- •6.Қазақ хандығының өрлеуі. Қасым хан: ішкі және сыртқы саясаты
- •8.Қазақ қоғамындағы билер және батырлар институты және дәстүрлі көшпелі қазақ мәдениеті
- •9.Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар.
- •14.ХХғғ. Басындағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы, «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш» т.Б. Газеттері.
- •15.Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан.
- •Көтерілістің негізгі себептері:
- •20.Хіх ғғ. Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.
- •Жылдар-Маңызды оқиғалар
- •22.ХХғғ.Басындағы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер және урбанизация үрдісі
- •27.Б.Қаратаев – бірінші қазақ заңгері және қоғам қайраткері.
- •28.М.Шоқайдың саяси қызметі мен тарихтағы орны.
- •29.Алаш партиясының басшысы ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •31.М.Дулатовтың қоғамдық – саяси қызметі.
- •Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
- •1905 Жылдың аяғында Оралда өткен Қазақстанның бес облысының делегаттар съезінің жұмысына қатысады. Осы съезде болашақ "Алаш" партиясының сұлбасын құруға ниет жасалған болатын.
- •35.1917 Жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы.
- •36.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920). Қазревкомның құрылуы және оның мақсаттары.
- •37.Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясаты және оның жүзеге асырылуы.
- •38.Қазақстанда жаңа экономикалық саясат (жэс) кезеңінде. Жер – су реформасы.
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
- •Республикадағы қоғамдық саяси өмір.
- •42.Қазақстанда ұжымдастырудың жүзеге асырылуы: барысы және салдарлары.
- •Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
- •Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
- •Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
- •50.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың ерліктері.
- •51.Соғыс жылдарындағы халықтық білім беру, ғылым және мәдениет.
- •52.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (хХғғ. 40 жж. Іі жартысы – 50 жж.). «Бекмаханов ісі». «Хрущевтік жылымық».
- •55.Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, демографиялық және экологиялық проблемалар (хх ғасырдың 50-60-шы жылдары ).
- •57.ХХғғ. 70-80жж. Қазақстандағы экологиялық жағдай. Арал қасіреті.
- •60.Д.А. Қонаев - мемлекет және қоғам қайраткері.
- •64.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы – қазақ халқының тарихындағы жаңа кезең.
- •65.Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі және оның жүзеге асырылуы.
- •72.«Қазақстан – 2030 стратегиясы. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы» - Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары
- •73.Елдің тұрақты дамуының негізі - бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру «100 нақты қадам».
- •78.Қазақстан Республикасының қазіргі дамуындағы әлеуметтік реформалар.
- •80.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» статегиясы: «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (14 желтоқсан 2012).
- •82.Қазіргі заманғы білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі мақсаттары мен міндеттері
- •83.Отандастарымыздың тарихи отанына оралуы және «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •84.Дене шынықтыру және спортты дамыту. Қазақстандық спортшылардың жетістіктері.
- •85.Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихы мен тағдыры. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайы.
- •1992 Жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
- •2002 Жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
- •2005 Жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
- •86.Этносаралық келісім - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен демократиясын нығайтудың негізі.
- •87.Қауіпсіздік мәселелерін жағдайындағы Қазақстанның конфессиялық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
84.Дене шынықтыру және спортты дамыту. Қазақстандық спортшылардың жетістіктері.
Жалпы, Қазақстан Республикасы 1991 жылдан бастап дербес тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық спорттық ареналарда өнер көрсете бастады. Республикада жоғары дәрежелі спортшыларды балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық мектептерінен бастап Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларына дейін дайындау жүйесі жұмыс істейді. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап республикамыздың спортшылары: қысқы олимпиада ойындарында (1994, 1998, 2002, 2006, 2010, 2014) 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль. Барлығы 7 медаль; жазғы олимпиада ойындарында (1996, 2000, 2004, 2008, 2012)16 алтын, 17 күміс, 19 қола медаль. Барлығы 52 медаль; жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында (2010, 2014) 6 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль. Барлығы 15 медаль; қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында (2012, 2016) 2 күміс, 5 қола медаль. Барлығы 7 медаль (№ 4 кесте). жазғы Азия ойындарынан (1994, 1998, 2002, 2006, 2010, 2014 жылдары) қатысып, 140 алтын, 140 күміс және 201 қола, барлығы 481 медаль жеңіп алды. қысқы Азия ойындарында (1996, 1999, 2003, 2007, 2011 жылдары) қазақстандық спортшылар 69 алтын, 51 күміс, 44 қола медаль жеңіп алды. Барлығы 164 медаль. 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында ұлттық құрама командалар спортшылары 48 алтын, 44 күміс және 64 қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында 4 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп алынды. 2011 жылы еліміз 7-ші Қысқы Азия ойындарынАстана және Алматы қалаларында өткізді. Ойындарға Азия құрлығының 27 елінен 1000-нан астам спортшы қатысып, спорттың он бір түрінен алпыс тоғыз медаль жиынтығы ойналды. Командалық есепте Қазақстанның құрама командасы 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальды ұтып алып, бірінші орынды иеленді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда республикалық кешенді жарыстарды өткізу қайта жандандырылды: - Қазақстан Республикасының жазғы спартакиадасы; - Қазақстан Республикасының қысқы спартакиадасы; - Қысқы жасөспірімдер ойындары; - Жазғы жасөспірімдер ойындары; - Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне 17 спорт түрінен халық спорты ойындары; - Мүгедектертер арасындағы спартакиада; - Республикалық «Ақ бидай» ауыл спорттық ойындары, ұлттық спорт түрлері фестивалі, қысқы ауыл Спартакиадасы мен қысқы жасөспірімдер ойындары, «Қазақстан барысы» және «Жас барыс» республикалық турнирлар, ұлттық спорт түрлерінен әр жастағы топтағы Қазақстан Республикасының чемпонаттарын өткізу; - Ұлттық спорт түрлерінен республикалық және халықаралық жарыстар.
Шетелде бұқаралық спорт бірінші кезекте халықты сауықтырудың, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізудің, өзін көрсетудің және дамытудың тетігі, сондай-ақ зиянды әрекеттерге қарсы күрестің құралы екені белгілі. Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартуды негізгі мақсат етіп қоя отырып, бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше мән береді. Елімізде бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамытудың нәтижесі отандық спортшылардың Олимпиада және Азия ойындарындағы, әлем және Азия чемпионаттарындағы жоғары жетістіктері болды. Пекинде өткен 2008 жылғы XXIX жазғы Олимпиада ойындарында 13 олимпиадалық медалға ие болдық, соның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль, бұл бейресми есепте Қазақстанға жалпы командалық 29 орынды қамтамасыз етті. Иеленген медальдардың жалпы саны бойынша бұл Қазақстан құрамасының 1996 жылдан бастап қатысқан барлық кездердегі (Атланта, АҚШ, 1996 жыл - 11 медаль; Сидней, Австралия, 2000 жыл - 7 медаль; Афины, Грекия, 2004 жыл - 8 медаль) үздік жетістігі болып табылады. 2010 жылы қазақстандық спортшылар Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Он екі жылдық үзілістен кейін қысқы Олимпиадада күміс медальға қол жеткізілді. Олимпиадада өнер көрсету қорытындысы бойынша 7 қазақстандық атлет әлемнің мықты спортшыларының алғашқы ондығына кірді. Ел спортшылары 2010 жылғы әлем чемпионатында жазғы Олимпиадалық спорт түрлерінен 11 медалды, Азия чемпионаттарында 50 медалды, Азия кубоктарында 6 медалды, Еуразиялық ойындарда 131 медалды иеленді. 2010 жылы Қазақстанның жастар құрамасы тұңғыш рет Сингапурдағы 1 жазғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысты, оның қорытындысы бойынша 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальды иеленді, 204 елдің ішінде 3500 спортшы қатысқан жарыста 24 орынды қамтамасыз етті. 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарына қатысудың қорытындылары бойынша Қазақстан құрамасы 32 алтын, 21 күміс және 17 қола награда ұтып алды, Азия ойындарының рекордын жасай отырып, бірінші орынды жеңіп алды. Қабылданған шаралардың арқасында барлық облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында спортшыларды даярлау жөнінде үздіксіз және жүйелі жұмыс қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні 17 олимпиадалық резервті даярлау орталығы жұмыс істейді, онда 1265 спортшы спорттық шеберлігін арттырады, 8 республикалық мамандандырылған олимпиадалық даярлау орталығында 984 спортшы өзінің спорттық шеберлігін арттырады және орталық спортшыларының 95%-ы Қазақстан ұлттық құрама командаларының негізгі, жастар немесе жасөспірімдер құрамасына кіреді. 2007 - 2010 жылдар кезеңінде мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды.
