрде қаржылық көмек көрсетеді.
Мәселен, 2001 жылы қазақстандық жобалар 750 мың доллардан жоғары көлемде қаржыландырылды. Шағын грант беру, арнайы семинарлар өткізу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру – осының барлығы да тәрізді ынтымақтастықтың жемісі.
2002 жылғы 24 қыркүйекте Қ.Тоқаев БҰҰ босқындар iстерi жөнiндегi Жоғарғы Комиссарының Басқармасы Өкiлдiгiнiң Басшысы Абдул Карим Гульды Қазақстандағы миссиясының аяқталуына орай қабылдаған болатын. Әңгiме барысында арадағы ынтымақтастық мәселелерiнiң кешенi, босқындарды қорғау, көшi-қон заңнамасын жетiлдiру тілге тиек етіліп, оралмандар мәселелерiн шешу перспективалары қаралды. Қазақстанның шет елдердегі отандастарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасының аясында дипломаттардың істеген қадамдары аз емес. Мәселен, 2001 жылы Түрікменстанда орта мектеп бітірген қазақ жастары үшін Қазақстанның жоғарғы оку орыңдарының дайындық курстарына мемлекет есебінен бөлінетін орынның саны 25 болатын. 2001 жылы 25 орынға бағын сынаған 103 талапкер болса, 2002 жылы Қазақстандағы жоғарғы оку орындарының дайындық курстарында білім алуға 167 адам ниет білдірді. 2002/2003 оку жылындағы дайындық курстарында түрікмен казақ жастарын оқыту үшін 50 орын берілді. Қазақстанға барып сынаққа қатысуға тұрмыстық жағдайларының көтермейтіндігін айтып арызданған Түрікменстандағы қазақ диаспорасының өкілдеріне жергілікті жерде сынақтан өту мүкіндігі ұйымдастырылды.
40 елде тұратын қазақ диаспорасы мен Қазақстандағы қазақ халқының алдында тұрған күрделі бір мәселе әліпби бірлігі, өйткені әліпби біркелкі болмағандықтан бұл да қиындық туғызады. Ауызекі сөйлеуінде ешқандай айырмашылық болмаса да, жазу мәселесіндегі жағдай олай емес. 40 елде тұратын қазақтар бір бірінің жазуын түсінбейді. Қытай қазағы төте жазуды пайдаланса, Қазақстан, Моңғолия және Ресей қазақтары кириллицадан бас тарта алмай жүр. Өзбекстан мен Түркіменстан латын әрпіне көшіп те үлгерді. Ирандағы, Ауғанстандағы жазудың түрін айтпаса да болады. Осы орайда “Қазақпарат” агенттігінің мемлекеттік тілдегі хабарларды Интернет жүйесіне латын жазуымен шығаруды ү.ж. 14 сәуірден бастап қолға алғанын атап өткен жөн.
Германиядағы қазақ диаспорасы туралы
Негізінен Батыс Еуропадағы қазақ диаспорасы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында ҚР шығыс аймағынан өзге елдерге саяси себептерге байланысты және ұжымдандыру, ашаршылық салдарынан қоныс аударуға мәжбүр болғандардан құрылған. Тибет пен Индиядан кейін Пәкістанда 12 жылдай тұрып, олар 1953 жылы Түркияға барады. Түрік бауырларымыз оларға төлқұжат беріп, қаржылық көмек көрсетті. 50-ші жылдардың ортасында "гастербайтер" яғни шетелде жұмысқа жалға тұрушылар болып қазақтар Германияға алғаш рет барады. Балалары жергілікті мектепке барып, уақыт өткен сайын жергілікті азаматтық алғандар пайда болды (142 адам). Кеңес Үкіметі құлағаннан соң Қазақстаннан барғандар олардың қатарына қосылды.
Германиядағы қазақ диаспорасының мәдени орталықтары бірнеше қалада бар. Мюнхендегісі 1998 жылғы 20 қыркүйекте ашылған. Берлинде 100 қазақтай тұрады. 2003 жылғы 2 наурызда "Берлин қазақ қоғамы" атты ұйым құрылды. Ең ірісі Кельндегі "Қазақ мәдени орталығы".
Аталған ұйымдардың алдында тұрған мақсаттарға келетін болсақ, олар: Батыс Еуропадағы барлық қазақтың басын біріктіру, ұлттық мәдениет пен тілді дамыту, Қазақстанмен тығыз байланыста болу. 2002 жылғы 18-19 мамырда Кельнде ҚР тәуелсізідігінің 10 жылға толуына орай Еуропадағы қазақтардың құрылтайы өтті. Оған Қазақстаннан да ресми адамадар және әртістер барған болатын.
